Орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемі Манипуляциялар тізбесі және олардың саны


Механикалық зақымдануымен болатын туылу кезендегі жарақаттар



бет10/16
Дата21.09.2022
өлшемі66.52 Kb.
#461063
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Дамира Заманбекова

Механикалық зақымдануымен болатын туылу кезендегі жарақаттар
Механикалық зақымдануымен болатын туылу кезіндегі жарақаттардың орналасуы бойынша жіктелуі:

  1. Бас және бас сүйегінің зақымдануымен болатын туылу кезіндегі жарақаттар.

  2. Омыртқа жотасының зақымдануымен болатын туылу кезіндегі жарақаттар.

  3. Басқа сүйектердің зақымдануымен болатын туылу кезіндегі жарақаттар.

  4. Жұмсақ тіндердің зақымдануымен болатын туылу кезіндегі жарақаттар.

  5. Ішкі ағзалардың зақымдануымен болатын туылу кезіндегі жарақаттар.

  6. Жүйкелердің зақымдануымен болатын туылу кезіндегі жарақаттар.

№12 клиникалық тәжірибе тақырыбы.

Диарея БАБЖ бағдарламасы бойынша.


Балада диарея бар ма?


Егер "иә"десе,сұраңыз:Қаншалықты ұзақ уақыт бойы?Нәжісінде қан бар ма?
Қараңыз және анықтаңыз:
Жалпы жағдайын қараңыз.
Бала летаргиялық немесе ес-түссіз күйде ма?
Мазасыз немесе қатты ашуланшақ па?
Көздерінің шүңірейгенін қараңыз.
Бала сұйықтық іше алмайды ма немесе нашар ішеді ма?
Тері қатпары баяу жазылады ма?

Ауыр сусыздану.


Летаргиялық немесе ес-түссіз күйде,көздері шүңірейген,сұйықтық іше алмайды.
Егер балада басқа ауыр жіктеу болмаса,ауыр сусыздану сызбасы бойынша балаға сұйықтық беріңіз(В жоспары).
Егер балада басқа ауыр жіктеу болса,стационарға жолдаңыз,жол бойы анасы сұйықтықты жиі-жиі беруі керек.Анасына емізуді жалғастыру туралы кеңес беріңіз.
Орташа сусыздану.
Мазасыз немесе қатты ашуланшақ,көздері шүңірейген,тері қатпары баяу жазылады.
Ауыз арқылы берілетін цинкті және тамақты орташа сусыздану сызбасы бойынша беріңіз(Б жоспары).
Егер балада басқа ауыр жіктеу болса,стационарға жолдаңыз,жол бойы анасы сұйықтықты жиі-жиі беруі керек.Анасына емізуді жалғастыру туралы кеңес беріңіз.
Қайта қаралу 5 күннен кейін,егер жағдайы жақсармаса.
Сусыздану жоқ.
Орташа немесе ауыр сусыздануды жіктеу үшін белгілер жеткіліксіз.
Сұйықтықты,ауыз арқылы берілетін цинкті және тамақты диареяны үйде емдеу сызбасы бойынша беріңіз.
Қайта қаралу 5 күннен кейін,егер жағдайы жақсармаса.
№13 клиникалық тәжірибе тақырыбы.

Ерте жастағы балаларда ас қорыту бұзылыстары.


Құсу кезінде көмек көрсету.


1.Анасына шараның өткізу ретін,балаға жедел көмек көрсету туралы түсіндіріңіз.
2.Баланың басын жоғары шалқайтып,бір жақ жанына бұрып жатқызыңыз.
3.Қысатын киімдерден босатыңыз.
4.Таза ауамен қамтамасыз етіңіз.
5.Қолды антисептикпен өңдеңіз,кептіріңіз,қолғапты киіңіз.
6.Дәрігердің нұсқауы бойынша баланың асқазанын жуыңыз.
7.Келесі препараттарды енгізіңіз:(әр препарат алдыңғы препарат тиімсіз болғанда енгізіледі)0,25% новокаин ерітіндісін қасықпен ішкізу,бұлшық етке церукал/0,1мг/кг(1 мл-5 мг)немесе прозерин 0,1мл/жас,тоқтаусыз құсуда бұлшық етке аминазин 0,1 мл-жасына.
8.Құсықтан соң ауызды қайнаған сумен шайыңыз.
9.Су шай паузасын 2-4 сағатқа дайындаңыз.
10.Құсудың себебін анықтап,жойыңыз.
11.Құсықты зертханаға жіберіңіз.

№14 клиникалық тәжірибе тақырыбы.


Жедел респираторлы вирусты ауру.Күтімі.


Гипертермия кезінде жедел жәрдем.


1.Баланы төсекке жатқызыңыз.
2.Қысатын киімдерін шешіңіз.
3.Таза ауа мөлшерін жеткізіңіз.
4.37,0-37,5С-көп мөлшерде сұйықтық беріңіз.
5.37,5-38С-физикалық әдістер қолданыңыз,суық басу,шешіндіру,суық орамалмен сүрту,мұзды қою,желдеткішті қосу,шекесіне компресс қойыңыз.
6.38,5 және одан жоғары болса-ыстық түсіретін препарат парацетамол беріңіз.
7.Ем жүргізгеннен бастап 20-30 мин ішінде баланың зәрін шығаруын қадағалаңыз.
8.20-30 мин кейін термометрияны қайта жүргізіңіз.
№15 клиникалық тәжірибе тақырыбы.

Жедел респираторлы вирусты ауру.Күтімі.Пневмония.Стеноздаушы ларинготрахеит.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет