Орындаған: Куданова М. Қабылдаған: Шынпейіс Г. Жоспар



бет2/2
Дата07.12.2023
өлшемі93.64 Kb.
#485863
1   2
NACHFNLSEUZG07122023155709

III. Қорытынды
Қорыта келе, ата салтың – асыл қазынаң жалпы, бұл ғылыми жұмыста менің білгенім: бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі- қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек. Сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі «Бала тәрбиесіне байланысты салт- дәстүр» туралы жаздым. Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі- өнеге тұтуға тиіс. Балаға қатысты салт- дәстүрін зерттей келе менің көңілге түйгенім және ұққаным, оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды екені,тәрбиелік мәнінің зор екені. Мен бала туған күннен бастап ересек жасқа толғанға дейін атқарылатын қазақ халқының салт-дәстүрлері толық қамтылатынына көз жеткіздім. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті,мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт — дәстүрге, оның бала тәрбиесіне ерекше мән беруіміз керек. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени салт- дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе отбасында, мектепте, балабақшада сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың салт- дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп ойлаймын.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
1.Абыраева Б. Ұлттық дәстүрмен ұштастыру. Алматы, 2012, -30бет.
2.Мұхаммед.Д.Ә. Ана мен бала. Алматы 2012, 53бет
3.Макаренко А.С. Шығармалар жинағы, 2013 .112бет.
4.Б.И.Иманбекова. Тұлғаны тәрбиелеуде тәрбие субъектілерінің мүмкіндігі. Алматы, 2009. 145бет.
5.К.Исламжанұлы. Тал бесіктен жер бесікке дейін.2015. 5бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет