Орындаушы: 7-сынып оқушысы –Советқанова Айзада


Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіне



бет4/4
Дата16.06.2024
өлшемі2.53 Mb.
#502612
1   2   3   4
АБИШ КЕКИЛБАЕВ ШЫНЫРАУ Ғылыми жоба презентация

Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіне
арқау еткен мәселелер
Романда Алмас хан, Ұлы ханша, Кіші ханша, Жаппар шебердің іс-әрекеттері тұспалға құрылған.
Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақырында» тек қазақ халқына тән ұлттық салт-сана, әдет-ғұрыпты бейнелеп берумен шектелмей, байтақ шаһарында тұратын саудагер ұйғырдың қызын ұзату салтын сол үйден пәтер жалдап тұратын Жаппар шебердің көзімен көріп, бастан кешіртеді, ой түйдіреді.
Ә.Кекілбаевтың«Шыңырау» повестіндегі ұлттық танымды бейнелері
«Шыңырау» повесінің әлеуметтік тереңдігі сонда, адам рухын құлдырауға емес, құлшынысқа, тазартуға, арылуға шақырған күрескерлік пафосқа толы. Қанша «Еңсеп трагедиясы» деп жанымыз күйзелгенімен, сонау 70, 100 метр, кейде одан да тереңге сүңгіп, жанкештілікпен суы сарқылмас, «сүтті» құдықтарды қазуға шыдау, көкбет табандылық та қазақ менталитетіне тән екенін сезініп, ұлтымыздың биік мұрат, мақсат жолындағы қайтпас-қайсар мінезіне сүйсініп, соны жас ұрпақтың бойына сіңіруді армандайсың.
Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повестіндегі ұлттық танымды білдіретін мысалдар:
«Ол үшін белді-белді нарды кәтептеп, ауыттап қоймайды да, екі жағына бір-бір шеген тас сыйып кететін екі үлкен кебеже теңдейді».
(«Шыңырау» 44-бет)
«Құдықтан екі аттам жердегі киіз үйден гу-гу дыбыс шығады».
(«Шыңырау» 45-бет)
«Соңыра салқын түсе, ел қыстауға қайтып келе жатқанда, Байсал бай құдық байғазы тойын қай жерде өткізетінін айтып таласты».
(«Шыңырау» 45-бет)
«Қазір күн ауа екі атанды қомдап, метейлерді теңдеп, таңдайларына қойдың көкше құртын басып, күн өтіп кетпесін деп, бастарына шекпен бүркеніп жолға шығады да, ертең күн ыси қайтып оралады».
(«Шыңырау» 46-бет)
«Ала қырдан су іздеп, құдық қазуды ата кәсіп қылып алатын Қараш әулеті бесіктен белі шықпай жатып еститіні мазақ: «Қараш, тіккені күрке, асқаны бақыраш, иті үрегеш, қызы күлегеш, ақ боз үйге кіре алмас, шоңқайма етік кие алмас, шөккен түйеге міне алмас!...»
(«Шыңырау» 46-бет)
«Ішіне мұның жылы көкірекшесін, құлынның жарғағынан қонышы қара санына жеткізіп тігілген саптама етігін салыпты».
(«Шыңырау» 48-бет)
«Табаны жарық-жарық қара бала әуелі ортасына үңгіп қорғасын құйған құлжаның сақасы қолыма түссе деп армандады».
(«Шыңырау» 49-бет)
«Ол ханталапай ойнап, қағанағы қарқ, сағанасы сарқ боп жүргенде осы бүгін ұтсаң, ертең ұтылатын ит-жығыс ойын тек асықпен тынбай, бүкіл ғұмырына кететінін білген жоқ-ты».
(«Шыңырау» 49-бет)
Көріп отырғанымыздай, бұл шығармада ұлттық ойын атаулары да ұлттық киім – кешек атаулары да, ұлттық дүние – мүлік заттарының атаулары да кеңінен қолданыс тапқан. Демек, Әбіш Кекілбаев нағыз қазақтың қазақтығын танытатын қаламгер екендігін көре аламыз.
Аса талантты, ғұлама суреткер Әбіш Кекілбаев кеңестік империя, тоталитарлық жүйе ұлтшылдықпен айқасып жатқан шақта «бастарын жаңғырыққа төсеп», ұлтсыздана бастаған халқын «емдеп», оятуға күштерін салды. Ұлтын жоймайтын асыл қасиеттерін насихаттап әңгіме, повесть, романдар жазды. Тұлғасы көз тартатын, жаны қатпарлы, іс-әрекеттері ірі, пендешіліктен ада, жаны сұлу, жүрегі нұрлы, досқа адал, дұшпанға әділ, отбасына қамқор, ақыл-парасаты кемел, Отаны үшін отпен суға түсуге әзір қаһарман, ізетті, инабатты, имандылықты пір тұтқан, бір күндігінен кемел келешекті ойлаған ұлттық менталитет бойында тұнып тұрған кейіпкерлер галереясын сомдады. Біз өз кезегімізде ұлтжанды жазушы Кекілбаевтың ұлттық танымды насихаттайтын туындыларындағы тамыры қазағым деп соққан кейіпкерлері бойындағы халқымызды өзгеге қастерлетер қайталанбас қасиеттерді ашып көрсетуді мақсат еттік.
Қорытынды
Әбіш Кекілбаевтың ұлттық танымды танытатын шығармалары көп, оларды тереңінен танып, білу үшін орта мектепте арнайы курс сабақтарында Әбіш Кекілбаев шығармалары өтілсе.
Ұсыныстар:
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет