Ә. Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» дилогиясы – эпикалық тынысы кең, қазақ қоғамының су тиген шылбырдай ширыққан, тіпті қалмақ-қазақ соғысынан әбден қалжырап, сілікпесі шыққан аса ауыр шағын бейнелеп, елдігі мен ерлігі, еңбекқорлығы мен мәмлелігі, ынтымағы мен тұтастығы, ауыз бірлігі сыналып, ұлттық менталитеті де осы тұрғыда көрінетін туынды. Ә. Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» дилогиясы – эпикалық тынысы кең, қазақ қоғамының су тиген шылбырдай ширыққан, тіпті қалмақ-қазақ соғысынан әбден қалжырап, сілікпесі шыққан аса ауыр шағын бейнелеп, елдігі мен ерлігі, еңбекқорлығы мен мәмлелігі, ынтымағы мен тұтастығы, ауыз бірлігі сыналып, ұлттық менталитеті де осы тұрғыда көрінетін туынды.
«Елең-алаң», «Үркер» романдарындағы бас кейіпкер Әбілқайыр шәйді шөл қандыру үшін ғана емес, емдік үшін де ішетін. Дүниедегі шәйдің ішіне оның дәмін кіргізетін, жүйке, асқазанға, жүрекке мың да бір ем қалампыр, талшық, зәл-зәбірлерді кептіріп, үгітіп қостырған. Шәй әзірлеудегі бұл кемеңгерлік – қазақтың өзіне ғана тән менталитеті.
Қазақта достықты, ағайын ауыз бірлігін бірінші орынға қоятын үрдіс бар.
Жігіт пен жігіт достасса, ат алмасатын, жақсы мен жақсы достасса, қыз беріп, қыз алысып, кіндік байланатын дәстүр қазақтың ғана бойына шақ. Өйткені, пиғыл, ниет тазалығынан жаралған озық үрдіс ол. Қазақ ешқашан сөзінен таймаған, уәде-құдай сөзі саналып, малы жанының, жаны арының садағасы болған. Уәдеге беріктік азаматтық тұлғасын асқақтатқан. Азамат адам алдында, аруақ алдында күнәлі саналса, ақтығын дәлелдейтін қиямет-қайымды бастан кешіруге тиісті болған. Орыс елшілігінің «күнәсін» ақтап алу жолында «Дәурен биіктегі» Әбілқайыр шеккен күй – сол антқа беріктіктің мысалы.
Ә.Кекілбаев диалог арқылы қазақ бір-бірімен қалай қалжыңдасатынын аңғартумен бірге, диалогте характерологиялық сипат та шешімін табады. Қалжыңнан тапқырлықты, айтылу сазына қарап кімнің кім екенінен толық мағлұмат аламыз. Демек, Әбіш – кейіпкерлерінің образын сөз саптауымен-ақ танытуға шеберлігі жететін жазушы. Сондай-ақ күллі түркі жұртына қасиетті саналатын наурыз мерекесін тойлаудағы ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүріміздің оны қалай байытып, жаңа мазмұн, мағына беретінін ол тамсандыра бейнелейді.
философ ғалым А.Тайжанов: «Қазір ұлттық сананың өсу кезеңінде – адамның рухани дүниесін байыту көкейкесті мәселеге айналды. Себебі, руханилық азайған сайын өмір қатаңданып барады. Өмір мен ортаға деген салғырттық, мейірімсіздік – жастардың рухани кедейленуінен» , – деп түстеп, таңбалап береді.
«Аңыздың ақыры» романында көп әйел алудың зардабын шамалатып, сарай ішіндегі бақай есеп кикілжіңдердің сырына араластырады. Қазақ қоғамында отбасын ойрандайтын басты жау ол – күндестік. Ұлы ханша – сол күндестік індеті асқынған әйел. Күйеуі сөзін тыңдайтын болғандықтан, өзін, өзінен туған балаларының қамын ойлап, басқа әйелдері мен өгей балаларының жолын кеседі, менмендігі мен өзімшілдігі асқынған.
Достарыңызбен бөлісу: |