Орындаған: Мәтжанов Арғын. Тобы



бет5/7
Дата02.05.2023
өлшемі113.66 Kb.
#473119
1   2   3   4   5   6   7
Ð Ó Ñ жанов Ð Ñ Ò Ñ н, РРР Ð Ð Ð

ҚазАвто жол аймағында үш тұрғылықты жер бар: Базаргелді, Космос, Жанашар.
Кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылардың саны соңғы жылдағы мәліметтерге сүйенсек, 552 адам.
2015 жылы жалақының жалпы соммасы 90 756 мың теңгені құрады, ал 2016 жылы 60 586 мың теңге болды. Осыдан шығарған қорытындыға сүйенсек, жалақының жалпы өсімі 30 170 мың теңге болды, яғни ҚазАвто жол орташа жалақы көбейіп, жұмысшылардың өмір сүру сапасы жақсарған, ол бізге жағымды тенденцияның болуын көрсетеді.
Ақша-қаражаттарын өндірістің тиімділігіне және дайын өнімді дұрыс өткізуге рационалды бөлу – кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің негізі болып табылады. Ақша-қаражаттары ішкі және сыртқы көздерден алынады. Инвестиция тартымдылығының ең басты қайнар көздері болып мыналар табылады:
1) Несиелер;
2) Қарыздар;
3) Акцияны шығару және сату;
Дайын өнімді сатқаннан түскен пайда – ақша-қаражаттарының ішкі қайнар көзі болып табылады. Дайын өнімнің бағасы өнім өндіруге және осы өнімді өткізуге кеткен шығындарға байланысты болып келеді. Сондықтан, өнімнің өзіндік құнын есептегеннен кейін ғана өнімнің соңғы бағасы қалыптасады.
Кесте 1 – «ҚазАвтоЖол» АҚ экономикалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер



Көрсеткіштер

Өлшем
бірлігі

Жылдар

Ауытқулар

2015

2016

+/-

%

1

Өнімді өткізуден түскен түсім

мың тг.

250633,0

362648,0

112015,0

44,7

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың тг.

184222,0

288364,0

104142,0

56,5

3

Жиынтық табыс

мың тг.

66411,0

74284,0

7873,0

11,9

4

Кезең шығындары

мың тг.

47033,0

51316,0

4283,0

9,1

5

Негізгі қызметтен түскен түсім

мың тг.

19378,0

22968,0

3590,0

18,5

6

Қосымша қызметтен түскен түсім

мың тг.

6012,0

9602,0

3590,0

59,7

7

Салық салғанға дейінгі табыс

мың тг.

25390,0

32570,0

7180,0

28,3

8

Таза табыс

мың тг.

17773,0

22799,0

5026,0

28,3

9

1 тг. өткізілген өнімге кеткен шығыс

теңге

0,92

0,94

0,02

2,17

10

Өнім рентабельділігі

%

7,7

6,7

-1,0

-

11

Өткізу рентабельділігі

%

7,1

6,3

-0,8

-

12

Өндіріс рентабельділігі

%

4,4

5,3

0,9

-

13

Жұмысшылардың саны

адам

514

552

38

7,4

14

Жұмысшылардың еңбек өнімділігі

мың тг.

487,6

657,0

169,4

34,7

15

Жалпы жалақы қоры

мың тг.

60586,0

90756,0

30170,0

49,8

16

1 жұмысшының орт. айлық жалақысы

теңге

9822,6

13701,1

3878,5

39,5

17

Негізгі қордың орт. жылдық құны

мың тг.

231687,0

235948,0

4261,0

1,8

18

Айнымалы құралдардың орт. жылдық құны

мың тг.

173185,0

195000,0

21815,0

12,6

19

Қор сиымдылығы

теңге

0,92

0,65

-0,27

-29,3

20

Қор қайтарымдылығы

теңге

1,08

1,54

0,46

42,6

21

Қормен қарулану

мың тг.

450,75

427,44

-23,31

-5,17

Кестеден көріп отырғанымыздай, өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол кәсіпорын үшін өте маңызды. Бұл - өнімді өткізу жұмысының эффектісі, оның цехтарынан түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады. Яғни, өнімді өткізуден түскен табыс 2015 жылға қарағанда, 2016 жылы 362 648 мың теңге болып, 112 015 мың теңгеге немесе 44,7 %-ға артты.


Ал өткізілген өнімнің өзіндік құны - кәсіпорын жұмысының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысын, өндіріс жұмысының кеңдігін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық денгейін көруге болады. Жалпы алғанда, өнімнің өзіндік құны 2016 жылы 2015 жылға қарағанда 104 142 мың теңгеге немесе 56,5 %-ға өсті деп айтсақ болады.
Жиынтық табыстың соммасы 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 7 873 мың теңгеге өсті, яғни 11,9 %-ға. Оны анықтау үшін:
Жиынтық табыс= Өткізілген өнімнен түскен түсім - Өткізілген өнімнің өзіндік құны.
Кезең шығындары деген көрсеткіш жалпы шығындарды, өнімді өткізуге кеткен шығындарды, пайыз шығындарын, курстық ерекшелік шығындарын көрсетеді. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және оның 2016 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы 4 283 мың теңгеге немесе 9,1 %-ға кем болғанын көрсетеді.
Кәсіпорынның таза табыс соммасына жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. 2016 жылы таза табыс 28,3 %-ға өскен немесе 5 026 мың теңгеге деп айтсақ болады. Бұл көрсеткішті есептеу үшін:
Таза табыс = Салық салғанға дейінгі табыс – 30 %.
Сонымен қатар, өндіріс рентабельділігі - кәсіпорын өндірісінің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 теңгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельділігі 2016 жылы 0,9 %-ға өскен. Оны былай табады:
Өндіріс рентабельділігі = Таза табыс / (Негізгі қордың (орт) жылдық құны + Айнымалы құралдардың (орт) жылдық құны).
Өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш болып еңбек өнімділігі табылады. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 169,4 мың теңгеге артқан. Оны есептеудің формуласы:
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі = Өткізілген өнімнен түскен түсім / Жұмысшылар саны.
Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құнына кәсіпорынның орналасқан жері, мекемесін тасымалдайтын транспорт, көліктері жатады. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 235 948 мың теңгені құрап, 2015 жылға қарағанда 4 261 мың теңгеге өсті.
Қор қайтарымдылығы негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсіпорынның тиімділігін көрсетеді. Осы көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылы 42,6 %-ға өскен. Оны есептеу үшін біз:
Қор қайтарымдылығы = Өнімді өткізуден түскен түсім / Негізгі қордың (орт) жылдық құны.
Ал қор сиымдылығы – қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті мынада: оның алымын бірнеше бөлек цехтар және құрал–жабдықтар топтарына бөліп тастауға болады. Бұл өндірістік-техникалық учаскілеріне деген жерді, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішті анықтауға мүмкіндік береді. Қор сиымдылығы 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 0,27 теңгеге кеміген немесе 29,3 %-ға. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
Қор сиымдылығы = Негізгі қордың (орт) жылдық құны / Өнімді өткізуден түскен түсім. (10)
Қормен қарулану көрсеткіші 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 5,17 %-ға қысқарған. Осы көрсеткішті есептеу үшін:
Қормен қарулану = Негізгі қордың (орт) жылдық құны / Жұмысшылар саны.

Кесте 2- «ҚазАвтоЖол» АҚ еңбек өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштер







Көрсеткіштер

Өлшем
бірлігі

Жылдар

Ауытқулар

2015

2016

+/-

%

1

Өнімді өткізуден түскен түсім

мың тг.

250633,0

362648,0

112015,0

44,7

2

Жұмысшылар саны

адам

514

552

38

7,4

3

Жұмысшылардың еңбек өнімділігі

мың тг.

487,6

657,0

169,4

34,4

4

Жұмысшылардың күндік еңбек өнімділігі

мың тг.

1,8

2,5

0,7

38,9

5

Жұмысшылардың сағаттық еңбек өнімділігі

мың тг.

0,2

0,3

0,1

50,0

6

Жалпы жалақы қоры

мың тг.

60586,0

90756,0

30170,0

49,8

Кесте көрсеткіштеріне дәлірек тоқталсақ, 2016 жылы кәсіпорын жұмысшыларының еңбек өнімділігінің күндік мөлшерінің өскенін байқауға болады, яғни ол 38,9 %- ға арқан. Оны анықтау үшін:


Жұмысшылардың күндік еңбек өнімділігі = Жұмысшылардың еңбек өнімділігі / 265 күн.
Ал жұмысшылардың сағаттық еңбек өнімділігі 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылы 50,0 %- ға дейін өсті. Оны біз былай табамыз:
Жұмысшылардың сағаттық еңбек өнімділігі = Жұмысшылардың күндік еңбек өнімділігі / 8 сағ. (13)
ҚазАвто жол кәсіпорнының қаржылық жағдайын көп көрсеткіштер арқылы сипаттауға болады, осыған байланысты оларды келесі топтарға бөлуге болады:

  1. Төлем қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер:

    1. Толық икемділік коэффициенті.

    2. Аралық жабу коэффициенті.

    3. Жалпы жабу коэффициенті.

  2. Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын көрсеткіштер:

    1. Өзіндік коэффициенті.

    2. Қарыз құралдарының үлесі.

    3. Өзіндік және қарыз құралдарының қатынасы.

  3. Іскерлік бәсекелестік көрсеткіштері:

    1. Жалпы айналым коэффициенті.

    2. Айналым жылдамдығы.

    3. Өзіндік құралдардың айналымы.

  4. Рентабельділік көрсеткіштері:

    1. Кәсіпорын мүлігі.

    2. Өзіндік құралдар.

    3. Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылар.

Келесі кесте көрсеткіштеріне сәйкес, кәсіпорын төлем қабілетті болып есептеледі, егер белгілі бір уақыт ішінде қарыз берушілермен, қысқа мерзімдік төлемді өзіндік құралдармен жапса.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші тартылған капиталдың қорғалған деңгейін сипаттайды. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде келесі шекті нормалар белгіленген:
Өзіндік коэффициенті 0,7-ден аз болмауы керек, яғни біздің қарастырып отырған кәсіпорнымыз қаржылық тұрақты деп айтсақ болады. Себебі, 2015 жылы ол көрсеткіш 0,91-ге тең, ал 2016 жылы 0,85-ке тең болып тұр.
Қарыз құралдарының үлесі 0,3-тен аспау керек. Бұл көрсеткішке де біз толық қанағаттанарлық десек болады, өйткені ол 2015 жылы 0,03-ке және 2016 жылы 0,09-ға тең.
Өзіндік және қарыз құралдарының қатынасы 0,1-ден көп болмауы керек, біздің мысалымызда ол 2015 жылы 0,03-ке тең, ал 2016 жылы ол 0,11-ге тең.



    1. Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн шығындарын талдау

Жалпы, кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құнын талдау мына көрсеткіштер арқылы жүргізіледі:
- Өзіндік құнның құрылымы мен оның өзгерісін талдау;
- Жекелеген өнімдердің өзіндік құнын талдау;
- Шығындардың жекелеген элементтерін талдау.
Төмендегі кестеде ҚазАвто жол шығаратын ауыл шаруашылық өнімдерінің ішінен бір тонна сүттің өзіндік құнын келтіреміз.
Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құны 2016 жылы 2015 жылғы деңгейден біршама жоғарылаған, оның себебі: материалдардың қымбаттауы, отын-энергия бағаларының шарықтауы және персоналдың еңбек ақысының артуына байланысты.

4-кесте – ҚазАвто жол өндіретін бір тонна сүттің өзіндік құнын есептеу, тг.







Шығын статьялары

Жылдар

Ауытқулар

2015 жыл

2016 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет