Әли Бер 1492 жылы қараша айында соғысқа аттанған кезде қаза табады. Оның ұлы Бакари Даоның билеуі қысқа болды. Ангоо соғысында Мұхаммед Туре соңғы сонгай әскерін талқандап, сонгайдың патшасы деп өзін Мұхаммед І (1493-1528жж) жариялады.
І Мұхаммедтің тұсында мықты әскер қатары болды. Үлкен ер адамдар әскер қатарына қосылуды шақырды, әскери іс біткен соң өз бұрыңғы тіршілігіне қайта оралуға рұқсат етілді. Бұл мемлекеттің экономикасының мықты болып дамуына әкелді.
І Мұхаммед билік кезінде көптеген елдерді жаулап алып 1506-1507,1512,1513 жылдары хаусандықтармен Кациноны жаулап, және басқа хаусандық кебби мемлекетімен әскери шартқа отырды. 1517 жылы Кама Кейта бсқарған Багана елі жанданып, Гао жерінде ішінара соғыс болып Сонгай державасы әлсіреп, көршілес елдер шапқыншылыққа шықты. Сонгай елінің билеушілері шаруашылығында әрбір 300-500, тіпті 1000 құлдан ұстаған. Құлдар ақырындап қарапайым шаруаларға айналып,өз қожайындарына төлем ақы төлеп тұрды. Екінші қатардағы құлдар өздерінің әке-шешелері сияқты біреуге сыйлық ретінде берілген жоқ. 3-4-ші сатыдағы құлдар бос болып есептелді., дегенмен бұрынғы қожайындарына экономика жағынан бағынышты болды. Құлдар сонгайдың тарихи даму жағына да көмектесті.
Сонгайдың қалалық шаруаларының азық-түлік шаруалығы мемлекетте жақсы дамыды. Тимбуктудың «Тарих-аль-Фетташ» сонгайдың шежіресінде 26 тігін шеберханасы әрбір 50 жұмысшыға дейін жеткен. Шеберхананың 70-тен 100-ге дейін жеткен жұмысшылары болған.
11
Сонгайдың тарихи құлдар мен жартылай бос адамдармен байланысты бодһлды. Двюгоран құлдар тобы сонгай мемлекетіне қарсы шығып, олар Туарегов және Санхаджей халқымен аз шайқасқан жоқ.
Құлдар тобы Сонгайды әлсіретіп, мемлекеттің құлдырауының негізгі факторы болды.
А) Моси тайпасы құрған мемлекет
Б.з.б. І мың жылдықтың аяғында ауыл шаруашылықтың дамумен қатар, моси тайпасының шаруасы мен сауданың қатар, ХІ ғ Вагадугу, Ятенге, Фада және Гурма мемлекеті құрылды. Моси халқы ХІХғ дейін өмір сүрді. Франция жаулап алғанға дейін. Вагадугудың пайда болуы көршілеселдерді жаулап алумен байланысты. Мемлекет 16 ауылға бөлінді. Мемлекетке 5 «негізгі» ауыл бағынды, қалған 11 ауылды жергілікті адамдар басқарды.
Мемлекетті 16 санновниктен құрылған адамдар биледі. Бұл санновниктер басқа билеушілер сияқты құлдар ұстады, жер иеліктері болды. Вагадугу және Ятенге, т.б. мемлекеттерде құлдарды сататын базарлар болған.
Екінші ірі мемлекет- ХІІ ғ. пайда болған Ятенге, астанасы- Гурси. ХІІ-ХІУ ғғ. территориясын Сонгай мемлекеті мен Мали билікті атадан мирасқа қалған адмдар билікті жүргізді. Олар әдейі бастыққа моси тайпасынан шыққандар болды. Жаулап алынған жерлер «жер бастықтары» жергілікті тұрғындар басқарды. «Жер бастықтары» ауылшаруашылығы туралы шешімдер қабылдап отырды.
Ятенгеде жиі салық төлеп тұрған, салықты- нионьсе, само, диула, фульбе тайпалары төлеп тұрды. Мосилер салық төлеп тұрған жоқ, салық, кеден жинағы және сауда керуені шөппен, тұзбен, малмен жиналып тұрған.
Б) Хаусандық мемлекеттер
Сонгайдың кең территориясының шығыс бөлігінде Чад көліне дейінгі жерде Хауса тайпасы қоныстанды. ХІІІ ғ. Суданның тарихи деректерінде Орталық Суданда деген дерек бар. Арабтың саяхатшысы Лев Африканский Хауса тайпасының мәдениеті, әлеуметтік жағдайы туралы мінездеме берген.
Хаусада құлдар рөлі өте маңызды болды. Олардың еңбектері кеңінен таралған. Нақты хаусандық мелекеттің тарихы туралы деректер жоқ. Хаусанның УІІІ-Х ғғ. жылнамаларында қалаларына жататыны туралы мәлім ғана бар. Экономика жағынан Хаусанның негізгі қаласы- Кано. Кано көптеген қалалармен сауда-саттық қатынаста болды. Әсіресе кола жаңғағымен Гонджа мемлекетімне байланыста болды. ХІУ ғ. Хаусандық мемлекеттерде ислам діні пайда болды. Бірақ, ислам дінін негізінен үкімет басшылары мен қала тұрғындарының біраз бөлігі қабылдады Дегенмен, ауыл аймақтарда африкандық анимистика дініне сыйынды.
ХІУ ғ. І жартысында Каноның гүлденген кезі еді. Каноның жаңа астанасы салынды, мешіттер мен құрылыстар тұрғызыла бастады. Хаусанның қалаларына көз тігкен –Сонгай мемлекетінің жау патшасы Барну болды. Бұл екі елді бір-біріне сауда –саттыққа қарсыластыққа әкеп соқты. ХУІ ғ. Сонгай халқы, құлдыраған кезде Хаусан мемлекеті гүлденіп, өз тәуелсіздігін алып, жандана түсті. Жетістікке қол жеткізген Хаусанның халқының арқасында болды.
В) Йоруба мемлекеті
Нигерия және Дагомеяның оңтүстіктегі Африканы ежелгі мәдени орталығы болды. Осы аймақта жататын ХУ ғ. халықтар туралы нақты деректер жоқ. Сөйтсе де, қолда табылған археологиялық қазбалардан бұл халықтардың мәдениеті жоғары дамығанын көрсетеді. Күміс және қоладан жасалған мүсіндер Бенина, Нупе, Иле, Ифе терракоталық статуеткалар дәлел. Йоруба қаласында санаулы жүз мың ғана халық тұрған, және үлкен ғимараттары болған.
Достарыңызбен бөлісу: |