Қожа Ахмет Иасауи – түркістандық ғұлама. Қожа Ахмет Иасауи Сайрам (Исфиджаб), қаласында дүниеге келді. Ол «Диуани Хикмет» атты еңбегінде өзінің Түркістанда туғандығын білдіріп отырады. Қожа Ахмет Иасауидың туған жылы аңық емес. Кейбір деректер оның жүз
жиырма бес, жүз отыз жыл өмір сүргенін айтады.иасауи 1103 жылы туған деген көзқарас басым. Оның әкесі Исфиджабта атақ, даңққа бөленген әулие Әзірет Әлінің ұрпағы – Шейх Ибрахим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (қазақтар ол кісіні Қарашаш ана дейді). Мұса шейхта Исфиджабта әулиелік кереметімен танылған адам болған. Қожа Ахмет Иасауидың ұстазы атақты Арыстан баб.Иассауидің алғашқы шәкірті атақты Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Иасауидың асыл мұрасының бірі – « Диуани хикмет». Хикмет – білімінің қайнары. Адам «кемелдікке» жету үшін
қажетті білімді игеріп, онымен қарулануы қажет. Ғұламаның одан басқа «Мират ул-Құлуб», «Пақырнама» деген еңбектері бар.
Қожа Ахмет Иасауидың еңбектері «Диуани Хикмет», «Ақыл кітап» – Қожа Ахмет Иасауидың дидактикалық мазмұндағы ақыл кітабы, «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб әріпімен көшірілгені.
Кейіннен, бұл ескерткіш 1887 – 1901 жылдары Қазан қаласында, 1901 жылы Стамбұлда, 1902 – 1911 жылдары Қазан қаласындағы баспалардан жарық көрген. «Диуани Хикмет» –
әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке бағыттайтын,
тәрбиелік мәні аса зор еңбек, Қожа Ахмет Иасауи әрбір адамның қадір-қасиетін оның жан-дүниесінің тазалығымен өлшейді және адам өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді отыруы тиіс деп түйіндейді. «Мират ул-кулуб», «Көңіл айнасы» – XIV ғасырда жазылған Қожа Ахмет Иасауидің рисаласы. Ол Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының ескі жазбалар қорында сақтаулы. Көлемі 534 парақтан тұрады. Рисаланы жинақтаған – Сопы Мұхаммед Данышменд Зарнуқи. Ол Қожа Ахмет Иасауи шәкіртерінің бірі болған. Оның қабірі, Әлим Шейхтың мәлімдеуінше, Отырар қаласында жатыр. «Көңіл айнасының» жазылу мақсаты – Қожа Ахмет Иасауидың сопылық ой-тұжырымдарын
жинау болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: