Ұсыныс
Жоғарыда көрсетілген есептердің нәтежиелерін және аурухана нысаналары адамдар көп келетін ғимараттар екендігін, сонымен қатар ауыр халдегі науқастардың көптігін ескере отырып. Ауыр халдегі науқастар орналасқан бөлімдерді «Шанс» Е сүзгіш газқағарларымен қамтамасыз ету қажет.
«Шанс» Е сүзгіш газқағарлары адамдарды көшіру кезінде дем алу, көру мүшелерін, сонымен қатар бет терісін түтіннен, улы химиялық заттардан қорғауға арналған құрылғы. Ол ПВХ материалынан жасалған жылуға төзімді капюшоннан, екі бір-бірінен тәуелсіз сүзгіштен және белбеуден тұрады. Оның қорғау уақыты 30-40 минутқа дейін жетеді. Сүзгіш газқағардың екі түрі қолданылады балаларға және ересек адамдарға арналған. Газқағарды пайдаланғаннан кейін оның сүзгішін міндетті түрде ауыстыру қажет.
Қолдану тәртібі:
1. Герметикалық қабынан шығару.
2. Созылмалы жағына қолын салып бастың өлшемімен бірдей қылып созу.
3.Масканы кию. Кию кезінде шаштары да ішінде болуы тиіс.
4. Өлшемін келтіру резеңкесін тартып масканы өзіне сай келтіру.
Капюшонның жарық сары түсі түтіннің ішінде байқалады. Ол қосымша техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді. Шығару зауыты(ООО «НПК Пожхимзащита» Москва қ.)
«Шанс»-Е тактика-техникалық сипаттамасы
Құралдың салмағы, грамм
|
650
|
Маска түрі
|
Жартылай маска
|
Дайын күйіне келтіру уақыты, сек
|
20
|
Қорғау уақыты, мин
|
30-40
|
Сақтау мерзімі
|
5 жыл
|
Ұсынылған құрылғы ауруханадағы адамдарды қауіпсіз көшіріп, көптеген науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан да «Шанс» Е сүзгіш газқағарларымен № 1 Өскемен қалалық ауруханасының стационарлы бөлімдерін қамтамасыз ету қажет деп санаймын.
5 Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері
Өрттен болған шығын оның жану ұзақтығына және температурасына байланысты. Өрттің анықталған ұзақтылығы және температурасы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы болады.
Ғимараттың тасушы конструкцияларының бұзылуы көбінесе максималды шығынмен байланысты, өйткені өрт кезінде ауыр конструкциялар құлаған кезінде бөлмедегі бар заттың барлығын қиратады. Құрылыс материалдарының бұзылуы локальді және жалпы сипаты бар, ол тапсырманы конструктивті-жоспарлы шешуіне байланысты, сонымен бірге өрт сөндіру бойынша өрт бөлімдерінің сәтті жұмыстарына байланысты. Негізгі өрт сөндіру құралы су болып табылады.
Экономикалық көрсеткіштерді анықтау:
K1,2 – капиталды шығындар,
l1,2 – экономикалық шығындар,
I1,2 - өрттен болған шығын.
Емханадағы өртті сөндіру үшін шығу кестесіне сәйкес гарнизон техникалары пайдаланылады. Осы кезде автоматты түрде № 2 шақыру бойынша күш пен құралдар бірінші нұсқадағыдай екінші нұсқада да шығады.
Сумен сөндіру уақытын статистикалық көрсеткіштер анализінен 30 минутқа тең деп аламыз, пайдалану шығындары келесі формула бойынша анықталады:
l1=lгсм+lзп+lос+lтрто
мұндағы:
lзп – төлем ақыға шығындар;
lтрто – сөндіруге, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге шығындар;
lос - өрт сөндіру заттарына шығындар;
lгсм – жанар-жағар май материалдарына шығындар.
Барлық пайдалану шығындарының көлемі екі нұсқадағы шығындары тең, сондықтан оларды анықтамаймыз, жанар-жағар майдан басқаларын.
Өртті сумен сөндіру үшін пайдалану шығындарын анықтаймыз.
Qобщ =21 л/с, өрт сөндіру уақытында (Tтуш=30 мин.) су шығындалады:
1 м3 судың құны - 141 теңге.
W=Qобщ * Tтуш * 60 = 0,021 * 30 * 60 = 37,8 м3
Со.с=Свод. = W * 145 = 37,8*141 = 5329,8 теңге.
Өрт сөндіруге 1 өрт автомобилін орнату қажет және сөндіруге 3 «Б» оқпанын, қорғауға 4 «Б» оқпанын беру қажет. Өрттегі жұмыстар үшін жеке құрамның 15 бөлімшесі қажет. Жанар-жағар май шығынын анықтаймыз. Су беруге АЦ-2,5-40 бір автомобиль және басқа арнайы техника жұмыс жасайтын болады. Жанар-жағар майдың шығынын анықтау үшін кесте құрамыз.
Кесте 1.
ӨА маркасы
|
Мөлшері
(шт.)
|
Жұмыс уақыты
(мин.)
|
жағармайдың шығыны
|
Жалпы шығын
(л.)
|
Жағармай маркас
|
1 литрге құны
|
Сумма
|
АЦ - 40
|
1
|
30
|
0,33
|
9,9
|
АИ-80
|
86
|
852
|
АЛ - 30
|
1
|
30
|
0,33
|
9,9
|
АИ-80
|
86
|
852
|
АСА - 20
|
1
|
1
|
0,33
|
9,9
|
АИ-80
|
86
|
852
|
Барлығы
|
3
|
30
|
0,33
|
29,7
|
|
|
2555
|
Майлауға шығындалғанды ескере отырып шығындалған бензиннің құны құрайды:
Сгсм = С * 1,25 = 2555*1,25 = 3193 тенге.
Стр. то=2345 теңге әр автомобильге -
қорытынды 2345*15 =35175 теңге.
Төлем ақыға шығындарды анықтаймыз, ол үшін құжат бойынша берілгендерді аламыз:
1) Бөлімшеге қарауыл бастығы 115 000*6 = 690 000 теңге
2) Бөлімше командирі 80000 * 12 = 960000 тг.
3) Жүргізушілер 80000 * 12 = 960000 тг.
4) Өрт сөндірушілер 70000 * 48 = 3360000 тг.
Қорытынды: 5 970 000 теңге
Бір күндік төлем ақыны анықтаймыз, яғни 8 жұмыс сағатына: 5 970 000 : 30 = 199000 теңге; Бір сағат жұмыс үшін: 199000 : 8 = 24875теңге; Жалпы жұмыс істеу уақыты 4 сағат:
24875*4 = 99500 теңге;
Пайдалану шығынын анықтаймыз:
l1=lгсм+lзп+lос+lтрто
С1 = 3193+ 99500 +5329,8 +35175= 143137,8 теңге.
Өрт кезінде мүмкін шығынды анықтау.
Қадағалаудың көрсетуі бойынша, жану ауданы 85 м2 құрайды, осылай қарасытрылып отырған үй-жайлар толығымен отпен қамтылған.
Емханадағы өрттің пайда болу нәтижесінде шығын 1 700 000 теңге құрайды.
Жалпы ауданы – 85 м3 үй-жай жанып кетеді.
Өрттің жалпы жоғалтуы құрайды:
П1 = 1 700 000 тенге.
«Шанс» Е газқағарларымен қамтамасыз етуге кететін шығын:
Аурухана 610 стацонарлы ем қабылдау ауруларына есептелген. Ауруханадағы ауыр халдегі адамдардың сараптамасын жүргізе келе, шамамен 50 адам екендігі анықталды, сонда «Шанс» Е газқағарымен қамтамасыз ету үшін 50 дана қажет. Құралдың бір данасының құны – 7000 теңге. Сонда 7000*50=350000 теңгені құрайды.
Жалпы шығын:
Пжал = П2 + П1=1 700 000 + 143137,8 + 350000 = 2193137,8 тенге
Сонда ауруханада өрттің салдарынан келетін шығын шамамен - 2193137,8 теңгені құрайды.
6 Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар объект мамандарымен бірге дайындалады және техника қауіпсіздігі бойынша жауаптылардың міндеттері көрсетілетін вкладыштары бар жедел жоспарда көрсетілуі керек. Ғимарат жоспарында температуралық әсерден қорғау қажет конструкциялардың құлауы мүмкін аймақтар белгіленуі керек.
Өрт сөндіруге қатыстырылатын қарауыл жеке құрамымен жыл сайын өрт-тактикалық сабақтар өткізілуі кезінде техника қауіпсіздігі сұрақтары қарастырылуы керек.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықта №355 15.10.2010 ж., көрсетілген талаптардан басқа ӨСБ техника қауіпсіздгі үшін жауапты тұлғалар арқылы қатты түтінденген және температурасы жоғары, жылулық радиациясы жоғары аймақтарда жұмыс жасайтын адамдарды қорғау бойынша шаралар қабылдауы қажет. Жеке құрам жылдам түтін люктерін ашуға дайындалған болуы керек.
Конструкциялардың, сөрелердің құлау қауіпі кезінде жеке құрамды қауіпті аймақтан көшіруге уақытында шаралар қабылдау керек.
Қоғамдық ғимараттарда өртті сәтті сөндіруді қамтамасыз ету үшін, гарнизондарда бірқатар дайындық шаралар жүргізу қажет. Бұл шаралар автоматты өртке қарсы қорғаныс жүйелерімен өртті табу және жою мүмкіндігін, күш пен құралдардың сөндіруде қажетті тез ойластыру, сонымен бірге өрт бөлімдері жеке құрамын тактикалық қамтиды.
Өртке бөлім келуі бойынша жеке құрамға барлау жүргізу кезінде, жауынгерлік қанат жаю және өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігін сақтау туралы ескерту қажет. Барлау тобы кем дегенде 3 адамнан тұру керек, және дайындалған адам басқаруы қажет – командир.
Түтінденген ортада және улы заттар сақталатын қоймаларда барлауды жүргізу кезінде барлауды ГТҚҚ буыны үш адам құрамында жүргізу қажет.
ГТҚҚ жеке құрамы құтқару және өзін-өзі құтқару құралдарымен, жарықтандыру және байланыс приборларымен, конструкцияны ашу құралдарымен және сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек. Барлауды жүргізушілер ӨСБ-мен, жедел штабымен тұрақты байланыста болып барлау қорытындысын баяндап отыруы керек. ӨСБ газ-түтіннен қорғаушылардың резервін құруға, оқшаулағыш противогаздарда жұмыс жасаушылар жеке құрамын уақытында ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті. Жеке құрам жанып жатқан бөлме есіктерін байқап ашуға міндетті, есік жақтауларын оттың мүмкін лапылдауынан немесе қыздырылған газдан қорғану үшін пайдалану керек. Терезе қуыстарымен капиталды қабырға бойымен қозғалып құрылыс конструкцияларының құлау мүмкіндігінен қорғану шараларын сақтау керек. Қол өрт сатыларын пайдаланған кезде оларды түтіндену аймағында, өрттің дамуы кезінде жану аймағында қалып қоймайтындай етіп орнату керек.
Өрт сөндіру кезінде суды шашыранды жолымен беріп жоғары температураны төмендету шараларын қолдану қажет. Судың босқа шығындалуы болмас үшін жабылатын оқпандар қолдануы қажет.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарды орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Шақыруларды өңдеу
Өрт сөндіру бөлімінің байланыс пункті, әдетте, табиғи жарықтандырылған гаражбен шектес үй-жайда орналасуы қажет және ең төменгі биіктік 3 м болғанда ауданы кемінде 5 м2 болуы қажет. Цоколдық және жертөле қабаттарында байланыс пункттерін орналастыруға болмайды.
Адамдарды токпен зақымдау қауіптілігі дәрежесі бойынша МӨҚҚО бөлімшелерінің байланыс пункттері қауіптілігі жоғары емес үй-жайлар тобына жатады. Диспетчерлердің (радиотелефоншылардың) электр қауіпсіздігі бойынша ІІ топтан төмен емес біліктілігі болуы және Министрлік аумақтық органының біліктілік комиссиясына осы Нұсқаулықты білуіне емтихан тапсыруы қажет.
МӨҚҚО бөлімшелерінің байланыс пункті үй-жайында кернеумен жұмыс істейтін электр қондырғылары өртін сөндіруге арналған өрт сөндіргіштерді оңай жерлерге орналастыру және көрінетін жерге еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ оның талаптарын орындау үшін жауапты тұлғаның тегі жазылған тақта ілінуі қажет.
Шақыру (өрт) орнына шығу және бару
Дабыл бойынша қарауылдың жиналуы және шығуы белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі. «Дабыл» белгісі бойынша қарауылдың жеке құрамы өрт сөндіру автомобильдеріне келеді, бұл ретте қарауыл бөлмесі мен гаражда жарық автоматты түрде қосылуы қажет. Жүру жолдарында киімді, күнделікті заттарды және басқаларын қалдыруға тыйым салынады.
Түсу бағанын пайдалану кезінде жеке құрам қажетті интервалды сақтауға, жарақат алуды болдырмау үшін алдында түсіп бара жатқанды қадағалауға міндетті. Бағанмен түсу кезінде оның бетін қолдың қорғалмаған бөлігімен ұстауға болмайды, ал түскен кезде кезекті түсіру үшін орынды босату қажет.
Қарауылдың жеке құрамын өрт сөндіру автомобильдеріне (гаражға немесе одан тыс) орналастыру тәртібі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайлары мен жергілікті ерекшеліктер негізінде МӨҚҚО бөлімшесі бастығының бұйрығымен белгіленеді. Отырғызу кезінде дабыл бойынша шығып бара жатқан автомобильдің алдынан өтуге тыйым салынады.
Гараж ғимаратынан тыс отырғызу кезінде қарауылдың жеке құрамының гараждан өрт сөндіру автомобильдері шыққаннан кейін ғана алаңға шығуына болады.
Кабиналарының есіктері мен шанақтың кішкене есіктері жабық болғанда ғана өрт сөндіру автомобильдерінің жүруіне рұқсат беріледі. Қарауылдың жеке құрамы автомобиль кабинасында өздерінің орындарына отырғаннан және барлық есікті жапқаннан кейін ғана отырғызу аяқталған деп саналады.
Бұл ретте:
қарауылдың жеке құрамын отырғызу аяқталғанға дейін өрт сөндіру автомобилінің жүруіне команда беруге;
өрт сөндіру автомобильдерінде бөгде тұлғалардың болуына тыйым салынады.
Өрт сөндіру автомобильдерінде шақыру (өрт) орнына бару бағытын көрсететін тұлғалардың болуына рұқсат етіледі.
Гараждан өрт сөндіру автомобильдерінің шыққаны туралы қала көлігі мен азаматтарға ескерту үшін арнайы бағдаршамдар жағылады. Олар болмаған жағдайда бекеттегі күзетші қызыл жалаумен, ал түнгі тәулік мезгілінде қызыл шаммен белгі беруі қажет.
Гараждан шыққан және шақыру орнына баратын кезде жүргізуші арнайы дыбыс және жарық дабылын қосуы қажет.
Оған жол бергеніне көз жеткізгенде ғана қозғалыс басымдығын пайдалана алады.
Шақыру орнына шыққан қарауыл бастығы немесе қарауылды басқарып шыққан МӨҚҚО бөлімшесінің жетекшісі жол қозғалысы ережесін білуге және жүргізушінің оларды орындауын қамтамасыз етуге міндетті.
Өрт сөндіру автомобилінің қауіпсіз қозғалысы үшін жүргізуші жауап береді.
Өрт сөндіру автомобильдерінің қозғалысы кезінде МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамына кабинаның есігін ашуға, басқыштарда тұруына, темекі шегуіне және ашық отты пайдалануына тыйым салынады.
Өрт сөндіру автомобилінде өрт сөндіру кезінде есіктердің, бөліктердің, капоттың құлпы (бекіткіштері) сынғанда автомобильдің одан әрі қозғалысын қозғалыс кезінде есіктердің, бөліктердің, капоттың өздігінен ашылуын болдырмау шараларын қабылдағаннан кейін ғана жүзеге асыру қажет.
Автомобиль (өртке) шақырусыз шыққанда және бөлімшеге оралғанда арнайы дыбыс белгісін қолдануға тыйым салынады.
Шақыру орнына келген қарауылдың жеке құрамы өрт сөндіру автомобилінен тек бөлімше командирінің немесе қарауылды басқарып келген аға лауазымды тұлғаның өкімі бойынша ғана шығады.
Өртті барлау
Өртті барлау МӨҚҚО бөлімшелерінің өртке шыққан сәтінен бастап және оны жойғанға дейін үздіксіз жүргізіледі. Өртке барлау жүргізу үшін қарамағында ТОЖҚҚ бар, құрамында кемінде үш адамнан тұратын газ-түтіннен қорғау қызметінің (бұдан әрі - ГТҚҚ) звеносы құрылады. Күрделі құрылыстар (метрополитен, ғимараттардың жер асты фойесі, аса күрделі ғимараттар, кабель тоннелдері, күрделі жоспарланған жертөлелер) үшін – бес адамға дейін.
ТОЖҚҚ қолданбай, өртке барлау жүргізу кезінде құрамында кемінде екі адамнан тұратын топ құрылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлау жүргізу кезінде ГТҚҚ звеносының командирі:
МӨҚҚО ГТҚҚ тәлімдемесінде (бұдан әрі – ГТҚҚ тәлімдемесі) баяндалған талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;
ГТҚҚ звеносының қойылған жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығына көз жеткізуге;
қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін қажетті ГТҚҚ звеносының қажетті жабдығы минимумының бар-жоғын және жарамдылығын тексеруге;
жеке құрамға бақылау-өткізу пункті мен қауіпсіздік бекетінің орналасқан орнын көрсетуге;
ТОЖҚҚ жауынгерлік тексеруге және звеноның жек құрамының оны тексеруін және ТОЖҚҚ дұрыс іске қосылуын бақылауға;
тыныс алуға қолайсыз ортаға кірер алдында бағыныстылардың ТОЖҚҚ баллондарындағы оттегінің (ауаның) қысымын тексеруге және қауіпсіздік бекетіндегі күзетшіге оттегінің (ауаның) ең төменгі қысымының мәнін хабарлауға;
қауіпсіздік бекетінде күзетшінің жүргізген тиісті жазбаларының толықтығы мен дұрыстығын бақылауға;
ГТҚҚ звеносының жеке құрамына өрт орнына жақындаған кезде қауіпсіздік бекетінде оралуға тиіс оттегінің (ауаның) бақылау қысымын хабарлауға;
газ-түтіннен қорғаушылардың жұмысын демалыс уақытымен алмастыруға біркелкі терең тыныс алып, жүктемені дұрыс мөлшерлеуге;
ГТҚҚ звеносының жеке құрамының көңіл күйі, жарақтарды, ӨТЖ дұрыс пайдалануын қадағалауға, манометр көрсеткіштері бойынша оттегінің (ауаның) жұмсалуына бақылау жүргізуге;
звеноның барлығын таза ауаға шығаруға;
тыныс алуға қолайсыз ортадан шыққан кезде ТОЖҚҚ-дан ажырату орнына анықтауға және өшіруге команда беруге міндетті.
ГТҚҚ звеносы түтінденген аймақта болғанда мынадай талаптарды сақтауы қажет:
әдеттегідей, іргелі қабырғалардың немесе терезелі қабырғалардың бойымен жүру қажет;
қозғалыс барысында көтергіш құрылымдардың күйін, жалынның жылдам таралу мүмкіндігін, жарылу немесе құлау қаупін байқау қажет;
ГТҚҚ звеносы үшін ақаулықтар немесе өзге де қолайсыз жағдайлар туралы қауіпсіздік бекетіне хабарлап, звеноның жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шешімін қабылдау қажет;
Жоғары кернеулі қондырғылар, жоғары қысымды аппараттар (ыдыстар), жарылғыш, улы, радиоактивті, бактериологиялық заттар бар үй-жайларға тек қана объект әкімшілігінің келісімімен және олар ұсынған қауіпсіздік ережесін сақтай отырып кіруі қажет.
Қойылған міндеттерді орындау үшін ГТҚҚ звеносында қажетті жарық беру минимумы болуы қажет, онда мыналар қарастырылуы тиіс:
бір түрдегі тыныс алу органдарын қорғау құралдары;
тыныс алу аппараты жинағына кіретін құтқару құрылғысы – тыныс алу аппаратын пайдаланатын газ-түтіннен қорғаушыға біреуден;
байланыс құралдары (радиостанция, сөйлесу құрылғысы немесе өзге де тізімдік құрал);
жарық беру аспабы: топтық фонарь – ГТҚҚ звеносына – біреу және жеке фонарь - әр газ-түтіннен қорғаушыға;
сақтандыру құралдары – иілгіш орауыш (арқан-тіркеме) және бағыттаушы арқан (жол шпагаты);
өрт сөндіру жетекшісінің (бұдан әрі - ӨСЖ) қалауынша өрт сөндіру құралдары;
бекіту құралы: жеңіл немесе әмбебап сомын.
Бағыттаушы арқан үй-жайдың жоспарлануы күрделі болмағанда, өрт ошағына дейінгі қашықтық алшақ болмағанда және түтіндену тығыздығы жоғары болмағанда жұмыс жағдайына байланысты өрт орнында (авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу) ӨСЖ шешімі бойынша қолданылмауы мүмкін. Бұл жағдайда оның қызметін жең желісі атқарады.
ТОЖҚҚ жұмыс істегенде және алаңның көп бөлігі газданғанда қауіпсіздік бекеттері мен бақылау-өткізу бекеттері тұтас өрт сөндіру мерзіміне құрылады. Мұндай жағдайларда оларға қойылған міндеттерді ескере отырып, өрт сөндіруге жіберілген тұлғалармен қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқама өткізу жүктеледі.
Өрт барлауды ұйымдастыру кезінде ӨСЖ немесе өрттегі өзге де жедел лауазымды тұлға (бұдан әрі – жедел лауазымды тұлға) агрессивті химиялық қауіпті заттардың (бұдан әрі - АХҚЗ), радиоактивті заттардың (бұдан әрі - РЗ) сипатын, олардың қосылым деңгейі мен ластану аймағы шекарасын, сондай-ақ қажетті қауіпсіздік шараларды анықтау үшін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерін, ұйымдарды барынша жұмылдыруы тиіс.
Адамдар мен мүлікті құтқару
Өртте адамдар мен мүлікті құтқару кезінде жедел лауазымды тұлғалар жағдайға және көмек көрсетілуі тиіс адамдардың жай-күйіне байланысты адамдарды құтқару тәртібі мен тәсілдерін анықтауға, қауіпті өрт факторларынан құтқарылушыларды қорғау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Құтқару жұмыстары шапшаң, бірақ құтқарылатын адамдарға зақым мен жарақат келмейтіндей ескерулерді сақтай отырып жүргізіледі.
Құтқару жұмыстары жүргізілген кезде барлық жағдайларда лауазымды тұлғалар күштер мен құралдарды орналастырумен қатар сол сәтте қажеттілігі болмаса да, жедел медициналық жәрдемді шақырады.
Медициналық персонал өртке келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті белгіленген тәртіппен МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы көрсетеді.
Адамдар мен мүлікті биіктен құтқару үшін сынақтан өткен тұрақты және жылжымалы қол өрт сатылары, автосатылар және өрт автокөтергіштері, құтқару арқандары, құтқару жеңдері, пневматикалық секіретін құтқару құрылғылары және тиісті сертификаттары бар және сынақтан өткен өзге де бұйымдар қолданылады.
Құтқару арқанының ұзындығы жерге толықтай түсіруді(балкон және басқасы) қамтамасыз ететіне, құтқару ілмегінің құтқарылушыға сенімді бекітілгеніне, құтқару арқанының ғимарат құрылымына бекітілгеніне және өрт сөндірушінің белдік карабиніне дұрыс оралғанына көз жеткізгеннен кейін ғана құтқару мен өзін-өзі құтқаруды бастауға болады.
Құтқару және өзін-өзі құтқару үшін дымқыл немесе едәуір ылғалды құтқару арқандарын, сондай-ақ жауынгерлік есепте жоқ құтқару арқандарын және басқа мақсатқа арналған арқандарды қолдануға тыйым салынады.
Мәжбүрлі түрде оқшаулау жағдайындағы зардап шегушілерді дереу шығару мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушілерді қолда бар барлық құралдармен аман алып қалу үшін ең алдымен таза ауа, жеке қорғану құралдарын, ауыз су, дәрі-дәрмектер мен тамақ беру ұйымдастырылады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы зардап шегушілерге барған кезде қираған құрылыс құрылымдарын қажетті түрде жылжыту (ығыстыру), көтеру, үзу (әр түрлі диаметрдегі ашылған арматураны кесу немесе бөлу) жүргізіледі. Мұндай жағдайларда жеке авариялық-құтқару аспабы (гидравликалық қайшылар, шабуыл балталары, плунжерлі бөлгіштер және басқалары) және жалпы мақсаттағы механикаландырылған аспап (электрлік қол қайшылар, дискілі және тізбекті даралар, ажырату және шой балғалар, бетон бөлгіштер) және өзге де құтқару технологиялары қолданылады.
Адамдарды жаппай эвакуациялау үшін құтқару жеңін пайдалану кезінде ол автокөтергіштің люлькасының еденіне бекітіледі. Құтқару жеңі бекітілген люлькада бір мезгілде 2 адамнан артық болмауы тиіс. Екі және одан көп құтқару жеңдерін қосуға болмайды.
Автоматты ажырату және дабыл беру электр желісі жарамды болғанда ғана адамдарды автосатының кабинасында көтеруге (түсіруге) болады.
Сигналды автомат қоңырауы соғылғанда кабинаны көтеру дереу тоқтатылады және лифт кабинасы бастапқы күйге келтіріледі.
Жауынгерлік қанат жаю
Жауынгерлік қанат жаю кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында лауазымды тұлғалар:
жең желілерін төсеудің едәуір қауіпсіз және қысқа жолдарын таңдауды, аспап пен құрал-саймандарды тасымалдауды;
өрт сөндіру автомобильдері мен жабдығын күштер мен құралдарды орналастыруға кедергі келтірмейтіндей етіп, өрт орнынан қауіпсіз қашықтықта орналастыруды қамтамасыз етеді, өрт сөндіру автомобильдері салынып бітпеген ғимараттар мен құрылыстардан, сондай-ақ өрт кезінде қирауы мүмкін басқа да объектілерден осы объектілердің биіктігінен кем емес қашықтықта орналастырылады;
қажет болған жағдайда, барлық көлік түрлерін тоқтатуды (теміржол көлігін тоқтату белгіленген тәртіппен келісіледі);
қауіптілік пен хабарлау туралы бірыңғай сигналдар орнатуды, олар туралы өртте жұмыс істеп жатқан барлық МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын хабарландыруды;
айқын жарылыс, улану, радиоактивті сәулелену, қирау, қайнау және тез тұтанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтардың резервуарлардан жарылу және өзге де қауіп болғанда МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын қауіпсіз жерге шығаруды;
теміржол бойынша жең желілерін төсеген жағдайда құрамдардың қозғалысын бақылау және олардың жақындауы туралы МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын дер кезінде хабарландыру үшін теміржол төсемінің бойымен екі жағынан қауіпсіздік бекеттерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Жауынгерлік қанат жаю кезінде:
оны өрт сөндіру автомобилін әбден тоқтатқанға дейін бастауға;
өрт гидранттарының құдықтарын, газ және жылу коммуникацияларын жарықтандыру үшін ашық отты қолдануға;
ТОЖҚҚ-сыз және құтқару арқанысыз су, газ және техникалық коммуникациялар құдықтарына түсуге;
жең желісіне қосылған өрт оқпанының бауын биікке көтерілгенде және биікте жұмыс істегенде киюге;
құтқару арқандарымен аспапты, ӨТЖ және басқасын көтеру немесе түсіру кезінде жүктің астында тұруға;
қозғалыс бойымен жұмыс қабаттарымен өткен (кесетін, шаншитын және басқа да) жұмыс күйіндегі механикаландырылған және электрлендірілген аспапты, ал көлденең ара мен қайшыны қапшықсыз тасымалдауға;
су толтырылған жең желісін биікке көтеруге;
оқпаншылар бастапқы шепке шыққанға немесе биікке көтерілгенге дейін бекітілмеген жең желілеріне су беруге тыйым салынады.
Тігінен тұрған жең желілері әр жеңге кемінде бір жең тоқтату есебінен бекітілуі қажет.
Суды жең желісіне оқпаншылардың құлауын және жеңдердің жарылуын болдырмайтындай етіп, біртіндеп беру қажет.
Өрт гидрантын қолдану кезінде оның қақпағын арнайы ілмекпен немесе сомынмен ашу керек. Бұл ретте қақпақтың аяққа түспеуін байқау қажет.
Жарылыс қаупі болған жағдайда жауынгерлік қанат жаю кезінде МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы жең желілерін төсеуді жасырынатын жерлерді (орлар, қабырғалар, үйінділер және т.б.) қолдана отырып, сондай-ақ қорғану құралдарын (болат каскалар, өрістер, қалқандар, сауытты жилеттер) пайдаланып, сауытты қалқандардың, сауытты техниканың және автомобильдердің жабындарының астынан жүзеге асырылады.
Өрт сөндіретін қол сатылар отпен бөлінбейтіндей немесе өрт таралған кезде жану аймағында болмайтындай етіп орнатылуы қажет.
Өрт сөндіретін қол сатылардың орнын ауыстыру кезінде ол жөнінде биіктерде жұмыс істеу үшін олармен көтерілгендерге ескертіп, олардың орналасқан жаңа орнын немесе басқа да түсу жолдарын көрсету қажет.
Өрт сөндіру автомобильдерін жолдың жүретін бөлігіне көлденең қоюға тыйым салынады. Көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі болғанда көшенің, жолдың өтетін бөлігіне тек жедел лауазымды тұлғалардың немесе қарауыл бастығының бұйрығымен ғана тоқтауға болады. Бұл ретте өрт сөндіру автомобилінде авариялық жарықты дабыл қаққышы жанып тұруы қажет.
Түнгі уақытта тұрған өрт сөндіру автомобилінің қауіпсіздігі үшін ернеу, габарит немесе тұрақ жарығымен жарықтандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |