Орындаған: Мамиров Сабит тф-223



Дата20.02.2024
өлшемі65.91 Kb.
#492594
философия.срс


Қ
азақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



СӨЖ
Тақырыбы: Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе
Орындаған: Мамиров Сабит ТФ-223
Тексерген: Нығметова А. Т

Әл-Фараби өмірге келген әрбір адам бақытты болу үшін өмір сүреді дейді: Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат. «Жан біткеннің бәрі ең биік кәмелеттікке жету үшін жаралған, ол бұған өзіне тән болмыс сатысына сәйкес жете алады»


Адамның бақытқа жету жолындағы күресінде үш түрлі жағдайды басынан өткереді. Олар: «1. Бұл - әрекеттер, адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер, мысалы, орнынан тұру, отыру, көлікке мініп жүру, көру, есту үшін керекті әрекеттер. 2. Жан эффектілері. Мысалы, құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш және сол сияқтылар. 3. Ақыл-парасат. Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмір бойында болады немесе кейде болып, кейде болмайды». Осы үшеудің ішіндегі ақыл-парасат - адамдардың бақытты болуы үшін Алланың сыйлаған сыйы. «Адам нақ осы ақыл арқылы адам болған...»; Ақыл-парасат күші - адамның ойлауына, пайымдауына ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» Ақылды, парасатты болу үшін адам өмір бойы оқумен, оқығандарын бойына тоқумен, жақсылардан үйрену мен өтеді: «Үйрету дегеніміз - халықтар мен қалаларға теориялық ізгіліктерді дарыту деген сөз». Жақсы тәрбиемен дұрыс бағытта берілген білім адамды кемелдікке, даналыққа қарай бастайды. «Даналықтың ерекшелігі - әрбір түпкі нәрсенің шекті себептерінің оған мәлімділігі болса және адам өмірінің мақсаты бақыт болса, ал мақсат сол себептердің бірі болса, онда, даналық дегеніміз, шын бақыт болып табылатын зат туралы білімнің бізге беретіні болып шығады. Даналық дегеніміз - шын бақыт туралы білім беретін нәрсе, ал пайымдағыштық - бақытқа жету үшін орындау керек болатын әрекеттер туралы білімнің беретін дүниесі» Бақыт дегеннің не нәрсе екендігін жан-жақты білімдарлығының, ойшылдығының арқасында жан-жақты түсіндіреді; әр түрлі қырынан сыпаттайды: «Кейбіреулер ләззат алуды ең жоғары бақыт деп, есептейді. Енді біреулер байлықты бақыт деп, санайды. Үшінші біреулер бақытты сол екеуінің ұштасуы деп біледі» «Бақыт дегеніміз - игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең ю үлкені және ең жетілгені...» «Ең дұрысы, бақыт - оқығанда, сабақ алғанда, білімді игеру, әртүрлі өнерлерді үйренгенде, оларды игеру, (оларға сәйкес) жұмыстарды орындау сияқты игілікті істер арқылы қол жететін мақсат»
«Бақыт - өз басың үшін көксейтін игілік; бұған ешбір жағдайда және ешқашанда басқа нәрсеге бола талпынбайды, өйткені (бақыттың) аржағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жетуге көмектесетін еркін әрекет - тамаша әреекет. Мұны туғызатын әдет-ғұрып - қайырымдылық. Қайырымдылық дегеніміз, оның өзі белгілеген, бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық. Бақытқа (жетуге) бөгет жасайтын әрекет жаман немесе сұмпайы әрекет болмақ. Бұл әрекетті туғызатын әдет-ғұрып - кемшілік, кесепат, пасықтық»
Әл-Фарабидің пікірінше, адам өмірінің мәні мен сәні, ең жоғарғы шыңы болып саналатын бақыт жанның байлығына, адамгершілікке негізделеді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады» (сонда). Жаны жайсаң, адамгершілігі мол адамдардың мінез-құлқы да жақсы келеді. Жақсы мінез-құлық білім алу, үйрену барысында көбіне тәрбиемен қалыптасады. «Адамның бойына дарыған, халықтар мен қала тұрғындарына тән және бұл дүниеде тиесілі бақытқа жетуіне, о дүниеде асқан рахатқа кенелуіне септігін тигізетін төрт түрлі нәрсе бар, бұлар: теориялық ізгіліктер, ойшылдық ізгіліктер, этикалық ізгіліктер және практикалық өнерлер».
«Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жасауға көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары - сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық болып табылады» Адамның саналы өмірін қамтамасыз ететін - денінің саулығы мен жан саулығы. Осы екеуі бір-біріне сай, үйлесім тапқанда ғана адам бақытты бола алады. Денсаулықты дәрігер қадағаласа, жан саулығы - аса күрделі; ол адамның өзінің дүниеге көқарасынан бастап, алған біліміне, тәрбиесіне, өмірлік мақсатына, мамандығына, қоршаған әлеуметтік ортасына сияқты көптеген факторларға байланысты.
«Дене сияқты жанда да өзіне тән денсаулығы және науқасы болады. Жанның саулығы сол, оның өзінің және бөлшектерінің жайы жақсы болуының әсерінен әрдәйім ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер істеледі және тамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы нашар халде болуының әсерінен әрдәйім жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі және сорақы әрекеттер жасалады». «Жаман мінез-құлық - рухани кесел». Жан сұлулығы, жақсы мінез адамды қайырымды етеді. «Қайырымдылық адамдар жанынан берік орын алғанда, не адамдар ұстамды болғанда, қалаларда теріс қылықтар жойылады»
Әл-Фараби адамдарға өмірдің небір қиын-қыстау сәттерінде біржақтылықтан, ұшқарылықтан сақтандырып, тең орта шамасын ұстауды ұсынады. Ортадан ауытқаушылық жақсылыққа апара бермейді деп, ескертеді. «Біз қандай әрекет, қандай іс істесек те содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болады» дей келіп, «Сезімдік рахат бізді жақсы (әрекеттер) жасауға итеретінін көрсек, біз соны істеуге бейім тұрамыз. Адам осы рахаттардан бас тартуға немесе белгілі бір мөлшерде соларды азайтуға қабілеті болса, мұның өзі оны мадақтайтын мінез-құлықтарға бір табан жақындатады»
Өмірде ненің жақсы, ненің жаман екенін айырудың өзі қиын. Байқамаса, жақсы деп, істеген ісіңнің жаманға, жақсылық жасадым дегеніңнің жаманшылыққа айналып кетуі әбден мүмкін. «Артынша жан азабына соқтыратын абзал істер белгілі бір уақыттан кейін рахатқа жеткізбей қоймайды. Және (керісінше) артынша рахатқа бөлейтін жаман істер белгілі бір уақыттан кейін қайткенде де азапқа апарып соқтыруға тиісті»
Өмірдегі адамдардың білім деңгейі оқыған, оқымаған, жоғары білімді дегендей, түрліше болуы - заңды. Осындай адамдар туралы «Ақыл-естің тілегенін (жасауға) парасаты және батылдығы жететін есті адамдар болады. Мұндай (адамдарды) біз әдетте, өзінің лайығынша, ерікті адам деп атаймыз, ал енді өз бойында осы екі (қасиет) жоқ адамдарды хайуан тәріздес адамдар деп атаймыз, ал тек ақыл-есі ғана жетіп, батылы бармайтындарды жаратылысынан құл адамдар дейміз» деген сыпаттамалар беріліпті. Ары қарай ойын «Бұлардың ішінде батыл бола тұрса да, ақыл-есі кем түсетіндер бар. Бұлар үшін басқалар ақылға салып, пайымдайтын болады. Бұл жағдайда мұның өзінің қамын жеуші басқа адамдарға бұл не бағынып, не бағынбайды. Егер бағынбаса, онда бұл да хайуан тәріздес, ал егер бағынса, ол көп істерінде табысқа жетеді және осының арқасында құлдар (қатарынан) шығып, еріктілер қатарына қосылады»)-деп, жалғастырған.
«Сөз - ғылымдардың классификациясы туралы» еңбегінде «Азаматтық ғылым» туралы айта келіп, «Бұл ғылым осылардың қандайы шын бақыт болып табылады, ал қандайы шындығында осындай болмаса да, қиялдағы бақыт болып табылады. Шын бақыттың бұл өмірде болуы мүмкін емес, осы өмірден соң келетін басқа өмірде ғана болады, ал бұл айтып отырғанымыз - о дүние. Қиялдағы бақытқа келсек - бұл мысалы, байлық, дәреже, рахат - бұлардың барлығы да осы өмірдегі мақсат»)-деп, мәселеге діни тұрғыдан келеді. Бақытты болу кез келген адамның қолынан келе берер оңай шаруа емес. Оған өмірді сүре білуге қажетті жан-жақты білімі бар, жаны бай, адамгершілігі, рухы жоғары, мақсатына жету үшін қиындықтарға шыдап, күресе білетін адамдар ғана қол жеткізе алады. «Егер адамның өмір сүруінің мақсаты - ең жоғары кәмелетке жету болса, онда адамның осы бақытқа жетуін көрсету үшін оны меңгеруге қабілетті нәрселердің бәрін алу керек». «Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғары бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек» Әл-Фарабидің адам концепциясында жүрек аса маңызды орынға ие. Өйткені, адамның бақытты болу жолындағы өмірінің барлығы осы жүрек арқылы басқарылады. Жүрегі таза, жылы адамдар ғана бақытты өмір сүре алады. Оған себеп, жүрек - адамның денесіндегі ең басты орган; адам ананың құрсағында жаратыла бастағанда, ең алдымен жүрек жаратылады; адамның басқа дене мүшелерінің барлығы ми арқылы жүрекке қызмет етеді.

Әдебиеттер:
Әбу Насыр әл-Фарабидің ақыл-ой пікірлері мен нақыл сөздері: жинақ / [жалпы ред. басқ. Ғ. М. Мұтанов; құраст.: Ж. С. Сандыбаев, Ы. М. Палтөре]. Әбу Насыр әл-Фараби
Бақытқа жету жайында: монография / Әбу Насыр әл-Фараби; араб тіл. ауд. және түсініктеме берген Ж. Сандыбаев. – Алматы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет