Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады



бет7/7
Дата13.06.2016
өлшемі1.17 Mb.
#131367
1   2   3   4   5   6   7

Өрттерді жою жұмыстарын орындау
АХҚЗ сақтайтын, жұмыс істейтін немесе ықтимал бөлінетін үй-жайларда (учаскелерде) жанған кезде МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының жұмысы тек арнайы қорғағыш жинақтарда және ТОЖҚҚ-да жүзеге асырылады. Бу қосылымдарын төмендету үшін үй-жайлардың (учаскелердің) ішін шашыранды сумен сулау қажет. Өрт сөндіру автомобильдері жанып жатқан объектіден кемінде 50 м қашықтықта ық жатқан орналасуы қажет.

МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамын жылу радиациясы мен механикалық факторлардың әсерінен жеке қорғау үшін жылу шағылдыратын костюмдер, жауынгерлік киім мен жарақ, суландырғышы бар қорғағыш металл тор, оқпандарға бекітілген асбест немесе фанер қалқандар, жерге орнатылған асбоцемент табақтар, оқпаншыны шашыранды ағыспен суландырғышы бар мақталы киім қолданылады.

МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын және күшті жылу радиациясы учаскелерінде жұмыс істейтін техниканы топтық қорғау турбиналы және желпуіш түріндегі бүріккіштің көмегімен құрылатын су бүркемелерімен (экрандарымен), ал жеке қорғау бүріккіш оқпандармен қамтамасыз етіледі.

Жануды жою кезінде сөндіруге қатысушылар жағдайдың өзгеруін, құрылыс құрылымдарының барысын, технологиялық жабдықтың жай-күйін қадағалауы қажет және қауіптілік туындаған жағдайда жауынгерлік учаскедегі барлық жұмысшыларға, ӨСЖ мен басқа да жедел лауазымды тұлғаларға дереу ескерту қажет.

Жабында (төбеде) және үй-жайдың ішіндегі далдаларда жұмыс істеу кезінде көтергіш құрылымдардың жай-күйін қадағалау қажет. Қирау қаупі болған жағдайда МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы дереу қауіпсіз жерге кетуі қажет.

Ғимараттардың жоғары қабаттарында жануды жою кезінде «Өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдау» деген жұмыс режимі бар лифтілерден басқа, жеке құрамды, ӨТЖ және жабдықты көтеру үшін жүк және жолаушылар лифтілерін пайдалануға тыйым салынады.

Жабындарда, әсіресе, күмбезді жабындарда орнатылатын өрт сөндіретін қол сатылары, арнайы басқыштар және т.б. мықтап бекітілуі қажет.

Жаңа құрылыстарда және қайт салынып жатқан ғимараттарда құрылыс тақтайларының өртін сөндіру кезінде оқпаншылардың жауынгерлік шептері ағаштардан кемінде 1 м қашықтықта, ал өрт сөндіру автомобильдері салынып жатқан немесе жөндеу жүргізіліп жатқан ғимараттан кемінде 410 м қашықтықта орналасуы қажет.

Тұрғын үйлерде өртті жою үшін оны сөндіру алдында мынадай:

газ өткізгіштегі ысырмаларды жабу;

электр энергиясын беруді тоқтату;

температураны төмендету және үй-жайдан түтінді жою;

табылған газы бар баллондарды салқындату және оларды су ағысымен эвакуациялау шараларын қабылдау қажет.

Ғимарат ішінде жарылу қаупі бар қосылымдардың түзілуі болдырмас үшін ұйымдардың әкімшіліктерімен келісімсіз аппаратура мен құбырлардан қысыммен шығатын (ағатын) жанғыш газдардың жалынын немесе жанғыш сұйықтықтардың буын сөндіруге болмайды. Қажет болған жағдайда және ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан тікелей бақылау болғанда газ бен будың ағуын тоқтату шаралары қолданылады, сондай-ақ жалынның және күшті жылу сәулесінің әсер ету аймағында орналасқан өндірістік жабдықты және ғимарат (құрылыс) құрылымдарын салқындату қамтамасыз етіледі.

ӨСЖ, лауазымды тұлғалар және өрт сөндіруге қатысатын МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы өрт сөндіру кезінде су немесе басқа да өрт сөндіргіш заттарды (2-қосымша) қолдану қауіпті болатын заттар мен материалдардың түрлері мен типтерін білуі қажет.

Хауыздарда өртті жою кезінде тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оларды:

жеке құрамды пиролиз өнімдерінің ықтимал ұшқындауы кезінде және жалын лапылдағанда қорғау үшін есікке сүлгіні қолдана отырып;

турбина түріндегі саптамасы бар оқпандардан шашыранды су ағысын міндетті түрде беру арқылы;

құбырларға су беруді қосу арқылы ашу қажет.

Едәуір көлемде жанғыш тозаң бөлінуі ықтимал өндірістік үй-жайларда, қоймаларда өрт сөндіру кезінде өрт сөндіргіш заттарды беру оларды тұндыру және жарылысты болдырмау үшін шашыранды ағыстармен жүзеге асырылуы қажет.

Қысыммен жұмыс істейтін жанып жатқан аспаптар мен жабдықтарды, сондай-ақ көбікпен араласқанда қайнауы, ашылуы, жалынды күшейтуі мүмкін заттар мен материалдарды сөндіру үшін көбікті өрт сөндіргіштерді қолдануға тыйым салынады.

МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы өртте оқпаншылардың шебінде, ғимарат құрылымдарын бөлшектегенде, өрт сөндіретін қол сатыларды орнатқанда және жең желілерін төсегенде электр желілерінің жай-күйін тұрақты қадағалауға және ол жөнінде ӨСЖ мен басқа да лауазымды тұлғаларға дер кезінде баяндауға, сондай-ақ қауіпті аймақта жұмыс істейтін өрт сөндіруге қатысушыларға ескертуге міндетті.

Ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімшелерінде, биологиялық қауіпті заттарды сақтайтын және олармен жұмыс істейтін ұйымдарда өртті сөндіру кезінде ӨСЖ және лауазымды тұлғалар ұйым әкімшілігінің МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын ықтимал зақымданудан қорғау бойынша ұсыныстарын мүлтіксіз орындаулары қажет.

Улы химикаттар (химиялық реактивтер, минералды тыңайтқыштар және т.б.) қоймаларында өртті жою кезінде ӨСЖ ұйым әкімшілігінен сақталатын заттардың (материалдардың) сипатын және оларды сақтау орындарын (секцияларын) анықтауға, жұмыс істеу үшін жіберілетін МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының нұсқаулықтан өтуін ұйымдастыруға міндетті.


Өртте арнайы жұмыстарды орындау
Құрылыс құрылымдарын ашу және бөлшектеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ӨСЖ анықтаған, өрттегі жедел лауазымды тұлғалардың тікелей басшылығымен, сондай-ақ бөлшектенетін құрылымдарды жинау (тастау) орындарын көрсете отырып жүргізілуі қажет. Оларды жүргізуді бастағанға дейін учаскеде бар электр желілерін (380 в дейін), газ коммуникацияларын ажырату, ықтимал (жасырын) ошақтарды сөндіру құралдарын дайындау қажет.

380 В кернеулі электр желілері мен қондырғыларын жазбаша рұқсат (өткізу) бере отырып, энергоқызмет (энергия қадағалау) өкілдері ажыратады, өрт сөндіру автомобильдері мен оқпандары өрт сөндіруге көбік пен су беру кезінде жерге қосылуы қажет.

Электр желілерін желінің фазалық кернеуі 220 В жоғары болмағанда және басқа тәсілмен желіден ажырату мүмкін болмағанда ғана кесу арқылы ажыратуға болады.

МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының кернеулі желілерді ажырату бойынша жұмысы ұйым әкімшілігі өкілінің қатысуымен, ал ол болмаған жағдайда электрден қорғау құралдары жинағын пайдалана отырып, жедел лауазымды тұлғаның қадағалауымен орындалуы қажет.

Кернеулі желілерді ажырату кезінде:

электр сымдарын кесу едәуір қауіпсіз желі учаскесін анықтау және тиісті алаңда (ғимарат, секция, қабат және т.с.с.) токтан ажыратуды қамтамасыз ету;

құлаған (салбыраған) сымдар кернеуде болмайтындай есеппен электр энергиясын тұтыну тарапынан оқшаулағыштарда қоректендіретін сыртқы желілерді кесу қажет. Желілерді кесуді төменгі қатардан бастау қажет.

Бір мезгілде көп желілі сымдар мен кабельдерді, сондай-ақ оқшаулағыш құбырлар (қабықшалар) мен металл жеңдерде топ-тобымен төселген бір сымды желілер мен кабельдерді кесуге тыйым салынады.

Әр түрлі көтергіш тетіктер мен өрт сөндіретін қол сатыларын пайдалана отырып, 1000 В дейін электр беретін әуе желілерінің жанында жұмысты егер олардан бастап немесе кез келген күйдегі (оның ішінде едәуір жоғары көтергенде немесе ұшқанда) олардың жылжымалы бөлшектерінен бастап жақын жердегі кернеулі сымға дейінгі ауадағы қашықтық кемінде 1,5 метр болған жағдайда ғана жүргізуге болады.

Автосатыны (автокөтергішті) кран ретінде пайдалану кезінде иіндері (жебелері) жиналуы қажет. Жүк көтергіш массасын қоса алғанда жүктің ең жоғарғы шамасы дайындаушы зауыттың рұқсат берген шамасынан артық болмауы қажет. Жұмыс істеу кезінде қолданылатын жүк асыр қоятын арқандар сынақтан өткізілуі және таңбасы болуы қажет.

Автосаты баспалдағымен жоғары сатыға сүйемегенде және көлбеу бұрышы 50° дейін болғанда тек бір адамды ғана, ал егер бұрыш 50° артық болғанда бір мезгілде екі адамды көтеруге (түсіруге) рұқсат етіледі. Сүйенген сатымен МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы кемінде 3 м интервалмен, ал көтеру массасы 100-120 кг болғанда кемінде 8 м интервалмен тізбектеп жүре алады. Бұл ретте сатының резонансты тербелуі болмайтындай ырғақпен жүрмеу қажет.

Автосаты (автокөтергіш) орнатылатын алаңда 6° аспайтын ылди, қатты жабыны немесе қатты қабаты болуы қажет. Жұмсақ қабатқа орнату кезінде тірек дискілерінің астынан Автосатының (автокөтергіштің) жинағына кіретін арнайы төсемдер төселеді.

Сатының жоғарғы жағына бекітілген өрт оқпаны жұмыс істегенде мынадай талаптар сақталуы қажет:

егер көтеру бұрышы 75° артық болмағанда саты оның тұтас ұзындығының 2/3 аспайтын ұзындығына жылжытылады;

жең желісі сатының ортасына төселеді және жең бөгегіштермен басқыштарға мықтап бекітіледі;

жең желісіне су беру және су беруді тоқтату бір қалыпты, күрт тербеліссіз жүзеге асырылады, оқпан қысымы кемінде 0,4 МПа болуы қажет.

Сатының соңына орнатылған өрт оқпаны кедергімен соқтығыстан автосатыны қорғайтын сақтандыру құрылғысының қолданыс аясынан тыс шығатынын, сөйтіп сақтандыру құрылғысының іске қосылмайтынын ескерген жөн.

Адамдарды, мүлікті құтқару және қорғау бойынша арнайы жұмыстарды жүргізу, қажетті күштер мен құралдарды шоғырландыру, өрт сөндіргіш заттарды беру және автосатының (автокөтергіштің) көмегімен өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде:

автосатыларды (автокөтергіштерді) люктердің, құдықтардың және сол сияқтылардың қақпақтарының үстіне, сондай-ақ жылжытылған көтергіш тіректердің тіреу дискілерінің ортасынан бастап құлама жарларға, қазандықтарға, арналарға және басқаларына дейін 2,0 – 2,5 м жақын орнатуға;

жоғары вольтты электр беру желілерінің шеткі сымынан бастап 30 м жақын қашықтықта автосатыны (автокөтергішті) орнатуға және жұмыс істеуге;

автосаты иіндері (автокөтергіш жебелері) арқылы электр кабельдері мен телефон сымдарын төсеуге;

сатыны жылжыту кезінде бүйірлік тегістеу автоматын ажыратуға;

қол жетегімен жұмыс істеу кезінде қозғалыс алаңының шегінен тыс шығуға;

автосаты (автокөтергіш) жұмыс істеген кезде гидро жүйедегі жұмыс қысымын артуын сақтандыру клапанын реттеуге;

желдің жылдамдығы 10 м/с астам болғанда, сондай-ақ көтерілген люльканың немесе иіндердің астында адамдар болғанда автосатыда (автокөтергіште) жұмыс істеуге;

автокөтергіш люлькасының ішінде екеуден артық адам болғанда одан қол және лафетті өрт оқпандарымен жұмыс істеуге;

автосаты (автокөтергіш) жұмыс істегенде және жинағанда әуе электрлік және радио трансляциялау желілерінің иіндерімен (жебесімен) жанасуға;

егер автосатыда (автокөтергіште) адамдар болса, механикалық немесе қол тәсілімен оның қандай да бір қозғалысын жүргізуге;

иіндері көтерілген автосатыны (автокөтергішті) қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.


Жиналу және бөлімшеге оралу
Өрт сөндіруге қатысқан МӨҚҚО бөлімшесінің жетекшісі оны жойғаннан кейін:

МӨҚҚО бөлімшесі жеке құрамының болуын, сондай-ақ өрт сөндіру автомобильдерінде ӨТЖ орналасуы мен бекітілуін тексеруге;

өрт сөндіру кезінде пайдаланылған гидранттарды қауіпсіз күйге келтіру шараларын қолдануға міндетті.

ҚОРЫТЫНДЫ
Берілген дипломдық жобада емхананың өрт қауіптілік анализі жүргізілген. Өрттің тарау жылдамдығы анықталды. Объекттің жалпы сипаттамсы берілген. Емханада өрттің мүмкін даму жобалануы жүргізілді, әртүрлі уақытта өрттің дамуы, орта көлемді температура, бейтарап аймақтың биіктігі, сөндіру ауданы анықталды.

Анализ және өртке қарсы қызмет гарнизонының тактикалық мүмкіндігінің негізінде мобильді топтармен өрт сөндіру мүмкіндігі анықталды. Ең жаман нұсқадағы мүмкін өртті жою үшін қажетті күш пен құралдардың есебі жүргізілді.

Ұснылған құрылғы ауруханадағы адамдарды қауіпсіз көшіріп, көптеген науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан да «Шанс-Е сүзгіш газқағарларымен № 1 Өскемен қалалық ауруханасының стационарлы бөлімдерін қамтамасыз ету қажет деп санаймын.

Өрт сөндіру нұсқаларын, бірінші бөлім келу уақытын, өрттен мүмкін шығынды және емхана адамдар жаппай келетін объектке жататынын қарастыра отырып, тыныс алуға жарамсыз ортада өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша ГТҚҚ көмегімен жүргізуді дұрыс деп санаймын.



Газ-түтіннен қорғаушылардың адамдарды және материалдық құндылықтарды, құжаттарды құтқару жұмысын жедел жүргізу үшін, әрі адамдардың зардап шегуін және материалдық шығыннның болуын шектету үшін ГТҚҚ күш пен құралдарын есептеп, сонымен қатар ТОЖҚҚ-да жұмыс істеу параметрлерін есебін жүргізу қажет, өйткені ГТҚҚ ең негізгі тапсырмасы тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету, ГТҚҚ күш пен құралдарының есебі мен өрт сөндіру жоспары өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша жауынгерлік жұмысты әлдеқайда жылдам жүргізіледі. Сонымен қатар қосымша қосымша өртті автоматты түрде сөндіру құралы ретінде ҚР ҚН 2.02-11-2002 «Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары» 2.4.1. Емдеу-профилактикалық мекемелер - 1000 кг және одан да жоғары үлдір сақталатын жағдайда рентген үлдір­інің қоймалары. Реактивтердi (оксидтер, барий және аммо­ний перхлораты, бертолле тұзы, аммиак селитрасы, азотқышқыл калий, натрий және т.б.) сақтауға арналған қоймалар, дәрiхана қоймалары – ауда­ны 500 м2 және одан да жоғары болған кезде автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қамтамасыз етіледі.

Әдебиет тізімі


  1. ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001г. “Қоғамдық ғимараттар мен имараттар”

  2. ҚР ҚНжЕ 3.02-08-2010г. “Емдеу-профилактикалық мекемелер”,

  3. Санитарлық Нормалар “Емдеу мекемелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиалық талаптар

  4. ”Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «14» қарашадағы №267 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы

  5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «14» қарашадағы №266 бұйрығымен бекiтiлген, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы

  6. ҚР ТЖМ-нің 2010 жылғы «22» жетлоқсанда № 446 бұйрығымен бекітілген ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдемесі

  7. ҚР ТЖМ МБҚК-нің 2005 жылғы «07» Шілдесі № 170 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызметі жөніндегі тәлімдемесі

  8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы «15» қазан № 355 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық

  9. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамын даярлау ережесі. Бұйрық № 245 12 шілде 2010 ж.

  10. Өрт жеңдерін пайдалану және жөндеу нұсқаулығы. Бұйрық № 250 12.09.2005 ж.

  11. ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті үшін автокөлік және материалдық-техникалық құралдардың тиісті нормалары. Бұйрық № 52 14.07.2005 ж.

  12. Бубырь Н.Ф. «Установки автоматической пожарной защиты» М.Стройиздат.1979г.

  13. Собурь С.В. «Установки пожарной автоматики» М.спецтехника 2001г.

  14. Собурь С.В. «Установки пожарной сигнализации» М.спецтехника 2001г.

  15. ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 «Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы»

  16. СНиП РК 4.01.02-2001 «Водоснабжение. Наружные сети и сооружения»

  17. Иванников В.П., Клюс П.П. «Справочник руководителя тушения пожара», М. Стройиздат, 1987 г.

  18. Повзик Я.С. «Пожарная тактика», М. Стойиздат, 1990 г., 2001 г.

  19. Грушевский Б.В. «Пожарная профилактика в строительстве», М. Стройиздат, 1989 г.

  20. Будасов Б.В. «Строительное черчение», М. Стройиздат 2002 г.

  21. Теребнев В.В. «Пожарно-строевая подготовка». М. 2004 г.

  22. ҚР ҚН 2.02-11-2002 «Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалар

  23. «Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 Бұйрығы

  24. http://kaz.emer.gov.kz

  25. http://pozharu-net.kz/zakonodatelstvo_v_obla

26. Қазақстан Республикасы президентінің 2014 жылғы «11» сәуіріндегі №14 бұйрығымен бекітілген, Азаматтық қорғаныс заңы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет