Орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемі Манипуляциялар тізбесі және олардың саны



бет11/16
Дата21.09.2022
өлшемі66.52 Kb.
#461063
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дамира Заманбекова

Тыныс алу ерекшеліктері.

  • Жаңа туған нәрестелерде терең емес және жиі. Дем алу жиілігі баланың жасына байланысты болады, неғұрлым жасы кіші болса, соғұрлым жиі болады: жаңа туған нәрестеде мин 40-60; 1-2 жас – 30-35; 5-6 жас -25; 10 жас – 18-20; үлкендерде -15-16. Дем алу жиілігінің тамыр соғу жиілігіне қатынасы: нәрестелерде – 1:2,5-3; басқа жастағы балаларда 1:3,5-4; үлкендерде – 1:4

  • Нәресте өмірінің алғашқы 2-3 аптасында дем алудың ырғақсыз болуы. Дем алу дем шығаруға қарағанда қысқарақ, тыныс алуы кейде үзіліспен болады-апноэ.

  • Тыныс алу түрі баланың жасы мен жынысына байланысты болады. Ерте жаста құрсақ арқылы дем алу, 3-4 жаста кеуде арқылы дем алу артады. Жыныстық даму кезінде ұл балаларда – құрсақ, ал қыздарда кеуде арқылы дем алу болады.

Стенозды ларинготрахеит (СТЛ) – бұл көмей асты желбезегінің ісінуі себебінен көмейдің тарылу (стеноз) белгілерімен өтетін, көмей және трахеяның шырышты қабатының қабынуы.
Себептері:

  • Жедел респираторлы вирусты инфекциялар (парагрипп, RS-вирус, аденовирус және т.б)

  • Бактериальді инфекциялар (стрептококк, стафилококк және т.б)

  • Аллергиялық реакциялар.

Жедел ларинготрахеит дамуының себепші факторлары:

  • Көмейдің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері: тыныс алу жолдары өзегінің тар болуы, шырышты қабаты ісінуінің жылдам дамуы, көмей асты клетчаткасының босаңқы болуы;

  • Ерте жастағы балаларда ларингоспазмге бейімділіктің болуы;

  • Фондық жағдайлар (аллергиялық диатез).

Клиникасы, диагностикасы: СЛТ клиникалық суреті 3 симптоммен сипатталады – ит үрген тәріздес жөтел, дисфония, инспираторлы ентігу. Бұл симптомдар ерте жастағы балаларда кенеттен басталады, көбіне түнгі уақытта. Дене температурасы 38°С және одан да жоғары көтеріледі, катаральді белгілер, тамақтың қызаруы айқын. Бала жағдайының ауырлығы көмей асты желбезегінің тарылу дәрежесіне және тыныс тапшылық белгілеріне байланысты. Стеноз ауруының 4 дәрежесі анықталады:
І ауырлық дәреже (компенсация) баланың жағдайы орта дәрежелі, есі түзу, тері қабатының түсі өзгермеген. Тыныштық жағдайында дем алысы қалыпты, мазасыздану кезінде аса айқын емес инспираторлы ентігу, бұғана асты шұңқырдың ішке тарылуы және қабырға аралық бұлшық еттердің тыныс алуға қосылуы. Жүрек соғу жиілігі жасына сәйкес қалыпты көрсеткішінен 5-10% артық.
ІІ дәрежеде (субкомпенсация) – баланың жалпы жағдайы ауыр, қозғыш, тері қабаты боз, периоральді көгеру (цианоз). Тыныштық жағдайында дем алысы шулы, қиындаған, көмекші бұлшық еттердің тыныс алуға қатысуы айқын. Жүрек соғу жиілігі жасына сәйкес қалыпты көрсеткішінен 10-15% артық.
ІІІ дәрежесі (декомпенсация) - баланың жағдайы ауыр, есі түзу, бірақ адасуы болуы мүмкін, қозғыштық өте жоғары (немесе тежелу). Тері қабаты боз, акроцианоз. Дем шығару күрт қиындаған, көмекші бұлшық еттердің қатысуымен өтеді, дем шығару қысқарған. Жүрек соғу жиілігі жасына сәйкес қалыпты көрсеткішінен 15% жоғары артады, жүрек шекарасы сол жаққа ығысқан, жүрек тондары тұншыққан. Артериальді гипотензия байқалады.
ІV дәрежесі (асфикция) – баланың жағдай күрт нашарлайды, есі жоқ, тері қабаты көгерген, көз қарашығы кеңейген. Дем алысы сирек немесе болмайды. Жүрек шекарасы екі жаққа да ұлғайған, жүрек тондары тұншыққан, жүректің соғу жиілігін анықтау қиын. Артериальді гипотензия айқын.
Стеноздық ларинготрахеитті күл ауруы кезіндегі нағыз круптан, жұтқыншақ арты абсцесінен, эпиглотиттен, обструктивті бронхиттан, тыныс жолдарына бөгде заттардың түсіп кетуінен ажырату қажет.

№16 клиникалық тәжірибе тақырыбы.


Балалардағы жүрек-тамыр жүйесінің аурулары.


Балалардың артериальдық тамыр соғысы ересектерге қарағанда өте жиі ,ол бала журегі бұлшық етінің аса тез жиырылуымен жəне кезбе жуйесінің жүрек қызметіне аз əсер етуіне жəне зат алмасу процесінің жоғарғы деңгейіне байланысты.Тіндердің қанға деген жоғаргы қажеттілігі үлкен систолдық (реттік) көлем есебінен емес,жүректің аса жиі жиырылуымен қанағаттанады.Жүрек жиырылуының аса көп жиілігі жаңа туылған нəрестелерде (минутына 120-140) байқалады.Жас шамасына сəйкес ол біртіндеп төмендейді.1 жасқа келгенде жүректің жиырылу жиілігі минутына 110-120 ретті,ал 5 жасқа келгенде 100 ретті, ал 10 жаста 90 ретті, 12-13 жаста минутына 70-80 ретті құрайды.


Журек. Жаңа туылған нəрестенің жүрегі салыстырмалы түрде өте үлкен болады және баланың дене салмағының 0,8% құрайды.3 жасқа келгенде жүректің салмағы бала дене салмағының 0.5% - на тең болады,яғни ересек адамның жүрегіне теңесе бастайды.Бала журегі біркелкі өтпейді.Сəби өмірінің алғашқы 2 жылында және жетілу кезіңінде өте жоғары қарқынмен дамиды,2 жасқа дейін жүрекше,ал 10 жастан бастап қарынша жақсы өсе бастайды.Дегенмен балалық шақтың барлық кезеңдерінде жүрек көлемінің өсуі дененің бой ұзындығынан қалып қояды.Нəресте журегі шар пішіндес,ол журек қарыншасының жеткіліксіз дамуы мен журекше өлшемінің шамадан тыс үлкен болуына байланысты.6 жасқа жеткенде жүректің пішіні ересектер жүрегіне тəн сопақша пішінге келеді.Жүректің орналасуы сəби жасына байланысты.Жаңа туылған нəрестелер мен 2 жасқа дейінгі балаларда көк еттің жоғары тұруына байланысты жүрек көлденең орналасқан,ал 2-3 жас аралығында ол қиғаш күйде орналасады.

№17 клиникалық тәжірибе тақырыбы.


Қан жүйесінің аурулары бар балалардың күтімі.


Мұрыннан қан кету кезінде көмек көрсету.


1.Анасына шараның өткізу ретін,балаға жедел көмек көрсету туралы түсіндіріңіз.
2.Баланы тыныштандырыңыз.
3.Басын төмен түсіріп отырғызыңыз.
4.Қысып тұрған киімді босатыңыз,баланы терең және тегіс дем алуды сұраңыз.
5.Таза ауамен қамтамасыз етіңіз.
6.Қан кеткен жағынан мұрын қанаттарын мұрынның қабырғасына басыңыз,
7.Тамырларды тарылту үшін,мұрынға және желкеге 30 мин суық компресс қойыңыз.
8.Аяққа жылытқыш немесе ыстық ванна қойыңыз.
9.Дәкені 3% сутегі асқын тотығына немесе 0,1% адреналин ерітіндісіне немесе 5% аминокапрон қышқылына малып,мұрын жолдарына енгізіңіз.
10.Егер қан тоқтамаса 3% Н2О2 ерітіндісіне немесе 5% аминакапрон қышқылына малып 25-30 см ұзындығы турунданы алып мұрын қуысына тығындаңыз(турунданы 12-24 сағатқа қалдыру керек).
11.Дицинон,кальций глюконат бұлшық етке енгізіңіз.
12.Дәрігердің нұсқауы бойынша қан тоқтататын препараттар беріңіз.
13.Себебін анықтап және оларды жойыңыз.

№18 клиникалық тәжірибе тақырыбы.


Зәр шығару жүйесінің аурулары.Күтімі.


Туылардан бұрын баланың зәр шұғару мүшелері әлдеқашан қалыптасқан, бірақ кейбір құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет