Қорытынды
Қытайдың қоршаған орта мен экологиялық саясатына жаһанданудың экономикалық, саяси және мәдени үдерістері өткір ықпал етуде. Бұл елдегі халықаралық сауда қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін өнім шығарудың көлемін шексіз ұлғайтуға әкеліп соқтыруда. Сонымен қатар, елдің экологиялық ақуалына дамыған елдерден келетін қалдықтар импортының зардабы тағы бар. Сонымен қатар, экологиялық таза өндіріс және «жасыл өнеркәсіп» бағытына тікелей шетел инвестициясының «көш алуы» қазіргі уақытта қоршаған ортаға жағымды әсер тудырып жатқаны тағы бар. Қытайдың «Экологиялық протекционизм» халықаралық ұйымдар тарапынан қысым, дамыған елдердің тұтыну үлгілері, Қытай үкіметін экологиялық заңнамаларды қатаңдатып, экспортқа бағытталған өндірістерге талаптарды қатайту және жаңа технологияларды жетілдіруді қолдау шараларын жүргізуге мәжбүрлеп отыр. Дамыған елдер мен халықаралық ұйымдар тарапынан келетін экологиялық жобаларға салынатын мақсатты шетел инвестициясы, өз кезегінде экологиялық реттеулер мүмкіндігін арттыруда. Саяси және мәдени жаһандану барысында тұрғындардың да экологиялық мәселелерге қарым-қатынасы өзгерген. Халықтың экологиялық сауаттылығы да қытайлық қоғамның басты мәселелеріне айналды. Қытайда самарқау мөлшерде болса да халықаралық экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың да қатысуы дәстүр ала бастады. Қытайдың көрші елдердің де қоршаған ортасына тигізіп отырған әсері аймақтық экологиялық мәселелер төңірегінде жаңаша пікір қалыптастыруда. Жаһандық өлшемдегі Қытайдың, жер шарындағы парникті газдың (тастауды қысқартудың халықаралық міндеткерлігінің болмауы жағдайында) ірі эмитенттерінің үштігіне кіруі оның әлемдік экосаясаттағы рөлінің қайта қаралуын сөзсіз талап етеді. Қытайдың шетелдердегі (Қазақстандағы да) табиғи-шикізат ресурстарының ауқымды көлемін игеріп отыруы мен оны импорттауы да, оның төңірегіндегі энергоэкологиялық мәселелердің де орын алуы, Қытай тарапынан экспортер-елдер арасында да, жалпы әлемде де қоршаған орта мәселесінің ауқымын ұлғайтуда. Сонымен қатар, Қытайдың дамушы елдерге ықпал ету факторы және бар. Жалпы, климаттың жаһандық өзгерісінің тиімді механизмін құру үшін және шын мәніндегі кез келген жаһандық экологиялық мәселе, қазіргі халықаралық қатынастардың экологиялық ынтымақтастығын ары қарайда нығайтуда Қытайдың тікелей қатысуын аса міндеттейтін кезеңге келгенін мойындау орынды жағдайға айналғаны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |