Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері


Дәріс 14. Тақырыбы: Экологиялық сақтандыру



бет41/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Дәріс 14.

Тақырыбы: Экологиялық сақтандыру.

Табиғатты пайдалану аясы тікелей ресурстарды зерттеу, табу жəне пайдаланумен байланысты жəне қоршаған ортаға белсенді түрде əсер ететін көптеген салалардан тұрады. Табиғат игіліктерін игеру, заманауи ғылым техногенді араласудың қоршаған ортаға əсерін толық түрде болжай алмайтынына байланысты, төтеншелік жəне қауіп ұғымдарымн тығыз байланысты болып отыр.

Ғылыми-техникалық прогресс, бір жағынан, анықталмаған қауіптердің санын қысқартуға объективті жағдайлар жасап, екінші жағынанбілімнің жаңа түрлерінің пайда болуымен, жаңа техника мен технологияны енгізумен, сонымен қатар техникалық пайдалану проблемаларымен байланысты қауіптің тууына əкеліп соғады. Табиғатты пайдалану  қаупін  толықтай  шегеру мүмкін емес, алайда қоршаған орта жайлы адамзаттың білімінің кеңеюіне жəне техногенді нəтижелерді  ғылыми болжау мүмкіндігі арқылы қауіпті бақылауды  едəуір  тиімді  етуге болады. Қауіп сақтандыру қатынастарының пайда болуының алғышарты болып табылады. Қауіпті алдын ала болжанбаған, кездейсоқ себептер əсерінен табиғатты пайдаланушы-кəсіпорындар ісінің жоспарлы жəне іс жүзіндегі нəтижелер арасындағы теріс ауытқушылық мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады. Табиғатты пайдалану  қаупі  залалнысанында  келтірілген, теріс экономикалық, əлеуметтік-экономикалық, экологиялық салдары бар жағдайлардың пайда болуының болжамдық мүмкіндігін көрсетеді. Табиғатты пайдалану қаупін бағалау кезінде, техногендік үдерістерінің ерекшелігі себебінен толықтай шегерілуі мүмкін емес қауіпті факторлар жəне апаттар, зіл-залалар жəне стихиялы апаттар секілді алдын ала болжанбаған факторлар есепке алынады. Қауіпті бағалаудың объективтілігі кездейсоқ оқиғаның пайда болу мүмкіндігі     қаншалықты  нақты  анықталып жатқанымен байланысты. Қауіпті болжау есебі статистика ықтималдылығы əдістері негізінде жəне үлкен сандар заңы негізінде жүзеге асады. Қауіпті объективті түрде бағалау үшін табиғатты пайдалану аумағындағы жағымсыз жағдайлар, олардың пайда болу жиілігі, табиғаттың түрлену үдерісі кезіндегі себепті-нəтижелі байланыстары жайлы анализ пен ақпараттың жалпылануы қажет. Табиғатты пайдалану қатерінің бағалау кезіндегі маңызды мəселе болып адамның тіршілік қарекетінің экономикалық, əлеуметтік, экологиялық жəне т.б.аяларын қамтитын мүмкін зияндарды анықтау болып табылады. Зияндарды бағалаудың қазіргі кездегі əдістері идеалдан əлдеқайда алыс, олар тіпті табиғатты пайдалану зияндарының мүмкін түрлерінің барлық түрлерін де қамтымайды.Сонымен қатар, сақтандыру саласындағы тəжірибелік қызмет əлі де болса қазігі кездегі əдістердің жетілдірілуіне жəне де жаңа əдістерді ойлап табуға жете назар аударуға тиіс.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет