Орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемі Манипуляциялар тізбесі және олардың саны


Невроздар эмоционалдық және соматовегетативтік бұзылыстардың басым болуымен нервтік жүйенің кері бейспсихотикалық түрінде көрінеді



бет2/16
Дата21.09.2022
өлшемі66.52 Kb.
#461063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дамира Заманбекова

Невроздар эмоционалдық және соматовегетативтік бұзылыстардың басым болуымен нервтік жүйенің кері бейспсихотикалық түрінде көрінеді.










2 клиникалық тәжірибе тақырыбы.


Баланың БАБЖ бойынша физикалық дамуы.Нерв жүйесінің АФЕ.Баланың нервтік-психикалық дамуы.

Жаңа туған нәресте құрсақтан тыс өмір сүруге тек жартылай ғана бейім болады. Бірақ оның жүйке


жүйесі басқа ағзалар мен жүйелерге қарағанда жақсы дамып жетілген. Соған қарамастан жүйке жүйесінің сыртқы және ішкі ортаның әсерінен әрі қарай жетілуі 20 жасқа дейін жалғасады.
Бас миының салмағы нәрестелерде салыстырмалы түрде үлкен, мөлшері орта есеппен 400 гр, дене салмағының 1/8 бөлігін құрайды. ( 1-ші жылдың соңында - 1/12). 20 жасына қарай мидың бастапқы салмағы 4-5 есе артады.
Жүйке жүйесі жүктіліктің алғашқы 1 – 2 апталығында дараланып, құрсақтағы кезеңде белсенді түрде дамып отырады. Дегенмен бала туылған кезде оның дамуы толық аяқталмаған болады. Сыртқы қоршаған орта мен ағзаның ішкі ортасының әсер етуімен жүйке жүйесінің толық дамып жетілуі 20 – 25 жасқа дейін созылады.
Баланың психикасы және қимыл дағдысының дамуы
Бала туылған кезде оның қимылдары ретсіз, мағынасыз, үйлесімсіз болады, басын ұстай алмайды, аяқ-қолдары, бүгуші бұлшық еттерінің физиологиялық гипертонусына байланысты, жартылай бүгілу жағдайда орналасады.
1,5 айлығында бала басын ұстап, 3 айлығынан бастап анасын таниды. Анасына қарап уілдеп, алғашқы тіл дағдысы қалыптасады. Бетіне күліп қараган адамға ол да күліп жауап береді.
4 айлығынан заттардың түр – түсін, дыбыстың екпінін ажыратады. Қимылдары дараланып, ойыншықтарға қолын созып, оларды ұстап көріп, ( түрлі-түсті, ашық бояулы, дыбыс шығаратын ойыншықтарға ) қызығушылық танытады. Ұзақ уілдеп, «әңгіме» айтады, өздігінен арқасынан ішіне аударылып жатады. Осы уақыттан бастап бөтен адамдарды жатырқап, ұрсып сөйлессе жылады.
6 айлығында бала бөлек буындарды «ма», «ба», «та» деп атай алады.Өздігінен отыра алады, көп қимылдайды, ішінен арқасына аударылып жатады, еңбектеуге талпына бастайды. Қасықпен берген тамақт жей алады.
7 айлығында бала шөлмекті өзі ұстап тұрып тамақтана алады. Бөлек буындарды қайталай отырып, бірнеше сөздерді құрастырады: «ба-ба», «а-та», «ма-ма» т.б. Ойыншықтарды ұстап ойнайды, жақсы еңбектей бастайды.
8 айлығында бала қойылған сұрақтарды түсініп, оны көзімен, қолымен нұсқап көрсетеді. Өзінің қызығушылығын бет әлпетінің құбылуымен, дыбысымен білдіре алады. Отырған жерінен сүйеніп тұра алады.
9 айлық бала ойыншықтарды іздеп, тығылған жерден тауып береді, ересектермен белсенді түрде қатынас жасауға тырысады, көтеруді талап етіп қолын созады. Өздігінен отырып – тұрады, арбаны итеріп жүре бастайды. Баламен осы кезде әрдайым айналысып, қимыл-дағдыларын дамыта түсу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет