Батыс Алтай қорығы
1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрікездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар, борша және т.б. сирек аңдар кездеседі.
Алакөл қорығы
1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау.
Қаратау қорығы
2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсім дік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омырткалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь- шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. 114 құстың 80-і ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Биосфералық қорықтар
Биосфералық қорықтар – дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және оның байлықтарын сақтап қалу мақсатында табиғат қорғау шараларын жүзеге асырудың халықаралық деңгейдегі бағдарламасы. Оныбиосфералық резерват деп те атайды. Биосфералық қорықтардың үлгі нұсқасыЮНЕСКО-ның шешімімен «Адам және биосфера» атты ғылыми бағдарламаның шеңберінде 1973 ж. қабылданған.
Биосфералық қорықтардың мақсаты – бастапқы табиғи қалпы өзгермеген не аз өзгеріске ұшыраған аймақтардағы экожүйелерді, ондағы тірі организмдердіңгенетикалық қорының әр түрлілігін сақтап қалу; табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерді үнемі әрі жан-жақты бақылау және оған талдау жасау. Биосфералық қорықтарда ғылыми-зерттеу жұмыстары экожүйелер бойынша аймақтық және бүкіләлемдік деңгейде арнайы әдістемелер бойынша жүргізіледі. Биосфералық қорықтардың алып жатқан аумағы бірнеше жекеленген аймақтарға бөлініп, онда әрбір аймақтың өзіне тән ғылыми-зерттеу жұмыстары белгіленеді. Биосфералық қорықтардың орталық аймағында (ядросында) табиғат қатаң қорғалады да, шаруашылық жұмыстары мүлде жүргізілмейді. Оған іргелес буферлік аймақта шаруашылық жұмыстарына шектеу қойылады, ал ең сыртқы аймақта шаруашылық жұмыстары табиғат қорғау шараларымен бірге жүргізіледі.
Қазіргі кезде дүние жүзінің 105 мемлекетінде 529 биосфералық қорықтар ұйымдастырылған (2007). Оның ең үлкені – көлемі 70 млн. га алқапты алып жатқан Даниядағы Солтүстік-Шығыс Гренландия биосфералық қорығы. Қазақстанда Қорғалжын қорығын Биосфералық қорықтарқа айналдыру жоспары қарастырылуда (1999).
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |