Агломерациялық өндiрiс және металдандырылған шекемтастар өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
-
Сөндiрiлмеген әк отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес, еденi жердiң үстiңгi қабатынан кемiнде 0,5 метр көтерiлген арнайы үй-жайларда сақталады.
-
Металдандырылған шекемтастарды сақтау орындары ылғалдың түсуiнен сенiмдi қорғалады.
-
Сапа талаптарын қанағаттандыратын металдандырылған шекемтастар құрғақ инерттi газ беру жүйесiмен жабдықталған бункерден түсiрiледi. Бункердегi артық қысым кемiнде 200 Паскаль (су бағанының 20 миллиметр) болуы қажет.
-
Температурасы 1000 С асатын шекемтастар арнайы қондырғымен алаңға лақтырылуы тиiс. Бұл ретте таспаға су беру ұсынылады.
-
Алаңға лақтырылған шекемтастар жүк тиеушiлердiң көмегiмен 0,5 метрден аспайтын қатпар етіп жиналады және су молынан құйылады.
-
Мыналарға:
1) сөндiрiлмеген әктi дымқыл үй-жайларда ылғалды және жанғыш материалдармен бiрге сақтауға;
2) қайнаған әктi бөлу үшiн суды пайдалануға;
3) температурасы 1000С асатын (бақылауды әкiмшiлiк жүзеге асырады) ыстық агломератты беруге;
4) тез жанатын (резеңке битумы, синтетикалық) материалдардан жасалған көлiк таспаларын қолдануға;
5) дымқыл түйiртпектердi қоймаға тасымалдауға;
6) металдандырылған тозаңның көлiктiң галереясында, түйiртпектердi елеу, ұсақтау, тиеу және түсiру орындарда жиналып қалуына жол берiлмейдi.
Домна, болат балқытатын, электрмен болат балқытатын және ферроқорытпа өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
-
Домна, болат балқытатын пештердi, конвертерлердi, миксерлердi, шөмiштердi және балқытылған металдарға арналған басқа сыйымдылықтарды ішінен қаптаудың жай-күйi мен ақаусыздығы тексерiледi.
-
Шойынды, шлакты шығару және болатты, ферроқорытпаларды құю кезiнде шөмiштердi, металл қалыптарды және суы немесе ылғал материалдары бар басқа сыйымдылықтарды пайдалануға жол берiлмейдi. Құю орындары технологиялық регламентте көзделмеген жанғыш материалдардан босатылады.
-
Құю машиналарын, бiр жерге жинаушы машиналарының кабиналарын басқару пульттерi, болатты үздiксiз құюды басқару бекеттерi және балқытылған металл мен шлакты шығаратын жерлерге тiкелей жақын орналасқан басқа да басқару пульттерi металл тормен қорғалған, жылу тартатын әйнекпен шыныланған және кемiнде екi шығу жолы бар жанбайтын материалдан жасалады.
-
Кәбілді туннельдерге, құю орнына тiкелей жақын орналасқан май жертөлелерiне, сондай-ақ балқытылған металдарды тасымалдау орындарына кiретiн жерлер балқытылған металдан биiктiгi кемiнде 300 миллиметр табалдырықтармен қорғалады.
-
Электр механизмдердiң, электр жабдықтардың және гидрожетектер қондырғыларының кәбілдерi металды, шлакты құю орындарында және температурасы жоғары аймақтарда механикалық зақымданулардан, сәулелi жылудан, сондай-ақ оларға балқытылған металл мен шлактың шашырап кетуiнен қорғалады.
Домна өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
-
Колошник алаңы мен зерттеу жұмыстарына арналған алаң екi шығу жолымен қамтамасыз етiледi.
-
Конусаралық кеңiстiкке жарылыс қаупi бар қоспалардың пайда болуын болдырмайтын мөлшерде бу немесе инерттi газ берiледi.
-
Конусаралық кеңiстiкке бу немесе инерттi газды беру буды (инерттi газды) бермегенде тиеу механизмдерi жұмыс iстемейтiндей етiп тиеу қондырғысымен бұғатталады.
-
Домна пештерi қаптаманың температурасын пештiң барлық биiктiгi мен алаңына бақылау аспаптарымен жабдықталады. Тетiктердiң көрсеткiштерi аспаптармен пештi басқару пультінде белгiленедi.
-
Өндiрiстiң материалдары мен қалдықтарын домна пештерiнiң iргетастарына жинауға жол берiлмейдi. Iргетастар жүйелi түрде қоқыстан тазаланады.
-
Күйiп кетпеуiн бақылау үшiн ауа фурмалары сигнал беретін қондырғылармен жабдықталады. Күйiп кеткен фурмалық аспаптарда жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.
-
Күйiп кеткен тоңазытқыштары бар орындардағы пештердiң қаптамасы сыртынан сумен салқындатылады.
-
Домна пештерi мен қосалқы қондырғыларды салқындату жүйелерiнiң жай-күйi соңынан арнайы журналға тексерулердiң қорытындылары жазыла отырып, ай сайын тексерiледi.
-
Бункердiң жоғарғы бөлiгiнiң тас көмiр тозаңы отынының температурасы өздiгiнен жазатын және бункерде өздiгiнен жану кезiнде дыбыстық және жарық сигналдарын беретiн бақылау-өлшеу аспаптарымен бақыланады.
-
Тозаң өткiзгiштердiң конструкциясы мен тозаң-көмiр аэроқоспасы қозғалысының жылдамдығы оларда тозаңның жиналу мүмкіндігін бодырмауы тиіс. Қондырғының тозаң өткiзгiштерінің жүйесi герметикаланған күйде ұсталады.
-
Аппаратурада реттейтiн арматура кесiлiп және iлiнiп ақаулы болғанда және бақылау-өлшеу аспаптары ақаулы болған кезде тозаңы көрiнетiн отынды және мазутты домна пешiне үрлеуге жол берiлмейдi.
-
Пештiң жұмыс алаңында тас көмiр тозаңы аэроқоспасының және мазуттың коллекторларының орналасуына, сондай-ақ бекiтiлетiн және реттейтiн арматураны фурмаларға, омарта тесiгiне және омарта тесiктерiнiң артына орнатуға жол берiлмейдi.
-
Құятын алаңдардың шатыры мен қалқалары жүйелi түрде шаңнан тазартылады.
-
Локомотивтердi шаң тұтқыштардың астында және тозаңды жою кезiнде жақын тоқтатуға жол берiлмейдi.
Болат балқыту өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
-
Мартенов пешi ваннасының жай-күйiн үнемi қадағалау жүргiзiледi. Металдың тесiлiп қалуының белгiлерi байқалған жағдайда, оның ағып кетуiнiң алдын алу бойынша шаралар қабылданады.
-
Балқытылған металл және шлактың түсуi мүмкiн орындарда жабдықтың кез келген түрiн сақтауға және материалдарды (оның iшiнде жанғыш) жинауға жол берiлмейдi.
-
Мазуты бар шығыс бактарды пештердiң астына қоюға жол берiлмейдi, бактар пештерден кемiнде 5 метр қашықтықта орналасады және арнайы жылылықты өткiзбейтiн экрандармен қорғалады.
-
Өрт болған жағдайда, мазутты түсiру үшiн шығыс бактар авариялық сыйымдылықтары бар жабық түсiру және құю құбырларымен бiрiктiрiледi.
-
Мазут өткiзгiштi цехқа енгiзгенде қызмет көрсету үшiн қолайлы орынға сөндiретiн ысырма орнатылады.
-
Гидравликалық жетегi бар конвертердiң айналу механизмдерiн қолдануға жол берiлмейдi.
-
Салқындатқышта конвертерлiк газдар шығып тұрған кезде конвертердiң жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi. Балқытылған металы бар конвертердiң қаптамасындағы қызған жерлердi сумен салқындатуға жол берiлмейдi.
-
Құрғатуға болат балқытқыш пештердi, конвертерлердi, миксерлердi қойған кезде газды тұтату үшiн тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.
-
Кристаллизаторы ақаулы дайын өнiмдердi үздiксiз құю машинасында және құю технологиясы бұзылған кезде болатты құюға жол берiлмейдi.
-
Өрт, жарылыс қаупi бар материалдар мен қоспаларды сақтау, дайындау және жасау орындарында олардың негiзiнде ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.
-
Жарылыс қаупi бар материалдарды құрғақ ұнтақтау қорғалған атмосферада ұнтақтау құралдары автоматты тоқтаған және оттегiнiң ең аз жарылыс қауiптiлiгiн ұстаудың 50 %-ға тең жұмыс концентрациясына жеткен кезде жүргiзiледi. Жарылыс қаупi бар аэроөлшемдердiң пайда болуын болдырмас үшiн өрт-жарылыс қаупi бар материалдардың негiзiнде қоспаны дайындау флегматизацияны немесе қорғалған ортаны пайдалана отырып жүзеге асырылады.
-
Алюминий-магний, алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын селитрамен, қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа тотықтырғыштармен, сондай-ақ жанғыш материалдармен бiрге тасымалдауға және сақтауға жол берiлмейдi.
-
Өрт, жарылыс қаупi бар ұнтақтарды сұйық металға үрлеу жанғыш ұнтақтардың газ өткiзгiштерге түсуiн болдырмайтын жағдайларда ғана жүргiзiледi.
-
Бункердi тез тұтанатын шихта материалдармен шихта крандардың троллеяларының астына орналастыруға жол берiлмейдi.
-
Металл қалыптарды майлау олар қолданылатын майлау материалын тұтану температурасынан төмен температураға дейiн салқындағанынан кейiн ғана жүргiзiледi.
Электрмен болат балқытатын және ферроқорытпа өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
-
Тозаңды тазалаудың мерзiмдiлiгi кәсiпорынның нұсқаулығымен регламенттеледi. Қысқа желiнiң ток өткiзгiштерінде тозаңның жиналып қалуына жол берiлмейдi.
-
Пеш трансформаторларын пайдалану кезiне трансформаторлар артық қызып кеткен және оны оқшаулағыш тез тозған жағдайда, өрттердiң алдын алу үшiн:
1) температуралық және салмақтық режим, кернеу деңгейi сақталады;
2) салқындату, кернеудi, майды қорғауды реттеу қондырғылары ақаусыз күйде ұсталады.
-
Пеш трансформаторлары өрт сөндiру құралдарымен және трансформаторда майдың толық көлеміне есептелген авариялық май қабылдағыштармен қамтамасыз етiледi.
-
Трансформаторларды кептiру негiзгi үй-жайдан (камерадан) арнайы бөлiнген, бөлек сыртқа шығатын есiгi бар үй-жайларда жүргiзiледi.
-
Индукциялы және доғалы вакуум пештер, сондай-ақ электронды-сәулелiк пештердiң қорытпа камералары жарылыстан сақтандыратын қақпақшалармен жабдықталады.
Сақтандырғыш клапандардың констукциясы олардың қауiпсiз және сенiмдi жұмысын қамтамасыз етедi.
-
Ауаны тез тұтанатын конденсаты бар вакуумды камераларға оларды тексеру, жөндеу, шаңнан тазалау мақсатымен берудiң тәртiбi зауыттық нұсқаулықтарда регламенттеледi.
-
Тез тұтанатын конденсатты қорытпа камералардың қабырғасынан алып тастау қауiпсiз тәсiлмен жүргiзiледi.
Тез тұтанатын конденсатты толықтай жойғанға дейін қызмет етушi персоналдың вакуумды камераның iшiне жөндеу жұмыстарын жүргiзу, камераны тексеру мақсатымен кiруiне жол берiлмейдi.
-
Газ бен тозаңның тұтануын, жарылысын болдырмайтын қондырғылармен жабдықталмаған электр болат қорытпа және кендi қалпына келтiру пештерiнен газ тозаңын бұру жүйелерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
-
Сұйық алюминийдi тозаңдату бункерлерi, камералары тозаңға айналдыру процесiнде ыстық ұнтақтың конвейерлiк таспаға түсуiн болдырмайтын қақпақтармен жабдықталады.
-
Жабдық жұмыс iстеп тұрған кезде алюминий ұнтағын өндiретiн үй-жайларда ұшқынның пайда болу мүмкiндiгi жоққа шығарылады. Аталған үй-жайлардағы едендер ұру, үйкелеу кезiнде ұшқын тудырмайтын материалдардан жасалады.
-
Алюминий ұнтағымен жұмыс iстеу кезiнде ағаштан немесе ұшқын тудырмайтын түстi металдардан немесе ағаштан жасалған құралдар мен ыдыстар қолданылады.
-
Алюминий ұнтағының қышқылдануын, өздiгiнен жануын және жарылуын болдырмас үшiн оны өндiру және сақтау орындарында ылғал мен дымқылдың болуына жол берiлмейдi.
-
Алюминийден, магнийден және олардың негiзiндегi қорытпалардан жасалған ұнтақтар мен опаларды өндiруге арналған үй-жайларда жертөлелердi, жертөле арналары мен ойықтарды орнатуға жол берiлмейдi.
-
Жанғыш ұнтақтар мен опаларды өндiруге арналған үй-жайлардың технологиялық жабдықтары, сондай-ақ құбырлары статикалық электрден қорғалады.
-
Алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын силитрамен, қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа тотықтырғыштар және жанғыш заттармен бiрге сақтауға және тасымалдауға жол берiлмейдi.
-
Тез тұтанатын материалдар немесе тез жануға бейiм материалдар (магний жоңқасы және магний қорытпалары, селитра, бертолет тұзы, термит қоспасы) металл термиялық цехтардың балқыту корпустарында арнайы бөлiнген орындарда екi тәулiктiк қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста (банкаларда, бөшкелерде) сақталады. Кәсiпорында осы материалдарды ұзақ сақтау бөлек қоймаларда ұйымдастырылады.
-
Балқытылған металл және шлак шығарындысы бар қорытпаны жүргізуге жол берiлмейдi. Шығарып тастаған жағдайда, қорытпаның қызған өнiмдерiнiң түсу аймағын шектеу бойынша шаралар қабылдау қажет. Осы аймақта материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.
-
Тозаңы пирофорлық қасиеттерге ие және асылып тұрған күйде жарылыс қауiптi және өрт қауiптi болып табылатын ферроқорытпаларды ұсақтау кезiнде ұсақтау агрегаттарынан тозаңды жою бойынша, сондай-ақ одан агрегаттар мен аспирациялық қондырғыларды уақытында және жүйелi тазалау бойынша шаралар қабылданады.
-
Инерттi газ ортасын немесе инерттi қоспаларды қолданбай жарылыс қаупi бар ферроқорытпаларды ұнтақтауға жол берiлмейдi. Жарылыс қаупi бар ұнтақтар пайдаланылатын технологиялық процестерде (ұнтақтау, тасымалдау) жылу, ұшқындау немесе механикалық әсер ету нәтижесiнде жарылыстың пайда болуына жол бермейтін жабдық қолданылады.
-
Сумен өзара әрекеттесуi кезiнде жарылыс қаупi бар газ бөлiп шығаратын силикокальций, ферросилиций және басқа жанғыш қатты материалдарды газдардың шығуы үшiн жоғарғы қақпағында тесiгi бар құрғақ және таза темiр барабандарға салу қажет. Осы тесiктер дымқылдың түсуiнен қорғалады.
-
Ұнтақталған жарылыс қаупi бар компоненттердi құбыржол көлiгiнiң пневмо-түрлерiмен тасымалдау инерттi газдар ортасында жүргiзiледi.
-
Өздiгiнен тұтанатын материалдарды сақтауға арналған бункерлер осы материалдардың температурасын бақылауға арналған қондырғылармен жабдықталады, олардың жұмысы өрт сөндiру құралдарын iске қосумен ұштасқан.
-
Сумен өзара әрекеттесуi кезiнде жарылыс қаупi бар газдарды бөлуге бейiм дымқыл ферроқорытпаларды ұнтақтауға, сондай-ақ осындай ферроқорытпалардың дымқыл ұнтақтарын тасымалдауға және сақтауға жол берiлмейдi.
-
Тозаң тұндыратын камералар және түтік сүзгiлерi мерзiмдi түрде тозаңнан тазартылады. Олардың толып кетуiне жол берiлмейдi.
-
Бункерлер үй-жайларының, конвейерлiк галереялардың және басқа үй-жайлардың едендерi мен жабдықтарынан жанғыш тозаңды тазалау ай сайын, ал қабырғалардан, төбелер мен металл құрылымдарынан – аптасына бiр рет жүргiзiледi.
-
Технологиялық процестiң және жабдықты пайдаланудың регламенттелген режимдерiнiң бұзылуы нәтижесiнде өндiрiстiк үй-жайларға шаң бөлiнудiң мөлшерi артқан кезде шаңды тазалау бас инженер бекiткен арнайы кесте бойынша жүргiзiледi.
-
Шаңның өндiрiстiк тазаланғаны туралы арнайы журналға жазылады.
-
Жанғыш ұнтақтар мен опаларды өндiру қалдықтарын үйiп шығаруға жол берiлмейдi. Оларды өндiрiсте пайдаланған немесе арнайы бөлінген орындарда өртеп жiберген (бейтараптандырған) жөн.
-
Моношихтаны дайындау үшiн дымқыл, май, эмульсия және басқа органикалық заттарды ұстайтын материалдарды, сондай-ақ титан жоңқаларын пайдалануға жол берiлмейдi.
Илемдеу, құбыр илемдеу және метиздеу өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
-
Басқару және орталықтан майлау жүйелерiнiң май құбырлары жанбайтын материалдардан жасалады.
-
Гидрожетектiң жүйелерi май құбыры үзiлген кезде қысым ысырмаларын автоматты жауып тастауға арналған қондырғымен жабдықталады.
-
Майлау және гидравлика жүйелерiн пайдалану кезiнде майдың ағып кетуiне жол берiлмейдi. Майланған орындар ай сайын үгiндi, шүберектердiң көмегiмен тазартылады.
-
Жүйенi майлау үшiн өсiмдiк майларын және жануарлар майларын пайдалану кезiнде осы өнiмдермен суланған тоқыма немесе талшықты материалдардың өздiгiнен жануын болдырмау шаралары қабылданады.
-
Май шаруашылығын пайдалану кезiнде ашық оттың кез келген көзiн пайдалануға, май жертөлелерiнде және жақын маңда май толтырылған жабдықтың ұшқын шығаруына жол берiлмейдi.
-
Май жертөлелерi мен кәбілдi туннельдер оларға жұмыс алаңдарынан қабыршақтар, ұшқындар және тұтанудың басқа көздерiнiң түсуiн болдырмау үшiн жауып ұсталады.
-
Туннельдер мен май жертөлелерiнiң желдететiн қондырғыларының өрт болған жағдайда автоматты сөнуi қамтамасыз етiледi.
-
Iшпек тораптарын қайта iске қосуға арналған ванналар, сондай-ақ мазутты жұмсауға арналған бактар өрт болған жағдайда жанғыш сұйықтықтарды құюға арналған, цех ғимаратынан тысқары орналасатын авариялық ыдыстармен қамтамасыз етiледi.
-
Қорғалайтын жарылыс қаупi бар газдарды қолданатын учаскелерде жарылыс қаупi бар құрылымдардың құрылуын болғызбайтын технологиялық автоматика ақаусыз күйде ұсталады.
-
Автоматика қолмен iске қосу ысырмасын белгiлеу арқылы инерттi газды жiберу қондырғысын қайталайды.
-
Қорғаныш ортаның қысымы түскен кезде қорғау
газындағы термиялық өңдеу қондырғыларының жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.
-
Өрнектеу бөлiмшелерiнде, сутегi бөлетiн учаскелерде электр жабдығы мен желдету жүйелерi Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жарылыстан қорғалып жасалады.
-
Металды термиялық өңдеу (таспаны үздiксiз күйдiру) кезiнде қорғау газы жоқ ерiтiлген натрийi бар ваннаны пайдалануға жол берiлмейдi. Судың немесе дымқыл материалдардың натрийi бар ваннаға тиiп кетуiне жол берiлмейдi.
-
Кесу аймағында салқындататын эмульсияны қолданғанда титан және оның қорытпаларынан жасалған станоктардағы құбырларды өңдеуге (кесуге) болады.
-
Титан қорытпаларынан жасалған құбырларды термиялық өңдеу кезiнде темiр қабыршақтармен байланысқа түсу мүмкiндiгiн болдырмауы қажет. Осындай құбырларды жасау кезiнде селитра ванналарын қолдануға жол берiлмейдi.
-
Жұмыс орындарында титан және оның қоспаларының үгiндiлерiн, жаңқаларын және басқа қалдықтарын сақтауға жол берiлмейдi.
«Титан қалдықтары» деген жазуы бар контейнерлер желдеткiшi
үздiксiз қолданыстағы арнайы оқшауланған құрғақ үй-жайда
сақталады. Осы үй-жайда жанғыш сұйықтықтарды,
химикаттарды және басқа материалдарды сақтауға жол
берiлмейдi.
-
Жабыны бар метиз бұйымдарды коррозияға қарсы жабынның өздiгiнен тұтанатын температурадан асатындай температураға дейiн қыздыруға жол берiлмейдi.
Отқа төзiмдi өндiрiс объектiлерiн ұстау тәртiбi
-
Су моншасында қоспаны қыздыруға және керосинде парафиндi, стеариндi ерiтуге болады. Осы мақсаттар үшiн ашық отты, ашық электр спиральдерiн немесе басқа температурасы 1000 С жоғары үстiңгi қабаттарды қолдануға жол берiлмейдi.
-
Керосин-стеориндi қоспаларды дайындау және қолдану учаскелерiнде өрт сөндiргiштер болмағанда жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.
-
Керосин-стеориндi қоспалардың төгiлуiне жол бермеу және бұйымдарды қосымша жаншу кезiнде жұмыс орындарында керосин-стеориндi қоспалар қалдықтарының жиналып қалуына жол берiлмейдi.
-
Жанғыш (жарылыс қауiптi) газдарды отын және қалпына келтiру ортасы ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
Бояуға, шаюға, майсыздандыруға және жууға арналған цехтарды, учаскелердi, қондырғыларды ұстау тәртiбi
-
Бөлшектердi жуу, сондай-ақ нитро негiздегi жабындарды, бензиндi және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, лактау бөлек үй-жайларда жүргiзiледi және өрт сөндiрудiң тиiстi құралдарымен және эвакуациялау жолдары көрсеткiштерiмен жабдықталған оңаша өндiрiстiк учаскелерде жүргiзiледi.
-
Бояу цехтарының (учаскелерiнiң) бояу дайындайтын бөлiмшелерi бөлек сыртқа шығу жолымен қамтамасыз етiледi.
-
Лак-бояу дайындау, бояу және бензинмен жуу жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайлардың едендерi соққан кезiнде ұшқын шығармайтын, жанбайтын материалдардан жасалады.
-
Кемiнде екi метр биiктiктегi үй-жайлар қабырғаларының iшкi қабаты ластанудан оңай тазаланатын, жанбайтын материалмен өңделедi.
-
Цехтардың, учаскелердiң, қондырғылардың барлық есiктерi сыртқа немесе ғимараттан жақын шығатын жаққа ашылады.
-
Бояу жұмыстары, бөлшектердi шаю бояйтын шкафтар, ванналар, камералар мен кабиналардан жергiлiктi сорғыштары бар қолданыстағы ағынды және сорып шығаратын желдеткiштерi болған кезде ғана жүргiзiлуi қажет. Қондырғылардың жұмысы, сондай-ақ нитро негiздегi жабындарды, бензиндi және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, шаю, лактау, жуу және майсыздандыру операциясына беру жүйесi желдету жүйесiмен бұғатталады.
-
Бояу шкафтарын, камераларын және кабиналарының сорып шығаратын желдеткiшiн суландырғыштарсыз (гидравликалық сүзгiлер) немесе жанғыш бояулар мен лактардың бөлшектерiн тұтып алуға арналған басқа тиiмдi қондырғыларсыз пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
-
Каналға кіру жолында орналасқан гидравликалық сүзгілердегі сорып алынған ауаны міндетті тазалау арқылы едендегі торларда камерасыз бояйтын қондырғыларға арналған каналдардан басқа, ағынды және сорғы желдету каналдарын еден астына орнатуға жол берілмейді.
Тордың астындағы ойық тұрақты деңгейдi автоматты түрде ұстай отырып, биiктiгi кемiнде 0,5 метр су қабатымен толтырылады.
-
Бояудың және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң (бояу және кептiру камералары) жабдықтары жанбайтын материалдардан жасалады. Тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып, бұйымдарды бояу, лактау, эмальдау, жуу, майсыздандыруға арналған учаскелердегi электр жабдығы жарылыстан қорғалған болып жасалады.
-
Лактау-бояу материалдары жұмыс iстейтiн ыдысқа ернеулерi бар түстi металдардан жасалған металл тұғырларға құйылуы тиiс.
-
Бояу жабдықтары жанғыш шөгiндiлерден күн сайын желдеткiш iстеп тұрған кезде ауысым аяқталғаннан кейiн тазартылады.
-
Камераларды бояулар мен лактардың шөгiндiлерiнен тазалауды жеңілдету үшiн олардың қабырғаларына техникалық вазелин, солидол немесе арнайы құрам жұқалап жағылады. Беткi қабаттарын нитро бояулардың шөгiндiлерiнен тазалау кезiнде металл құрылымдар туралы соққыларға жол беруге, сондай-ақ түстi металдан дайындалмаған қыстырғыштарды қолдануға болмайды.
-
Отты кабиналар мен ауа арналарындағы бояулардың шөгiндiлерiн күйдiру үшiн қолдануға жол берiлмейдi.
-
Өрт қауiптiлiгiнiң көрсеткiштерi анықталмаған лактау-бояу материалдарын, ерiткiштердi, жуатын және майсыздандыратын сұйықтықтарды қолдануға жол берiлмейдi. Осы материалдар тиiстi талдаудан, олардың өрт қауiптiлiк қасиеттерi анықталғаннан және қауiпсiз пайдалануға арналған шаралар әзiрленгеннен кейiн пайдаланылады.
-
Бұйымдар мен бөлшектер жуу және майсыздандыру үшiн жанбайтын құрамдар, пасталар, ерiткiштер және басқа өрт тұрғысынан қауiпсiз техникалық жуу құралдары қолданылады.
-
Бiлiктердi көтермелерден алғаннан кейiн оларды лайдан тазарту механикаландырылған жабық камерада жүзеге асырылады.
-
Жарылысты болдырмау үшiн сiлтiлi ваннаның бетiне көмiрдiң, күйенiң, майлау материалдарының түсуiне жол берiлмейдi.
-
Ойып түсетiн соданы, селитраны, саптамаларды сақтау арнайы жабдықталған үй-жайда көзделеді.
-
Қышқылдарды сақтау орындарында абайсызда төгiлiп кеткен қышқылдарды бейтараптандыру үшiн бордың, әктiң немесе соданың дайын ерiтiндiлері көзделеді.
-
Бояу цехтарында, бояу дайындайтын бөлiмдерде, лактау-бояу материалдарының қоймаларында, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдана отырып, бөлшектердi жуу және майсыздандыру орындарында ашық отты қолданумен және ұшқын шығарумен (электрлiк дәнекерлеу, ұштау) байланысты жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ ұшқын шығаратын материалдардан жасалған құралды пайдалануға жол берiлмейдi.
-
Лак және бояу шығару материалдары жұмыс орындарына дайын күйiнде жеткізілуi тиiс. Лактар мен бояулардың барлық түрлерiн құрастыру және сұйылту барлық өртке қарсы талаптарды қанағаттандыратын арнайы бөлiнген оңаша үй-жайда немесе ашық алаңда жүргiзiледi.
-
Бұйымдарды нитроцеллюлозды, полиэфирлi және перхлорвинилдi эмальдармен электрлiк бояу кезiнде электрлiк бояу камерасы ұшқын шығармайтын қондырғылармен жабдықталады.
-
Электр статикалық өрiстi бояу камераларында сорғы желдеткiштер сөндiрiлген кезде электр статикалық өрiстi тудыратын қондырғыдан кернеу автоматты түрде алынады.
-
Еденге төгiлген лак және бояу шығару материалдары мен ерiткiштер дереу тазаланады. Едендердi, қабырғалар мен жабдықтарды жанғыш ерiткiштермен жууға жол берiлмейдi.
-
Технологиялық жағдайлары бойынша және үлкен габариттi болғандықтан боялған бұйымдарды кептiрудi сорғы камераларда немесе шкафтарда орындауға болмайды, ол желдеткiшпен және автоматты өрт сөндiру құралдарымен жабдықталған учаскеде ұйымдастырылады.
-
Лак және бояу шығару материалдарының ыдысы тығыз жабылады және ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 20 метр қашықтықта орналасқан арнайы алаңдарда сақталады.
-
Май жағылғаннан кейiн құбырлар мен басқа бұйымдарды жинауға арналған сөрелер соңынан оны айдап ала отырып, ағызып және бұрып жiберуге арналған қондырғылармен жабдықталады.
-
Май жағуға арналған камераларға құбырларды беру сорғы желдету қондырғыларын iске қосумен бұғатталады. Желдеткiш қондырғысын қосу алдын ала, ал сөндiру – камераны тоқтатқаннан кейiн жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |