Теориялық-әдіснамалық негізі
Халықаралық факторға қатысты белгілі бір мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси ұстанымдарын тұтас қарастыру, оған дара сипаттама беруде күрделі терең сараптамалық әдістерге жүгінумен жүзеге асатынына көз жеткізуге болады. Осы орайда, Қытайдың экологиялық саясатындағы ішкі және жаһандық мәселелерді шешудің келешегін анықтауда, мәселенің теориялық-әдіснамалық негізіне сәйкессіздік құбылыстар мен жағдайдың қайталанбауы негізінде ғылыми маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндіктер беретін салыстыру әдісі қолданылды. Бұл әдістің басты жетістігі, локальды және жаһандық экологиялық мәселелерді ортақ, халықаралық қатынас саласын құрастырушы ережелерге бағдарлауда маңызды болды. Жария ақпараттарды өңдеуге бағытталған ивент-анализ немесе оқиғалық мәліметтерді талдау әдісін қолдану, Қытайдың қазіргі әлемдік экологиялық ынтымақтастық құрылымындағы ұстанымын анықтауда және мемлекеттің ішкі экологиялық жағдайын сараптауда тиімді болды.
Нәтижелер
Интенсивті индустриалды даму жағдайында Қытай соңғы онжылдықтарда техногендік қызметтің маңызды экологиялық салдарларын бастан кешуде. Қытайдың барлық салалардың, көліктің және ауыл шаруашылығының табиғи кешендерінің және геожүйелерінің қауіпті әсерін шектеу туралы көптеген халықаралық экологиялық шарттар мен келісімдерге қол қоюдан бас тартуы елді халықаралық оқшаулау жағдайына алып келеді. БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы конвенциясы бойынша атмосфералық шығарындыларға шектеу белгілейтін Киото келісімшартына қол қоюдан бас тартуын, Қытай аталмыш келісімнің ұлттық экономиканың дамуын бәсеңдететінін мәлімдеуімен түсіндіреді. Сондай-ақ қытайлық делегация кедейшілікпен күрес және экономикалық даму ішкі қытай саясатының негізгі басымдықтары болып табылатынын мәлімдеді, сондықтан ҚХР үкіметі парниктік газдар шығарындыларын шектеу туралы шешімді кейінге қалдыруға мәжбүр болды.
Экосаясат – экологиялық жағдайды басқару және елдегі табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін қабылданатын саяси, экономикалық, құқықтық, білім беру және басқа да шаралар жүйесі. Қытайдың экологиялық саясаты Қытайдың жалпы саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары Қытайда ауыл шаруашылығын, индустриалды және энергетикалық дамуды ынталандыратын экономикалық және технологиялық реформалар ел экожүйелерінің таралуына кедергі келтірді. Қытайдың экономикалық және саяси мақсаттарын жүзеге асыру ниеті халықтың экологиялық жағдайына қайшы келеді. Қытай аумағының көлеміне және экономикасының дәстүрлі құрылымына байланысты, жақын арада Қытайдың «таза қалдықсыз өнеркәсіптің» экономикасына көшу мүмкіндігі төмен. Қазіргі уақытта ел экономикасының негізі ауыр өнеркәсіп, химия, көмір және тау-кен өнеркәсібі салалары болып табылады, олар үлкен көлемде энергияны тұтынып, көптеген зиянды және өңделмейтін қалдықтар береді. Аумағы үлкен елдің шикізатына деген абсолютті салмаққа түсуі, шаруашылық қызметке де ықпалды. Тұрғындар сұранысы Қытай экономикасының өнімге деген аса тәуелденетін шегі мен технологиялық тиімділіктің жетістігіне үлгіленген тұста, тұтынушылармен де тікелей байланысты экологиялық сананың да негізді болуын дүниеге әкелді (Хань Сюй, 2010: 85-89).
Соңғы екі онжылдықта Қытайдағы экономикалық өрлеу тұтынуды арттырып, қоршаған ортаның сапасын айтарлықтай нашарлатты. Елде барған сайын көп табиғи ресурстар қажет, энергия тұтыну тұрақты түрде өсіп келеді. Соған қарамастан, Қытай қабылдаған экологиялық заңдар мен бастамаларды іске асыруға ықпал ететін жаңа технологиялар саласында ғылыми жаңалықтарды іздейді және қаржыландырады. Қытайдың экологиясы өзінің қазіргі жағдайында көрші елдерге теріс әсер етуі мүмкін, ауаның ластануының 25 пайызы трансшекаралық сипатқа ие. Қытай күкірт диоксидінің атмосфераға шығарылу бойынша жетекші ел, бұл өзендердің, теңіздердің, жер асты суларының ластануына, шөлдену және қолайсыз ортада туындаған аурулардың өсуіне ықпал етеді.
Қытай әлемдегі территориясы жағынан үшінші орын және халық саны жағынан бірінші орын алатындықтан, экологиялық мәселелерді шешу барлық елдерге қатысты екенін атап өткен жөн. Климаттың өзгеруі тұрғысынан алғанда, Қытай жақында таулы аймақтардағы мұздықтар аймағының азаюы, теңіз деңгейінің көтерілуі және климаттың жаһандық өзгеруімен байланысты басқа да мәселелерге тап болды.
Қоршаған ортаны қорғау саласында құқық қорғау жүйесі Қытайдың экологиялық заңнамасы жақында құрылған. Экологиялық заңдардың қабылдануы жиі провинциялық биліктің жауапкершілігі болып табылады, сондықтан да Қытай соттары заң шығару мен құқық қорғау процестеріне әсер етуге іс жүзінде ешқандай мүмкін емес. Нәтижесінде Қытайдың орталық билігіне экологиялық мәселелерді ластануды бақылау арқылы шешуге болмайтынын мойындауға тура келді. Қытайдағы экологиялық бағдарламалар қоршаған ортаны қорғауға арналған институттар арасында өкілеттіктердің жоқтығы мен үйлестірудің болмауынан зардап шегетіні айқындалды. Ендігі жерде, жаһандық саяси үдерістерге атсалысу бағытында саясат түзу үшін Қытай мүмкіндіктерінің экологиялық саясаттағы ғаламшар келешегіне де ортақ жауапкершілік түзу қажеттілігіне байланысты болуды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |