+/-
|
%
|
1
|
Негізгі және көмекші материалдар
|
30000,0
|
35000,0
|
5000,0
|
16,7
|
2
|
Отын-энергия шығындары
|
8000,0
|
8200,0
|
200,0
|
2,5
|
3
|
Үстеме шығындар
|
5000,0
|
3000,0
|
-2000,0
|
-40,0
|
4
|
Персоналдардың еңбек ақысы
|
9000,0
|
10000,0
|
1000,0
|
11,1
|
5
|
Еңбек ақыдан аударымдар
|
6000,0
|
6800,0
|
800,0
|
13,3
|
6
|
Өндірістік өзіндік құн
|
58000,0
|
63000,0
|
5000,0
|
8,6
|
7
|
Кезең шығындары
|
22000,0
|
22000,0
|
-
|
-
|
8
|
Толық өзіндік құн
|
80000,0
|
85000,0
|
5000,0
|
6,2
|
Бір тонна сүттің өзіндік құн құрамында негізгі материалдар мен көмекші материалдардың шығыны ең көп үлесті алып отыр. 2015 жылы оның мөлшері 30 000 теңге болса, 2016 жылы 35 000 теңге болды, яғни 16,7 %-ға өсті.
Ең төменгі үлес отын-энергия шығындарының есебінен болған. Тиісінше, оның көрсеткіштері 2015 жылы 8 000 теңге, ал 2016 жылы 8 200 теңгеге, яғни 2,5 %-ға теңесті.
Үстеме шығындар біраз мөлшерде қысқарды. 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 40,0 %-ға кеміді.
Төмендегі 6-кесте мәліметтеріне сай, өсімдік шаруашылығы бойынша ең жоғары бағалы өнім соя болып отыр. Оның бір тоннаға өзіндік құны 20 000 теңге, бірақ өндіру мөлшері өте аз – 80 тонна.
Ал ең арзан өнім болып жасыл жем-шөп табылады, оның құны тоннасына 1 000 теңге. Бидайдың толық өзіндік құны ең көп – 15,8 млн. тг.
Мал шаруашылығы цехы бойынша сүт өндірісінің өзіндік құны жоғары әрі көп мөлшерде. Оның тоннасына өзіндік құны 85 000 теңге, ал өндіру мөлшері 353,6 млн. тг.
Сонымен қатар, қайта өңдеу өнімдері мен дайын сүт өнімдерінің өзіндік құны көрсетілген. Олар - қайта өңдеу өнімдеріне 213,2 млн. тг., ал дайын сүт өнімдеріне 109 млн. тг.
3 ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС БӨЛІМІ
3.1 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері
Кәсіпорындардың өндірістік–шаруашылық қызметін басқару үшін және бағаны қалыптастыруда тек өндірістік шығындарын ғана емес, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын бөлу қажет, яғни өзіндік құнды калькуляциялау керек. Калькуляция – өнімнің бір бірлігін және жартылай фабрикаттардың өзіндік құнын анықтау есебі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістік шығындарды есептеудің бірнеше үрдісін ендірудің технологиясына және ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты қолданылады:
Жай әдіс – өнімнің өзіндік құн калькуляциясын және өндірістік шығындарды қарастырады, бірақ біртекті өнімдерді өндіру үшін практикада көп қолданылады (көмір, мұнай, және тағы басқа). Өндірістік кәсіпорындардың ережесі бойынша аяқталмаған өндіріс және өз өнімдерінің жартылай фабрикаттары жоқ. Берілген әдістің мағынасы келесіде: инвентарьлық жолмен, аяқталмаған өнімге кезең шығындарының бөліктерін бөлу арқылы шығарылған өнімнің көлеміне жай әсер ету жолымен есептеледі, кәсіпорын өндіретін өнімнің барлық шығындары жатады (аяқталмаған өнім көлемін қайта есептеу жолымен жүреді). Егер өндірілген өнім көлемінің номенклатурасы аса да үлкен болмаса, онда тікелей шығындардың қасиеті бойынша аралас қатынасы болады (материалдар, шығындардың әдісін анықтау қиынға соқпайтын, шартты жалақы және басқа да тікелей шығындар), ал қалған шығындарды тікелей шығындар құнына пропорционалды бөледі (өндірістік персоналдың жалақысы, өндірістің қосымша шығындары).
Тапсырыс бойынша есептеу әдісі – барлық тікелей шығындар әр тапсырысқа жеке–жеке есептеледі, ал өндірістің қосымша шығындары әр тапсырыс құнына пропорционалды бөлінеді. Сонымен қатар, қосымша шығындарды аяқталмаған тапсырысқа орындалған денгейіне байланысты бөлу керек. Тапсырыс бойынша есептеу әдісі аз сериялы, жеке өндірісті кәсіпорындарға, жөндеу кәсіпорындарында және тәжірибелік цехтарда қолданылады.
Қайта өңдеуді есептеу әдісі – өнім сатуға түспей тұрып, дайын өнімді алар алдында бірнеше өңдеуші деңгейлерден өтетін әдіс. Бұл әдісті рационалды деп есептеуге болады, егер әр өңдеуші деңгейде тауар болып табылатын және оны өткізу үшін өзіндік құн туралы мәліметтерді талап ететін аралық тауар шығарып отырса.
Нормативтік әдіс – өнімнің бір данасына кеткен нормативті калькуляциялық немесе жоспарлық және өнімнің бір данасына кететін технологиясының негізделген нормаларды құрайтын, массалық және сериялық өндірісте қолданылатын әдіс. Бұл әдісті қолданғанда өндіріске материалдарды жіберу алдын-ала шектеліп анықталған лимиттармен жүзеге асады, ол ауытқуларды есептеп және оларды шығару құжаттарына негізделе отырып, қосымша шығарылады.
Стандарт-кост әдісі –– нормативтік әдістің шығыс нұсқауы, стандарт-кост жүйесінің негізгі ерекшелігі - өндірістік үрдістің басына дейін, өндіріске кететін шығындар алдын-ала есептелінеді. Ол негізгі өндірістің алдын-ала есептелген өндірістік схемасынан тұрады, көп жағдайда олар несиелік сызықтағы немесе инвестициялық жобадағы арнайы дайындалған бизнес-жоспармен байланысты болады. Инфляция жағдайында ауытқуларды минимализациялау үшін стандарт–кост жүйесі құндылық көрсетілімсіз, тек натуралды көрсеткіште толығымен есептеледі немесе аса тұрақты валюта курсында қайта есептеледі. Стандарт–кост жүйесінің белгіленген нормасы және нормативтері базистік (уақыт өтісімен өзгермейтін, сапа негізінде берілген және технологиялық үрдіспен байланысты), теоретикалық (оған жету үшін фирма ұмтылады), ағымдағы (нақты жағдайды ескере отырып, белгілі бір мерзімге нақтыланады) болып бөлінеді.
Директ–костинг әдісі бойынша шығындар тұрақты және ауыспалы деп бөлінеді. Бұлай бөлінудің мақсаты – тұрақты шығындар деңгейінде тұрып, кәсіпорын қаншалықты максималды өнім шығара алатынын анықтау үшін шығындардың артынан кәсіпорынның басқарушылық қадағалауын орнату. Белгілі бір деңгейдегі кәсіпкерге өнім көлемін ұлғайту тиімді, себебі тұрақты шығындардың өзгермеуі ауыспалы шығындардың өзгеруіне пропорционалды өссе, онда ол экономикалық пайдаға жетеді, бірақ белгілі бір кезеңде осы тұрақты шығындарды қолдану өндірістің төмендеуіне әкеледі, яғни кәсіпорындағы өнім көлемі көбейіп-ұлғаюды талап етеді (жаңа түрінің дамуы үшін тұрақты шығындардың амалсыздан ұлғаюы). Шығындарды толығымен өндіріске қосу жүйесі мен директ–костинг жүйесінің арасындағы негізгі айырмашылығы - бұндай жүйедегі өнімнің өзіндік құны ауыспалы шығындар бойынша анықталады.
Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп жүргізу және калькуляциялау мақсатымен қолдануды келесідей түрге бөледі:
- Өндірістің түріне байланысты: негізгі және қосалқы;
- Өнім түріне байланысты: жеке бұйым, бірдей (біртекті) бұйым топтары, тапсырыс, қайта жасау (жөндеу), жұмыстар, қызметтер;
- Шығынның түріне байланысты: калькуляция баптары (өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін және аналитикалық есепті ұйымдастыру үшін) және шығын элементтері (шығынның проеткілік сметасын құру үшін және өнімге кеткен шығындардың есебін құрастыру үшін);
- Шығынның қалыптасқан орнына байланысты: жер, участок, цех, өндіріс, шаруашылық есеп бригадасы.
Өндірістік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың келесідей негізгі әдістерін қолданады:
- Тікелей есеп;
- Нормативті есеп;
- Аналитикалық есеп;
- Параметрлік есеп.
Осылардың ішіндегі ең қарапайымы әрі нақтысы бұл – тікелей есеп әдісі болып табылады. Бұл әдіс бойынша өнімнің өзіндік құнының бірлігі жалпы шығын соммасы мен дайындалған өнімнің санына бөлумен анықталады. Бұл әдіс біртекті өнім ғана өндіретін кәсіпорындар үшін қолайлы, өйткені ол калькуляцияның әр бабына кеткен шығындарды анықтап бере алмайды.
Нормативті әдіс – әр ресурс түріне кеткен шығындар өзгергенде оған әрдайым есеп жүргізілуі қамтамасыз етілген кәсіпорындар үшін қолданылады. Ол еңбекті, материалдарды және қаржылық ресурстарды қолданатын нормалар мен нормативтік актілерге негізделген. Оның үстіне, осы ресурстарды қолданатын нормалар мен нормативтік актілер прогрессивті және ғылыми дәлелденген болуы керек.
Ең нақты және жиі қолданылатын әдіс – аналитикалық есеп әдісі. Бұл әдіс кезінде жалпы өндіріс жағдайы туралы жан–жақты талдау, сонымен қатар ол жерде болатын өзгерістерді қарастыру жүзеге асырылады. Өнімнің өзіндік құнына қандай факторлар әсер етеді және ол қалай әсер етеді деген сұрақтар зерттеледі. Нормалар мен нормативтердің негізіне технико–экономикалық және жұмыстың ұйымдастырылу жағдайы кіреді.
Ал біртекті, бірақ сапа жағынан әр түрлі дайындалатын бұйымдарды калькуляциялағанда параметрлік есептеу әдісі қолданылады. Оның себебі: мұнда шығындар өнімнің сапасына байланысты өзгереді. Осылайша, кез келген бұйымның өзіндік құнын анықтауға болады, яғни ол бір кг немесе бір тоннамен есептеліп сатылатыны анықталады. Осындай өнімдерге сәйкес, басқа да көрсеткіштерді қолдануға болады және осы әдіс арқылы өнімнің сапасын жақсартуға кеткен қосымша шығындарды анықтауға болады.
Қазіргі жағдайда нарық экономикасына көшуімізге байланысты көптеген кіші және орта кәсіпорындар калькуляциялық баптың қысқартылған түрін қолданады. Ол өз алдына мыналарды қамтиды:
- Материалдық шығындар (шикізат, материалдар, техникалық мақсаттарға арналған отын және энергия);
- Еңбек ақыға кеткен шығындар;
- Басқа да тікелей шығындар;
- Өндірісті басқаруға және қызмет көрсетуге кеткен шығындар (жанама шығындар);
Кез келген кәсіпорын алдында мына мақсат тұрады: өндірістік шығындар туралы неғұрлым тез әрі шынайы ақпарат алу. Сондықтан да, кейде кәсіпкер белгілі бір ұсыныстар арқылы шығындарға калькуляция беруі керек болады. Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару да маңызды болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны – өнімді өндіру үрдісі кезінде қолданылатын табиғи ресурстардың, еңбек ресурстарының және басқа да шығындардың бағасы. Оған қоса, мынадай анықтама беруге болады:
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындар мен өндіріс саласының өнім өндіруге және оны сатуға кеткен шығындарды ақшалай бейнелейтін өндірістегі қоғамдық шығындардың бір бөлігі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар тек қана калькуляция баптарында ғана көрінбейді. Сонымен қатар, олардың экономикалық мазмұнына байланысты топталады да, келесідей элементтерден тұрады:
- Материалдық шығындар;
- Еңбек ақыға кеткен шығындар;
- Әлеуметтік қажеттіліктерге кеткен шығындар;
- Негізгі қорлардың амортизациясы;
- Басқа да шығындар;
Олардың құрылымы әр түрлі факторлардың әсер етуінен қалыптасады:
- Өндірілген өнімнің және қолданылатын материалды–шикізат ресурстарының мінездемесінен;
- Өндірістің технико–экономикалық негізінен;
- Оның ұйымдасу және орналасу формасынан;
- Өнімді сатудан және қамтамасыз ету жағдайынан және тағы сол сияқты факторлардан.
Кесте 5– 2016 жылғы Қазақстан Республикасы бойынша шағын кәсіпкерліктің өнім өндіргендегі кеткен шығындарының құрылымы
№
|
Шығын түрлері
|
Қазақстан экономикасы
|
Сонымен қоса
|
Өндіріс
|
Ауыл шаруашылығы
|
Құрылыс
|
Көлік
|
Сауда және көлік жөндеуі, жеке тұтыну заттары
|
1
|
Материалдық шығындар
|
46,2
|
55,6
|
59,1
|
55,9
|
27,6
|
27,6
|
2
|
Төлем ақыға төленген шығындар
|
11,6
|
10,7
|
13,4
|
9,2
|
9,9
|
9,9
|
3
|
Негізгі құрал-дардың тозуы
|
2,7
|
3,9
|
4,3
|
1,1
|
2,5
|
2,5
|
4
|
Басқа да шығындар
|
39,5
|
29,8
|
23,2
|
33,8
|
60,0
|
60,0
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |