Орындаған: Торежанова Г. Д. Тобы: 3-018 жм тескерген



бет5/5
Дата29.10.2022
өлшемі63.88 Kb.
#463592
1   2   3   4   5
Зар шыгару патфиз

Гипонатриемия – созылмалы гломерулонефритте және пиелонефритте, жедел бүйрек жетімсіздігінде және созылмалы бүйрек жетімсіздігінде, тұзсыз диетада, жиі құсуда, іш өту кезінде кездеседі. Олардың мөлшерінің төмендеуі диуретикалық терапияны жалғастырудыталап етеді.Гипонатриемияда бас ауыруы, жүрек айну, құсу, дірілдер байқалады.
Қан сарысуында натрий мен хлордың мөлшерінің жоғарылауы ренальдық қантсыз диабетте, жедел және созылмалы бүйрек жетімсіздіктерінің полиуриялық стадиясында, сусыздану кезінде болады. Гипернатриемияда тынышсыздану, шырыштың құрғақтығы, қалжырау және т.б. байқалады.
Дені сау баланың қанында магний 2,5 мг% мөлшерде болады. Оның жоғарылауы, жедел және сорзылмалы бүйрек жетімсіздіктері олигоурия кезінде кездеседі. Гипермагниемияда ұйқышылдық байқалады.
Қалыпты жағдайда қанда кальций 5-5,5 ммоль/л, фосфор – 3-5 мг %. Бүйрек жетіспеушілігінде кальций мөлшерінің төмендеуі және қанда фосфордың жоғарлауы байқалады. Фосфор мөлшерінің төмендеуі – нефрокальциноз бен ренальдық тубулярлық ацидозда, Тони-Дебре Фанкони синдромында, жедел бүйрек жетімсіздігі және олигоанурия кезінде, жоғарылауы созылмалы бүйрек жетімсіздігі терминальдық кезеңінде байқалады. Кальций мөлшерін фотометриямен, фосфаттарды –Дезо әдісімен, Алимов модификациясымен анықтайды. Қанды биохимиялық зерттеу кезінде ағзада қышқыл-сілтілі тепе-теңдік мөлшерін анықтау жүргізіледі. Бүйрек жетіспеушілігінде қышқыл-сілтілі тепе-теңдігінің (метаболикалық ацидозда) мөлшері бұзылады. Бұл организмнің буферлық жүйесінің жетіспеуін көрсетеді. Шумақшалық және тубулярлық ацидозды ажыратады.
Қазіргі кезде аталған әдістермен қатар келесі зертеу әдістері кең қолданылады: ренография арқылы бүйректің қанмен толуы туралы мәлімет алынады, тамырлардың, тонусының жағдайын білуге және бүйректі функциялайтын паренхиманың бүтіндігін білу, сонымен қоса оның пішінін, мөлшерін және зәр шығару жолдарының контурын, нақтылық орналасуын және тастың, ісіктің және зәр шығару жүйесінің туа пайда болған ақауларын анықтауға болады; ретроградты пиелоуретграфия, бүйрек лоханкасының ісік бар кезіндегі кеңеюін, несепағардың қисаюын, оның тарылуы және кеңеюін; томонефрография – бүйректіқ рентгенографиясы анық бейнелейді. Бүйректің қорытынды рентгенографиясына қарағанда, оның пішінін, орналасуын және мөлшерін басқа ағзалардың көлеңкесіз және ішектегі газды, бүйректегі тасты анықтайды, даму аномалиясы және бүйректің орналасуын; пневморен – бүйрек контурын бағалауға мүмкіндік береді, бүйрек ауруларын ажыратпалауға көмектеседі, ұйқы безі, өт қабы, көкбауыр және тоқ ішек; пневмооректоперитонеум – бүйрек контурын анықтау, іш перде артындағы қуысты, поликистозды, бүйрек аномалиясының дамуын және қосымша ауруларды; пневмопарацистография – қуық ісігінің диагностикасында және қасындағы тіндерге жайылуын анықтауға мүмкіндік береді, бүйректік ангиография – аплазияны және гипоплазияны анықтауға, таға тәрізді бүйрек, бүйректің тұзды кистасын және тағы басқа ауруларды; радиоизотопты ренография – екі бүйректі жекелей тексеруге мүмкіндік туғызады, радиактивті сканерлеу – пішінін, мөлшерін, бүйрек орнын және олардың ошақты бұзылыстарын көрсетеді; урокимография – жоғарғы зәр шығару жолдарының жиірілу икемділігін анықтайды; урокинематография – жоғарғы және төменгі зәр шығару жолдарынан зәр шығуын (динамикасын) көрсетеді; хромоцистоскопия – жекелей екі бүйректің функциясын тексереді; цистоскопия, цистометрия, цистография – ол циститті анықтау мақсатында, ҚНР, дивертикулдерді, тастарды және ісіктерді, жылан көзді диагностикалайды; уретрография – уретра қуысының жағдайын және оның тарылуын, дивертикулдарын, ісіктерін, жылан көз бен парауретральды жолдарын анықтауға мүмкіндік береді
Қолданылған әдебиеттер:
• “Балалар ауруы”, авторы Балаш Түсiпқалиев 477-482 бетте, 2014 Ақтөбе
• Бүлдіршін жастағы балалардың физикалық дамуы (0-5 Жас)
(Оқу-әдістемелік құрал)/ астана, 2014
• «Педиатрия» журнал. - № 2. – 2016. - 12 с
• www.google.kz: https://artpsy.kz/tirek-imyl-apparaty-b-zyl-an-balala/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет