Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар



бет1/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.36 Mb.
#170012
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 14 Қаулысы

       "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің       
2009 жылғы 16 қаңтардағы
N 14 қаулысымен    
бекітілген      

"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті

1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент):
      1) "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру;
      2) азаматтар өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті өрттен қорғау мақсатында қабылданды.
      2. Техникалық регламент өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеудің негізгі ережелерін анықтайды және мыналарды:
      1) осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген өрт және оның қауіпті факторлар, заттар мен материалдар, сондай-ақ өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша технологиялық құралдар; жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтар; өрт қауіптілігі бойынша құрылыс материалдар; құрылыс құрастырылымдары мен өртке қарсы тосқауылдар; өрт жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша электр жабдықтар, сыртқы қондырғылар, ғимараттар, имараттар және үй-жайларды жіктеу;
      2) өмірлік циклінің барлық сатысында түрлі мақсаттағы шаруашылық объектілеріне қойылатын; қала және елді мекендерді жобалаған кезде; ғимараттар мен имараттарды жобалаған және құрылысы кезінде; өнімдерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейді.
      3. Осы Техникалық регламенттің ережелері:
      1) жобалау, құрылыс, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс объектілерін қайта салған, техникалық қайта жарақтандыру, атқарымдық тағайындалуы өзгерген, техникалық қызмет көрсету, арналуы мен меншік түріне қарамай объектілерді пайдалану;
      2) техникалық регламенттер, ішінде өрт қауіпсіздігі талаптары бар нормативтік және техникалық құжаттардың ұсынылатын ережелерін әзірлеу, қабылдау, қолдану және орындау кезінде міндетті.
      4. Арнайы мақсаттағы объектілер, оның ішінде әскери мақсаттағы, радиоактивті және жарылыс заттары мен материалдарын өндіру, қайта өңдеу, сақтау бойынша, химиялық қаруды; космостық объектілер мен стартты кешендерді; тау қазбаларын жою және сақтау бойынша объектілер үшін осы техникалық регламентпен қатар басқа техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы құжаттарда баяндалған өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуға тиіс.

2. Терминдер мен анықтамалар



      5. Осы Техникалық регламентте " Өрт қауіпсіздігі туралы ", " Қазақстан Республикасындағы архитектура, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы ", " Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
      1) апаттық есік - көшіру жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа алып келетін, адамдарды құтқару үшін қосымша шығу ретінде пайдаланылатын, алайда эвакуация жолдары мен шығу есіктерінің қажетті саны мен көлемінің өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіру шарттарына сәйкестігін бағалау кезінде ескерілмейтін шығу жолы (есік, люк);
      2) қауіпсіз аймақ - адамдар өрттің қауіпті факторлары әсерінен қорғалатын немесе өрттің қауіпті факторлары жоқ аймақ;
      3) өрттің пайда болу ықтималдығы - өрттің пайда болуына қажетті  және жеткілікті жағдайлардың пайда болуы мүмкіндігінің математикалық шамасы;
      4) заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қауіптілігі - өрт жағдайында (немесе) физикалық-химиялық қасиеттерімен және қалпымен сипатталатын, заттар мен материалдардың жанғыш (өрт қауіпті немесе жарылыс қауіпті) ортаны жасау қабілеті;
      5) жалындау — от алу көзінен басталған және оны жойғаннан кейін де жалғасатын заттың жалындап жануы;
      6) лапылдау - от алу көзінің әсерінен өртене бастауы;
      7) өрт пайда болуы - өртке алып келетін процестер жиынтығы;
      8) тұтану - қысқа мерзімді көрінетін жарқырау қоса жүретін газ бу ауа қоспасының жанғыш зат бетінде тез жануы;
      9) жанғыш орта - тұтану көзі әсері кезінде жалындауға қабілетті орта;
      10) жанғыштық - заттар мен материалдардың жалындауға, өздігінен жану және (немесе) бықсу қабілеттілігі;
      11) рұқсат етілетін өрт қаупі - деңгейі рұқсат етілген және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сүйенетін өрт қаупі;
      12) жеке өрт қаупі (өрт кезінде адам өлімінің қаупі) - өрттің қауіпті факторлары әсері нәтижесінде жеке адам өлімінің сандық ықтималдылығы;
      13) тұтану көзі - жанудың пайда болуын бастайтын энергетикалық әсер ету құралы;
      14) өрттің сыни ұзақтығы - біткеннен кейін өрттің тым болмаса бір қауіпті факторы адам өмірі мен денсаулығына қауіпті мәнге жететін өрт ұзақтығы;
      15) эвакуацияның қажетті уақыты - өрттің қауіпті факторы әсері нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмей қауіпсіз аймаққа эвакуацияланатын уақыт ұзақтығы;
      16) жалын таралудың төменгі (жоғарғы) шоғырланған шегі - жалынның жану көзінен қоспа бойынша кез келген қашықтыққа таралуы мүмкін болатын қышқыл ортасы бар біртекті қоспада жанғыш заттың ең аз мөлшері;
      17) жалын таралудың қалыпты жылдамдығы - жалын фронтының оның бетіне перпендикуляр бағытта жанбаған газға қатынаста орын ауыстыру жылдамдығы;
      18) өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжат - нормалар, ережелер және өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа да талаптарды белгілейтін құжат;
      19) объекті - өрт қауіпсіздігі белгіленген немесе белгіленуге тиіс заңды немесе жеке тұлғаның мүлік кешені (немесе оның бөлігі) (аумақ, ғимарат, имарат, көлік құралдары, технологиялық қондырғылар, жабдықтар, агрегаттар, бұйымдар және өзге мүлікті қоса алғанда);
      20) адамдар көп келетін объект – бір мезгілде жүз және одан астам адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, діни мекемелердің, көңіл көтеру орындарының, барлық көлік түрлері вокзалдарының ғимараттары, құрылыстары мен үй-жайлары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан астам адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары;
      21) өрттің қауіпті факторлары - әсері адамның жарақаттануына, улануына немесе өлімге және (немесе) материалдық шығынға алып келуі ықтимал өрт факторы;
      22) ерекше өрт жарылыс қауіпті электр-өрт-қауіпсіз электр жабдығы - жану көзі пайда болуының және оның жанғыш ортамен байланысының алдын алу үшін арналған қосымша қорғаныш құралдары бар өрт қауіпсіз электр жабдық;
      23) өрт ошағы - өрттің бастапқы пайда болған жері;
      24) өрт сөндірудің бірінші құралдары - өрттің бастапқы дамуы кезінде өртпен күресу үшін пайдаланылатын адамдар алып жүретін немесе тасымалданатын өрт сөндіру құралдары;
      25) өрт - адам өмірі мен денсаулығына зиян, қоғам және мемлекет мүддесіне материалдық шығын келтіретін бақыланбайтын жану;
      26) объектінің өрт қауіптілігі - өрт туындай және дамуы, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ету мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі;
      27) объектінің өрт қауіпсіздігі - өрттің пайда болуы және дамуының, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адам және материалдық құндылықтарға әсерін алдын алу мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі;
      28) өрт бөлігі - ғимараттың басқа бөліктерінен отқа төзімділігі 2,5 сағ кем емес шегі бар өртке қарсы аражабын және қабырғамен бөлектенген ғимарат бөлігі;
      29) өрт қаупі - өрт қаупі мен оның салдарының адамдар мен материалдық құндылықтарға таралу мүмкіндігінің сандық сипаттамасы;
      30) өрт қауіпті (жарылыс қауіпті) аймақ - шегінде жанғыш заттар тұрақты немесе кезеңдік айналыста болатын және олар технологиялық процестің немесе ол бұзылған кезде (апат) қалыпты режімде болатын тұйық немесе ашық кеңістік бөлігі;
      31) құрастырылымның отқа төзімділік шегі - от әсерінің басынан бастап оттөзімділік бойынша осы құрастырылым үшін нормаланатын шекті күйге дейінгі уақыт;
      32) өндірістік объектілер - өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығына арналған, оның ішінде қоймалар, инженерлік және көлік инфрақұрылым (теміржол, автомобиль, өзен, әуе және құбыржол көлігі), байланыс объектілері;
      33) өртке қарсы тосқауыл - оттөзімділіктің нормаланған шегі және құрастырылымдық өрт қауіптілігінің нормаланған класы бар құрылыс құрастырылымы, ғимараттың көлемді элементі немесе ғимараттың (имараттың) бір бөлігінен екіншісіне немесе ғимараттар (имарат, екпелер) арасында өрттің таралуын болдырмауға арналған басқа тәсіл;
      34) өртке қарсы үзіліс (өртке қарсы аралық) - өрттің таралуын болдырмау үшін белгіленген ғимараттар және (немесе) имараттар арасындағы нормаланатын аралық;
      35) адамдарды көшірудің есептік уақыты - көшіру жолының берілген көлемдік-жоспарлау және құрастырылымдық шешімдері кезінде адамдарды өрт туралы хабарландырған сәттен бастап ғимарат, имараттан қауіпсіз аймаққа көшіру аяқталған сәтке дейінгі уақыт аралығы;
      36) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі - өрттің алдын алу және объектіге одан келетін шығынды азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдар жиынтығы;
      37) өрт қауіпсіздігі жүйесі - экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралар, сондай-ақ өрт және одан келетін шығынды азайтуға бағытталған өртке қарсы қызмет, күш және техникалық құралдар жиынтығы;
      38) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру-техникалық шаралар жүйесі - Қазақстан Республикасы субъектілері, қала және елді мекендер аумағында өртті болдырмау және одан келетін шығынды азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары және техникалық құралдар кешені;
      39) өртті болдырмау жүйесі - объектіде өрттің туындау жағдайларын болдырмауға бағытталған ұйымдастыру шаралары және техникалық құралдар кешені;
      40) өртке қарсы қорғаныш жүйесі - адамдар мен мүлікті өрттің қауіпті факторлары әсерінен қорғау және (немесе) олардың объектіге әсер ету салдарын шектеуге бағытталған ұйымдастыру шаралары және техникалық құралдар кешені;
      41) түтінге қарсы қорғаныш жүйесі - өрт кезінде ғимараттар мен имараттардың түтіндеу қаупін, сондай-ақ оның қауіпті факторларының адамдар мен материалдық құндылықтарға әсерін болдырмау немесе шектеуге бағытталған ұйымдастыру шаралары, көлемдік-жоспарлау шешімдері, инженерлік жүйелер және техникалық құралдар кешені;
      42) мұнай және мұнай өнімдері қоймалары - мұнай және мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және беру үшін арналған ғимараттар, сұйық қоймалар және басқа да имараттар кешені;
      43) жану жылдамдығы - аудан бірлігінен уақыт бірлігіне жанатын сұйықтық мөлшері;
      44) имарат - ішіне атқарымдық арналуына қарай адамдарды тұру немесе келуіне және технологиялық процестерді орналастыруға арналған үй-жайлар кіретін жер үсті және (немесе) жер асты типті құрылыс жүйесі;
      45) әлеуметтік өрт қаупі (өрт кезінде адамдардың топтық өлу қаупі) - өрттің қауіпті факторы әсер ету нәтижесінде он және одан көп адамның өлу мүмкіндігінің сандық сипаттамасы;
      46) электр жабдығының өрт-жарылыс қауіптілігі деңгейі - электр жабдығының ішінен жану көзінің туындау қаупі және (немесе) электр жабдығын қоршаған жанғыш ортамен жану көзінің байланыс қаупі;
      47) жалын таралуының температуралық шегі (жалындау) - қаныққан бу тотықтырғыш ортада жалын таралудың сәйкесінше төменгі (төменгі температуралық шегі) және жоғарғы (жоғарғы температуралық шегі) концентрациялық шегіне тең концентрация жасайтын зат температурасы;
      48) технологиялық орта — технологиялық аппаратурада (технологиялық жүйеде) айналатын заттар мен материалдар;
      49) бықсу - жалынсыз жану;
      50) өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган;
      51) өрт қаупінің деңгейі - объекті күйінің өрт туындау және даму, сондай-ақ өрттің қауіпті факторының адамдар мен материалдық құндылықтарға әсер ету мүмкіндігін сипаттайтын сандық шарасы;
      52) жылу өздігінен жанудың шарты - қоршаған орта температурасы, зат (материал) саны және оның өздігінен жану сәтіне дейінгі уақыт арасындағы эксперименттік анықталған тәуелділік;
      53) объектінің өрт кезінде тұрақтылығы - өрттің қауіпті әсер етуі және оның қайталама пайда болуы кезінде объектінің құрастырылымдық тұтастығын және (немесе) атқарымдық арналуын сақтау қасиеті;
      54) эвакуация - адамдардың үй-жайдан сыртқа немесе өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігі бар қауіпсіз аймаққа ұйымдастырылған өздігінен қозғалу, сондай-ақ қозғалу мүмкіндігі шектеулі тұрғындар тобына жататын адамдардың өздігінен емес, қызмет көрсетуші мамандар жүзеге асыратын процесі;
      55) эвакуациялық жол (эвакуация жолы) - адамдардың өрт кезінде қауіпсіз көшіру талаптарын қанағаттандыратын қауіпсіз аймаққа немесе тікелей сыртқа алып келетін қозғалыс және (немесе) орын ауыстыру жолы;
      56) эвакуациялық шығу - тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа эвакуация жолына алып баратын шығу;
      57) электр жабдығы - электрэнергиясын пайдаланып жұмыстың сәйкес түрін орындау үшін арналған электротехникалық бұйымдар және (немесе) электротехникалық құрылғылар жиынтығы;
      58) электр-техникалық өнімдер - электржелісін жасауға арналған, сондай-ақ жұмысында электр энергиясын пайдаланатын өнім (оның ішінде электротехникалық бұйым, радиоэлектрондық аппаратура, ақпараттық технологиялар жабдығын қоса алғанда);
      59) электр-техникалық бұйымдар - электрлік энергияны өндіру, түрлендіру, тарату, беру және пайдалану үшін және оны беру мүмкіндігін шектеу үшін арналған бұйымдар.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

3. Объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптар

3.1. Жалпы талаптар

      6. Объектілердің өрт қауіпсіздігі:


      1) өртті болдырмау;
      2) өртке қарсы қорғаныш;
      3) ұйымдастыру-техникалық шаралар жүйесімен қамтамасыз етіледі.
      7. Объектілердің өрт қауіпсіздігінің ішінде адамдардың қауіпсіздігінің нормативтік деңгейін қамтамасыз етуге және өрт нәтижесінде үшінші тұлғаға зиян келтіру қауіптілігін болдырмауға бағытталған шаралар кешені болуға тиіс.
      8. Өртті болдырмау, өртке қарсы қорғаныш жүйесі және ұйымдастыру-техникалық шаралар құрамын шаруашылық ету объектісінің атқарымдық арналуы анықтайды және осы Техникалық регламентте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және өрт қауіпсіздігі мәселелерін регламенттейтін нормативтік құжаттар белгілейді.
      9. Егер мына шарттардың бірі орындалса:
      1) осы Техникалық регламентте, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарда белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары толық көлемде орындалса;
      2) өрт қаупі осы Техникалық регламентте белгіленген рұқсат етілген мәндерден аспаса, объектінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады.
      10. Өрт кезінде адамдар өлімінің қаупін бағалау әдісі:
      1) өрт кезінде өрттің аса қауіпті даму сценарийі үшін адамдар өлімі қаупін анықтауға;
      2) өрттің қауіпті факторы динамикасын болжаудың және адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру уақытын анықтау есептік әдісін пайдалануға;
      3) заттар мен материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері мен өрт қауіптілігі көрсеткіштерін пайдалануға негізделеді.

3.1.1. Өртті болдырмау жүйесіне қойылатын талаптар

      11. Өртті болдырмауға:
      1) жанғыш ортаның;
      2) жанғыш ортада жану көздерін мыналардың пайда болуын болдырмай қол жеткізіледі.
      12. Жанғыш ортаның пайда болу жағдайларын болдырмауға мына тәсілдермен:
      1) жанбайтын заттар мен материалдарды максималды мүмкін қолданып;
      2) жанғыш заттар мен материалдардың салмағын және (немесе) көлемін шектеп технология және құрылыс шарттары бойынша максималды мүмкін;
      3) жанғыш заттар мен материалдарды, сондай-ақ бір-бірімен өзара байланысы жанғыш ортаның пайда болуына алып келетін материалдарды орналастырудың аса қауіпсіз тәсілдерін пайдаланып;
      4) тотықтырғыш және (немесе) жанғыш заттар ортасында қауіпсіз концентрациясын ұстап;
      5) қорғалатын көлемге флегматизаторды енгізу арқылы жанғыш ортада тотықтырғыш концентрациясын азайтып;
      6) жалынның таралуы болмайтын ортаның температурасын және қысымын ұстап тұру;
      7) жанғыш заттармен жұмыс істеуге байланысты технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру;
      8) жеке үй-жайда немесе ашық алаңқайда өрт қауіпті жабдықты орнату;
      9) жанғыш заттарды үй-жай немесе құрылғы көлеміне шығуын болдырмайтын, үй-жайда жанғыш ортаның пайда болуын болдырмайтын өндірістік жабдықтарды қорғау құрылғысын қолданып;
      10) үй-жай, технологиялық жабдық және коммуникациядан өндірістің өртқауіпті қалдықтарын, шаң, мамық жиналуын жойып қол жеткізіледі.
      13. Жанғыш ортада жану көздерінің пайда болу жағдайларын болдырмауға мына тәсілдермен:
      1) жарылыс қауіпті және (немесе) өрт қауіпті аймақ класына, жарылыс қауіпті қоспа санаты мен тобына сәйкес келетін электр жабдығын қолданып;
      2) құрастырылымға электр қондырғысы және жану көздерінің пайда болуына алып келетін басқа құрылғылардың қорғаныш ажыратудың жылдам әсер ететін құралдарын қолданып;
      3) статикалық электрдің пайда болуын болдырмайтын технологиялық процестерді жүргізудің жабдықтары мен режімін қолданып;
      4) ғимарат, имарат және жабдықты жайдан қорғау құрылғысымен;
      5) жанғыш ортамен байланыста болатын заттар, материалдар және беттердің қызуының қауіпсіз температурасын ұстап;
      6) жанғыш ортада ұшқын разрядының энергиясын қауіпсіз мәнге дейін шектеу тәсілдері мен құрылғысын қолданып;
      7) тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдармен жұмыс істеген кезде, ұшқынға қауіпсіз аспапты қолданып;
      8) заттар, материалдар және бұйымдардың жылу, химиялық және (немесе) микробиологиялық өздігінен жануы үшін жағдайларды болдырмау;
      9) пирофор заттардың ауамен байланысын болдырмау;
      10) жанғыш ортаны жану көзінен оқшаулау (оқшауланған бөлік, камера, кабинаны қолданып) қол жеткізіледі.
      14. Жану көздері параметрінің қауіпсіз мәндері оның ішінде айналатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштері негізінде технологиялық процесті жүргізу шартында анықталады.

3.1.2. Өрттен қорғау жүйесіне қойылатын талаптар



      15. Адамдар мен мүлікті өрттің қауіпті факторының әсерінен қорғау және (немесе) оның салдарын шектеуге мына тәсілмен қол жеткізіледі:
      1) көлемдік-жоспарлық шешімдерді және ошақтан тыс өрттің таралуын шектеуді қамтамасыз ететін құралдарды қолданып;
      2) өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіру талаптарын қанағаттандыратын эвакуация жолдары құрылғысымен;
      3) өртті анықтау, өрт кезінде адамдарды хабарландыру және көшіруді басқару жүйесі құрылғысымен (өрт сигнал беру жабдығы қондырғысы және жүйесі);
      4) өрттің қауіпті факторы әсерінен адамдары ұжымдық қорғау жүйесі (оның ішінде түтінге қарсы) және жеке қорғау жүйелерін қолдану;
      5) ғимараттардың, имараттардың және құрылыстардың талап етілетін отқа төзімділігі дәрежесіне және оның құрылымдық өрт қауіпсіздігі класына сәйкес келетін отқа төзімділік шектерімен және өрт қауіпсіздігі кластарымен, сондай-ақ көшіру жолдарында құрылыс құрастырылымдарының беткі қабаттарының (әрлеу, қаптама және оттан қорғау құралдары) өрт қауіпсіздігін шектеумен негізгі құрылыс құрастырылымдарын қолдану;
      6) құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділік шектерін арттыру үшін оттан қорғау құрамдарын (соның ішінде антипиренттерді және оттан қорғау бояуларын) қолдану;
      7) өртке қауіпті сұйықтықтарды апаттық төгу және жанғыш газдарды аппаратурадан апаттық жою құрылғылары;
      8) жарылысқа қарсы қорғау жүйелерінің технологиялық жабдығына орнату;
      9) өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қолдану;
      10) өрт сөндірудің автоматты қондырғыларын қолдану;
      11) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру.
      16. Әрбір ғимараттар мен имараттарда өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіруді қамтамасыз ететін эвакуациялық жолдарды көлемдік-жоспарлық шешу және құрастырылымдық орындау болуға тиіс. Адамдарды қауіпсіз көшіру мүмкін болмаған жағдайда, ұжымдық қорғау жүйелерін қолдану арқылы оларды қорғау қамтамасыз етілуге тиіс.
      17. Адамдарды қауіпсіз көшіруді қамтамасыз ету үшін:
      1) көшіру жолдары мен шығатын жолдардың қажетті санын және оларды тиісті құрылымдық орындау белгіленуге;
      2) Эвакуация жолдарымен және эвакуациялық шығу жолдары арқылы адамдардың еркін қозғалуы қамтамасыз етілуге;
      3) адамдарға хабарландыру тарату және олардың көшіру жолдарымен қозғалуын басқару (соның ішінде жарық көрсеткіштерін пайдаланып, дыбыстап және сөйлеп хабарландыру) ұйымдастырылуға тиіс.
      18. Егер өрт анықталған сәттен бастап адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру процесі аяқталғанға дейінгі уақыт аралығы өрт кезінде адамдарды көшірудің қажетті уақытынан аспаса, өрт кезінде адамдарды ғимараттардан, имараттардан және құрылыстардан қауіпсіз көшіру қамтамасыз етілді деп есептеледі.
      Қажетті және есептеу уақыты, сондай-ақ адамдарды кедергісіз және өз уақытында көшіру шарттары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.
      19. Өрттің қауіпті факторлары әсерінен адамдарды ұжымдық қорғау жүйелері мен жеке қорғау құралдары өрттің қауіпті факторлары әсер ететін барлық уақыт ішінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
      20. Адамдарды ұжымдық қорғау жүйелері өрттің даму және өртті сөндіру уақыты немесе өртке қауіпті аймаққа адамдарды көшіруді қажетті уақыт ішінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Осы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі ғимараттардағы, имараттардағы және құрылыстарда қауіпсіз аймақтарды көлемдік-жоспарлық және құрастырылымдық орындау арқылы (соның ішінде түтіндемейтін саты торларын салу арқылы), сондай-ақ өрттің қауіпсіз факторлар әсерінен көшіру жолдарына адамдарды техникалық қорғау құралдарын пайдалану арқылы қол жеткізілуге тиіс.
      21. Адамдарды жеке қорғау (соның ішінде көру және тыныс алу органдарын қорғау) құралдары қауіпсіз аймаққа адамдарды көшіруді қажетті уақыт ішінде немесе өрт сөндіру жөнінде арнайы жұмыстар жүргізуге қажетті уақыт ішінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Адамдарды жеке қорғау құралдары эвакуацияланатын және құтқарылатын адамдарды қорғау үшін де, сол сияқты өрт сөндіруге қатысатын өрт сөндірушілерді қорғау үшін де қолданылуға тиіс.
      22. Ғимараттарды, имараттарды және құрылыстарды тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарымен, сондай-ақ құтқару құрылғыларымен қамтамасыз ету қажеттігі осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.
      23. Ғимараттарды, имараттарды немесе құрылыстарды түтінге қарсы қорғау жүйесі көшіру жолдарында және қауіпсіз аймақтарда қауіпті өрт факторлары әсерінен адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіруді қажетті уақыт ішінде немесе өрттің дамитын барлық уақыты және жанатын және термикалық бөлшектенетін өнімдерді жою және (немесе) олардың таралуының алдын алу арқылы өртті сөндірудің барлық уақытында адамдарды қорғау қамтамасыз етілуге тиіс.
      24. Түтінге қарсы қорғау жүйесі:
      1) өрт кезінде түтіндеумен күресу үшін ғимараттар мен имараттарды көлемдік-жоспарлау орындауды;
      2) өрт кезінде түтіндеумен күресу үшін ғимараттар мен имараттарды құрастырылымдық орындауды;
      3) қорғалатын үй-жайларда, тамбур-шлюздерде және саты торларында ауаның артық қысымын жасау үшін ағынды түтінге қарсы желдетуді;
      4) жану және термикалық бөлшектену өнімдерін жою үшін механикалық және табиғи сору түтінге қарсы желдету құрылғылары мен құралдарын қолданып, қорғау тәсілдерін қарастыруға тиіс.
      25. Ғимараттар мен құрылымдарды түтіннен қорғау жүйелері осы Техникалық регламенттің, мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      26. Ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда ғимараттардың, имараттардың, құрылыстардың отқа төзімділігінің талап етілетін дәрежесіне және олардың құрастырылымдық өрт қауіпсіздігі класына сәйкес келетін отқа төзімділік шектерімен және өрт қауіпсіздігі кластарымен негізгі құрылыс құрастырылымдары қолданылуға тиіс.
      27. Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың қажет етілетін отқа төзімділік дәрежесі және олардың құрастырылымдық өрт қауіпсіздігі класы осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді.
      28. Құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділігі және өрт қауіпсіздігі класы олардың құрастырылымдық орындалуы, тиісті құрылыс материалдарын қолдану, сондай-ақ оттан қорғау құралдарын пайдалану есебінен қамтамасыз етілуге тиіс.
      29. Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесіне байланысты таңдалатын құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділігінің талап етілетін шектері осы Техникалық регламентінің 5-қосымшасының 1-кестесінде берілген.
      30. Өрттің өрт ошағы шегінен тыс таралуын шектеу мынадай тәсілдермен:
      1) өртке қарсы бөгеттер салу;
      2) өрт бөліктерін және секцияларын салу, сондай-ақ ғимараттардың, имараттар мен құрылыстардың қабаттарын шектеу;
      3) өрт кезінде қондырғылар мен кәріздерді апаттық ажырату және қайта қосу құрылғыларын қолдану;
      4) өрт кезінде сұйықтықтардың төгілуі мен ағуының алдын алатын немесе шектейтін құралдарды қолдану;
      5) жабдық ішіне отты бөгейтін құрылғыларды қолдану;
      6) өрт сөндіру қондырғыларын қолдану тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
      31. Қалаларды, елді мекендерді және шаруашылық объектілерін ұялы өрт техникасы сапта тұруға тиісті өртке қарсы қызмет бөлімшелері қорғауға тиіс.
      32. Ғимараттарды, құрылымдарды және құрылымдарды жобалау, кеңейту, қайта құрастыру, оларды салудың технологиялық процесін өзгерту кезінде осы Техникалық регламенттің, сондай-ақ "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің , "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылымдарды автоматты өрт сөндіру жүйелерімен және автоматты өрт сигналымен жабдықтау жөніндегі талаптар, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды көшіруді басқару" техникалық регламентінің , Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілетін санитарлық нормалар мен ережелердің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптары сақталуға тиіс.
      33. Өрт сөндіруді автоматты қондырғылар үй-жайда (ғимаратта):
      1) өрттің қауіпті факторларының сыни мәндері туындағанға дейін;
      2) құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділігі шектері пайда
болғанға дейін;
      3) қорғалатын мүлікке ең үлкен жол берілетін зиян тигенге дейін;
      4) технологиялық қондырғыларды бұзу қаупі туындағанға дейін өртті жоюды қамтамасыз етуге тиіс.
      34. Автоматты өрт сөндіру қондырғысының типі, өрт сөндіретін құралдың түрі және оны өрт ошағына беру тәсілі жанғыш материалдың, ғимаратты немесе құрылымды көлемдік-жоспарлық орындау түріне және қоршаған орта параметрлеріне байланысты анықталады.
      35. Өртті анықтау (өрт сигнализациясы қондырғылары мен жүйелері), өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды көшіруді басқару жүйелері нақты объект жағдайларында адамдарды қауіпсіз (жол берілетін өрт қаупін ескеріп) көшіруді ұйымдастыру мақсатында өрт туралы хабарлау жүйелерін қосуға қажетті уақыт ішінде өртті автоматты анықтауды қамтамасыз етуге тиіс.
      36. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін қызмет көрсетуші қызметкерлердің өртті жою қажеттігі жағдайларына сүйеніп алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуға тиіс.
      Ғимараттардағы, құрылымдардағы және құрылыстардағы алғашқы өрт сөндіру құралдарының номенклатурасы, саны мен орындары жанғыш материалдың, ғимаратты немесе құрылымды көлемдік-жоспарлық орындау түріне және қоршаған орта параметрлері мен қызмет көрсететін қызметкерлердің орналасқан орындарына байланысты анықталады.
      37. Ықтимал өрттерді жою үшін жеке меншік түріне қарамастан ұйым аумағында, ғимараттарында, құрылымдары мен құрылыстарында өртке қарсы сумен жабдықтау көздері болуға тиіс.
      38. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздері ретінде табиғи және жасанды су қоймаларын, сондай-ақ ішкі және сыртқы су құбырын (соның ішінде ауыз су, шаруашылық-ауызсу, шаруашылық және өртке қарсы) пайдалану керек.
      39. Табиғи су қоймаларын, жасанды су қоймаларын және өртке қарсы су құбырын пайдалану қажеттігі, сондай-ақ олардың параметрлері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет