Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері


Дәріс 12. Тақырыбы: Табиғатты пайдалануды басқару негіздері. Экологиялық сараптама



бет35/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Дәріс 12.

Тақырыбы: Табиғатты пайдалануды басқару негіздері. Экологиялық сараптама.

Табиғатты пайдалану мен қоршаған  табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Басқарудың мақсаты- экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамассыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқаратын органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті, Орталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады. Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқаратын қызметіне жататындар:



  • Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;

  • Табиғат пайдаланудың әр-түрлі бағыттары бойынша ұлттық(мемлекеттік) экологиялық бағдарламалар әзірлейді, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;

  • Қоршаған ортаның сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;

  •  Міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен эрежесін белгілейді;

  • Табиғат пайдаланушыларға рұқсат  алу қажет болатын табиғат пайдалану түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты беру тәртібін белгілейді;

  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингінің құрылымын, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін белгілейді.

  • Қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салада мемлекеттік бақылау жасау міндеттерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті органдардың тізбесін бекітеді, олардың қызмет тәртібін айқындайды;

  • халқаралық ынтымақтастығы жүзеге асырады т.б.

Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің, сондай-ақ оны жергілікті органдардың( облыстық, қалалық және аудандар) атқаратын қызметтеріне мына төмендегілер жатады:

  • қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін іске асыру;

  • қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында біртұтас мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу;

  • мемлекеттік экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;

  • қоршаған табиғи  ортаны пайдалану мен қорғауға және табиғи ресурстар кадастырын дұрыс жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  • табиғатты қорғау қызметін белгілейтін ережелерді,нормативтерді, стандарттарды әзірлеу және белгілеу;

  • табиғатты арнайы пайдалануға, өнеркәсіптік, тұрмыстық және өзге де қалдықтарды көмуге(жинауға), өсімдіктермен жануарлар дүниесін пайдалануға, зиянды заттарды шығару мен тастауға рұқсат беру;

  • табиғат қорғау заңдарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың бұзылғаны үшін экономикалық және әкімшілік санкциялар қолдану;

  • Республикадағы қорық ісіне басшылық ету мен оны жүргізуді, ерекше қозғалатын басқа да табиғи обектілер мен аумақтарды сақтау;

  • Халық арасында экологиялық білімді насихаттау ісін ұйымдастыру және оған басшылық жасау;

  • Қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы республикааралық және халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.

Жергілікті өкілді органдардың міндеттері:

  • Тиісті аймақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;

  • Жергілікті бюджеттер құрамында қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекітеді;

  • Жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйі туралы есептерін тындайды.

Жергілікті атқарушы органдар:

  • Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және өз құзіреті шегінде табиғат пайдалануды реттейді;

  • Тиісті аймақтарды қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөнінде бағдарламалар әзірлеу мен оны жүзеге асыруды, экологиялық сараптаманы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі обьектілерді салу мен қайта құруды ұйымдастырады;

  • Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдік ақы мөлшерін бекітеді, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда шаруашылық және өзге де қызметті тоқтата тұрады және тиісті шаралар қолданылады;

  • Заңға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

Табиғатты пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғауды басқарудың мақсаты мен әдістері осы саладағы заңдардың негізгі арқауы және қатынастарды реттейтін ережелердің мазмұны болып табылады.Бұл салада басқарудың іс жүзіне асырылуы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың лауазымды адамдар мен азаматтардың іс-әрекетіне, қызметіне және олардың құқықтары менн міндеттерінің заңдарда толық қамтылуына байланысты болады.

Табиғат пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысы бар органдардың атқаратын қызметтері мына төмендегідей:



  • Геология және жер қойнауын қорғау министірлігі минералдық шикізаттар ресурстарын қорғауға жауап береді, жер асты суларын пайдалану және қорғауды ілтипатқа алады;

  • Ауыл шаруашылығы министірлігі- өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, минералдық тынайтқыштар мен өсімдіктерді химиялық заттардан сақтауға ұйымдастырады және бақылайды;

  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым миністірлігі қоршаған табиғи ортаның жағдайын және оған тікелей қатысты адамдардың денсаулығын қорғауға ведомствовалық бақылауды іске асырады;

  • Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитет- жер кодексін және жерге байланысты қабылданған құқықтың жер заңдарын орындауға ведомствовалық бақылауды іске асырады;

  • Ішкі істер министірлігі атмосфералық ауаны және су көздерін, көлік құралдары мен жер қазатын техникаларды қорғау ережесін сақтау жөніндегі қадағалаушылық жұмыстарын жүргізеді;

  • Су шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік комитет су кодексінің талаптарын  бұзбауды бақылау , су ресурстарын ластаудан, бітеліп қалуынан, таусылуынан қорғаудың жағдайына жауап береді;

  • Гидрометрология жөніндегі мемлекеттік комитет атмосфералық ауаны, суаттарды және жер үсті сулардың нақтылы экологиялық жағдайларына бақылау жүргізеді.

Бұлардан басқа өз алдына немесе министірліктер мен мемлекеттік комитеттердің қарамағында жер , су, орман мемлекеттік инспекциялары, балық аң аулау т.б жұмыс істейді.

Табиғатты ұқыпты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегі басты құрал- заңды түрдегі жауапкешілік. Бұл жауапкершіліктің негізі- құқық бұзу болып табылады.

             ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ БҰЗУ ТҮРЛЕРІ

 


Экологиялық теріс қылық




Әкімшілік құқық бұзу




Тәртіптік құқық бұзу




Азаматтық құқық бұзу




Экологиялық қылмыс (Қылмыстық іс)




Экологиялық құқықты бұзу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет