Орындаған: Мухамбетярова Ш. У. Сб -315 топ студенті Жетекші: Г. С. Карина


Кіріспе. Курстық жұмыстың өзектілігі



бет2/12
Дата19.05.2022
өлшемі80.14 Kb.
#457924
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
балабақшадығы музыкалық тәрибиенің2

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміз егемендік алып, Қазақстан өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқалы жеткіншектерімізге жеткілікті көңіл бөлінуде. Бүлдіршіндерімізді жан- жақты етіп тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, мейірімділікке, әсемдікті сүюге тәрбиелеуде музыканың алар орны ерекше. Баланың музыкалық мәдениетін, эстетикалық талғамын, ұлттық сана- сезімін қалыптастыруда сөзбен жеткізе алмайтын әсемдікті музыка тілімен жеткізуге болады. Балалардың ой- өрісін, талғампаздығын, есту қабілетін арттыруда атқаратын рөлі зор. Музыкалық тәрбие беру әдістері мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық жағынан жетілдіріп, тәрбиелеудегі қызметтің барлық түрінде сенім мен жүйелі жаттықтырудың қажеттігін айқындайды. Тәрбиеші мен балалар арасындағы қарым – қатынасты, ересек адамның балаға музыка туралы қарапайым білімдерді үйретіп, оның музыкалық қабілетін дамытуға көмектесетін практикалық дағды мен шеберлікті меңгеруіне мүмкіндік туғызатын мақсаты іс- қимылдарды оқыту әдістері деп түсіну керек. Балалардың ән айтуда, би билеуде, аспапта ойнауда белсенділік танытуына және музыкалық- эстетикалық дамыту саласындағы тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешуне көмектеседі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Болашақ музыка жетекшілері мен тәрбиешілердің эстетикалық педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру арқылы талдау, зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
1.Мектеп жасына дейінгі балаларға алуан түрлі музыкалық шығармалрмен таныстырып, алған әсерлерін байыту.
2. Балалардың эмоциялық әсер алғыштығын, дыбыстың биіктігін айыра білуін, ырғақты сезінуін дамыту.
3. Балаларды музыкангың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер тәрбиеші жан- жақты болса тиімді жоспар құрып, нәтижелі сабақ өткізе білсе онда балалардың шығармашылық қабілеті, музыкаға деген ынта жігері жоғары болары анық.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу базасы: Талдықорған қаласы, Көксу ауданы, Алғабас ауылы, «Балауса » бөбек – жай балабақшасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет