Орындаған: Мухамбетярова Ш. У. Сб -315 топ студенті Жетекші: Г. С. Карина


Музыкалық ырғақты қыймылдарға үйрету



бет9/12
Дата19.05.2022
өлшемі80.14 Kb.
#457924
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
балабақшадығы музыкалық тәрибиенің2

2.2. Музыкалық ырғақты қыймылдарға үйрету
Музыкалық, яғни, сазды – сахналық өнерге екінші кішкентайлар тобынан даярлық тобына дейінгі балдырғандарды қамту. Мұның барлығы балалардың шығармашылық қабілет - дарынын дамытып, оны қоршаған ортаның ерекшеліктеріне орай бейімдеп, сонымен тығыз байланыстыра отырып ұғындырып, олардың өмірді түсінуіне жағдай жасап, қиял армандарын жетілдіруге тырысу. Осы жұмыстарды педагогикалық талаптарға сай ешбір күштеп, зорлаусыз-ақ, өздерінің әдеттегі ойындарын қызықты да әсерлі етіп ұйымдастырған шақта балалар одан сайын ынталанып, оның жемісі де айтарлықтай болады. Жалпы театрландырылған ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығарманың сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған ролдерді толық игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аудару. Олардың тиісті бейнелерді дұрыс жасаулары үшін іс-әрекет, қимылдарын көрсетіп, жетілдіруіне көмектесіп, кейіпкерлердің сөздерін, көңіл-күй, сезімін, мінез-қалпының қандай болуы керектігін түсіндіріп, ұғындырып отыру. Сөйтіп ойын барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткізу. Оған тәрбиешілер жан тәндерімен кірісіп, көп еңбек сіңіру керек.
Тәрбиешілер балалардың өздеріне тән жеке қасиеттерін анықтай түсу мақсатымен жылдың басында және аяғында театрландырылған жұмыстар арқылы «Құпия» сынақ (эксперименталдық) ойындар өткізіп отыруы. Бұл ойындардың өн бойында музыканың тигізер әсері мол. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстайтын, ал ұялшақ, ұяң балаларға жәй ролдер беріледі. Бұдан кейін өздерін тиісті ролдерде ойнай алатын қабілетті балаларды театрландырылған жұмысқа кіргізіп отыру. Осындай 5-6 баламен жекелей жұмыс жүргізу. Оларға қуыршақты қалай ұстау керектігін, мимика, дауыс ырғақтарын үйрету. Театрландырылған ойындардың мазмұнына ерекше мән беру. Бұл- негізінен адамгершілік, достық, кішіпейілдік, ерлік, батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық қасиеттерді уағыздаудан тұрады. Әдетте балалардың өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым ролдер, ал мінездері салмақты байыпты балаларға жағымсыз ролдер тапсырылады. Бұл арқылы біз балалардың шындық өмірге тереңірек үңіліп, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындырақ ұғынып, жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үйренуге, өз қылықтарын дұрыс бағалап, жақсы кейіпкерлерге еліктеуге үйрету. Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек.
Осыны ескере отырып, әрбір топта театрбұрыштары жасалады. Бибабо саусақтары, үстелдік және саусақты- қолғап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады.
Екінші кішкентайлар тобының балалары сахналық өнердің қарапайым көріністерін ғана бейнелеуге, өлеңдердің мағынасын қимылмен көрсетуге үйретіледі. Алғашында балалар жануарларға еліктеп, олардың сыртқы кейпін салып келтірді, бірақ жануарлардың мінез-құлқын ашуға қиынсынды. Мысалы: «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» деп аталатын ойындарда балаларға кішкентай көңілді құстардың қанаттарын қалай қағатынын, олардың балапандап жүретінін көрсету. Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті мен күнделікті өмірде балалар тұрмысынан көріністер ойналады. Мысалы: қуыршақ алып, осы ойыншық туралы кішкентай сюжет ойлап құрастыру және соны ойлап беру жаттығулары жүргізіледі. Қозғалыс әдеттерін жетілдіру жұмысында мына әдістерді қолданамыз:

  1. Қимылды көрсету.

  2. Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау.

Сөздік суреттеме бере отырып, балаларды ролдерін толық орындауға үйрету, өздерінің ролдерін қызықты ойнаған балаларды көтермелеп, мадақтап отыру. Естиярлар мен ересектер тобының балалары сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артты. Қандай да сахналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргіздік.

  1. Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің міңез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылды.

  2.  Әр кейіпкерлердің киіміне көңіл бөлінді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады. Мысалы: орыс ертегілерінде түлкі басына орамал тартады, қазақ ертеглеірінде түлкіге жейде кигізіледі.

  3. Сұрақ-жауап арқылы кейіпкерлердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отырамыз.

  4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалаймыз.

Мысалы: «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» туралы ертегіні оқып бергеннен кейін тәрбиеші балаларға мынадай сұрақтар қойды:

  1. Алдар көсеннің міңез-құлқы қандай?

  2. Алдардың жүрісін кім көрсете алады?

  3. Байдың міңезі қандай?

  4. Оның жүріс-тұрысын кім көрсете алады?

  5. Кім бай мен Алдар көсе болып ойнай алады?

Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтын ауыз әдебиетіндегі отірік өлеңдерді, мақал-мәтерлдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән-күйлер мен билерді кіріктіріп отырдық. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе күт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалалрыкейіпкерлердің міңезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығып, қажетті элементтерін меңгеріп алуға тырысты. Ол үшін балалармен жоғарыда айтылып кеткен арнаулы жаттығулар жүргізілді. Одан басқа «Сәлеметсіз бе?» және т.б. дағдылы сөздерді әртүрлі дауыс ырғағына сап айтып үйренуге жаттықтырдық. Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене
мәнерлеп айта білуге үйренеді. Сосын нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянады. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту оқу іс-әрекеттерін байланыстырып өткізгенде, әр оқу іс-әрекеттін соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырады, сөйтіп олардың белсенділігі арттырады, оқу іс-әрекеттері мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болады. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, оқу іс-әрекеттерде ынталана, құштарланып қатысып отырады. Осы жұмыстарды өткізген кезенде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылады.
Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін-еркін жүріп, өздеріне оқу іс-әрекетінде уақытында керкті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар даындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезендегі ұжымдық жұмысатр балалардың үйымшылдығы мен белсендігін арттырды. Ата – аналармен жұмыс жүргізілді. Балалардың өз үйлерінде ата-аналармен, туыс туғандармен арсында болатын қарым –қатынастары туралы ата-аналармен әңгіме, кеңестер өткізіп, арнайы анкета бойынша жұмыс жүргіздік. Бұл арқылы балалардың өзімізге белгісіз, бейтаныс қасиеттерінен хабарлар болдық.
Балабақшада алған алғашқы осындай мәліметтер олардың ішінде кейбір дарындылардың өнер жолына түсуіне игілікті әсерін тигізері анық.
Педагогикалық ұжымның талмай ізденуі, аянбай еткен еңбегінің бір өтеуі болғандай балалармен өткізген шығармашылық жұмыстары қазір көзге көрінбесе де, түбінде кім біледі, бәлкім жылдар жылжып өткеннен кейін, үлкен өмір төрінде төбе көрсетіп қалар, елеміздің өнерлі азаматтарының бірі болады деп сенеміз, өйткені балабақша шығармашылық негізі салынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет