экологиялық сараптама саласында бұзылу түрлерi
1. Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңдарының экологиялық сараптама саласында бұзылуы:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң белгiленген мiндеттi тәртiбiн бұзу;
2) жүргiзiлген экологиялық сараптаманың нәтижелерiн бұрмалау;
3) экологиялық сараптама шешiмдерiнiң, тұжырымдарының жариялану тәртiбiн, соның iшiнде түпкiлiктi қорытынды қабылданғанға дейiн, бұзу;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша, қоршаған ортаны қорғау саласында лицензиялар беру не объектiлер салуды және өзге де қызметтi жүзеге асыру;
5) сарапшылық комиссияларын құру мен қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн бұзу;
6) лицензиялары жоқ ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өзге де құрылымдардың экологиялық сараптаманы жүзеге асыруы;
7) экологиялық сараптама жүргiзген кезде экологиялық қауiпсiздiк, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану мен молықтыру талаптарын бұзу;
8) қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптаманы ұйымдастырып, жүргiзуiне кедергi жасау;
9) сарапшылық органдар мен құрылымдарға қажеттi материалдар, мәлiметтер мен деректер беруден жалтару;
10) сарапшыны негiзсiз экологиялық сараптама жүргiзуге не көрiнеу бұрмаланған және объективтi емес қорытындылар дайындауға мәжбүрлеу;
11) заңда көзделген сарапшылық қызметтi немесе экологиялық-сарапшылық қызмет көрсетуге шартпен жүктелген мiндеттемелердi орындамау;
12) мемлекеттiк және қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудi тiркеуден негiзсiз бас тарту болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында экологиялық сарапшылық қызмет бөлiгiнде табиғат қорғау заңдары бұзылуының өзге де түрлерi белгiленуi мүмкiн.
40-бап. Экологиялық сараптама туралы Қазақстан
Республикасы табиғат қорғау заңдарын бұзғаны
үшiн жауаптылық
Экологиялық сараптама саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасы аумағындағы шаруашылық қызмет объектiлерi жалға және басқаруға берiлген заңды және жеке тұлғалар, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
9-тарау. Экологиялық сараптама саласындағы халықаралық
ынтымақтастық
41-бап. Экологиялық сараптама саласындағы халықаралық
Достарыңызбен бөлісу: |