Каковский-Аддис сынамасы – тәуліктік зәрде пішінді элемент-терді анықтау. Дені сау балаларда 2 млн-дай лейкоцит-тер, 1 млн-ға дейін эритроциттер және 20 мыңға дейін цилиндрлер бөлінеді.
Амбурже әдісінде – бөлінетін зәрдің 1 мл-де 4000-ға дейін лейкоциттер, 1800-ге дейін эритроциттер анықталады.
Нечипоренко сынамасында да –дені сау балалардың 1 мл зәрінде лейкоциттер 400, эритроциттер 2000-ға дейін анықталады.
Зәрде Штернгеймер-Мальбина жасушаларын анықтау («жылтыр жасушалар»). Бұл үлкен, дңңгеленғен, сопақ немесе алмұрт тәрізді пішінмен, жарқыраған протоплазмамен ерекшеле-неді. Бұл жасушалардың гранулалары броундық қозғалыста қатысады. Зәр жолдарының жиі қабынуында және пиелонефритте гранулоциттер түрлері өзгереді, төмен осмостық қысымда олар ісінеді, ұлғаяды және Ш-М жасуша құрамына өзгереді.
Зәрде белсенді лейкоциттерді анықтау. Зәр жүйесінде микробты қабыну үрдісі дамуында түрлері өзгерген гранулоциттер анықталады. оларға дистиляцияланған су қосқанда, осмостық қысымының төмендеуіне байланысты, Ш-М жасушаларына ауысады Оларды белсенді лейкоциттер деп атайды. Олар пииелонефритпен сырқат науқастардың барлығында байқалады, бірақ нақтылы, абсолютті көрсеткіш деп есептелінбейді, себебі олар сау балалар зәрінде де кездеседі.
Лейкоцитурия және белсенді лейкоциттерді анықтау мақсатында провокациялық сынамалар жасайды (преднизолондық, УВЧ сынамасы және т.б.). Бұл сынамаларда зәрдегі лейкоциттердің саны 2 есе және одан көп жоғарлайды. Осы сынамалар пиелонефриттің жасырын (латентті) өтуі кезінде сырқаттануды диагностикалау мақсатында және гломерулонефриттерде емнің тиімділігін бағалауда және стационардан шығару кезінде қолданады.
Микробтар санын анықтау. Дені сау балаларда бактериялар саны зәрдәң 1 мл-де 100000-нан аспайды. Олардың санының жоғарылауы өрбіген патологиялық үрдісті көрсетеді. Бактериологиялық және бактериоскопиялық микробтар санын анықтау көлемді болып келеді. Сондықтан бактериурияны анықтау трифенилтетразолийлық хлоридтік тест (ТТХ) арқылы жасалады.
Бүйректің парциальдық функциясын сипаттау сынағында – зерттеу шумақшаның фильтрациясы (сүзіп тазалау қабілеті), реабсорбция (зәрді қайта сіңіру) және бүйрек жетімсіздігі деңгейін және бүйрек морфологиялық өзгерістерін анықтау үшін қолданылады.
Клиренс-әдісі (зат тазалану коэффициенті). Клиренсте қанның сандық мөлшерін анықтау, ол бүйрекпен тазаланып белгілі затта 1 мин. мына формула бойынша анықталады:
С = U + V/P
Р – плазмадағы заттар концентрациясы,
U – зәрдегі заттар концентрациясы,
V – минуттық диурез
С – клиренс.
Дені сау балаларда, көрсеткіштердің жоғарлауы түскі астан кейін, төмендеуі түнгілік уақытта байқалады. Балаларда санағанда 1,73 кв.м. ш.ф. Гроссман бойынша ересектер 1 жылына жетеді (80-180 мл/мин.) өзгерісі 110-130 мл/мин сөйкес болады. Шумақша сүзгілігі (фильтрациясы) жетілген жаңа туған нәрестелерде -50-55 мл/мин, шала туғандарда – 33-65 мл/мин. Шумақша сүзгілігінің (фильтрациясы) төмендеуі гломерулонефритте, созылмалы пиелонефритте және басқа бүйрек ауруларында, көп мөлшерде сусыздануда, ішек инфекциясында, қанайналым жетіспеушілігінде, жүрек ақауы, бауыр циррозы, анемияда байқалады.
Биохимиялық зерттеулер. Бүйрек қызметін клиникалық бағалау: азот алмасу өнімі, электролиттер жылжудың жылжу дәрежесін зерттеу нәтижесінен көрінеді. Практикада қан сарысуында қалдық азотты, мочевина азот мөлшерін (50%), аминқышқыл азотын (5 %), креатининді (1-2 мг), зәр қышқылын (25%), аммиак және индиканды (0,1 мг%) анықтайды. Сау балаларда қалдық азот және қандағы мочевина 20-40 мг % құрайды. Оның деңгейінің өзгеруіне, ақуыздың ас құрамында көп болуы, зат алмасу үрдісінің аса қарқындылығы, катаболизмдік үрдістер, шок жағдайы, уланулар, гемолиз, дегидратация, жедел инфекциялық аурулар және т.б. әсер етеді. Барлық азоттық көрсеткіштер ішінде, қан құрамындағы мочевинаға көңіл бөледі (оның молекуласында азот, кейде мочевинадағы азотқа қарағанда жоғарылайды).
Қанда креатининді анықтау. Оның мөлшері диетаға байланыссыз, қанда үнемі жоғары болады. Бірақ гиперкреатинемия, гиперазотемияға қарағанда кеш анықталады. Сондықтан пиелонефрит көрсеткіші бола алмайды.
Қандағы қалдық азот – Кьельдаль әдісімен, мочевинаны – Конвей әдісімен, креатининді – Бонснес және Таусскийға әдісімен анықтайды.
Дені сау балалардың қан сарысуында натрий мен калий концентрациясының көрсеткіштеріі: натрий –310-326 мг% (немесе 136-142 мэкв/л), калий 16-22 мг% (немесе 4-5,6 мэкв/л). Белоксыз диетада электролит өзгеріссіз болады. Өзгерістер көбінесе бүйрек паренхимасының ауыр бұзылыстарында, жедел бүйрек жетімсіздігі және созылмалы бүйрек жетімсіздігіне тән, әсіресе терминальдық стадияда.
Гиперкалиемия, көбінесе жедел бүйрек жетімсіздігі және басқа ауруларда (олигоанурияда) кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |