Зерттеудің міндеттері:
ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ ДЕГЕН НЕ?
Ол – ата-бабаларымыздан бізге жеткен ғибратты тағылымы, мәдени құндылықтары, тарихтан сүзіліп жеткен салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрі, демек, ұлттық менталитеті. Менталитет сөзінің ауқымы өте кең. Ол адамдардың нақты ісінен, өмір сүру тәсілінен, ойлау жүйесі, дүниетанымы, бір-біріне ілтипаты, салт-дәстүрі, ән-күй, ойын-сауығы, ең ақыры, өзін қоршаған ортаға қарым-қатынасынан да сол менталитеттің мазмұн, мәні, құнарын аңдаймыз.
Н.Назарбаев: «Менің бабалары батыр, аналары дана халқым бар, тағдырдың талай тауқыметін мойымай көтерген, өмірдің небір шырғалаң кезеңдерінде небір аласапырандарды басынан кешірген төзімді халқым бар, өздерінің халі мүшкіл бола тұрып, өзінікі түгіл өзге ұлттың жетімін тентіретпеген қаншама ұлт пен ұлыстарға пана бола білген мәрт халқым бар, жүрегі жомарт, ақылы дария, ниеті пәк, көңілі кіршіксіз қардай ақкөңіл халқым бар, талай жаудың меселін қайырып, ел іргесін сөгілтпей, жерін жауға бермей аман алып қалған батыр халқым бар, күмбірлете күй төгіп, тамылжыта ән салып, қырық күн, қырық түн жырланатын дастандарды дүниеге келтірген өнерпаз халқым бар, қаншама данышпан-даналарды, кемеңгер ғалымдарды, алып батырларды, сұңғыла шешендерді, тура билерді дүниеге келтірген тәкаппар да паң халқым бар. Мені де осы халықтың дүниеге келтіріп, менің де ұлы даланың қасиетті топырағына кіндік қанымның тамғанына ризамын. Айналайын, жомарт халқымнан, дана халқымнан, көнтерлі халқымнан» , – деп халқын неге сүйетінін айтады.
Әбіш Кекілбаев балалық, бозбалалық шағын ауылда өткізгендіктен, ұлтымыздың уызын қапысыз еміп, таза ұлтжанды болып өсті. Ол көптеген әңгімелерінде қазақтың салт-санасын, әдеті мен ғұрпын, дәстүрін, этнографиясын, этномәдениетін, керек болса, қырғыздың да, кәрістің де қыз-келіншектерінің мінез-құлқын, адами болмысын, тәрбиесі мен тәртібін, ұстанымын, туған жерге, Отанға, ата-анаға, аруаққа, ағайын-туған, құда-жекжатқа ағайындық ілтипатын, жалпы халықтың өмірлік философиясын кітаптан оқып емес, тәттісі мен ащысы мол өмірден тоқып өсті. Жазушының әңгіме, повестерінің басты кейіпкерлері ұлтымыздың небір марқасқалары мен серкелері болғандықтан, ұлттық сана, ұлттық менталитетіміз басты орынды ойып алады.
.
Достарыңызбен бөлісу: |