Орындаған: Кабаева Мадина Тексерген: Каримова Р. Е. Соөж тапсырма


Балалардың құрылыс ойын қызметін дамыту үшін келсі жағдайлар жасалуы тиіс



бет2/5
Дата05.04.2024
өлшемі45.18 Kb.
#497780
1   2   3   4   5
СОӨЖ тапсырмалары.

Балалардың құрылыс ойын қызметін дамыту үшін келсі жағдайлар жасалуы тиіс:
— ойын ортасын ұйымдастыру: осы жастағы балалардың конструктивті қызметін дамытудың мақсаттарына сәйкес қажетті құрылыс материалдарын іздеп табу. Материал әртүрлі (еденге қоятын, стөл үстіне қоятын, түрліконструкторлар түрін, жинақтарын және т.б.), тартымды безендірілген, жеткілікті тиянақты, баланың мүмкіндктеріне сай болуы тиіс. Мысалы, 2 – 3 жастағы балалар үшін материалдар жиынтығына кубтар, кірпіштер, призмалар,ұзын пластиналар кіреді. Екі-үш бөлшекті қосасың – зат дайын болды;
— құрылыс материалдарымен ойнайтын уақыт пен орынды қамтамасыз ету. Ойындар ойдың жұмылдырылуын, назардың зейін салуын талап етеді. Сондықтан құрылыс маткриалдары, конструкторлар қойылған стеллаждар балаларға бөгет жасамайтындай, алаңдатпайтындай етіп қойылуы тиіс;
— балалардың жасаған ғимараттарына, құрылыстарына абайлап қарау керек. Әдетте бала өзінің салған құрылысына «қайтып» келгенді, оған өзгеріс енгізгенді жақсы көреді. Сондықтан барлық балаларды өзінің және басқаның жасаған құрылыстарына ұқыпты, назар сап қарауға тәрбиелеу керек; балаға оның достарының салған құрылыстарын көрсетіп, басқалардың жетістіктерін байқауға, оларға қуануға үйрету керек;
— құрылыстарды ойнатуға жағдайлар жасау керек. Ол үшін ұсақ ойыншықтар (машиналар, поездар, адамдар мен жануарлардың фигураларын және т.б.) жинау керек. Үлкен балаларды ойынды жабдықтау үшін қағаз, картон, қосалқы материалдардан түрлі заттарды құрастыруға тарту пайдалы.
Мысалы, құрылыс материалдарынан жасаған автострадаға балалар бензоколонка, трайлер, жол кафесін және т.б. жасайды. Бұл мақсатта конструктордан жиналған ойыншықтарды пайдалануға болады;
— балаларды конструктордан біріккен құрылыстар жасау үшін біріктіру. Жаңа конструктивті машықтарды игерген бала, оларды басқа балаларға үйрететін жағдайлар жасалынады. Жарыс элементтерін енгізуге болады. Мысалы, метро станциясын (театр, қала көшелері және т.б.) құрудан конкурс жарияланады. Конкурсқа 2 - 3 топша (әрқайсысында 5 – 6 адамнан аспайтындай) қатысады. Балаларды конструктордан, қосалқы материалдардан жасалған бұйымдар көрмесін ұйымдастыру идеясы балаларды қызықтырады. Көрмеге арналған жұмысты бала үйінде ата-анасының көмегімен жасауына болады;
—балаларды конструктивтік және құрылыс материалдарымен ұқыпты қолдануға, конструктордан жасалған құрылысты, бұйымды абайлап бұзуға, бөлшектер, формалар стеллаждың, коробканыңұяшықтарына салуға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет