Ұйғыр тілі- түркі тілдерінің оңт.-шығыс тобындағы қарлұқ бұтағына жатады. Көне Ұйғыр тілінен ажырату мақсатында қазіргі Ұйғыр тілі, жаңа Ұйғыр тілі деген атаулар қолданылады. Ұйғыр тілі. ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районына (8 млн., 2004) және Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан республикаларына (300 мың), Үндістан, Пәкстан, Ауғанстан елдеріне (200 мың) таралған. Ұйғыр халқы ертеректе өз тілін қәшқәр тили, таранчи тили деп те атаған. Ұйғыр тілі. орт. (Қле бойы), оңт. (хотан), шығыс (лобнор) диалектілеріне бөлінеді, онда өзбек тілімен салыстырғанда қыпшақтық элементтер сирек кездеседі. Ұйғыр тілінде үндестік заңы сақтала бермейді, сөз басында қазақ тіліндегі “ж” дыбысының орнына “й” қолданылады (мыс., йәл-жел, йол-жол). Бір буынды сөздердегі а, ә дауыстылары сол сөзге жалғанатын қосымшалардың кері ықпалының әсерінен е, о, ө дыбыстарына ауысады (мыс., аты-ети, балық-белик). Ұйғыр тілінде а, ә дауыстылары редукциясының басымдығы байқалады, сөйлеу тілінде р, л дыбыстары түсіріліп айтылады (мыс., бар-ба, барса-баса, кел-кә, т.б.). Ұйғырлар 11 ғ-дан араб жазуын қолданған. Қазақстан мен Орта Азия ұйғырлары 1930 жылдан латын жазуын, 1947 жылдан кириллицаны тұтынып келеді. Орыс әліпбиіне қосымша ә, ө, ү, қ, ғ, ң, ї, ж әріптері таңбаланған Ұйғыр тілі ШҰАР-да мемл. тіл ретінде қызмет атқарады. Бұл тіл Қазақстанда да дамыған, қазақ жерінде Ұйғыр тілінде көркем, қоғамдық-саяси, ғыл. әдебиеттер ұдайы басылып тұрады, бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі хабарлар тарайды.
Сары ұйғыр тілі орыс. язык жёлтых уйгуров — Кытайдын Гансьу провинциясында тараған түркі тілдерінін бірі. Онымен 4 мындай адам сөйлейді. Айкын диалектілік белгілері жок, тек таулык және далалык говорларында дыбыстык, лексикалык ерекшеліктер кездеседі. Сары ұйғыр тілі (әсіресе лексикасында) түркілік және түркілік емес (санскрит, тибет, монгол, кытай) тілдерінің коспасы болып табылады. Дегенмен, грамматикалык күрылысы н да түркілік сипат сакталған. Сары ұйғыр тілі көне ұйғыр тіліне жакын деген болжам бар, оған сөз басында /-дің, шығыс септігінің-tin формасының, көне сан жүйесінін (11-ден 29-ға дейін) колданылуы, есімдіктің екі түрлі септелуі т. б. дәлел болады. 18 г. басына дейін сары үйғырлар көне ұйғыр әдеби тілін пай- далануы мүмкін, бірак Тибеттің әсерімен көне ұйғыр жазуы ұмы- тылған. Казір Сары ұйғыр тілі тұрмыстыкдеңгейде ғана колданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |