Өрістің суперпозиция принципі. Диполь өрісі. Конденсаторларды жалғау


Электр зарядының көлемдік тығыздығы



бет2/5
Дата11.03.2022
өлшемі136.19 Kb.
#456188
1   2   3   4   5
электро 7 тап

Электр зарядының көлемдік тығыздығы  ,
мұндағы,  - зарядталған дененің көлемі  аздаған элементінің заряды.
Электр зарядтарының беттік тығыздығы  ,
мұндағы,  - зарядталған беттің  ауданының аздаған бөлігінің заряды.
Электр зарядының сызықтық тығыздығы  ,
мұндағы,  - зарядталған сызықтың ұзындығы  элементар бөлігінің заряды.
Электр өрісінің кернеулігі.
Электростатикалық өріс дегеніміз қозғалмайтын электр зарядының жасайтын өрісі.
Электростатикалық өріс екі шамамен сипатталады: потенциалмен(өрістің энергетикалық скаляр сипаты) және кернеулікпен (өрістің күштік векторлық сипаттамасы).
Электростатикалық өріс кернеулігі – өрістің берілген нүктесіне қойылған бірлік оң  зарядқа әсер ететін күшпен анықталатын векторлық шама

Электростатикалық өрістің кернеулігінің өлшем бірлігі – Ньютон /Кулон (Н/Кл); 1 Н/Кл=1 В/м, мұндағы В (вольт) – электр өрісінің потенциалының өлшем бірлігі.
Вакуумдағы нүктелік зарядтың кернеулігі (және диэлектриктегі).
( )
мұндағы  - өрістің берілген нүктесін зарядпен қосатын радиус – вектор.
Скаляр түрде

векторының бағыты оң зарядқа әсер ететін күштің бағытымен дәл келеді.
Егер өрісті оң заряд жасаса, онда  векторының бағыты радиус – вектор бойымен зарядтан сыртқы кеңістікке қарай бағытталады (сыншы оң зарядты тебілу). Егер өрісті теріс таңбалы заряд жасаса, онда  векторы зарядқа қарай бағытталады (тартылу).
Электростатикалық өріс график түрінде кернеулік сызықтарының көмегімен бейнеленеді. Кернеулік сызықтары дегеніміз әр нүктесіндегі жанамасы  векторының бағытымен дәл келетін сызық (а-суреті). Кернеулік сызықтарының бағыты кернеулік векторының бағытымен бағыттас. Кеңістіктің берілген нүктесінде кернеуліктің бір ғана бағыты болады, сондықтан кернеулік сызықтары еш уақытта қиылыспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет