2-тарау. "География" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет1/4
Дата13.11.2023
өлшемі75.02 Kb.
#483097
  1   2   3   4
7 сынып ктп фак


Түсінік хат

Жаратылыстану-ғылыми білім беру білім алушылардың бойында табиғи құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған қасиеттерін қалыптастыруға негізделген. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес «География» (7-9-сыныптар); • жалпы орта білім беру деңгейінде екі бағыт бойынша «География» (10-11-сыныптар) пәні оқытылады.


2-тарау. "География" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Төмендетілген "География" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
2) 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
3) 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6–8, 16–20-қосымшаларында (5-9- сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11-сыныптар) көрсетілген.
"География" пәні оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушылардыдамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
1) географиялық зерттеу әдістері;
2) картография және географиялық деректер базасы;
3) физикалық география;
4) әлеуметтік география;
5) экономикалық география;
6) елтану және саяси география негіздері.
- "Географиялық зерттеу әдістері" бөлімі "Зерттеу және зерттеушілер" бөлімшесінен тұрады.
- "Картография және географиялық деректер базасы" бөлімі келесібөлімшелерден тұрады:
1) географиялық карталар;
2) географиялық деректер базасы.
- "Физикалық география" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) литосфера;
2) атмосфера;
3) гидросфера;
4) биосфера;
5) табиғи-аумақтық кешендер.
- "Әлеуметтік география" бөлімі келесі бөлімшеден тұрады:
1) халықтар географиясы.
- "Экономикалық география" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) табиғи ресурстар;
2) әлеуметтік-экономикалық ресурстар;
3) дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы;
4) дүниежізілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері;
- "Елтану және саяси география негіздері" бөлімі "Дүниежүзі елдері"
бөлімшесін қамтиды.
Пәннің 7-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) географиялық зерттеу әдістері, зерттеу және зерттеушілер, географияны зерттеу нысандары, география ғылымының дамуы, географиялық дерек көздері, географиялық тәжірибелер, далалық зерттеу әдістері, географияда графикалық әдістердің қолданылуы;
2) картография және географиялық деректер базасы, географиялықкарталар, географиялық картосхемаларды қолдану, географиялық номенклатура, географиялық деректер базасы, географиялық деректерді ұйымдастыру;
3) физикалық география, литосфера, литосфераның құрылысы мен заттыққұрамы, жердің тектоникалық құрылысы, литосфераның тектоникалық қозғалыстары, литосфералық катаклизмдер, атмосфера, атмосфера және оның құрамдас бөліктері, ауа райы және метеорологиялық элементтер, атмосфералық қолайсыз құбылыстар, гидросфера, гидросфера және оның құрамдас бөліктері, су ресурстарының маңыздылығы, дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы, дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері, мұхит суларының қозғалыстары, мұхиттармен байланысты апаттар, дүниежүзілік мұхиттың проблемалары, биосфера, биосфера және оның құрамдас бөліктері, туған өлкенің флорасы мен фаунасы, топырақ, оның құрамы мен құрылымы, Қазақстанның топырақ түрлері, топырақтың экологиялық проблемалары, табиғи-аумақтық кешендер, табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы, табиғи-аумақтық кешендердің түрлері; туған өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу;
4) әлеуметтік география, халық географиясы, дүниежүзі халқының тілдікәулеттері мен топтары, дүниежүзі халқының діни құрамы, дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары, ұлтаралық және дінаралық келісім;
5) экономикалық география, табиғи ресурстар, табиғи ресурстардыңжіктелуі, табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемалар, әлеуметтік-экономикалық ресурстар, көлік инфрақұрылымы, әлеуметтік инфрақұрылым, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы, дүниежүзілік шаруашылықтың салалары: ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп;
6) елтану және саяси география негіздері, дүниежүзі елдері, дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы, дүниежүзі елдерінің географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы.
Пәннің 8-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) географиялық зерттеу әдістері, зерттеу және зерттеушілер, география ғылымының салалары, географиялық зерттеу әдістерінің түрлері, географиялық деректерді өңдеу және талдау, географиялық модельдер, зерттеу нәтижелерінің ұсыну формалары;
2) картография және географиялық деректер базасы, географиялық карталар, тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттау элементтері, тақырыптық карталарды оқу, тақырыптық географиялық номенклатура, географиялық деректер базасы, географиялық деректер базасын құрастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі;
3) физикалық география, литосфера, жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары, жер бедерінің жіктелуі, материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық объектілері, тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі, пайдалы қазбалардың тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты таралуы, тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері, тау жыныстарының жасын анықтау, геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте, жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері, атмосфера, климат қалыптастырушы факторлар, атмосфераның ғаламдық циркуляциясы, климаттық белдеулер, материктердің климаттық ерекшеліктері, климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері, адам әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері, гидросфера, құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы, құрлық суларының шаруашылық маңызы, өзен аңғарының құрылысы, өзендердің гидрологиялық режимі, көлдер мен мұздықтар, құрлық суларының экологиялық проблемалары, су апаттары, биосфера, табиғат зоналары мен биіктік белдеулер, материктердің табиғи зоналары, мұхиттардың тіршілік дүниесі, өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау, табиғи-аумақтық кешендер, географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы, географиялық қабықтың заңдылықтары;
4) әлеуметтік география, халық географиясы, халық санағы, дайы өсудің түрлері, демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай, демографиялық проблемалар, демографиялық саясат;
5) экономикалық география, табиғи ресурстар, табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау, дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуеті, табиғи ресурстарды өңдеу технологиясы, орталықтары және дайын өнім түрлері, әлеуметтік-экономикалық ресурстар, экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші, өңдеуші және қызмет салалары, ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері, ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары, дүниежүзілік шаруашылық салаларын сипаттау;
6) елтану және саяси география негіздері, дүние жүзі елдері, дүниежүзінің саяси картасы, елдердің саяси типологиясы, саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер, дүние жүзі елдерінің саяси-географиялық жағдайы, саяси интеграция, Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері,бағыттары және бастамалары.
"Қазақстан географиясы" пәнінің 9-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) географиялық зерттеу әдістері, зерттеу және зерттеушілер, қазақстандық географтардың зерттеулері, география ғылымы зерттеулерінің қазіргі заманғы өзекті проблемалары, географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері, қазақтың халықтық географиялық терминдері, зерттеу нәтижелерін ұсынудың академиялық формалары;
2) картография және географиялық деректер базасы, географиялық карталар, географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері, географиялық номенклатура нысандарын көрсету тәсілдері, географиялық деректер базасы, жерді қашықтықтан зерделеу әдістері, геоақпараттық жүйе технологияларын қолдану аясы;
3) физикалық география, литосфера, Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы, Қазақстанның басты орографиялық нысандары, қазақ оронимдері, Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары, минералды ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары, Қазақстанның минералды ресурстарына баға беру, минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар, атмосфера, Қазақстанның климатын түзуші факторлар, Қазақстанның климаттық жағдайы, Қазақстанның климаттық ресурстары, Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар, қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері, гидросфера, Қазақстанның ішкі суларының түрлері, қазақ гидронимдері, Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға беру, су ресурстарының экологиялық проблемалары, Қазақстанның ішкі суларының геосаяси проблемалары, биосфера, Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері, Қазақстанның табиғи мұрасы, табиғи хоронимдердің (ерекше қорғауға алынған аумақтар) мағынасы, ноосфераның қалыптасуы, Қазақстанның ноосфераның дамуына қосқан үлесі, табиғи-аумақтық кешендер, Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары, Қазақтың табиғи хоронимдері (физикалық-географиялық аудандардың атауы), табиғат кешендеріне әсер ететін антропогендік факторлар, антропогендік ландшафтарды жақсарту жолдары;
4) әлеуметтік география, халық географиясы, Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы, дүниежүзі халқының көші-қоны, Қазақстандағы халықтың көші-қоны, көші-қон саясаты, еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы, Қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты, елді мекендердің жіктелуі, елді мекендердің функционалды зоналары, Қазақстандағы ойконимдер, Қазақстандағы елді мекендердің проблемалары, урбандалу үдерісі, Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға беру;
5) экономикалық география, табиғи ресурстар, Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуеті, Қазақстанда жекелеген ресурс түрлерін өңдеу технологиялары, орталықтары және дайын өнім түрлері, табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлері, тұрақты даму, Қазақстанда табиғатты пайдаланумен байланысты проблемалар, Әлеуметтік-экономикалық ресурстар, ғылыми-техникалық революция үдерісі, бағыттары, адам әлеуеті дамуиндексінің көрсеткіштері, Қазақстанда адамдық капиталды дамыту, Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары, Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы, Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы, Қазақстан шаруашылығының салалары, Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салалары мен мамандануы, дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері, дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілері, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық қатынас түрлері, дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштері, дүниежүзілік шаруашылықтың даму модельдері мен аумақтық құрылымы, дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері, Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны, Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттары, орны;
6) елтану және саяси география негіздері, дүниежүзі елдері, елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы, халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары, Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайы, Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдер, Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет