Орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемі Манипуляциялар тізбесі және олардың саны


Майлар қанықпаған май қышқылдарнан тұрады, қорғаныш әсері бар. Көмірсулар



бет6/16
Дата21.09.2022
өлшемі66.52 Kb.
#461063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дамира Заманбекова

Майлар қанықпаған май қышқылдарнан тұрады, қорғаныш әсері бар.
Көмірсулар сиыр сүтімен салыстырғанда ана сүтінде мөлщері артық, бетта лактоза түрінде болады, олар ішек таяқшасының өсуін тежейді және бифидобактериялар өсуіне, В және К дәрумендерінің бөлініп шығыуына ықпал етеді.

  1. Ана сүті ферменттер дәрумендерге бай минералдық құрамы жеткілікті (Fe, Cu, Zn, K, Mg)

  2. Ана сүті стерильді, температурасы қалыпты, иммунды денелер және дәрумендердің ыдырауына әкелетін термиялық өңдеуді қажет етпейді.

  3. Балалардың ой-қабілеті, эмоционалдық және физикалық дамуы жоғары болады, вакцинациядан кейінгі реакциялар жеңіл түрде өтеді.

  4. Ананың уақытын, күш-қуатын, отбасының бюджетін үнемдейді, сыртқы ортаны ластамайды.

  5. Анасы үшін – босанудан кейін тез қалпына келу, қан кетулердің алдын алу, қатерлі ісіктердің туу қаупін төмендетеді.

  6. Ана мен бала арасындағы тығыз психологиялық байланысты қамтамасыз етеді.

Баланың ана төсінен ең алғаш алатын тағамы – уыз (молозиво).
Бұл қоймалжың, сарғыш түсті, дәмі қышқылтым – тәтті. Уыз – бұл нәрестенің алғашқы иммунизациясы, себебі ол иммунды денелерге, ақ уызға (ананың толық сүтімен салыстырғанда екі есе көп) бай, құрамында маңызды қоректік заттар бар. Уыздың мөлшері өте аз болады, бірақ құндылығы жағынан өте маңызды және пайдалы.
Нәрестені алғаш рет ана төсіне салу туғаннан кейін алғашқы 15-20 минутта босану залында өткізеді. Нәрестенің тамақтану жиілігі алғашқыда тәулігіне 8 реттен 10-12 ретке дейін болады, одан әрі әр бала өзінің тамақтану жиілігін өзі реттейді.
Ана сүтінің пайда болуына ықпал ететін гормон – пролактин,сору кезінде емшек ұшының айналасында орналасқан жүйке талшықтары арқылы белгі мидың пролактин бөліп шығаратын бөлігіне беріледі. Бала ана төсін сорган сайын қандағы пролактиннің мөлшері арта түседі.
Сүттің сүт бездернен бөлініп шығыуына ықпал ететін гормон – окситоцин. Ол сүт бездерін қоршап тұрған бұлшық еттерге әсер ету арқылы сүтті бөліп шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет