Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жылыту және желдету жүйелерін күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары



бет7/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.36 Mb.
#170012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
3.5.6. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жылыту және желдету жүйелерін күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

      413. Жылыту және желдету жүйелері дұрыс жұмыстық күйінде болуға тиіс.
      414. Жылу өндіретін аппараттардың жану өнімдері ғимараттар мен құрылымдар шетіне осы мақсаттар үшін арнайы тағайындалған түтін арналары арқылы жойылуы қажет. Түтін арналары ретінде желдету жүйесінің ауа арналарын пайдалануға тыйым салынады.
      415. Түтін арнасының құрастырылымында оларды күйеден кезеңдік тазартуға арналған технологиялық тесіктер қарастырылуға тиіс.
      416. Жылу өндіргіш аппараттардың күлдіктерін еден астындағы алшақтық кеңістігімен қосуға тыйым салынады.
      Жылу өндіргіш аппараттардың күлдіктерін жертөлелік және цокольдық үй-жайлармен қосуға жанбайтын материалдардан жасалған арналар көмегі кезінде ғана рұқсат етіледі.
      417. Қатты отынмен жұмыс істейтін жылу өндіргіш аппараттардың от жағатын есігі астындағы жанғыш материалдардан жасалған еден пеш жанындағы оның ұзындығында орналасқан тесіктерсіз 0,5 х 0,7 м кем болмайтын өлшемдегі оттық алдындағы металл табақпен қорғалған болуға тиіс.
      418. Қаңқалы пештер астындағы жанғыш едендер балшық ерітіндісіне көлденең төселген кірпіштердің бір қатарымен немесе үстінде төбе жабатын болаттан жасалған қаптамасы болатын, қалыңдығы 12 мм кем болмайтын таскендір картонмен оқшаулануға тиіс, мұндайда пеш түбінен еденге дейінгі арақашықтық 100 мм кем болмауы керек.
      419. Сұйық отынмен жұмыс істейтін аппараттар апаттық төгілу кезінде отын бәгінде болатын отынның барлық мөлшерін араластыратын металл тұғырыққа орнатылуы керек. Аталған тұғырық құммен немесе басқа жанбайтын аптағышпен толтырылуға тиіс.
      420. Тұрғындық үй-жайларда тұтану температурасы 40 o С төмен болатын сұйық отынмен жұмыс жасайтын жылу өндіргіш аппараттарды, сондай-ақ жылыту жүйелерінде жылу тасымалдағыш ретінде ыстық сұйықтықтарды пайдалануға тыйым салынады.
      421. Сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылу өндіргіш аппараттардың бұзылмаған есіктері және жанғыш құрастырылымдардан нормалармен белгіленген өртке қарсы өңдеулері болуы (жылжулар) қажет.
      Жылыту қазандықтары мен жылу өндіргіш қондырғылардың әрбір бүріккішіне арналған отын жетегінде екеуден кем болмайтын шұрасы болуы керек: біреуі — пештің оттығы жанында, екіншісі - отын салынған сыйымдылық жанында.
      Қандай да бір бұзылуы немесе бүлінуі (оның ішінде жылу беретін беттердегі күюлер және жарылулар) болатын жылу өндіргіш аппараттарды пайдалануға тыйым салынады.
      422. Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа элементтері тікелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ көлемінде:
      1) үш айда бір реттен кем болмай - жылыту пештері үшін;
      2) екі айда бір реттен кем болмай - үздіксіз әрекеттегі пештер мен ошақтар үшін тазартылуға тиіс.
      Асхана плиталары және үздіксіз (ұзақ мерзімде) от жағылатын басқа пештер айына бір реттен кем болмай тазартылып тұруы керек.
      423. Елді мекендерде ұйымдарды және тұрғын үйлерді жылыту үшін қолданылатын орталық от қазандықтарын пайдаланған кезде:
      1) жұмысқа арнайы оқудан өтпеген және тиісті біліктілік куәліктерін алмаған тұлғаларды жіберуге;
      2) сұйық отынды осы мақсаттар үшін тағайындалмаған үй-жайларда сақтауға;
      3) жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;
      4) отынның берілу жүйелерінен сұйық отын аққан немесе газдың кемуі кезінде жылу өндіргіш қондырғыларды пайдалануға;
      5) жанбайтын бүріккіштер немесе газды жанарғылар кезінде оттықтарды алдын ала үрлеусіз қондырғыны жағуға және отын беруге;
      6) бақылау және реттеу аспаптарының құрастырылымында
қарастырылған жылу өндіргіш қондырғылар болмаған, бұзылған немесе
сөндірілген кезде жұмыс істеуге;
      7) жанғыш материалдарды от қазандықтарында немесе бу өткізгіштерде кептіруге тыйым салынады.
      424. Отпен жылытуды пайдалану кезінде:
      1) жағылатын пешті қараусыз қалдыруға;
      2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;
      3) қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
      4) пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;
      5) үй-жайларда көпшілік адамдардың болуымен онда іс-шаралар өткізу уақытында пеш жағуға;
      6) пешті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген уақыттан артық жағуға;
      7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, ағаш) пештер мен түтіндіктердің беттерінен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептіруге тыйым салынады.
      425. Пештің оттығынан алып шыққаннан кейінгі қыздырылған және бықсыған материалдар болатын күл және қож өрттің туындау мүмкіндігін болдырмайтын, олар үшін арнайы қашықтатылған жерге әкетіліп, су құйылуы керек.
      426. Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердің оттығының саңылауларына дейін 1,25 м болатын және пештің басқа қыздырылатын бөліктеріне дейін 0,7 м кем болатын арақашықтықта орналастыруға тыйым салынады.
      427. Қатты отынмен жұмыс істейтін от қазандығы қондырғыларының түтіндік құбырлары осы мақаланың талаптарына сәйкес ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуға және күйеден тазартылуға тиіс.
      428. Ауаарналардағы автоматты от тұтқыш құрылғылар (қалқалағыштар, сұқпажапқыштар, клапандар), автоматты өрт сигналын беретін немесе өрт сөндіру құрылғылары болатын желдету жүйелерінің бұғаттау құрылғылары, өрт кезінде желдетуді автоматты сөндіру құрылғылары дұрыс күйінде ұсталуға тиіс.
      Автоматты от тұтқыш құрылғылар жетегінің сезімтал элементтері (тез балқитын құлыптар, тез жанатын өндірмелер, жылу сезгіш элементтер) ластанудан тазартылған болуы керек.
      429. Сауда мекемелерінің ғимараттарымен құрамдас от қазандықтарын қатты отыннан сұйық отынға ауыстыруға рұқсат етілмейді.
      430. Отын (өздігінен лапылдап жанатын көмір) осы үшін арнайы бейімделген үй-жайларда немесе жанатын құрылыстардан 8 м жақын болмай орналасқан, арнайы бөлінген алаңдарда сақталуға тиіс.
      431. Зауытта дайындалған пештерді кәсіпорынның жатақхана, әкімшілік, қоғамдық және қосалқы ғимараттарының үй-жайларында, тұрғын үйлерде орнатқан кезде, дайындаушы-кәсіпорынның өнімнің осы түрлеріне арналған нұсқаулық талаптары, сондай-ақ жылыту жүйелеріне қойылатын жобалау нормаларының талаптары орындалуға тиіс.
      432. Уақытша металл пештерді орнатқан кезде, мынадай өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуы керек:
      1) металл пештердің табандарының биіктігі 0,2 м кем болмауы керек;
      2) металл пештер мыналардан кем болмайтын арақашықтықта орнатылуға тиіс:
      1 м - ағаш құрастырылымдардан, жиһаздан, тауарлардан, көрмелерден, сөрелерден, сатушы үстелдерінен және басқа жабдықтардан;
      0,7 м - лапылдап жанудан қорғалған құрастырылымдардан;
      1,25 м - оттық саңылауларынан бастап ағаш құрастырылымдары мен басқа жабдықтарға дейін.
      433. Металл түтіндік құбырларды терезе арқылы шығарған кезде, оған өңдеуді ауыстыратын өлшемі түтіндік құбырдың үш диаметрінен кем болмайтын төбе жабатын темірден жасалған жайма қоса салынуға тиіс.
      Құбырдың ұшы ғимараттың қабырғасына 0,7 м кем болмай орнатылып, биіктігі 0,5 м қысқа құбырдан жоғары бағытталуы қажет.
      Жоғарғы қабаттан шығарылған қысқа құбыр ернеуден 1 м кем болмай шығып тұруға тиіс. Қысқа құбырға қақпақ орнатылуы керек.
      434. Ауаны желдету және баптау жүйелерін пайдалану кезінде:
      1) желдету камераларының есіктерін ашық қалдыруға;
      2) сору арналарын, саңылаулар мен торларды жабуға;
      3) ауаарналарға газбен жылытылатын аспаптарды қосуға;
      4) ауаарналарда жиналып қалған майлы тұнбаларды, шаң немесе басқа жанғыш заттарды жағып жіберуге тыйым салынады.
      435. Желдету камералары, циклондар, сүзгілер, ауаарналар жанғыш
шаңдардан және өндіріс қалдықтарынан тазартылуға тиіс.
      436. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті өндірісі (қондырғылары) болатын үй-жайлардағы технологиялық жабдық жұмысына бұзылған және сөндірілген гидравликалық, құрғақ сүзгілер, шаң ұстайтын және желдету (шаң-тозаң соратын) жүйелерінің басқа құрылғыларында тыйым салынады.
      437. Жанатын шаңды, талшық және қатты қоспалары болатын басқа қалдықтарды кетіретін желдеткіштерге қатты денелер түсіп кетуін болдырмау үшін, олардың алдына тас ұстағыштар, ал металл заттарды алып тастау үшін - магнитті айырғыштар орнатылуға тиіс.
      438. Пневматикалық көліктің құбыр желілерінде және жергілікті сору жүйелерінің ауаарналарында кезеңдік қарау, тексеру және өрт туындаған жағдайда, оны сөндіру үшін, тығыз жабылатын люктер қарастырылуы керек.
      439. Байқау люктері бір-бірінен, сондай-ақ үштіктерден, бұрылыстарда, құбыр желілерінің қабырғалар мен аражабындар арқылы өтетін жерлерінде 15 м-ден артық болмай орналастырылуы керек.
      440. Машиналар мен агрегаттардың шаңды кетіретін құрылғыларынан кетірілетін ауаны тазартуға арналған сүзгілер оқшауланған үй-жайларда орнатылуға тиіс.
      441. Жабдықтан бөлінетін шаң болған ауаны қайта айналдыру кезінде сүзгілердің көмегімен екі сатылы тазартуға түсуі керек.

3.5.7. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың инженерлік жабдығын күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары



      442. Ғимараттар мен құрылымдардағы сыпырынды тастайтын жерлерде жобада қарастырылған клапандар болуы керек. Клапандар үнемі жабық, ақаусыз күйінде және жабылғанда нығыздауы болуы керек.
      443. Қоқыс жинағыштардың камераларының есіктері үнемі құлыппен жабылуы қажет.
      444. Ғимараттар мен жер үстіндегі құрылымдардағы лифтілер мен көтергіштер (өрт сөндіру лифтілерін қоспағанда) өрт шыққан кезде бірінші қабатқа автоматты түрде түсірілуге, ал жерасты имараттарында - жоғарғы қабатқа көтеріліп тоқсыздануға тиіс.
      445. Жерасты құрылымдарындағы эскалаторлар өрт шыққан кезде, адамдарды үстіңгі бетке көтеру режиміне автоматты түрде ауыстырылып қосылуы керек.
      446. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар жобада қарастырылған найзағайдан қорғайтын ақаусыз құрылғылармен жабдықталуы керек.
      Найзағайдан қорғау құрылғыларының жерге қосатын құрылғысының электрлік кедергісін өлшеу жылына бір реттен кем болмай өткізілуге және тиісті актімен ресімделуге тиіс. Жерге қосатын құрылғысының электрлік кедергісін өлшеуді білікті мамандар немесе мамандандырылған ұйым жүргізуге тиіс.
      447. Тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш газдар айналатын, сақталатын немесе қайта өңделетін ғимараттардың ішінде және ашық кеңістікте орналасқан технологиялық аппараттардың барлық металл құрастырылымдарын, сұйыққоймаларды, газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдерін өткізгіштерді және басқа құрылғыларды қайта пайда болатын найзағайдан және статикалық электр зарядтарынан қорғау үшін қорғанышты жерге қосуы болуы керек.
      448. Қызметкерлер құрамын электр тоғынан қорғау немесе найзағайдан қорғау үшін тағайындалған жерге қосатын құрылғыларды статикалық электр тоғын бұру үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
      449. Ғимараттарда, құрылымдарда орналастырылған технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерінің, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар мен эстакадаларының "Қазақстан Республикасының электрлік қондырғыларын орнату ережелерінің" талаптарына сәйкес қорғанышты жерге қосуы болуға тиіс.
      Ғимараттар мен құрылымдардың технологиялық құбыр желілерін жерге қосатын (нөлдеу) өткізгіштер ретінде пайдалануға тыйым салынады.
      450. Металл эстакадалар және соларға салынған металл құбыр желілері эстакаданың басында және соңында, сондай-ақ олардың ұзындығы бойынша 300 м сайын өзара және қорғанышты жерге қосу құрылғыларымен жалғануы керек.
      451. Ток бұрғыштарды өзара, жерге қосатын құрылғылармен және технологиялық аппараттармен қосу пісіру көмегімен орындалуға тиіс. Кейбір жағдайларда, оларды бұрандамалармен қосуға рұқсат етіледі, мұндайда жерге қосушы құрылғылардың түйісу беті металл жылтырақтардан тазартылған және қорғасынмен қапталған қалайы қорытпасы болуы керек.
      452. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық процесінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш булар мен газдар айналатын кәріз желісі гидравликалық ысырмалармен қамтамасыз етілген болуы қажет. Әрбір гидравликалық ысырмадағы сұйықтық қабаты 0,25 м кем болмайтын биіктікте болуы керек. Гидравликалық ысырмалар құрастырылымы олардың кезеңдік тазартылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
      453. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қолданылатын ғимараттар мен имараттардың жаңбыр ағатын құбыр желілері, өндірістік және біріктірілген кәріздік жүйелер бойымен ұшқын таралуын болдырмайтын гидравликалық ысырмалар (сифондар) үнемі ақаусыз күйінде болуға тиіс.
      Ақауы және дұрыс орындалмаған гидравликалық ысырмалары болатын кәріздік жүйелерді пайдалануға тыйым салынады.
      454. Технологиялық процестерінде тез тұтанатын және жанғыш
сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш булар мен газдар айналатын кәсіпорындардың өндірістік және біріктірілген кәріздік жүйелері ұзына бойына жабық болуы керек.
      Кәріздердің байқау құдықтары үнемі қақпақтармен жабылған және 0,1 м қабат құм төгілген болуы қажет.
      455. Аумағында ғимараттар, құрылымдар және (немесе) А н , Б н және В н санатты сыртқы технологиялық қондырғылар орналастырылған кәсіпорындардың өндірістік және біріктірілген кәріздік жүйелері жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша 40 о С аспауға тиіс.
      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды кәріз жүйелеріне ағызуға тыйым салынады (оның ішінде апат кездерінде).
      456. Газ баллон қондырғыларын орналастыру және пайдалану, оның ішінде адамдар тұруға арналған ғимарат ішінде орналастыру газ шаруашылығындағы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес іске асырылуы керек.
      457. Тұрмыстық газ аспаптарын пайдаланған кезде, жиһазды және басқа жанғыш материалдарды орналастыру жақындау вертикаль бетке дейінгі көлденеңінен 0,2 м кем болмайтын және осы бұйымдарға жақындау ілінген көлденең бетінің үстіне дейінгі вертикаль бойынша 0,7 м кем болмайтын арақашықтықта іске асырылуға тиіс.
      458. Объектілерде құрылыс, күрделі жөндеу, қайта жаңарту және (немесе) техникалық қайта жабдықтау аяқталғаннан кейін, пайдалануға енгізілетін тұрмыстық және өнеркәсіптік аспаптарға оны жағу үшін газ келтіретін құбыр желілері өрт кезінде үй-жайда 100 о С орта температурасына жеткен кезде, газ құбырын автоматты түрде жабатын жылу сезгіш ілгекті құрылғылармен (клапандармен) жабдықталуы қажет. Аталған құрылғылар (клапандар) газ құбырындағы сөндіру құрылғыларының, газ есептегіштің және басқа құбыр желісінің арқауы алдында тікелей үй-жайда барынша ықтимал биіктікте орнатылуға тиіс.
      459. Жылу сезгіш ілгекті құрылғыларды (клапандарды) орнатпауға рұқсат етіледі:
      1) отқа төзімділік деңгейі V ғимараттарда, сондай-ақ ғимараттың шетінде орналасқан газ құбырлары электр магнитті және газ талдағыш немесе автоматты өрт сигнал бергіші іске қосылған кезде, газ құбырын жабатын клапанмен жабдықталған ғимараттарда;
      2) газ құбырлары электрмагниттік клапанмен жабдықталған, ал газ жағуға арналған қондырғылары болатын үй-жайлары автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қорғалған қауіпті өндірістік объектілер ғимараттарында.
      460. Тұрмыстық газ аспаптарын (оның ішінде асхана плиталары, су жылытатын қазандар, газ мұнаралары) газбен жабдықтауға арналған газ баллондар (жұмыстық және қосалқы) ғимараттан тыс жапсарлас салынған үйлерде және ғимаратқа, цокольдық және жертөле қабаттарына кіретін жерлерден 5 м кем болмайтын арақашықтықтағы қабырғаның бітеу аралық қабырғаларында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылуға тиіс.
      Газ баллондарға арналған жапсарлас салынған үйлер мен шкафтарға құлып салынып, желдету үшін перделері, сондай-ақ "От қауіпті. Газ толтырылған баллон" деген сақтандыру жазбалары болуы қажет.
      461. Ғимараттың немесе құрылымның (оның ішінде жеке тұрғын үйлер, коттедждер, саяжайлар) газ баллондар сақталатын және пайдаланылатын өрт сөндіру бөлігіне кіре берісте "От қауіпті. Газ толтырылған баллон" деген жазу болатын сақтандырғыш өрт қауіпсіздігі белгілері орналастырылуға тиіс.
      462. Ғимараттар мен құрылымдарда орналасқан аммиакты тоңазыту қондырғыларын пайдалану кезінде, "Аммиакты салқындату қондырғыларын орнату және қауіпсіз пайдалану ережелерінің" талаптары сақталуы қажет.
      463. Аммиакты салқындату құрылғыларының машина және аппараттар бөлімінің үй-жайларында газ талдағыштарды сорып-тартатын желдетуді автоматты қосатын және салқындату қондырғыларының сығымдағыштарын автоматты сөндіретін құрылғылары болатын салқындатқыш агент буларымен бұғаттау үнемі ақаусыз күйінде болуға және тиісті актімен немесе арнайы журналдағы жазбамен ресімделіп, жұмыс қабілеттілігі тексерілуге тиіс.
      464. Салқындату қондырғыларына арналған аммиак толтырылған
баллондар ғимараттың немесе құрылымның арнайы қоймалық үй-жайларында
сақталуы қажет.
      Тыйым салынады:
      1) аммиак толтырылған баллондарды салқындату қондырғыларының машина бөлімдерінде сақтауға тыйым салынады;
      2) аммиак болатын құбыр желілерін эвакуация жолдары бойынша, лифтілер мен көтергіштер шахталарында, сондай-ақ жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В1-В4 санатты үй-жайлар арқылы төсеуге.
      465. Аммиакты салқындату қондырғыларының машина және аппараттар бөлімдерінің үй-жайларын жарылыс кезінде (оның ішінде оңай тасталатын құрастырылымдар, сындырылған панельдер, арнайы шынылау, терезе блоктарының ашылатын фрамугалары) қираудан қорғауға арналған құрылғылар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес болуға және ақаусыз күйінде ұсталуға тиіс.
      Салқындату камераларының және салқындатқыш агрегаттардың үй-жайларын тікелей тағайындалымынсыз пайдалануға тыйым салынады.
      466. Ғимараттар мен құрылымдарда оларда көпшілік адамдардың қатысуымен іс-шаралар (оның ішінде спорттық және мәдени ойын-сауық іс-шаралары) өткізу уақытында аммиакты салқындату қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге тыйым салынады.
      467. Аммиак толтырылған баллондар жұмыс істейтін жылыту аспаптарынан 5 м кем болмайтын арақашықтықта орналастырылуға тиіс. Аммиак толтырылған баллондарды жүйені толтыруды тездету үшін қыздыруға тыйым салынады.
      468. Салқындату камераларының өртке қарсы белдіктерінде тесіктер салуға, түтіктер өткізуге, бекітулер орнатуға, сондай-ақ оларды жанғыш материалдармен қаптауға тыйым салынады.
      469. Салқындатқыш агрегаттарды салқындату камераларының
тамбурларында орналастыруға тыйым салынады.
      Салқындатқыш қондырғыларды камераларын тұздықпен салқындатып орналастыруға басқа үй-жайлардан сыртқа шығатын немесе дәліз арқылы есіктермен бөлінген шығу болатын машина бөлімінде ғана рұқсат етіледі.
      470. Пайдалану және жөндеу процесінде жобада қарастырылған салқындату камераларының жанбайтын жылу оқшаулауын жанатын жылу оқшаулауына ауыстыру жүргізуге тыйым салынады.

3.5.8. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары



      471. Өртке қарсы табиғи және жасанды сумен жабдықтау көздері (оның ішінде өртке қарсы су құбыры, өрт сөндіру су қоймалары, өрт сөндіру мақсатына арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай-ақ суды жинау үшін оларға кіре берістер үнемі ақаусыз күйде ұсталуға тиіс.
      472. Өртке қарсы су құбыры желілерінің, өрт сөндіру гидранттары мен өрт сөндіру крандарының, тиісінше, жылына екі реттен кем болмай су жібергіштігі мен жұмыс қабілеттілігі тексерілуге тиіс (көктемде және күзде).
      473. Өрт сөндіру гидранттары ақаусыз күйінде болуға, ал қысқы уақытта жылытылған және қар мен мұздан тазартылуға тиіс.
      474. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне апаратын жолдар және кіре берістер оларға өрт сөндіру техникасының жылдың кез келген мезгілінде өтуін қамтамасыз етуге тиіс.
      Өрт сөндіру гидранттарының құдықтарының қақпақтарында автокөлік тұрағына тыйым салынады.
      475. Су құбыры желісі учаскелері сөніп қалған, гидранттар бұзылған немесе желіде қысым қажеттіден темен болып азайған кезде, су арнасының (елді мекендердің су құбыры желілері бойынша) диспетчері немесе өртке қарсы сумен жабдықтау үшін жауапты тиісті ұйымның (ұйымның немесе кәсіпорынның су құбыры желілері бойынша) жауапты тұлғасы бұл туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органына хабарлауға тиіс.
      476. Өртке қарсы сумен қамту көздерінің (оның ішінде өрт сөндіру гидранттарын, өрт сөндіру су қоймаларын), өрт сөндіру машиналарын орнатуға арналған пирстардың болу орындарын, өрт сөндіру машиналарын ғимараттар мен құрылымдардың өрт сөндіретін құрғақ құбырларына қосу орындары, сондай-ақ қозғалысты олардың болатын жерлеріне бағыттау "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, қауіпсіздік таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар" атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленген болуға тиіс.
      477. Өрт сөндіру гидрантын орналастыру орнында нұсқағыштан бастап гидрантқа дейін метрмен және құбыр желісінің ішкі диаметріне дейін миллиметрмен арақашықтықты цифрлық мәндермен әріптік "ӨГ" индексі салынған жарық түсіретін немесе флуоресцентті нұсқағыш орнатылған болуы керек.
      Өрт сөндіру су қоймасында шаршы метрлерде су қорының цифрлық мәндерімен, әріптік "ӨС" индексі және бір мезгілде су қоймасы алаңында қойылуы мүмкін өрт сөндіру автомобильдерінің саны салынған ұқсас нұсқағыш орнатылуға тиіс.
      478. Өртке қарсы ішкі су құбырының өрт сөндіру крандары 1,35 м биіктікте орнатылып, түтік құбырлар мен ұңғымалар жиынтықталып және пломбаланатын өрт сөндіру шкафтарына жабылып қойылуы керек.
      Шкафтың есігінде әріптік "ӨК" индексі, жақын өрт сөндіру бөлімінің телефон нөмірі көрсетіледі.
      Өрт сөндіретін түтік құбырларды құрғақ, жақсы шиыршықталған  және крандар мен ұңғымаларға жалғанған күйінде күтіп ұстау қажет.
      Өрт сөндіру крандарының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, 6 айда бір реттен кем болмай оларды тексеру жүргізілуге, су жіберу және түтік құбырларды жаңадан ширату іске асырылуға тиіс.
      479. Сорғы стансасының үй-жайларында өртке қарсы сумен
жабдықтаудың жалпы сұлбасы және сорғыларды байлау сұлбасы ілінуі керек.
      Әрбір ысырмада және өрт сөндіргіш сорғы-көтергіште олардың тағайындалымы көрсетілуге тиіс.
      Сорғы-көтергіштерді қосу тәртібі техникалық нұсқаулықтарда анықталуға тиіс.
      Елді мекендердің өртке қарсы су құбырларының сорғы стансаларының үй-жайларында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органымен тікелей телефон байланысы болуы керек.
      480. Кәсіпорынның электрмен жабдықтауы өрт сөндіру сорғыларының электр қозғалтқыштарының үздіксіз қоректенуін қамтамасыз етуге тиіс.
      481. Су өлшегіш құрылғылардың суландыру желілерінде орнатылған электржетек болатын ысырмалар жылына екі реттен кем болмай, ал өрт сөндіру сорғылары - ай сайын тексерілуі қажет.
      482. Объекті аумағында немесе оған жақын жерде (200 м радиуста) табиғи немесе жасанды су көздері (өзендер, көлдер, бассейндер, градирнялар) болған кезде, оларға жылдың кез келген уақытында өрт сөндіру автомобильдерін қою және су жинау үшін, өлшемі 12 х 12 м кем болмайтын қатты төсемі болатын алаңдары (пирстары) болатын кіре берістер салынуға тиіс.
      483. Жасанды су қоймаларды, су көздеріне кіре берістер мен су жинағыш құрылғыларды үнемі дайындықта ұстау тиісті кәсіпорындарға жүктеледі.
      484. Су қыспақты мұнаралар жылдың кез келген уақытында өрт сөндіру техникасының су жинауына бейім болуы керек.
      Шаруашылық және өндірістік қажеттіктер үшін, өрт сөндіру мақсаттары үшін қолданылатын су қорын пайдалануға тыйым салынады.

3.5.9. Өрт сөндіру техникасын орналастыруға және қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

      485. Объектілерді өрттен қорғауға арналған өрт сөндіру техникасын орналастыру, күтіп ұстау және қызмет көрсету "Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      486. Өрт сигналын беретін және өрт сөндіру қондырғыларын жобалау, құрастыру және пайдалану, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару, сондай-ақ олардың техникалық жағдайын бақылау "Ғимараттарды, имараттар мен құрылыстарды өрт кезінде автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт белгісі беру, адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау бойынша талаптар" атты техникалық регламенттің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес іске асырылуға тиіс.

3.6. Заттар мен материалдарға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

3.6.1. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі туралы ақпаратқа қойылатын талаптар

      487. Заттар мен материалдарды өндіруші өнімді қауіпсіз қолдану үшін қажетті ақпарат болатын техникалық құжаттаманы әзірлеуге міндетті.


      488. Заттар мен материалдарға арналған техникалық құжаттамада (оның ішінде паспорттар, техникалық шарттар) заттар мен материалдардың жарылыс-өрт және өрт қауіпті көрсеткіштері туралы ақпарат болуы қажет.
      Техникалық құжаттамаға қосу үшін міндетті көрсеткіштер мыналар болып табылады:
      1) газдар үшін:
      жану тобы;
      өздігінен тұтану температурасы;
      жалынның таралатын концентрациялық шектері;
      2) сұйықтықтар үшін:
      жану тобы;
      тұтану температурасы;
      жалындау температурасы;
      өздігінен жалындау температурасы;
      жалынның таралатын температуралық шектері;
      3) қатты заттар үшін:
      жану тобы;
      жалындау температурасы;
      өздігінен жалындау температурасы;
      түтіннің түзілу коэффициенті;
      жану өнімдерінің уыттылық көрсеткіші;
      4) бытыраңқы қатты заттар үшін:
      жану тобы;
      жалындау температурасы;
      жалынның таралатын концентрациялық төменгі шегі;
      жарылыстың максималды қысымы;
      жарылыс қысымының үдеу жылдамдығы;
      жарылыс қауіптілігінің индексі.
      Заттар мен материалдардың жарылыс-өрт және өрт қаупі көрсеткіштері туралы қосымша ақпаратты қосу қажеттігін құжаттаманы әзірлеуші анықтауға тиіс.

3.6.2. Ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда құрылыс материалдарын қолдануға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары



      489. Құрылыс материалдары ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда олардың функционалдық тағайындалымына және өрт қауіптілігіне байланысты қолданылады және осы Техникалық регламент, "Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырылымдарының қауіпсіздігі" атты Техникалық регламент , Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      490. Ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда құрылыс материалдарын қолдануға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары осы Техникалық регламенттің 18-қосымшасының кестесінде берілген осы материалдардың өрт қауіптілік көрсеткіштері бойынша белгіленеді.
      491. Құрылыс материалдарына арналған техникалық құжаттамада осы Техникалық регламенттің 18-қосымшасының кестесінде берілген осы материалдардың өрт қауіптілік көрсеткіштері, сондай-ақ оларды пайдаланған көздегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпарат болуы керек.
      492. Тез тұтанатын сұйықтықтар өндірілетін, қолданылатын немесе сақталатын А, Б және В1В санатты Ф5 класының үй-жайларында едендерді жанбайтын материалдан орындау керек.
      Үй-жайларда және эвакуациялау жолдарындағы аспалы төбелердің қаңқаларын жанбайтын материалдардан орындау қажет.
      493. Функционалдық тағайындалымы, қабаттылығы және сыйымдылығы әр түрлі ғимараттардағы эвакуациялау жолдарында сәндік-өңдеу, қаптау материалдары мен еден төсеніштерін қолдану аймағы осы Техникалық регламенттің 19-қосымшасының 1 және 2-кестелерінде берілген.
      494. Ұйықтайтын және палаталық үй-жайларда, сондай-ақ Ф1.1 қосалқы класының балаларға мектепке дейінгі жалпы білім беретін мекемелерінің ғимараттарының үй-жайларында КМ2 қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын сәндік-өңдеу, қаптау материалдары мен еден төсеніштерін қолдануға тыйым салынады.
      495. Балалардың мектепке дейінгі білім беретін мекемелерінде музыка және дене тәрбиесі сабақтары өтетін залдарының қабырғалары мен төбелерін өңдеу КМО класының материалынан орындалуға тиіс.
      496. Физиотерапевтік процедураларға арналған үй-жайларда КМ2 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға тыйым салынады.
      Диагностикаға арналған үй-жайларда КМ3 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға тыйым салынады.
      Операция және жан сақтау үй-жайларында КМ2 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға тыйым салынады.
      497. Класс тармағы Ф1.2 ғимараттардың тұрғындық үй-жайларында КМ4 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ4 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға тыйым салынады.
      498. Класс тармағы Ф2.1 ғимараттардың гардеробтық үй-жайларында КМ1 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ2 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға тыйым салынады.
      499. Оқу залдарында КМ2 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға тыйым салынады.
      500. Кітаптар сақтайтын және мұрағаттық үй-жайларда, сондай-ақ қызметтік каталогтар мен тізімдемелер болатын үй-жайларда қабырғалар мен төбелерді КМО класының материалдарымен өңдеуді қарастыру керек.
      501. Класс тармағы Ф2.2 ғимарат үй-жайларының көрсету залдарында КМ2 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға тыйым салынады.
      502. Би залдарында КМ2 қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және еденге төсеу үшін, КМ2 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қолдануға тыйым салынады.
      503. Класс тармағы Ф3.1 ғимараттардың сауда залдарында КМ2 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға тыйым салынады.
      504. Класс тармағы Ф3.3 ғимараттардың күту залдарында қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін, КМ0 класының материалдарынан орындалуы керек.
      505. Класс тармағы Ф3.4 ғимараттардың процедуралық кабинеттері мен диагностикаға арналған үй-жайларында КМ2 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 класына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға тыйым салынады.

3.6.3. Оттан қорғау құралдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

      506. Технологиялық жабдықты құрастырылымның отқа төзімділік шектерінің артуынан қорғау, жанғыш беттер бойынша жалынның таралуын шектеу үшін, ойықтарды, электр сымдарын қорғау үшін, мынадай оттан қорғау құралдары қолданылуға тиіс: сылақ, қаптау, майлау, лактар, кепкен бояулар.
      Оттан қорғау құралдарын таңдай мынадай есеппен жүргізілуі керек:
      1) құрастырылымның, жабдықтың немесе коммуникациялардың типі, орналасуы, отқа төзімділігіне немесе өрт қауіптілігіне қойылатын талаптар;
      2) жабынды төсеу, пайдалану және ауыстыру технологиясының қажетті мерзімі;
      3) қолданылатын жағдайлардағы жабынның пайдалану сипаттамалары (механикалық әсер, діріл мүмкіндігі);
      4) температуралық-ылғалдылық режимі, агрессивті орта әсері;
      5) жабын есебінен құрастырылымға түсетін жүктеменің артуы;
      6) эстетикалық талаптар;
      7) техника-экономикалық негіздеме.
      507. Оттан қорғау құралдарына арналған техникалық құжаттамада олардың қолданылу саласын, өрт қауіптілігін, бетті дайындау тәсілін, топырақтың түрлері мен маркалары, қорғалатын бетке төсеу тәсілі, кептіру шарттары, осы құралдардың оттан қорғау тиімділігі, қолайсыз климаттық әсерлерден қорғау тәсілі, оттан қорғау жабындарын пайдалану шарттары мен мерзімі, сондай-ақ оттан қорғау жұмыстарын жүргізген кездегі қауіпсіздік шараларын сипаттайтын техникалық көрсеткіштері туралы ақпарат болуға тиіс.
      508. Оттан қорғау құралдарын оттан қорғау қабатына сәндік түр берілуін немесе оның қолайсыз климаттық әсерге орнықтылығын қамтамасыз ететін қосымша жабындары болатын материалдардан қолдануға рұқсат етіледі. Бұндай жағдайда, оттан қорғау тиімділігі осы қабат ескеріліп көрсетілуі керек.
      509. Оттан қорғау құралдарын қолдану саласы және оттан қорғау тиімділігін бағалау әдістері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттар және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталуға тиіс.

3.7. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың құрылыс құрастырылымдарына және инженерлік жабдығына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

3.7.1. Құрылыс құрастырылымдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

      510. Ғимарат, құрылым және құрылыстардың құрылыс элементтерінің құрастырылымдық орындалуы ғимарат, құрылым немесе құрылыс бойынша жалынның жабық түрде таралу себебі болмауға тиіс.


      Құрылыс құрастырылымдарының өзара бекітілген және біріктірілген тораптарының отқа төзімділік шегі түйісетін құрылыс элементтерінің қажетті отқа төзімді минималды шегінен кем болмауға тиіс.
      511. Функционалдық қауіптілігі Ф2 класының ғимараттары, имараттары мен құрылыстары ғимараттарының үй-жайларында еден еңістігі пайда болатын құрастырылымдық элементтер осы ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың қабаттарының арасындағы аражабындарға қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс.
      512. Қоршайтын құрылыс құрастырылымдарының кабельдермен, құбыр желілерімен және басқа технологиялық жабдықпен қиысатын тораптарының осы құрастырылымдар үшін белгіленген қажетті шектерден төмен болмайтын отқа төзімділік шектері болуы керек.
      513. Оттан қорғау құралдарын олардың жағдайын кезеңдік тексеру, ауыстыру немесе қалпына келтіру мүмкіндігін болдырмайтын жерлерде қолдануға тыйым салынады.
      514. Аражабындар мен жабындардың отқа төзімділік шектерін арттыру үшін қолданылатын құрастырылымдық элементтердің отқа төзімділік шегі және өрт қауіптілік класы осы аражабындар мен жабындардың отқа төзімділік шегіне және өрт қауіптілік класына қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек.
      515. Оттың құрылыс құрастырылымдары бойынша таралу шегі Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес болатын әдістеме бойынша есептеумен анықталуға тиіс.
      516. Аспалы төбелері болатын үй-жайлардағы өртке қарсы аралық
қабырғалар олардың үстіндегі кеңістікті бөліп тұруға тиіс.
      Аспалы төбелер үстіндегі кеңістікте жанғыш газдарды, ауаға шаң бөлетін қоспаларды, сұйық және қатты материалдарды тасымалдауға арналған арналар мен құбыр желілерін орналастыруға тыйым салынады.
      517. Аспалы төбелерді жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатындағы үй-жайларда қарастыруға тыйым салынады.

3.7.2. Жабдыққа, желдету, ауа баптау, түтінге қарсы қорғау жүйелеріне және олардың құрастырылымдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

      518. Әр түрлі қолданыстағы желдету жүйелерінің түтінге қарсы желдету жүйелерінің және транзиттік арналарының (оның ішінде ауа арналар, жинағыштар, шахталар) ауа арналары мен арналарының құрастырылымдары отқа төзімді болуға және жанбайтын материалдардан орындалуға тиіс.
      519. Қоршайтын құрылыс материалдарының желдету жүйелерінің отқа төзімді арналарымен және тіреулер құрастырылымдарымен (аспалар) қиысатын тораптарының осы арналар үшін қажетті шектерден кем болмайтын отқа төзімділік шегі болуы керек. Отқа төзімі ауаарналар құрастырылымының ажырайтын жалғануларын (оның ішінде ернемектік) тығыздау үшін, жанбайтын материалдарды ғана қолдануға рұқсат етіледі.
      520. Өртке қарсы қалыпты ашылатын клапандар автоматты және
қашықтан басқарылатын жетектермен жабдықталуға тиіс. Жылу сезгіш
элементтерді осындай жетектер құрамында пайдалануды қайталанатындар
ретінде ғана қарастыру керек.
      Өртке қарсы қалыпты жабылатын және түтіндік клапандар үшін, жылу сезгіш элементтері болатын жетектерді қолдануға тыйым салынады.
      Әр түрлі типтегі өртке қарсы және түтіндік клапандардың құрастырылымдарының бір-біріне жанасу тығыздығы түтін-газ өткізуге минималды қажетті қарсылығын қамтамасыз етуге тиіс.
      521. Тартымды табиғи түрде қозғалтатын сору желдетуінің түтіндік люктерін механикалық жүктемеге (оның ішінде қар және жел) шыдау үшін қажетті тарту күштерін қамтамасыз ететін жетектермен (жылу элементтерін қайталау мүмкіндігімен) автоматты және қашықтан басқаруды қолдану керек.
      522. Ғимараттың, имарат және құрылыстың түтінге қарсы қорғау жүйелерінің сору желдеткіштері адамдарды эвакуациялау (эвакуациялау жолдарында адамдарды қорғау кезінде) үшін қажетті уақыт ішінде немесе өрттің белең алатын және сөндіретін (өрт қауіпсіз аймақтарда адамдарды қорғау кезінде) барлық уақыт көлемінде жоғары температуралы жану өнімдерін тарату кезінде жұмыс қабілеттілігін сақтауға тиіс.
      523. Өртке қарсы түтін-газ өткізбейтін есіктер олардың қажетті отқа төзімділік шегі кезінде қажетті түтін-газ өткізуге қарсылық мәндерін қамтамасыз ететін бір-біріне жанасу орындарында тығыздау тораптарымен жабдықталуы керек.
      524. Түтінге қарсы қалқалар (перделер, шымылдықтар) автоматты және қашықтан басқарылатын жетектермен (жылу элементтерінсіз) жабдықталуға және үй-жайда өрт болған кезде пайда болатын түтін қабатының қалыңдығынан кем болмайтын шығарылымның жұмыстық ұзындығымен жанбайтын материалдардан орындалуға тиіс.
      525. Желдету, ауа баптау және түтінге қарсы қорғау (оның ішінде отқа төзімділік және түтін-газ өткізуге қарсылық шектері) жүйелері параметрлерінің нақты мәндері сынау нәтижелері бойынша белгіленуі керек.
      Сынауды өткізу әдістері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес болуға тиіс.

3.7.3. Қоқыс жинайтын жүйелер жабдығына және олардың құрастырылымдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

      526. Қоқыс жинайтын жүйе ұңғымалары жанбайтын материалдардан дайындалып, отқа төзімділіктің және түтін-газ өткізуге қарсылықтың қажетті шектерін қамтамасыз етуге тиіс.
      Қоқыс жинайтын жүйе ұңғымалары құрастырылымының құрамында өрт кезінде жарылыс тәрізді қирауға бейім материалдарды қолдануға тыйым салынады.
      527. Қоқыс жинау ұңғымаларының жүктеу клапандары жанбайтын материалдардан орындалуға және түтін-газ өткізуге қарсылықтың қажетті мәндерін қамтамасыз етуге тиіс.
      528. Қоқыс жинау ұңғымаларының қоқыс жинайтын камераларында орнатылған сұқпажапқыштар өрт кезінде өздігінен жабылатын жетектермен жабдықталуы керек. Сұқпажапқыштардың қажетті отқа төзімділік шектері қоқыс жинау ұңғымалары үшін белгіленген шектерден кем болмауға тиіс.
      529. Қоқыс жинау жүйелерінің құрастырылымы және жабдығы Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттар, құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуға тиіс.

3.7.4. Лифтілерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары



      530. Құрастырылымның отқа төзімділік шектері және өңдеу үшін қолданылатын материалдар, сондай-ақ лифтілерді басқару, сигнал беру, байланыс және энергиямен жабдықтау жүйелері осы Техникалық регламенттің, "Лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" атты Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуы керек.
      531. Қозғалу жылдамдығы 1 м/с және одан артық, автоматты есіктері болатын жолаушылар лифтілерінің ғимараттың автоматты өрт белгісін беру жүйелерінен келіп түсетін сигнал бойынша қосылатын, өрт қаупін білдіретін және жүктемеге және кабинаның қозғалу бағытына қарамастан, оның негізгі төмен түсу алаңына қайтып келуін, кабина және шахта есіктерінің ашылуын және ашық күйінде сақталуын қамтамасыз ететін жұмыс режимі болуға тиіс.
      532. Өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифтілер (бұдан әрі - өрт сөндіру лифтілері) әр түрлі қолданыстағы ғимараттар мен құрылымдарды инженерлік жабдықтау кешенінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелерінің адамдарды құтқару, табу және өртті сөндіру бойынша жұмыстарды орындау үшін, әр түрлі қолданыстағы ғимарат (имарат) қабаттарына орын ауыстыруын қамтамасыз ететін өрт-техникалық құралдарының бір түрі болып табылуға тиіс.
      533. Өрт сөндіру лифтілерінің 1 т кем болмайтын жүк көтерімділігі және 16 қабаттан артық биіктігі болатын ғимараттарда жедел көтеру мүмкіндігі болуға тиіс.
      534. Өрт сөндіру лифтілері:
      1) биіктігі 16 қабаттан артық ғимараттардың өрт сөндіру бөлігінде екеуден;
      2) биіктігі 10 қабаттан бастап 16 қабатқа дейінгі ғимараттың өрт сөндіру бөлігінде және екі және одан артық қабаттарда көп қабатты жерасты кеңістігінде біреуден кем болмай қарастырылуға тиіс.
      535. Өрт сөндіру лифтілері үшін, негізгі төмен түсіру қабаты ретінде ғимаратқа негізгі кіретін жердегі қабат қабылдануы керек.
      Биіктігі 16 қабаттан артық ғимараттарда басқа қолданыстағы лифтілер тобының құрамын өрт сөндіру лифтілерін орналастыруға тыйым салынады.
      536. Өрт сөндіру лифтілерінің кабиналары жанбайтын материалдардан орындалған және негізгі төмен түсіру қабатымен екі жақты байланыспен жабдықталған болуы қажет.
      Негізгі төмен түсіру қабатындағы дауыс зорайтқыштар немесе телефондар өрт сөндіру лифтілеріне кіретін жерлерге жақын және өртке қарсы қорғау құралдарын орталық басқару пунктінде орнатылуға тиіс.
      537. Өрт сөндіру лифтілерін басқару жүйесі лифтілер жұмысын қалыпты пайдалану режимінде, сондай-ақ "өрт қаупі" режимінде қамтамасыз етуге тиіс. Өрт сөндіру лифтілерінің кабиналарын негізгі төмен түсіру қабатына "өрт қаупі" режимінде орын ауыстырған кезде, лифтілерді одан әрі басқару кабиналарға қатыссыз іске асырылуы керек.
      Лифтілерді кабиналардан автоматты басқару ықтимал тоқтаулардың кез келген санын қарастыруға тиіс.
      Өрт сөндіру лифтілерінің кабинасы есіктерінің жарықпен бақылау құрылғылары болмауға тиіс.
      538. Биіктігі 16 қабаттан артық ғимараттарда өрт сөндіру лифтілерін басқару жүйелерінің 1 санаттағы электрлік қабылдағыштары болуы керек.
      Электрлік қабылдағыштарды қоректендіру тәуелсіз екі трансформаторлардан және дизель-өндіргіш ретінде резервтік көзден іске асырылуға тиіс.
      539. Өрт сөндіру лифтілері шахталарының түтінге қарсы сорып желдету жүйелері жер үстінде орналастырылған автономды желдеткіштердің негізгі темен түсіру қабаты деңгейінен сыртқы ауа берумен әрекет етуге тиіс.
      540. Өрт сөндіру лифтілерін ғимараттың жер үстіндегі және жер астындағы бөліктеріне бірге қызмет көрсету үшін, ғимараттың барлық биіктігінде қолдануға рұқсат етіледі.
      Жер үсті бөлігінің әрбір қабатындағы өрт сөндіру лифтілері шахталарының есіктері отқа төзімділік шегі 1 сағаттан кем болмайтын өртке қарсы болуға және жабылғанда тығыздаулармен жабдықталуы керек.
      Әрбір жерасты қабатындағы өрт сөндіру лифтілеріне кіретін жерлер өрт сөндіру лифтісінің кабинасындағы "өрт қаупі" режимі кезінде қашықтан басқару болатын түтінге қарсы сорып желдетудің автономды жүйесі қызмет көрсететін тамбур-шлюздар арқылы қарастырылуы керек.
      541. Әдетте, өрт сөндіру лифтілерін жолаушылар лифтілерімен қатар пайдалануға рұқсат етіледі.

3.8. Электртехникалық өнімге және электр жабдыққа қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

3.8.1. Электртехникалық өнімге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

      542. Электр техникалық өнім Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілген осы Техникалық регламенттің, мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуға тиіс.


      543. Электр техникалық өнімді шығарушы осы өнімді қауіпсіз қолдану үшін қажетті ақпарат болатын техникалық құжаттаманы әзірлеуге міндетті.
      Электр техникалық өнімге арналған техникалық құжаттамада (оның ішінде паспорттар, техникалық шарттар) оның өрт қаупі туралы ақпарат болуы керек.
      Электр техникалық өнімге арналған өрт қауіпсіздігі талаптары олардың құрастырылымдық ерекшеліктеріне және қолданылу саласына байланысты белгіленеді.
      544. Электр техникалық өнім жану көзі болмауға тиіс және жанудың оның шегінде таралуын болдырмауы керек.
      545. Электр техникалық өнімде оның жұмысы кезінде қалыпты және
апатты режимдерде рұқсат етілген температуралардың артуы және жану
көздерінің пайда болуы болмауға тиіс.
      546. Электр техникалық өнімде пайдаланылатын құрастырылым
элементтері мыналардың әсеріне төзімді болуы керек:
      1) жалынның;
      2) әбден қыздырылған элементтердің;
      3) электрлік доғаның;
      4) құрастырылым элементтері сияқты, түйіспелік қосуларда қыздыруда;
      5) ток өткізгіш серіппелерде (трекингке төзімділігі).
      547. Электр техникалық өнім апатты жұмыс режимдері кезінде (қысқа тұйықталу, артық жүктеу) жанудың туындауына және таралуына төзімді болуға тиіс.
      548. Өрт жағдайында жұмыс қабілеттілігін сақтауға тиіс электр
техникалық өнім отқа қажетінше төзімді болуы керек.
      549. Электр техникалық өнім қаптамасын жанудың қаптама шегінен тыс таралуынан қорғау деңгейі өнімнің қолданылу саласымен анықталуға тиіс.
      550. Қорғау аппараттары апатты жұмыс режимдерінің жанудың пайда болуына дейінгі пайда болуы кезінде электрлік тізбек учаскесін электр энергиясының көзінен ажыратуы керек.

3.8.2. Электр жабдыққа қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

      551. Электр жабдық жанудың пайда болуына және таралуына төзімді болуға және "Қазақстан Республикасының электр қондырғыларын орнату ережесі" талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      552. Электр жабдықта өрт туындау ықтималдығы жылына 10 -6 аспауы керек.
      Электрлік бұйымдардан өрт туындау ықтималдығын анықтау әдісі Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуы қажет.

4. Сәйкестік презумпциясы

      553. Тіршілік әрекетінің объектілері мен өнімі (процестері) Қазақстан Республикасы аумағында қолданылу үшін рұқсат етілген осы Техникалық регламенттің, басқа Техникалық регламенттердің, мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      554. Өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін техникалық реттеу саласында қолданылатын немесе әзірленетін нормативтік құжаттар туралы ақпарат өнімнің сәйкестігін растау процедураларында техникалық реттеу жөніндегі өкілетті органның ресми басылымында және хабарлама түрінде жалпы қолданыстағы ақпараттық жүйеде орналастырылуға тиіс.
      555. Мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған өнім осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болып саналады.
      556. Өнімді олар осы Техникалық регламентке сәйкес болған жағдайда, стандарттау жөніндегі өзге нормативтік құжаттар бойынша дайындауға рұқсат етіледі.

5. Сәйкестікті растау

      557. Тіршілік әрекетінің өнімінің (процестер) өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін растау, Қазақстан Республикасының   Заңында белгіленген ерікті немесе міндетті тәртіппен іске асырылуы керек.
      558. Тіршілік әрекетінің өнімінің (процестер) осы Техникалық регламент талаптары таралатын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін ерікті түрде растау өтініш берушінің бастамасы және талабы бойынша жүргізіледі.
      559. Тіршілік әрекетінің өнімінің (процестер) сәйкестігін міндетті түрде растау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 "Қазақстан Республикасында өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" қаулысына сәйкес жүргізіледі және мынадай формаларда іске асырылады:
      1) міндетті сертификаттауды жүргізу;
      2) жеткізушінің (дайындаушы, сатушы) өнімнің сәйкестігі туралы
декларация қабылдауы.
      560. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін міндетті растауға өрт қауіпті өнім, объектілерді өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету жүйелері мен құралдары, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы жатады.
      561. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, олардың қызметтері, құқықтары мен міндеттері "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады.
      562. Тіршілік әрекеті өнімінің (процестер) осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңында белгіленген сұлбалар бойынша өткізіледі.
      563. Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бағалау мынадай формада жүргізіледі:
      1) өртті мемлекеттік бақылау;
      2) объектіні, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жүйелерін қабылдау және пайдалануға енгізу;
      3) өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін ресми мәлімдеу;
      4) өрт қаупін тәуелсіз бағалау.
      564. Объектінің белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін өрт қаупін тәуелсіз бағалау жолымен бағалау тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.

6. Үйлестірілген стандарттар тізбесі

      565. Үйлестірілген стандарттар және нормативтік құжаттар тізбесі осы Техникалық регламенттің 20-қосымшасында берілген.

7. Ауыспалы қорытындылар

      566. Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттардың, осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін ережелер әрекеті сақталады.
      567. Осы Техникалық регламентті қолданысқа енгізумен бірге, объектілерге, өнімге, өндіріс процестеріне, өнімді пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға және пайдаға асыруға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттардың осы Техникалық регламент талаптарын қайталайтын немесе сәйкес келмейтін ережелері түзетілуге немесе белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.
      568. Түзетілуге немесе жойылуға тиіс нормативтік-құқықтық актілер тізбесін, сондай-ақ осы жұмыстарды өткізу мерзімдерін өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілетті орган анықтайды.
      569. Осы Техникалық регламент бірінші ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын


жалпы талаптар" техникалық
регламентіне       
1-қосымша         


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет