Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Анотация



бет3/5
Дата11.05.2023
өлшемі43.03 Kb.
#473518
1   2   3   4   5
ҚЫТАЙДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ ІШКІ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Пікірсарап
Халықаралық экологиялық ынтымақтастық аясындағы Қытайдың қол қойып, ратификациялаған хаттамалары қатарына, 2000 жылғы биологиялық түрлер жөніндегі биоқауіпсіздік Конвенцияның Картахен хаттамасымен (Картахенский...), 2001 жылғы тұрақты органикалық зиянкестер жөніндегі Стокгольм хаттамасын (Стокгольмская...) жатқызуға болады. Аталмыш хаттамалардағы Қытай қабылдаған міндеттер, осы келісімдер аясында ішкі экологиялық саясатқа ықпал ететін ұзақ мерзімді маңыздылыққа ие болды. Сонымен қатар, бұл халықаралық келісімдердің мақсаты ірі дамушы елдердің қатысуынсыз жүзеге аспайтыны белгілі еді. Тағы бір, халықаралық Монреальда қабылданған озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі хаттаманың (Монреалький...), ХХ ғасырдың соңындағы фреон өндіруші әлемдік көшбасшы Қытайдың қатысуымен хаттамалануы да оның тиімділігін арттырған болатын. Климаттың өзгеруі жөніндегі мәселелердің қазіргі жаһандық экосаяси дискурсын жүргізуде негіз болатын аталмыш хаттамаларға қатысу, Қытайдың жаһандық экологиялық саясаттағы жауапкершілігіне тірек нүкте.
Бай Солтүстік және кедей Оңтүстік арасындағы технологиялық тиімділігі аз, экологиялық қауіпті өнімдерге мамандандырылған сауда саясаты, дамушы елдердегі қоршаған орта ақуалына құрылымдық және ауқымды ықпал етуімен сипат алуда. Сонымен қатар, дамушы елдердегі экономиканың либералдануы барысында «зиянкестердің бас сауғалау орны» (pollution haven) пайда болатыны туралы да пікірлер бар (Copeland, Taylor, 1994: 755–787). Бұл гипотеза қытайлық ғылыми пікірсарапта жиі қолданыс тауып, экологиялық қауіпті өндірістің дамушы елдердегі көшіқонға ықпал ететіндігін негіздейді (Фу Цзинянь 2009: 13–18). Қытай ғалымдары экспортты бағдардағы өндіріс қалдықтары пластикалық өнімдер, көліктер мен жабдықтар, сонымен бірге өнеркәсіп химикаттардың қоршаған ортаны ластауын, «зиянкестердің бас сауғалау орны» гипотезасына жақындата қытай-америкалық сауда қатынастары барысын сипаттауда да айтады (Фу Цзинянь, Чжан Шаньшань, 2011: 11–17).
Ғылыми кеңістікте қоршаған орта ақуалы және шетел капиталы мәселесінің бірлігі болмаған. Көптеген зерттеушілер трансұлттық корпорациялар тұрпатындағы тікелей шетел инвестициясына экологиялық бақылау керектігін мақұлдайды (Дин Хуаньфэн, Ли Пэйи, 2010: 117–122).
Экологиялық мәселелердің тағы бір трансұлттық маңызды аспектісі қалдықтардың Қытайдың экологиялық саясатындағы ішкі және жаһандық мәселелер халықаралық саудасы, яғни дамушы елдерге қалдықтарды экспорттау утилизацияның ең тиімді түріне айналған. Қытайға қайта өңдеу мақсатында, негізінде қағаздар мен пластикалардан тұратын еуропалық қоқыстар көптеп әкелінеді. Қолданыстағы оларды өңдеу технологиясы, елге ауа мен судың ластануымен қатар, аз төлемақы мен жұмысшылардың науқастануы қауіпін жоғарылататын себептері көп экологиялық және әлеуметтік салдар әкелетін ауыртпалықтар тудыруда (Жэньминь жибао. …).
Алайда, дамыған елдердің технологиялық және қаржылық қатысуынсыз, сонымен қатар жаһандық реттеулерде экономикалық құралдардың еркін қолданысынсыз жеткістікке қол жеткізу қиындығы тағы бар (Ван Лидун, Дун Яжун, 2010: 56–58; Saluja, 2008: 950–956).
Қытай ғалымдарының және қоғамының климаттың өзгерісімен күрес құралы ретінде ұсынысы ауқымы зор ормандар отырғызу жөніндегі ұсыныстары әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу амалдары ретінде қолдау табуда (Кэ Шуйфа, 2010: 6–12).
Қытай экологиялық саясатының тағы бір сипатты тұсы көмірқышқыл газы түсімін азайту бағытындағы міндеттер кеңінен көтеріледі. ІЖӨ тұрғындардың жан басына шаққандағы ары қарайғы ұлғаю жағдайы және көмір энергетикасына артықшылық, «жасыл дамуға», «айналмалы экономикаға», экологиялық таза өндіріс және тұтынуға біртіндеп өту қажеттілігі мүмкіндіктері де жиі айтылады (Пин Чжицзюнь, Чжоу Жун, 2010: 1–7). Көмірқышқыл газдарының түсімі көлемінің тұтыну үлгілеріне қарайғы дәрежелуімен де күрес өзектілігі де саралануда (Ян Сюаньмэй... 2010: 35–40). Қытай ғылыми және қоғамдық-саяси пікірсарабында өз кезегінде, «үшінші өркениет» тұжырымы да біршама кең тараған. Оны айтушылардың пікірінше, Қытай бірінші – ауылшаруашылық өркениетінің маңызды бөлігін құрады, алайда екінші – индустриалды өркениетте маңызды рөл атқару мүмкіндігін жіберіп алған. Қазір Қытай – ауқымды тұрғындар, шикізат жетіспеушілігі, ластанудың жоғары дәрежесі секілді қиыншылықтарға қарамастан, гармониялық қоғам құру мен тұрақты дамуға өтуге негізделген, үшінші экологиялық өркениет құрудың тарихи мүмкіндігінен айырылып қалмау керек (Сун Юйцинь, Е Вэньху, 2009: 119–124).
Экологиялық өркениет одан басқалары жаңа қайта өрлеген қытай өркениетін күткен тұста, оған дара тәртіп пен өзара тәуелділікке мойынсұнуға негізделген қандай да бір идеалды түрдегі социалистік қоғам ретінде бірқатар авторлар көзқарасында қалыптасқан (Жуй Цюн, Син Хуафэн, 2009: 43–46). «Жоғалған құндылықтарға» қайта оралмай (Ци Е, Цай Цинь, 2008: 1–6), ары қарайғы ілгерілеулерге талпыныс оның болашақта ғылыммен негізделуіне ерекшелік береді. Дәстүрлі мәдениетке үн қату арқылы (Ли Чуньян, 2008: 29–31) қоршаған ортаға деген құрметті қоғамдық көзқарас қалыптастыру дәстүрі де, Қытай қоғамының жаһандық экологиялық тәртіпке қосылар үлес болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет