Орындаған: Мухамбетярова Ш. У. Сб -315 топ студенті Жетекші: Г. С. Карина


Музыка сабағындағы әр түрлі іс- әрекеттердің түрлері



бет7/12
Дата19.05.2022
өлшемі80.14 Kb.
#457924
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
балабақшадығы музыкалық тәрибиенің2

1.4. Музыка сабағындағы әр түрлі іс- әрекеттердің түрлері.

Мектепке дейінгі мекемелердегі сәбилердің ұлттық музыкаға қызығуы, оның құндылығын сезінуі мүзыка сабағының ұйымдастырылу формасына, мәніне , мазмұнына оның әдістемелік тұрғыда дұрыс құрылу сипатына, балалардың қызығушылығын тудыруына сабақта қолданылатын іс- әрекеттердің өз ара іскерлікпен кіріктірілуіне байланысты( кейінгі кезде «іс-әрекет» тәжірибеде «музыкалық қызмет» деген ұғыммен де беріліп жүр). Сабақта қолданылатын іс- әрекет түрлеріне мыналар жатады: ән салу, музыка тындау, музыкалық- ырғақты қыймылдар, балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау балалар шығармашылығы. Ән салу- баланы әнді дұрыс айтуға тәрбиелесе, музыка тындау – оны музыкалық шығармаларды, әндерді саналы түрде қолдануға үйретеді, музыкалық- ырғақтық қимылдар – баланың жан дүниесін байытып, әдемі жүріс- тұрысының қалыптасуына, дене мүшелерінің өсіп жетілуіне, көңіл- күйінің жақсаруына, музыка өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға әсерін тигізеді, балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау- балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімтадыққа, адамгершілікке баулиды, балалар шығармашылығы – балалардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамытуға игі ықпалын тигізеді, ойын ұштап, қиялын қанаттандырады.


Сабақты ұйымдастыру формасына келер болсақ, музыка сабағында балалардың барлығы да оның ерекше қабілеттілігіне, икемділігіне, қызығушылығына қарамай, бәрі бірдей білім алуы тиіс, сонымен қатар сабақтың ұзақтығы, жаңа материял түсіндру, пысықтау, өткен сабақтардан алған білімін тексеру т.б. секілді компонеттер бар. Сабақ өткізілместен бұрын, алдын- ала оның мақсатымен міндетін және оларды іске асыру жолдарын, мазмұны мен құрылысын, оқыту әдістері мен құралдарын, тәрбиелік, білімділік мәнін, дамытпалы мүмкіндіктерін анықтап алған жөн.
Музыкалық тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыру үшін тыңдауға, айтуға арналған шғармаларды іріктеп, таңдап алудың мәні зор. Ол баланың жас ерекшелігіне, әр топтың қабылдау мүмкіндігіне сай болуы тиіс.
Сабақта балалардың белсенділігін түсіріп алмау үшін, сол сабақта қолданылатын музыкалық материялдардың сипатына, қиындылығына формасына қарай, сабақта қолданылатын іс- әрекеттерді өте іскерлікпен ауыстырып отыруға дағдыланған жөн. Әрине бұл музыка жетекшісінен ерекше дарындылықты, шығармашылықты, тапқырлықты қажет етеді.
Музыка жетекшісінің бала алдында беделді болуы оның жауапкершілігіне, қамқорлығына, талап ете білуіне байланысты. Музыкадан алған әсерінің жемісті болуы үшін балаға әрқашан музыка жетекшісі тарапынан қамқорлық, тірек болатын ілтипат, ықлас қажет.
Әрине, музыка жетекшісі жұмысында оның ұйымдастырушылық қабілетінің үлкен рөл атқаратынын атап айтқан жөн. Музыкалық іс- әрекеттің барлық түріне баларды еліктіріп әкету үшін мұғалім өзі отты, жігерлі болуы тиіс. Музыка жетекшісінің жан- жақты білімділігі, жан- дүниесі, ақыл- ойы, жылы жүзі, өнегесі балалардың музыка сабығына қызығушылығын арттырады, олардың бұл іске белсене араласу дағдысын қалыптастырады. Сондықтан, музыка жеекшісін мектепке дейінгі мекемелердегі музыка сабағы арқылы баланың эстетикалық талғамын қалыптастыра.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет