тапсырыс беру, материалдарды қарқынды тұтыну кезінде тапсырыс кезегі
болғанға дейін қорларды шығындау.
Сондықтан да тапсырыстың жүйелілігі белгіленген жүйеде өнім
тапсырысына аз шығындар жұмсалатын кезде, қорланған материалдар құны
жоғары болғанда және оларды тең дәрежеде жұмсаған кезде қолдану тиімді
болады.
Қор деңгейі
қордың максималды деңгейі
уақыт
t
1
I
t
1
t
2
I
t
2
t
3
I
t
3
t
4
I
t
4
13.2 сурет - Тапсырыстың жүйелілігі белгіленген жүйедегі қорларды
басқару процесінің графигі
Бұл жүйенің түрленуі:
тапсырыстың жүйелілігі белгіленген жүйе және
қорлардың екі деңгейі белгіленген жүйе. Бұнда жоғарғы максималды
деңгейден басқа минималды деңгей де белгіленеді. Егер кезекті тапсырыс
болғанға дейін қордың деңгейі минималды деңгейге
дейін төмендейтін болса,
онда кезектен тыс тапсырыс жасалады. Қалған уақытта тапсырыстың
жүйелілігі белгіленген жүйе сияқты әрекет етеді.
Бұл
түрлену
жүйесінің
артықшылығы
–
материалдардың
жетіспеушілігін болдырмау, ал кемшілігі – қорлардың деңгейін үнемі
қадағалап отыру.
Материалдық қорлар – өндіріс пен айналыстың әртүрлі саласындағы
өндірістік-техникалық
мақсаттағы өнімдер, өндірістік немесе жеке тұтыну
процесіне түсуді күтетін халық тұтынатын бұйымдар немесе басқа да
тауарлар.
Егер алғашқы шикізаттың халық тұтынатын бұйымға айналуын және
алға қарай жылжуын қамтамасыз ететін тізбектің барлық қатысушылары бір
механикалық конвейер сияқты жұмыс
істейтін болса, онда күту уақыты нөлге
тең болар еді. Бірақ шынайы өмірде бұлай болмайды.
Қорларды құру үнемі шығындармен байланысты. Қорларды құру мен
оларды күтуге кететін негізгі шығындар:
- тоқтатылған қаржы қаражаттары;
- арнайы жабдықталған үй-жайларды күтуге кететін шығындар;
- арнайы персоналдардың еңбекақысы;
- бұзылу, тоналуға кететін тұрақты тәуекел шығындары.
Қорлардың болуы – шығындар болып табылады.
Қорлар болмағанда
әртүрлі жоғалулар түріндегі шығындар болады. Қорлардың болмауымен
байланысты негізгі жоғалуларға жатады:
- өндірістің тұрып қалуынан болатын жоғалулар;
- сұраныс болған кезде қоймада тауардың болмай қалуынан болатын
жоғалулар;
- тауарлардың ұсақ партияларын жоғары бағамен сатып алғанда
болатын жоғалулар және т.б.
Қорларды күту шығындармен байланысты болса да кәсіпкерлер оларды
құруға мүдделі, өйткені қорлардың болмауы одан да көп шығындарға әкеліп
соғады.
Достарыңызбен бөлісу: