Дәріс 15.
Тақырыбы: Экологиялық құқық.
1 Экологиялық құқықтың түсінігі, объектілері мен субъектілері.
2 Экологиялық құқықтың принциптері мен жүйесі.
3 Экологиялық құқықтың қайнар көздері.
Экологиялық құқықтың түсінігі, объектілері мен субъектілері.
ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар жатады. Оларға жер, жер қойнауы, сулар, ормандар, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жатады.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1 Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады;
2 Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.);
3 Заңды тұлғалар;
4 Жеке тұлғалар.
Экологиялық құқықтың принциптері мен жүйесі. Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.
ҚР-ның Экологиялық Кодексінде былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;
- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;
- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Экологиялық құқықтың жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.
Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.
Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.
Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады.
Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс,
Тәжірибелік сабақ 15.
Тақырыбы: Территорияның экологиялық жағдайын бағалау.
Мониторинг жіктелуінің бірнеше түрлері бар: шешілетін міндеттер сипаты бойынша, ұйымдастыру деңгейлері бойынша, қадағаланатын табиғи орталар және т.т. бойынша. И.П. Герсимовтың классификациясын қарастырайық, ол мониторингтің үш сатысын ажыратады.
Биоэкологиялық мониторинг (синоним – локальді) дегеніміз нақты ластау көздерінің (өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс, кен орындары, мелиоративтік жүйелер, энергетика кәсіпорындары, т.б.) әсеріне ұшыраған атмосферадағы, табиғи сулардағы, өсімдіктердегі, топырақтағы адам үшін улы химиялық заттардың мөлшерін бақылауды айтамыз. Яғни ластаушы көздерін және табиғи орталардың ластану дәрежесін анықтайды. Қоршаған ортаның жағдайы маңызды, ауқымды және кешенді көрсеткіш болатын адамның денсаулығы тұрғысынан бағаланады. Гидрометеорологиялық, су-шаруашылық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер жергілікті мониторинг жүргізеді. Көптеген авторлар импактты мониторингті бөледі. Импактты мониторинг – аса қауіпті аймақтар мен мекендердің қоршаған ортасына антропогендік әсерлерді аймақтық және жергілікті мониторингілеу. Негізінен бұл шығарыстар, апаттар, катастрофаларды мониторингілеу болып табылады. Оның мақсаты қоршаған табиғи ортаға және адамға зияндылық дәрежесін анықтау. Геожүйелік мониторинг (синонимдері – геоэкологиялық, аймақтық, табиғи-шаруашылық) адамның табиғатпен тығыз байланыста болатын шаруашылық әрекеті ағымында табиғи ортаға антропогендік әсерді бағалау (қала құрылыс, ауыл шаруашылғы, өнеркәсіп, энергетика, орман шаруашылығы, коммуналдық-тұрмыстық әрекет және т.б.). Бұл мониторинг түрі адам мен табиғат арасындағы қарым қатынастарын бағалау және табиғаттың қайтымды және қайтымсыз алынатын заттары мен энергиясына сипаттама беру жүргізіледі. Аймақтық мониторингті агроқызмет, гидроклиматтық, сейсмологиялық және басқа қызметтер жүргізеді. Биосфералық мониторинг (синонимдері – фондық, жаһандық) – адам ісәрекетімен байланысты биосферадағы жалпыпланеталық өзгерістерді бақылау. Фондық мониторинг қоршаған ортаны мониторингілеудің Жаһандық жүйесіне, «Планетаны бақылау» Халықаралық бағдарамасына, «Адам және биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасына, қоршаған ортаны қорғау ЮНЕП БҰҰ бағдараламасына сәйкес жүргізіледі.
Биосфералық мониторингтің басты міндеттері «Адам және биосфера» Халықаралық бағдарамасында («Man and Biosphere») анықталды: 1. Ластану мен экожүйелердің, олардың буындарының, популяциялардың немесе жеке ағзалардың арасында өзара байланыс жасау 2. Экожүйені бақылау және оның жағдайын бағалау және оны болашақта болжамдау үшін қажетті көрсеткіштер мен өлшемдерді анықтау 3. Экожүйедегі ластаушы заттардың қайта түрлену жолдары мен жылдамдығын саралау 4. Қоршаған орта көрсеткіштері деңгейлерінің критерийлерін анықтау. 1975 ж. БҰҰ қарамағында Қоршаған ортаны мониторингілеудің жаһандық жүйесі (ҚОМЖЖ) ұйымдастырылған болатын, бірақ оның тиімді жұмыс жасай бастаған соңғы уақыттарда ғана. Оның бірінші кезектегі міндеті қоршаған табиғи ортаның ластануын және оған әсер ететін факторларды мониторингілеуді ұйымдастыру деп танылды. ҚОМЖЖ бағдарламасы аясында Бүкіләлемдік теңіз ұйымы әлемдік мұхитты жаһандық мониторингілеуді қамтамасыз етеді. 1990 ж. ғылыми мәдениеттің Халықаралық орталығы (Бүкіләлемдік зертхана) әскери спутниктік технологияларды пайдалану арқылы «Жаһандық экологиялық мониторинг» жобасын ұсынды. 1992 ж. осы жобаға Ресей Федерациясы АҚШ, Украина қатысады; Қазақстан, Литва және Қытай – бақылаушылар ретінде қатысады. Мониторинг жүйесін ұйымдастыруда басымшылықтарды анықтау нақты бағдарламалардың мақсаты мен міндеттеріне байланысты болады: территориалдық деңгейде мемлекеттік бақылау жүйелерінің негізгі басымдылығы қалаларға, ауыз су көздеріне және балықтардың уылдырық шашу жерлеріне анықталған; бақылау орталары бойынша бірінші кезек атмосфералық ауаға және тұщы су көздеріне беріледі. Құрамдас бөліктерінің басымшылығы ластаушы заттардың токсикалық әсерін, қоршаған ортаға түсу көлемін, олардың транформациялану ерекшеліктерін, адамға және биотаға әсер ету жиілігі мен мөлшерін, өлшеуді ұйымдастыру мүмкіндіктерін және басқа факторларды көрсететін критерийлерін ескере отырып анықтайды және ол аймақтың экономикасымен, жергілікті әсер ету көздерімен тығыз байланысты болады. Фондық мониторинг станцияларының бағдарламасы бойынша сынамалар алынып келесідей көрсеткіштер анықталады: 1. атмосферада – қалқымалы заттар, бұлыңғырлығы, көміртегі диоксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, көмірсулар, сульфаттар, 3,4- бензпирен, ДДТ. 2. атмосфералық жауын-шашындарда – қорғасын, сынап, кадмий, мышьяк, 3,4-бензпирен, рН. 3. жер үсті, жер асты суларында, су түбі шөгінділерінде – қорғасын, сынап, метил сынап, кадмий, күшән, ДДТ, 3,4-бензпирен, биогенді элементтер. 4. топырақта – қорғасын, сынап, кадмий, күшән, ДДТ, 3,4-бензпирен, 47 биогенді элементтер.
Достарыңызбен бөлісу: |