Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері



бет10/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Экологиялық аудиторлар палатасы

1 Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтарын қорғау және мемлекеттiк органдарда олардың заңды мүдделерiн бiлдiру үшiн құрылады.

Экологиялық аудиторлар палатасы өз мүшелерiнiң жалпы жиналысында бекiтiлген жарғының негiзiнде жұмыс iстейтiн және мүшелiк жарналар мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын коммерциялық емес, тәуелсiз, кәсiби және өзiн-өзi басқаратын ұйым болып табылады.

2 Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызметiн реттейдi, халықаралық тәжiрибе негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық аудит стандарттарын әзiрлейдi. 

Тәжірибелік сабақ 2.

Тақырыбы: Экологиялық аудиторлық бағдарламаларды жүргізу тәртібі.

Экологиялық аудиттың мақсаттары аудит жүргізілетін субъектінің қызметінің қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігінің әділ бағасын алу; экологиялық тәуекелдіктерді анықтау және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстамалар әзірлеу болып табылады. Экологиялық аудитты (міндетті және бастамашылық аудитты) ҚҚАЭ тапсырыскермен және аудит жүргізілетін субъектімен алдын ала өзара келісілетін экологиялық аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізеді.

 Экологиялық аудитты ҚҚАЭ аудит жүргізілетін субъектінің қоршаған ортаға ықпал бойынша есептілігін талдау жолымен жүргізеді.Экологиялық аудитті жүргізген кезде, қажет болған жағдайда, ҚҚАЭ төмендегідей мақсаттарда арнайы зерттеулер мен өлшеулерді орындауы мүмкін:



  •  өндірістік экологиялық бақылау (соның ішінде өндірістік мониторинг) жүйесінің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;

  •  аудит жүргізілетін субъектінің қызметкерлерінің біліктілік деңгейін бағалау.

 Аудит жүргізген кезде ҚҚАЭ ұстанатын негізгі қағидалар:

  •  нысанның (кәсіпорынның) қызметінің экологиялық проблемаларын қарастырудың, кәсіпорынның табиғат қорғау заңнамасының талаптарын орындауының жан-жақтылығы;

  •  зкологиялық тәуекелдіктерді айқындау;

  •  Келісімшартпен көзделген мерзімдерде экологиялық аудиторлық есепхатты құрастыру;

  •  аудитті орындаушының жұмыстың орындалу сапасы үшін жауапкершілігі.

 Әр түрлі ұйымдар өзінің экологиялық саясаты мен экологиялық мақсаттарын есепке ала отырып коршаған ортаға қызметінің, өнімінің және қызмет көрсетуінің нәтижелерінің әсер етуін бақылау арқылы экологиялық тиімділікке қол жеткізуге және оны көрсетуге барынша мүдделі бола бастады. Бұл заңнаманы қатаңдандыру, экономикалық саясат пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған басқа да шараларды дамыту, сондай-ақ қоршаған орта мәселелеріне мүдделі тараптардың назарының көтеріңкі болу және түрақты даму шарттарымен жүзеге асырылады.

 Көптеген ұйымдар экологиялық тиімділігін бағалау үшін экологиялық «талдау» немесе «аудиттер» жүргізеді. Дегенмен өздігінен осы «талдаулар» мен «аудиттер» ұйымның өзінің экологиялық тиімділігі заңнамада қарастырылған талаптар мен экологиялық саясатына жауап беріп қана қоймай, болашақта оларға сәйкес келетініне сенімділікпен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Тиімділігін камтамасыз ету үшін «талдаулар» мен «аудиттер» менеджмент жүйесі аясында жүргізілуі және ұйымның жалпы экімшілік кызметімен біртұтас бірігуі тиіс.

 Экологиялық менеджментке таратылатын халықаралық стандарттар экологиялық және экономикалык мақсаттарға кол жеткізуде ұйымдарға көмектесу үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын экологиялық менеджменттің тиімді жүйесінің элементтерімен ұйымдарды қамтамасыз етуге арналған.

 Осы стандарттар басқа халықаралық стандарттар сияқты саудадағы тарифсіз кедергілерді жасау мақсатында пайдалагуға не ұйымның қүқықтық міндеттемелерін қатаңдандыруға немесе өзгертуге арналмаған.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет