Қорықтар – биосфера эталоны



бет1/6
Дата30.01.2024
өлшемі19.25 Kb.
#490227
  1   2   3   4   5   6
stud.kz-63508


Жоспар
Кіріспе
1 Ақсу-Жабағылы қорығы
2 Наурызым қорығы
3 Алматы қорығы
4 Барсакелмес қорығы
5 Қорғалжың қорығы
6 Марқакөл қорығы
7 Үстірт
8 Батыс Алтай қорығы
9 Алакөл қорығы
10 Қаратау қорығы
11 Биосфералық қорықтар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет