Орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемі Манипуляциялар тізбесі және олардың саны



бет9/16
Дата21.09.2022
өлшемі66.52 Kb.
#461063
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Дамира Заманбекова

Емінің негізгі қағидалары:
Мақсаты:
I.Патогенді қоздырғышпен күресу.
II.Ағзаның иммунды күшін арттыру.
III.Инфекция ошақтарын жою.
1.Бастапқы ем (микроорганизмдердің сезімталдығына байланысты антибиотиктердің комбинациясы;)ампициллин анимоглигозидтермен немесе цефалоспариндермен.Курстарды әр 7-10 күнде ауыстыру.Бірден 2-3 антибиотик тағайындалады,біреуі міндетті түрде көк тамырға енгізіледі.Антибиотиктерді қоздырғыштың сезімталдығына байланысты тағайындау тиімді болып саналады.
2.Дезинтоксикациялық ем,айналымдағы қанның көлемін толтыру;плазма,5% глюкоза ерітіндісі,ионограмманың негізінде электролиттердің изотониялық ерітінделері,альбумин,реополиглюкин.
3.Иммунокоррекциялық ем:арнайы иммуноглобулин,плазманың,қанның препараттары.
4.Пиемиялық ошақтардың жергілікті емі (хирургиялық өңдеу,антисептиалық ерітінділермен шаю,антибиотиктердің аэрозольдері,бактериофаг пен таңулар,репаранттардың гельдері және майлары).
5.Физио ем :СВЧ,УВЧ.
6.Патогениездік және симптомдық ем:ферменттер,витаминдер, ангиопротекторлар ,дезагреганттар,антикоагулянттар,пробиотиктер және т.б.
Болжамы:қоздырғыштың вируленттілігіне ,иммунитеттің жағдайына ,емінің тиімділігіне және дер кезінде басталуына байланысты.Қауіпті топтардағы балалар үшін божамы біршама мәселелі болып саналады.
Алдын алу:
1.Ерте жастағы балалардың күтімі барысында асептика және антисептика ережелерін сақтау.
2.Аурухана ішілік инфекциялардың алдын алу.
3.Іріңді-септикалық аурулардың жергілікті түрлерін дер кезінде емдеу.
4.Анасындағы созылмалы инфекция ошақтарын санациялау.

10 клиникалық тәжірибе тақырыбы.


Нәрестелердің гемолитикалық ауруы.Күтімі.


Нәрестенің гемолитикалық ауруы бұл ұрық және жас нәрестенің гемолитикалық анемиясы,ол трансплацентарлы берілетін анасының антиденесі әсерінен иммунологиялық келіспеушілік фонында анасымен ұрықтың резус-факторы немесе АВО антиген эритроциттері,сирек жағдайда басқа антигенді жүйелерде кездесетін ауру.


Анемия- грек сөзінен аударғанда қансыздық деген ұғымды білдіреді. Қан бірлігінде эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің төмендеуімен сипатталады.


Анемиялар келесі топтарға бөлінеді:

  1. Қансырау және қан кетуден кейін дамитын анемялар - геморрагиялық.

  2. Эритропоэздің бұзылуы себебінен дамитын анемиялар – жетіспеушілік анемиялар.

  3. Эритроциттердің ыдырауы артуы нәтижесінде дамитын анемиялар – гемолиздік анемиялар.

Жетіспеушілік анемиялар деп гемоглобиннің молекуласын құруға қажетті заттардың жеткіліксіздігінен немесе олардың сіңірілуінің бұзылуынан болатын анемияларды айтады.
Анемиялар жер бетінде кеңінен таралған, әсіресе балалар және репродуктивті жастағы әйелдер арасында жиі кездеседі.
Балаларда ең жиі таралған түрі – темір жетіспеушілік анемиясы, ол 50-80% құрайды. Сонымен қатар балаларда витамин және ақуыз жетіспеушілік анемиялар кездеседі.
Жетіспеушілік анемиялар дамуының қауіпті факторлары:

  • Жүкті әйелдің анемиясы;

  • Шала туылғандық (темірдің бауырдағы қорының жеткіліксіз болуынан);

  • Анемиялық факторлар (тағам арқылы, ақуыздың, витаминдердің, темірдің жеткіліксіз түсуі, ерте жасанды немесе тек 1 түрлі сүтпен тамақтандыру);

  • Ішек аурулары, дисбактериоз, диарея (темірдің, витаминдердің, ақуыздың ферменттік жетіспеушілік себебінен сіңірілуінің бұзылуы);

  • Темір алмасуының және эритропоэздің бұзылуы ( В, С тобының витаминдерінің, липий, фолий және пантотен қышқылдарының, микроэлементтерінің жетіспеушілігінен);

  • Фондық аурулар (конституция ауытқулары, мешел, гипотрофия);

  • Жұқпалы аурулар;

  • Жағымсыз әлеуметтік тұрмыстық жағдай ( күтім, тамақтану, тұрмыстың ақаулары).

Жетіспеушілік анемиялардың даму жолдары:
Баланың өсуі және жетілу барысында толық құрамды қан түзілуі үшін көп мөлшерде темір, толық сапалы ақуыз, витаминдер және микроэлементтер қажет.
Ерте жастағы балалардың темірге деген қажеттілігі екі жолмен қанағаттандырылады:

  • Темірдің тағам арқылы түсуі;

  • Бауырда жиналған темірді қолдану.

Темір гемоглобиннің миоглобиннің және ферменттік жүйелер қатарының құрамына кіреді, сонымен қатар ағзада ферритинді және гемосидеринді кешендер түрінде жиналады.

№11 клиникалық тәжірибе тақырыбы.


Асфиксия,туылу кезіндегі жарақат.


Асфиксия (тұншығу) – бұл негізінде қанда және тіндерде оттегінің жетіспеушілігінен дамитын патологиялық жағдай. Қанда оттегінің жетіспеушілігімен қатар көмір қышқыл газының артуы болады.
Асфиксия – бұл тыныс алудың болмауы немесе оның тиімсіздігі.
Асфиксия – құрсақішілік кезеңде (антенатальді), босану кезінде (интранатальді) немесе босанудан кейінгі кезеңде (перинатальді) дамуы мүмкін.
Асфиксия дамуының қауіпті факторлары:

  1. Оттегі жетіспеушілігімен қосарланатын анасының аурулары (анемия, жүрек және тыныс жетіспеушілік және т.б).

  2. Акушерлік патология (токсикоздар, жүкті әйелдердің нефропатиясы, жылдам босанулар, жамбаспен туу, босанудың ұзаққа созылуы. Акушерлік қысқыштар мен вакуум – экстракторларды қолдану, плацентаның ауытқулары, плацентаның мезгілінен ерте бөлінуі, кіндіктің бала мойнына оралуы және т.б.).

  3. Ұрыққа жағымсыз факторлардың әсер етуі (токсикалық, экологиялық, алкоголь, никотин, дәрілік заттардың және т.б.).

  4. Тыныс жолдарының, жүректің, ірі қан тамырларыныңтуа біткен ақаулары және (немесе) құрсақішілік инфекциялар, гемолиз ауруы, мидың ісінуі, миға қан құйылу және т.б.

Жіктелуге сәйкес асфексияның 2 дәрежесі анықталады:

  1. Орта дәрежелі

  2. Ауыр дәрежелі

Асфиксияның негізгі клиникалық симптомдары:

  1. Орта дәрежелі асфиксия (көк).

Нәрестенің жалпы жағдайы – ауыр: тері қабаты айқын көгерген, бұлшық ет тонусы төмен, рефлекстері бәсең, дем алысы сирек (бридиапноэ), аритмиялы қайталап тоқталумен болады, жүрек тондары тұншыққан, сирек (брадикардия), жылауы қысқа, бәсең.

  1. Ауыр жәрежелі асфиксия (ақ).

Нәрестенің жалпы жағдайы – өте ауыр: тері қабаты айқын бозарған, кіндік пульсациясы жоқ, рефлекстері әлсіз немесе мүлдем жоғалған, бұлшық ет тонусы төмен, дем алысы болмайды, жүрек тондары тұншыққан, аритмиялы, брадикардия минутына 60 дейін.
Апгар шкаласы бойынша жиналған жалпы баға нәрестеге шұғыл көмек көрсетуге шешім қабылдады шешетін жалғыз белгі болып саналмайды.
Реанимациялық шараларды орындауға шешім қабылдауға негізгі үш көрсеткішті бағалау қажет:

  1. Дем алысының сипатын

  2. Жүрек соғу жиілігін

  3. Тері қабатының түсін

Асфиксия кезінде нәрестеге шұғыл алғашқы білікті көмек көрсету арнайы дайындығы бар медициналық қызметкерлер мен арнайы құралдар көмегімен ғана мүмкін болады.
Туылу кезіндегі жарақат – бұл нәрестенің тууы кезіндегі жарақаттар алуы.
Туылу кезіндегі жарақаттар келесі түрде жіктеледі:

  1. Ұрықтың механикалық зақымдануымен болатын туылу кезіндегі жарақаттар (бас сүйегінің, омыртқа жотасының және басқа да сүйектердің, жұмсақ тіндердің, ішкі ағзалардың, жүйкелердің).

  2. Бас сүйекішілік жарақаттар (орталық жүйке жүйесінің зақымдануы).

Туылу кезіндегі жарақаттардың жиілігі – 1000 жаңа туған нәрестеге 7 – 10 жағдайдан келеді.
Туылу кезіндегі жарақаттар дамуының қауіпті факторлары:

  • Шала туылғандық;

  • Құрсақішілік асфиксия;

  • Тез, жылдам немесе ұзаққа созылған босанулар;

  • Анасының жамбас және нәрестенің бас мөлшерлерінің сәйкес келмеуі (ірі ұрық):

  • Ұрықтың немесе плацентаның орналасу ауытқулары;

  • Босану кезінде акушерлік құралдарды қолдануды (қысқыштар салу, вакуум – экстрактор, ұрықты бұру), оперативті араласуларды (кесар тілігі) дұрыс орындамау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет