«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет71/82
Дата01.11.2022
өлшемі0.66 Mb.
#463759
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
Азия

Дін тарихы. Дүние жүзінде әр түрлі діндер, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Біз қазіргі өркениетке ерекше әсер етуші дүниежүзілік діндерге тоқталайық. Буддизм - өте ерте, бұдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болған. Будда ілімінің мазмұны – имандылық саласында адамдық қалып және тәртіп. Адам ойлау арқылы шындыққа жетеді, ауыр жағдайдан құтылатын жол табады, қасиетті ілімнің уағызнамасын сақтай отырып табысқа жетеді. Будда дінінің маңызды уағызнамасының бірі барлық тірі жәндікке сүйіспеншілік пен қайрымдылық. Жамандыққа жамандық істеуден ол жойылмайды, қайта өшпенділік және қайғы-қасірет өрши түседі.
Қазіргі уақытта буддизм Үндіқытай түбегінде маңызды қоғамдық-саяси және мәдени рөл атқаруда. Бирмада, Камбоджада, Таиландта мемлекеттік дін болып есептеледі. 1950 жылы буддашылардың «бүкіләлемдік бауырластығы» құрылды, ал 1970 жылы буддашылардың «бейбітшілік үшін азиялық конференциясы» болды. Бұл ұйымдар халықаралық саясатқа, бейбітшілік үшін күреске қатынасады. Қазіргі буддизмнің ерекшелігі сол, ол діннен өзіндік философиялық ілімге, имандылықтың өзіндік бір жүйесіне айналуда.
Христиан діні буддизмнен бес ғасырдан кейін келген әлемдік діннің бірі, қазір ол ең көп тараған дін. Негізгі басщылыққа алатын заңы – Қасиетті кітап (библия). Еуропа мен Америкада оған сенушілер 1024 миллион адамнан асады. Христиан дінінің басты идеясы – сол адамның барлық бақытсыздығы оның күнәсінің нәтижесі және ол күнәдан шоқыну және табыну арқылы құтылуға болады деп есептеледі.
1064 жылы христиан діні екі бағытқа бөлінеді: батыстық (католиктік) және шығыстық (православиелік).
Христиан діні қоғамдағы өзгерістерге тез бейімделеді. Христиан құдайшылары ғылым мен тілектестікке бейімделген, қайсыбір ғылыми теорияларды басшылыққа алады. Мысалы, дүниені жасаушы туралы діни көзқарасты жақтай отырып, христиандар әлемнің кеңеюі теориясына арқа сүйейді. Шіркеу діни көзқарасты таратуда бұқаралық ақпарат құралын пайдаланады.
Ісләм кейіннен пайда болған дін. Бүгінгі әлемде бір миллиардтан астам адам: «Сіз дін жағынан кімсіз?» - деген сұраққа араб сөзімен «мүсілім» деп, яғни «ісләм дінін ұстайтын адаммын, мұсылманмын» деп жауап береді. Осыдан 1300 жылдан астам бұрын Мұхаммед құрған ісләм дінінің бұлжытпай орындауға тиісті заңы – қасиетті кітап болып есептелетін Құранда сол діннің ерекшелігі анық көрсетілген. Мұсылман дінінің кең тараған жері Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік Азия. Құранның 112-сүресінде оның мазмұны былай баяндалған: Қайырымды да мейірімді Алла атынан былай де: «Ол Алла жалғыз, Алла құдіретті. Ол – тумаған, туылмаған және ешқашан оған ұқсас ешкім болмаған». Мұсылмандылық екі ірі сенім негізі бойынша құрылған: 1) Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына, 2) Мұхаммедтің Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену.
Мұсылмандар үшін мұсылмандықтың бес негізгі міндеті бар: 1) Алланың басқа құдайдың жоқ екеніне, Мұхаммед оның елшісі екеніне сену; 2) Намаз оқу; 3) Ораза ұстау; 4) Зекет беру; 5) Қажылыққа Меккеге бару.
Мұсылмандар үшін Құран – Алланың Мұхаммедке арнап, сол арқылы адамдарға айтқан сөздері. Егер де адам аллаға сенсе, мұсылман дінінің барлық ережелерін орындаса, онда мәңгілік пейішке барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет