Орындаған: Мәтжанов Арғын. Тобы



бет7/7
Дата02.05.2023
өлшемі113.66 Kb.
#473119
1   2   3   4   5   6   7
Ð Ó Ñ жанов Ð Ñ Ò Ñ н, РРР Ð Ð Ð

Барлығы:

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Осы кестеден көріп отырғанымыздай, ең көп шығынды материалдық шығындар құрайды, ауыл шыруашылығында 59,1 %, өндіріс және құрылыс саласында 55,6-55,9 %-ды құрап тұр. Еңбек ақыға орташа есеппен 10 % шығын кеткен. Негізгі құралдардың тозуына 3 %, ал басқа да шығындар 30- 35 %, көлік және сауда шығындары 60 %-ға дейін өсетінін көреміз.





Осындай шығындармен қатар, тағы да көптеген салаларға байланысты шығындар болады. Ол салалар:


Материалды сиымдылық (азық–түлік өндірісі, ет өндірісі);
Еңбек сиымдылығы (сауда);
Қор сиымдылығы (көлік, өңдеуші өндіріс);
Энергия сиымдылығы (түсті металлургия).
Шығындардың құрылымы тұрақты болып қалмайды, ол үнемі өзгеріп отырады. Шығын құрылымының өзгеріп отыруы экономика, өндіріс, ресурс пен тауарларға байланысты инфляцияның әр деңгейлі болуы салдарынан өзгерістің бірде болып, бірде тоқтап қалуынан болады. Ал экономикасы тұрақты дамыған мемлекеттерде шығын құрылымы макро деңгейде өзгеріп отырады.
Материалдық шығындар – ұлттық шаруашылықтың барлық салаларында (өндіруден басқа) өзіндік құнның негізгі бөлігін құрайды. Материалдық шығындарға: шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, топталған бұйымдар, көмекші материалдар, отын, энергия, ораушы материалдар, құрал–сайман, қосымша бөлшектер, арнайы киім және тағы басқалары жатады. Шикізаттар мен негізгі материалдар құрамына шет жақтан алынатын ресурстардың құны кіреді. Ол ресурстар өнімнің негізін құрайды, яғни «өнім денесін» құрап, оның қажетті компоненті болады.
Жалпы, ел экономикасында өнім өндіруге кеткен шығын 27 % немесе материалдық шығын бағасының жартысынан көбін құрайды, ауыл шаруашылығында 75 %, жоғарғы құрылым саласында 72 %-ды құрайды. Сатып алынған жартылай фабрикаттар және топталған бұйымдар кәсіпорындарда қосымша өңдеуге жіберіледі. Көмекші материалдар негізгі материалдарға қосылып, оның сыртқы түрін немесе басқа да жерін өзгерту үшін қолданылады, сонымен қатар өндіріске қызмет көрсету кезінде қолданылады (жағу, бояу). Оның шығын кезіндегі құрайтын бөлігі 4–5 %.
Шет жақтан сатып алынатын отын (қатты, сұйық, газ түріндегі) және энергияның барлық түрлерін (электрлік, жылулық, қысылған ауа, азықтар) материалдық шығындар ішінен олардың ұлттық шаруашылық маңызына байланысты ерекше атап айту керек. Өйткені, жыл сайын энергия тасығыштардың бағасының жоғарылауына байланысты оларға кететін шығын да өсіп барады. Кейінгі жылдары орташа есеппен 8–8,5 %, өндірісте 10 %-ға жуығы, қалған материалдық шығындарды құраушылар 5–6 %-ды құрайды.
Материалдық шығындардың элементтерінің құрамынан тек қана ресурстарды сатып алуға ғана шығын шығады. Егер де кәсіпорын сол өзіне керекті ресурстарды сатып алып, ары қарайғы жұмыстарды өзі жүзеге асырса (мысалы, жұмыс күші арқылы өздері материалдарды түсіріп алса, басқа да жұмыстарды өзі ары қарай жалғастырса), онда оларға деген шығын арнайы баптар бойынша белгіленеді, яғни еңбек ақы, амортизация.
Төлем ақыға кеткен шығындар – жұмысшыларға төленетін еңбек ақы. Бұл шығындар негізгі өндіріс персоналдарының еңбек ақыларынан тұрады, сонымен қатар негізгі қызметке кіріп, бірақ штатқа кірмейтін жұмысшылар ақысынан тұрады.
Төлем ақыға жататындар: кәсіпорында берілген ереже бойынша әр жұмысшының міндетті окладтары және тарифтік ставкалары бойынша еңбек ақы, өнім құны, қосымша төленетін ақы, жұмыста жақсы ынтасымен көрінгені үшін сый ақы беру, қосымша демалысқа төлем ақы, тегін көрсетілетін қызметтің құны, көп жыл жұмыс істегені үшін сый ақы беру, жұмысты басқа аумақтарға істегені үшін қосымша ақша төлеу және басқа да шығындар. Кәсіпорынның жұмысшыларына төленетін ақы өзіндік құнға кірмейді. Өйткені, ол тікелей төлем ақымен байланысты емес, яғни бұл жердегі төлем ақының негізгі қайнар көзі – арнайы қорлар, мақсатты түсімдер, кәсіподақ ұйымдарының қорлары және тағы басқа.
Әлеуметтік қажеттіліктерге шығындарды есептеу – қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін ұлттық байланыстағы қайта бөлу формасы болып табылады. Жалпы шығын көлеміндегі аударымдардың сыбағалы салмағы еңбекке төленетін шығындардың деңгейіне байланысты. Ол мемлекет бойынша 5,8 %-ды құрайды, құрылыста 8,5 %, ал саудада 11%-ды құрайды.
Ұйымда есептелген құралдардың барлығы бюджеттен тыс қорларға жіберіледі де, заңмен көрсетілген мақсаттар үшін қолданылады. Сонымен қатар, бұл шығындар елде болатын мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, медициналық сақтандыру қорларына, жұмысқа орналастыру қызметіне және тағы сол сияқты салаларға есептеледі.
Өндірістік шығындар құрамына кіретін негізгі қорлардың амортизациясы экономика бойынша 8,4 %-ды құрайды, ауыл шаруашылығында 4,5 %, көлікте 13 %-ға жуық болып отыр. Шығын құрамындағы амортизация бөлігі реформа жылдары тез өзгеріп кеткен. Мысалы, 1993 жылы өндіріс бойынша 0,9 % ғана құраған болса, мұның бәрі негізгі қорларды қайта бағалау үшін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу және баға деңгейімен байланысты. Толық қалыптасудағы амортизация өнімнің өзіндік құнына кіреді және амортизациялық нормаларды аударумен, қорлардың баланстық құнымен анықталады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, кәсіпорынның қызметін айқындайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өнімнің өзіндік құны белгілі бір өнім өлшемін өндірудің және сатудың кәсіпорынға қаншаға түсетінін көрсетеді. Ол ақшалай және натуралды-заттай есептеледі. Өнімнің өзіндік құнына өндіріс үрдісінде жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары, жұмыс күшінің құндары және қосымша қосылатын шығындар кіреді. Капиталистік елдерде өзіндік құн деген категория жоқ, оның орнына экономикалық шығын деген категорияны қолданады. Экономикалық шығынға өнімнің өзіндік құны, сонымен бірге несиеге пайыз төлемі, арендалық төлем және минималды кәсіпкерлік пайда қосылады. Бұл зиянсыз жұмыс істеуге кепіл болады, сондықтан өзіндік құнды есептеудің орнына экономикалық шығынды есептеген жөн болады.


Өндірілген өнімді сатудан түскен қаржының есебінен өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер шығынының орны толтырылады, ал қалған қаржының бір бөлігі ұлғаймалы өндірісті дамытуға жұмсалады. Өндіріс тәсілінің негізгі экономикалық санатының бірі бола отырып, өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтайтын неғұрлым толық көрсеткіш болып саналады.
Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты цехтық (бригадалық), фабрика-зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді. Өзіндік құн жасақталуына қарай жоспарлы, болжамды және нақтылы болып бөлінеді.
Сонымен қатар, өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың соммасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының (нақты еңбек, өткендегі еңбек) жиынтығы. Шығындарды өнім бірлігіне жатқызуына қарай тікелей және жанама шығындар деп бөледі, ал экономикалық мазмұнына қарай калькуляциялық статьялары негізгі шығындар және қосымша шығындар деп бөлінеді. Өнім көлемінің өсуіне байланысты өндірістік шығындар пропорционалды, яғни шартты-ауыспалы және пропорционалды емес, яғни шартты-тұрақты болып бөлінеді.
Ағымдағы шығындарға нормативті және сметалық калькуляция жасалады, біріншісі нормалық шығындар негізінде, ал екіншісі жаңадан игерілетін өнімге қолданылады. Сонымен қатар, жоспарлы калькуляция - нормалы шығындардың қосындысы, ол жоспарлы шығындар мен жоспарлы пайданы байланыстырады.
Өнімнің өзіндік құнының экономикада маңызы зор, ол баға жасақтаудың базасы. Өзіндік құн неғұрлым төмен болса, пайда деңгейі соғұрлым жоғары болады.
Өзіндік құнға жолдама жасағанда, оған кеткен шығындарға мұқият талдау жасау, өндірісті дәл ұйымдастыру, техниканы және технологияны, материалдар мен шикізаттарды және тағы басқа материалдық ресурстардың барлық резервтерін табу, сөйтіп өнімсіз еңбек шығындарын анықтау және алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың өзіндік құнды азайту жөніндегі тәжірибелерін үйрену қажет.
Қорытындылап айтатын болсақ, өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес, өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Егер материалдық ресурстардың бағасына, еңбек ресурсына шығындар өзгермейтін болса, ол уақытта өнімді көбейту тек қана өнімнің өзіндік құнын азайту арқылы іске асады. Ал техникалық ұйымдастыру шараларын іске асыру жоспарын жасақтау, ішкі өндірістік резервтерді пайдалану мүмкіндіктерін талдау қорытындысына сүйеніп жасауды талап етеді.
Резервтерді анықтау үшін нақтылы көрсеткіштерді нормативті (жоспарлы) көрсеткіштермен салыстыру қажет. Ол үшін калькуляциялық статьялардың жоспарлы, нақтылы көрсеткіштерін салыстырып, қорытындыларын жеке-жеке талдап, материалдық шығындарды азайту көздерін, нақтылы шараларды белгілеу керек.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2016 жылғы 18 ақпан. – Алматы: Жеті жарғы, 2016.


2 Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2006 жылғы 1 наурыз. – Егемен Қазақстан, 2 наурыз 2006.
3 Қазақстанның бәсеке қабілеттілігі, экономиканың бәсеке қабілеттілігі, ұлттың бәсеке қабілеттілігі: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Егемен Қазақстан, 19 наурыз 2015.
4 Назарбаев Н. Ә. Жаңа заман – жаңа экономика. – Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан, 2015.
5 Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары: ҚР Президентінің бұйрығымен бекітілген, 2001 жылғы 4 желтоқсан, № 735. - Астана, 2001.
6 Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды - инновациялық даму стратегиясы. – ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы, № 30, 2002.
7 Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: Экономика, 2003.
8 Волков О. И. редак. Экономика предприятия. – Москва: Инфра-М, 1998.
9 Палий В.Ф. Основы калькулирования. - М.: Финансы и статистика, 2015.
10 Горфинкель В. Я., Швандар В. А. редак. Экономика предприятия. – Москва: Юнити, 2001.
11 Сергеев И. В. Экономика предприятия. – Москва: Финансы и статистика, 1997.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет