«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет62/82
Дата01.11.2022
өлшемі0.66 Mb.
#463759
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82
Азия

ІХ ғ. Йорубада феодалды қатынас орнады және тайпа қатары мен құлдық ұстау болды. Йорубаның экономикасы ретінде жер шаруашылығы мен егіншілік кенінен орын алды. Қолөнері де жоғары дәрежеде дамыды. Шаруашылықпен айналысты, көп тауарлар Гвиней жағалауына дейін жеткен. Көбіне тері өнімі мен әйнек бұйымдары дамыды, металл өңдеу мен керамика бөлімін жасады. Йоруба мемлекетіне ірі қаланың бірі Ойо болды. Оның құрылуы ІХ ғ және Хғ. жатады. Ойоны басқарған патша Алафина болды. Ойо қаласы мемлекеттің астанасы болды. Діни Ифе қаласы тек Йоруба халқының орталығы болып қана қоймай, сонымен қоса Оңтүстік Нигерияда діни сенімдер таралды. Өкімет билігі атадан мұра ретінде беріліп отырған. Бұл мемлекетте өлім жазасы болған, тіпті мемлекет билеушілеріне бірдей заң жүрген Мемлекет ауылды жерлерге 2 жылға басқарушыларды тағайындаған. Ауылдарда ақсүйектер кеңес администраторы құралған. Маңызды рөлді әскери қолбасшылар атқарды. Ойо қаласында салық жзүргізілді. Негізгі мемлекеттің пайдасына қарапайым шаруалардың салығы, саудагерлердің тауарларынан кішігірім аймақтағы базарларынан пайда тигізген.
Г) Эфиопия
Жаңа замандық ұзақ тарихы бар Эфиопия Африка еліне жатады. Эфиопияның солтүстік жағында Аксум деген мелекет құрылды. Солтүстік-шығысыта Африканың сауда орталығы болған. Негізгі айналысқан шаруашылықтары- егіншілік және мал шаруашылығы болды. Шаруалар арпа, бидай, күріш, қант таяқшаларын өсірді. Кең көлемді бау-бақшаны жақсы меңгерген. Көп территорияларын жасыл ормандар алып жатты. Қолөнершілер әртүрлі мата түрлерін өңдеумен, тері өнімдерінен неше түрлі заттар, үй бұйымдарын тоқумен шұғылданған. Африканың ең үлкен сауда орталығы Аксум барлық жерлерге аты жайылған. Аксум жерінде грек саудагерлерінің саны көп болды. Аксум мен рим – грек қарым-қатынасы грек мәдениетіне әсер етті.
Аксумның гүлденуі ІУғ жатады. Аксумның патшасы тек қана Эфиопияның облыстарына билік жүргізіп қана қоймай, сонымен қоса Оңтүстік Африка аймағында биледі. Аксум Суданның мемлекетінің Мероэ деген қаласын тартып алды. Шамамаен 353 жылы Аксум Византия патшалығымен сауда-саттықпен тығыз байланыста болған кезде, Аксум християн дінін жариялаумен байланысты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет