Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе


Қазақстанның сыртқы саясаты



бет3/4
Дата05.12.2023
өлшемі17.31 Kb.
#485535
1   2   3   4
stud.kz-44189

3. Қазақстанның сыртқы саясаты
Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі — Қазқстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-1 Шартына, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы, НАТО-ның «Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылу, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.
Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына – Халықаралық валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалық қайта құру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалық одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс істеуде.
Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы – ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі.
Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таныды, олардың 105-імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсінкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.
Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алдымен Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. Екі елдің арақатынасы дұрыс болса, ел де тыныш болады. Сондықтан Ресеймен Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы ұзақ мерзімді шарт жасалды. Әсіресе, шартта көрсетілген Қазақстан мен Ресейдің қазіргі шекараларының мызғымастығы туралы ереженің аса маңызды рөлі бар. Біз де Ресейдің тұрақты болғанын, онда дағдарысты құбылыстардың болмағанын қалаймыз.
Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықта, шекара бойындағы аудандарда еркін сауда аймақтарын ашу мәселелері жөнінде айтарлықтай жылжу бар. Қытай Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға немесе күшпен қорқытпауға, егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенді. Өз кезегінде, Қазақстан ҚХР-дың аумақтық тұтастығына қатысты осындай міндеттемелерді мойнына алды. 1994 жылғы сәуір айында Алматыда Қазақстан мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның өтуі туралы Шартқа қол қойылды. Бұл кұжаттың маңызы өте зор екендігі айтпаса да түсінікті.
Біз Азия құрлығында өмір сүріп отырмыз. Мұндағы елдердің экономикалық қоғамдық құрылымы сан алуан. Сондықтан бұл аймақ үшін өзара тиімді іс-қимыл және сенім мен қауіпсіздікті сақтаудың маңызы зор. Аймақ мемлекеттерінің экономикалық, экологиялық және т.б. бірлесе отыра шешетін ортақ мәселелері бар. Соның бәрін ескере отырып, республикамыздың Президенті Н.Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес сияқты Азия аймағында да қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың құрылымдарын құру идеясын БҰҰ Ассамблеясының 47-сессиясында, Брюссельде НАТО елшілерімен кездесу кезінде және т.б. жоғары мәжілістерде ұсынды.
Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып, дамыту да кіреді. Бүгінде республикада 200-ге жуық шетел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдарының өкілдері бар. Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Тауар айналымының Қытайға 22%-і Германияға – 13,6, Ұлыбританияға – 11,6, Швейцарияға – 11, Нидерландыға – 4,7, Австрияға – 2,5%-і келеді.
Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен де астасып жатыр. Бұл орайда, алдыңғы қатарда Қазақстанның екі қасіреті тұр. Біріншісі – тартылып бара жатқан Арал теңізі. Оның бассейнінің шөлге айналуы аймақтағы экологияның кұрт нашарлауына әкеліп соғып отыр. 150 млн. тонна тұзды шаң-тозаң аспанға көтерілуде. Ол айналасында тұратын 3 миллионнан астам адамның денсаулығы мен экономикасына теріс зардаптарын тигізуде. Бұл қасірет қазір сол адамдарға ғана зардаптарын тигізсе, ертең ол талай-тал ай миллиондаған адамдарға қайғы болып шығуы мүмкін. Сондықтан бұл өңірді дүниежүзілік көлемдегі экологиялық апат аймағы деп түсініп, оған шұғыл әрі келемді халықаралық көмек көрсетпесе болмайды.
Екінші экологиялық қасіретіміз – Семейдегі ядролық полигон. Мұнда 1949-1963 жылдары атом және сутегі бомбаларының жарылыстары жер беті мен атмосферада өткізілген. 1963-1983 жылдары жер астында жүргізілген. Ал олардың қуаты Хиросима мен Нагасакидегі қасіреттің көзі болған қондырғылардың қуатынан жүздеген есе көп. Жарылыс зардаптарынан жарты миллионнан астам адам жапа шекті.
Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бұл саладағы негізгі мақсат – Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғай алатын, соған сай жарақталған, шағын да икемді армияны ұстау. Республика стратегиялық шабуыл қаруын қысқартуды жақтайды, жаппай қырып-жоятын карудың басқа түрлеріне тыйым салуға бағытталған бастамаларды дұрыс деп табады. Бұл мәселелерді шешкенде Қазақстан жоғарыда аталған қаруларға ие бұрынғы Одаққа кірген Ресей, Украина, Белорусьпен келісе отырып, бірыңғай бағыт-бағдар ұстамақ. Әрине, мұның бәрі күрделі мәселелер. Сондықтан халық арасында кейбіреулеріне қарсы пікір де болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет