Европа мемлекетінің отарлауының басталуы
ХҮ ғасырдың екінші ширегінен бастап Батыс Африканың мұхит жағасындағы аудандарына европалықтар, негізінен португалдықтар мен испандықтар ене бастады. 1434-1482 жылдар аралығында олар Бахадор мүйісінен Конго өзеніне дейінгі жағалықты аралап шықты. Португалдықтардың 1460-1469 жылдары отарлаған Көгілдір мүйіс аралдары Батыс Африкадағы ең алғашқы құл саудасының базарына айналды.
Португалдықтардың Батыс Африкаға ағылуы әсіресе 1475 жылдан кейін күшейді. Осы жылы Лиссабондық көпес Фернан Гомиштің экспедициясы Анкобр мен Вольта өзендерінің төменгі саласында алтынға бай елді анықтаған болатын. Бұл ауданда тұратын фанти тайпасы португалдық көпестердің африка халықтары арасындағы ең бірінші құрбаны болды.
Алтын жағадағы өз позициясын тез нығайту үшін 1482 жылы Сан-Хорхе-да-Мина (қазіргі Элмина) деген тастан қаланған форт (бекет) салды. Алғашқы кезде Африкадан тек алтын ғана тасылды.Құл сату онша кең өріс ала қойған жоқ.
Латын Америкасының жергілікті халықтарын қырып-жою арқылы жүргізілген Америка континентін жүйелі түрде отарлауға, ондағы плантациялық шаруашылықтың кең өріс алуына байланысты өте көп жұмыс күші қажет болды. Ол күштің көзі Африканың жергілікті халықтары болды. Батыс Африка бірнеше жүз жыл бойына тегін жұмыс күшінің резервуары болып, үлкен құл саудасы рыногына айналды.
ХҮІ ғасырдың аяғына дейін Португалия Батыс Африка жағалауына орныққан ең бірінші европалық ел болды. Бірақ португалдықтар көпке дейін материктің ішіне терең ене алмады. Тек Сенегал мен Гамбияның арасына ғана біраз енді. Осы өзендер арқылы португалдықтар 1534 жылы Малиге, 1565 жылы Томбуктаға жетті. Сенегал мен Гамбия арқылы португалдықтар ішкі мандинг рыноктары - Кантора мен Бамбукке жетті. Бұл жердегі ірі мемлекеттерді португалдықтар басып ала алмады. Олардың басты назары Төменгі Гвинея өзенінің жағалауларына ауды (Сьерра Леонеден Камерунға дейін). Олар бұл жағалауды төрт зонаға бөлді:
1. Перечный жағалауы. 2. Піл сүйегі жағалауы. 3. Алтын жаға. 4. Невольничий жағасы (Вольта өзені мен Нигер дельтасы аралығы).
Португалдық көпестер әсіресе Алтын жаға мен Невольничий жағасында зор белсенділік көрсетті. Элминадан басқа португалдықтар Аксимде, Шамда т.б. жағалық пункттерде бірнеше жаңа форттар салды. Онда барлық сауданы шоғырландырды. ХҮІ ғасырдың басындағы португалдықтардың Африкада өндіретін алтыны дүниежүзілік алтын өнімнің 1/10-ін құрады. Жағалық жергілікті халықтар португалдықтармен сауда қатынасында белсенді болды. Бірақ алтынды португалдықтар өте арзанға алып отырды.
Оңтүстік Нигерияның жағалауы алғаш португалдықтар назарына онша іліге қойған жоқ. Күшті Иоруб мемлекеттері ішкі аудандарға жылжуға берік тосқауыл болды. Бенин мемлекеті португал товарларының орнына Европа рыноктарында өте жоғары бағаланатын келімдәрі беріп отырды.
1486 жылы португал көпестері Гватода Бениннің экспорттық портына айналған сауда пунктін ашты. Бірақ 1506 жылы бұл пункттің маңызы болмай қалды. Себебі африка келімдәрісінен түсетін табыс Индия келімдәрісінің табысынан әлдеқайда аз болды. Сондай-ақ португалдықтар товарлары бениндіктерде өте төмен бағаланды.
Фернандо-По және Сан-Томе аралдарына бекініп алып, португалдықтар кант тростнигін өсіретін плантациялық шаруашылықпен айналысты. Оларға бұл шаруашылық үшін жұмысшы күші керек болды. Сол себепті құл саудасы кең өріс ала бастады. Ал құлдарды Нигер дельтасы мен Оңтүстік Нигерияның баска аудандарындағы ұсақ тайпалармен жиі соғысып отыратын Бенин көптеп сата алды. Португалдық көпестер құлдарды қант плантацияларына жақын Алтын жағаға апарып, алтынға айырбастап отырды. Португалдық құл саудасы әсіресе ХҮІ ғасырдың аяғында Бразилияны отарлай бастағанда кең қанат жайды.
Бұл кезде Испания мен Англияның, Францияның Америкада басып алған басқа да аудандарында плантациялық шаруашылық тез қарқынмен дами бастады. Құл еңбегіне сұраныс бірнеше есе өсті. Европа елдерінің арасында Африкадағы жұмысшы күшінің рыногын басып алу үшін қызу күрес басталды. Бұл күресте Португалия өте күшті европа мемлекеттерімен қақтығысты. Бұл күрестің басты құрбаны, әрине, африкандықтар болды. ХҮІІ ғасырда құлдар мен Африка жерлерін басып алу үшін ешбір заңға бағынбаған қарақшылық соғыстар басталды. Тек 1530-1600 жылдар аралығында ғана португалдықтар Америкаға 900 мың африкандықтарды апарып сатты.
1610 жылы португалия монополиясы голландықтар конкуренциясына шыдай алмай, жеңіліске ұшырай бастады. Голландықтар Вест-Индия компаниясын ұйымдастырып Батыс Африка жағалауындағы португалдықтардың сауда бекеттерін басып ала бастады. 1642 жылға қарай Аргуин Гори, Сан-Томе порттары Голландықтар қолына көшті. Олар португалдықтардың Алтын Жағадағы порттарын да басып алды. 1648 жылы лортугалдықтар біраз уақыт тәуелсіздігін жеңіп алған Сан- Томені қайтадан өзіне қаратып алды. Бірақ Атлантикадағы құл саудасындағы португалияның монополиясы біржолата жойылды. Оның орнын Голландия басты. ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысынан бастап Голландия Испанияның Америкадағы отарларына негізгі құл жеткізуші делдал болды.
Голландия үстемдігі де ұзақка созылмады. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында отар үшін күреске Англия мен Франция кірісті. Бұл елдердің плантаторлары құлдар үшін алтын сұрайтын португалдықтардың делдалдығынан қуылып, құл саудасының негізгі рыноктарын басып алуға тырысты. Англиямен, Франциямен қатар құл саудасына Европаның басқа елдері Швеция, Дания, Браңденбург те кірісті. Сөйтіп, ХҮІІ ғасырдың екінші жартысы мен бүкіл ХҮІІІ ғасырдағы Европаның басты державаларының арасындағы қайнаған конкуренцияның өзектi мәселесі - құл саудасындағы үстемдік болды. Бұл күрестің аренасы Африка континенті, әсіресе Батыс және Орталық Африка аудандары болды.
Англия мен Франция африкандық құлдармен саудада үстемдік құқы берілген ірі сауда компанияларын құрды. Мұндай компанияны Франция 1664 жылы құрса, Англия 1672 жылы құрды. Ағылшын компаниясы "Королдық африкандық компаниясы'' деп аталды.
Францyздaрдың сауда экспансиясының тіреніш пункті Сенегал болды. Mұндағы алғашқы француз бекеті 1630 жылы салынды, ал кейінгі жылдары Сен-Луи аралында бекет салынды; гoлландықтaрдан Аргуин және Гори форттары тартып алынды. Гори бірте-бірте француздықтардың Батыс Африкадағы басты теңіз базасына айналды. ХҮІІ ғасырда Америкаға 2 млн. 750 мың құл апарып сатылды. Оның 213-ке жуығы Батыс Африкадан болды. Әрбір 6-шы африкаңдық жолда қаза тауып отырды. Құл саудасы Африка континентінің, әсіресе Батыс Африканың санын кемітті. Африка континенті келешегi зор жап-жас жұмыс күшінен айырылды.
Құл саудасы Батыс Африка елдерінің экономикасына, саяси жағдайына орны толмас зиян келтірді: өндіргiш күштер тоқырауға ұшырады, континенттің солтүстік облыстарымен дәстүрлі сауда-саттық байланыстары үзілді, ірі мемлекеттер құлдырауға ұшырады. Батыс Африканың қорғаныс қабілеті әлсіреді, африка мемлекеттерінің құл саудасына қатысқан үстем таптарының азғындауы байқалды.
. Оңтүстік Сахарадағы Африка елдері біркелкі дамыған жоқ . ХУғ халықтар біраз феодалдық қоғам болып, кең көлемді мемлекет болып құрылса, ал кейбір жерлердің адамдары тайпа құрамынан шыға алмай жатты. Африканың Оңтүстік Сахара жерінде қоғамдық және экономикалық жағдайы жақсарған халықтарды атап айтуға толық болады, өздерінің тұрақтанған жерлеріне тән белгілері болды: Батыс Судан, Шығыс Африка, Батыс Тропиктік Африка және Оңтүстік Африка.
Африка қоғамында қарапайым кедей шаруалардың еңбегі басым болып келеді. Тіпті алғашқы қоғамда құлдарды қолданбаған, құлдар жерге салық төлеп тұрған.
Африканың халықтары металлды өңдеу әдісін меңгерген, әсіресе темірді өңдеген. Африкандықтардан қалған балқытылған пештерден байқауға болады. Олардың халықтары өзбеттерінше еңбек құралдарына металл қосуды меңгерген.
Тропиктік Африка халықтары ежелден жер шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. Мал шаруашылығымен тек көшпелі халықтар:оңтүстік Сахарада берберлер мен туарегеттер, батыс Африкада фульбехтер, шығыс Африкада масаилер мен галла халықтары айналысты. Осы жерде малшаруашылығы нашар дамығанын жер шаруашылығы түсіндіреді. Дегенмен, орта ғасырда африкалықтардың ауыл шаруашылық мәдениетінің дамуын көрсетеді.
Африкада күнделікті астық мәдениеті және сол сияқты неше түрлі сұлы, күріш, т.б.сияқты дәнді-дақылдарды қолданған. Бобов мәдениетін таратқандарға сиыр бұршағы, т.б. берілді. Маңызды мәдениетте құрма, какос пальмасы, маңызды техникалық мәдениетте мақта, индиго, қант таяқшасы орын алды. Үлкен дамыған жетістікке -әртүрлі бау-бақша мәдениеті, әсіресе африкалық ямса және ХУІ ғ. америкадан әкелінген тағадар болды.
Орта ғасырларды орталық базар алаңдары ашыла бастады. ХІУ-ХУғғ.батыс мемлекеттерде шеберханалар, әртүрлі цехтар ашылды. Ең күрделі өнеркәсіп ол- металл, яғни темір, алтын, күміс, ауылшаруашылық құралдар, тігін бұйымдары, тері өнімдері, қару-жарақ және сәулеткерлік керамикаларды қолөнершілер тобы өңдірді. Африкандықтар керемет ерекше металлдың, пештердің конструкцисы мен технологиясын жақсы меңгерген осы әдіс барлық Тропиктік Африкалықтарға тән. Темір мен мыстың металургиясын кейінірек таратты, ал алтын онша дамыған жоқ.
Тігін текстильі бүкіл Батыс және Орталық Судан, әсіресе Хусан және Йорубуск елдерінде дамыды. Хауса елдері тері өндіруден яғни белбеу, қорамсоптар, сөмкелерді өндірді. Тері текстильімен қатар бояу өндірісі де дамыды. Йоруба, Бенине, Нупе елдерінде сәулеткерлік керамика, күмістен жасалынған мүсіндер, шыныдан істелінген заттар кеңінен дамыды. Сол сияқты ағаштан жасалынған әртүрлі ағаштан жасалынған мүсіндер, ритуалдық маскалар, сүйектер және тоқылған заттар орын алды.
Орталық Суданның тарихы
Батыс және Орталық Суданның халықтары ежелден бері жершаруашылығымен көршілес елдермен айырбас жүрігізді,соның бірі оңтүстік Сахараның шекарасымен айырбаспен айналысты. Батыс Суданның сахеле зонасында УІІ-УІІІ ғғ.үлкен сауда пунктері болды. Аукар, Мали, кейінен Пимбукту, Уалата, Гао қалалары батыс судандықтардың орталығы болған. Осы аталған үлкен қалалар керуен жолы Батыс Судан аймағымен байланыста болды. Маңызды сауда жолы Нигер өзені, Сенегал, Гамбин, Сокота, Камадугу, т.б.болды.
Айырбас ретінде жер шаруашылығының өнімдері , малшаруашылығы, тұз, алтын, ал Оңтүстік Батыс Суданда алтын және кола жаңғағы жүрді. Нигер мен Сенегала көлінің ортасында орта ғасырда бірінші білім беру жүйесі енгізілді. Гана, Мали, Сонгай ортағасырдағы Солтүстік Батыс аймақтың Чад көлі орта ғасырлық Бориу, Канем,т.б. мемлекеттер пайда болды. Оңтүстік Суданның Гвиней аралында Йоруба, Белин, Фаголия, Амантин орта ғасырлық мемлекеттер пйда болды. Осы аймақтағыхалықтардың этникалық және тілдік қатынасы мемлекетттің, экономикалық жағдайының пайда болуына әкеп соқты.
Достарыңызбен бөлісу: |