Орта мектепке келген жаңа оқушы бесінші сынып оқушыларымен кездесу үшін бейімделу бағдарламасы


Тест. «Сендер біреуді тыңдай аласыңдар ма?»



бет3/4
Дата31.10.2023
өлшемі33.71 Kb.
#481988
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Тест. «Сендер біреуді тыңдай аласыңдар ма?»
Әрбір оқушы сұрағы бар бланкі алады. Барлығы 7 сұрақ, балалар сабақ үстінде сұрақтармен танысады (№2 қосымшаны қара).
Ойын «Түсін мені»
Қатысушылар үш адамнан топқа бөлінеді. Оларға достарына сыйлық жасау туралы тапсырма беріледі.
Сабақты талдау (бірінші сабақтағыдай),Жүргізуші тапсырма ретінде сұрақтар қояды:
- Өзіңді бағалау қиын болды ма ?
- Өзің туралы жаңадан нені білдің ?
Үй тапсырмасы
Бірнеще уақыт бойы өзіңіздің көңіл-күйіңізге бақылау жасаңыз. Содан кейін мынадай сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз:
- Сіз әрқашанда салмақты және көңілді боласыз ба?
- Сіз әрқашанда ұқыпты және сабырлы боласыз ба?


5 сабақ. «Сезім әлемі»
Мақсаттары:Оқушыларды сезімдермен таныстыру; басқа адамдардың сезімін анықтауды үйрету; өзінің сезімдерін басқара алу қабілетін жаттықтыру.
Міндеттері:Сол немесе басқадай сезімнің туындау факторы туралы түсінікті талдау; өзінің меншікті көңіл-күй жағдайына басшылық ету дағдыларын дамыту.
Көрнекіліктер:сезімдер берілген ықшамсызба салынған плакат, сезімдердің аталуы жазылған карточкалар, дом, фломастер, қарындаштар.
Сабақтың барысы:
«Сен не естідің?» зейін салу жаттығулары
Жүргізуші шеңбер бойынша оқушыларға сұрақтар қояды, оқушылардың өмірлік жағдайлары және сезімдері талданады (олар тақтаға жазылады),
Тақырып бойынша жұмыс.
«Сезімді анықта» ойыны.
Сезімдердің ықшамсызбалық көріністері берілген плакаттар ілінеді. Қатысушылар қандай сезімдер берілгендігін табады.
Жаттығу «Сезімдер фигурасы».
Балалар А4 парағында бес үлкен сурет салады. Содан кейін олардың төртеуінің аттарын жазады (ашу, қуаныш, ыза, қорқыныш),түрлі-түсті қарындаштармен бояйды. 5-ші фигураға ат қояды көңіл-күй жағдайына сәйкес келетіндігі бойынша бояйды.
Ойын «Сезіміңді ата»
Допты шеңбер бойынша бере отыра, қатысушылар сезімдерін атайды. Содан кейін доп екінші жаққа беріледі және қарым-қатынас жасауға көмектесетіндері аталады.
«Сезіміңді бейнеле»
Өз сезіміңді қимыл-қозғалыстардың көмегімен бейнелеуге болады.
Сабақтың талдауы (бірінші сабақтағыдай).
Жүргізуші талқылау үшін сұрақтар қояды:
- Сіздің өміріңізде сезімдердің рөлі қандай?
- Сабақта сіз үшін не жаңа болды?
- Сізге не нәрсе белгілі болы.
Үй тапсырмасы.
-Қарым-қатынас жасаудың түрлі кезеңдерінде өзінің тәртібіңізді бақылаңыз, сіз өз сезімдеріңізді билей ала аласыз ба?
-Сабақта сіз үшін не жаңа болды?
-Сізге не белгілі болды?


6 САБАҚ. «Біздің мұғалімдеріміз»
Мақсаты: Бесінші сынып оқушыларына педагогтарға қатысты әлеуметтіе ұстанымды ұстауым қажет.
Міндеттер:Оқушыларға өздерінің оқу процессінің «когнитикалық картасын» құруға; өз ісінің шебері ретінде педагогқа түсінік беруге,педагогтар туралы оларды қызықты тұлға ретінде түсінік беруге көмектесу.
Көрнекіліктер:Болашақ гүлдің суреті белгіленген ватман парағы, (3 дана). Болашақ «гүлдің» жапырақшалары мұғалімдердің сөз сұхбатынан үзінді. Оқу пәндерінің аталуы жазылған карточкалар (әйел адамдардың есімдері басымды болу). Магнитті тақта, желім, маркерлер.
 Мұғалімдермен сұхбаттасуды алдын-ала жүргізген дұрыс.
Ойын сыныпта өткізіледі.
Сабақтың барысы.
Естелікке жаттығу «Мұрын, еден, ормал»
Үй тапсырмасын талқылау. Сезімдерді билеу тәсілдерін талдаймыз.
Тақырып бойынша жұмыс:
Балалар өз орындарында отырады. Жүргізуші балалар жауап беруі қажет сұрақтарды оқиды және тақтаға жазады.
«Оқу пәндері» - бесінші сыныптың бағдарламасында бар пәндерді оқу және талқылау.
Балалар үш топқа бөлінеді.
Жаттығу «Біздің мұғалімдеріміздің аттары кім?»
Осы жаттығудың көмегімен әр түрлі пәндер бойынша қандай мұғалімдер сабақ беретіндігін еске түсіру қажет.
Жүргізуші пәнді және оны оқытатын мұғалімді атайды, ал балалар жылдамдыққа олардың әкелерінің аттарын атайды.
Жүргізуші пәнді атайды, ал балалар оқытатын мұғалімнің аты-жөнін атайды.
Жүргізуші тегін атайды, ал балалар атын, әкесінің атын және пәнді атайды.
Жаттығу : «Нағыз мұғалім, ол - ...»
Әрбір топ, адамның түрлі қасиеттері және мінез-қылықтары жазылған парақтарды алады. Олардың ішінде педагогтық қызметті іске асыруда өте маңызды орын алатындары да және бейтараптары да бар.
Әрбір топтың міндеті – нағыз мұғалімнің бойында болуы қажет қасиеттерді белгілеу. Барлық топтардағы тізім бірдей, бірақ олар әр түрлі сапаны таңдап алады. Жұмыс 5 минут бойы жүргізіледі. Содан кейін әрбір топ бір өкілді таңдайды. Ол тақтаның алдында тұрады, қалғандары орындарына отырады. Топтарды таңдаулары салыстырылынады.
Таңдап алған қасиеттері жазылған парақтар ватманда салынған парақтарға бекітіледі (болашақ гүлдің ).
Жаттығу «Біздің мұғалімдеріміз қандай?»
Балаларға олардың мұғалімдерінің сұхбат берулері жазылған ақпарат беріледі. Бұл жұмыстарда иесінің аты жазылмаған. Балалар қағаз парағын бір-біріне береді (олардың әрқайсысының қолында қағаз парағы болуы қажет).
Балалар мұғалімдердің жауаптарын оқиды және қалаулары бойынша қолдарын қояды. Содан кейін жапырақшаларды бір –біріне береді.
Одан әрі жапырақшалардан гүл жиналады.
Соңында біздің мектепте қандай мұғалімдер жұмыс істейтіндігі туралы қорытынды жасалынады.
Сабақтың талдауы (бірінші сабақтағыдай).
Үй тапсырмасы:
Өзінің және басқа балалардың бойында ұнайтын 5 қасиетті жаз. Сонымен қатар өзінің және басқа балалардың бойында ұнамайтын 5 қасиетті жаз.


7 сабақ. «Дос іздеп жүрмін»
Мақсаттары:Оқушылардың өзін тануға көмектесу; қарым-қатынас жасауда кездесетін кедергілерді жоюға көмектесу, қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:Балаларға достық қарым-қатынастың критерийлерін анықтауға көмектесу; досы туралы өзінің серіктесі ретінде түсінік қалыптастыру; өзін ұсыну туралы тәжірибе алу.
Көрнекіліктер:Хабарландыру жазуға арналған қағаз беттері.
Сабақтың барысы:
Көңіл-күйге арналған жаттығу « Саусақтар»
Жүргізуші қолдағы саусақтардың белгілі бір санын атайды. Соншама адамның тұруы қажет. Кім қателессе сол келесі серияны босатады.
Үй тапсырмасын талқылау.
Досымыздың таңдап алған сипаттамасын салыстырамыз және сұрақтарға жауап береміз: Қандай адаммен жолдас болғыңыз келеді? Достар барлығынан бір-біріне ұқсаулары міндетті ме?
Тақырып бойынша жұмыс: Сұрақтар бойынша пікірталастар:
 Адамға неліктен дос қажет екендігін сіз маған айта аласыз ба? Оған көп дос керек пе? Жақсы дос (жақсы құрбы) қандай болуы керек? Өзіңнің досың (құрбың) үшін сен өзің не істейсің? Жақсы дос ағаңа немесе әпкеңе ұқсас па? Айырмашылығы қандай?
Жүргізуші оқушыларға сөйлемдерді аяқтап дәптерлеріне жазуды ұсынады: «Ашығын айтқанда маған әлі де болса қиын....»; «Ашып айтқанда мен үшін өте маңызды....»
Содан кейін қатысушыларға қалаулары бойынша өздерінің жауаптарын дауыстап оқу ұсынылады.
Жаттығу «Дос іздеп жүрмін»
Онда өзі туралы қысқаша айтып, өзінің қызығушылықтары, сүйікті істері туралы айту. Хабарландыру шағын болуы қажет. Өзінің мәтініне атын жазбауға немесе лақап ат ойластыруға болады.
Содан кейін хабарландырулар жиналады және оқылады. Қатысушылар әрбір хабарландырудың авторлары кім екендігін табады, егер дұрыс тапса автордың жақсы жақтары туралы қосымша айтады.
Оқушылар өздерінің қалаулары бойынша өздерінің хабарландыруларын психологтың кабинетіне іліп қоя алады.
Сабақтың талдауы(бірінші сабақ кезеңіндегідей)
- Ашық болу қиын ба?
- Өзін туралы жазу оңай болды ма?
Үй тапсырмасы:
Барлық өткен сабақтарды еске түсіру және өздерің не қосқыларың немесе өзгерткілерің келетіндіктерің туралы айту. Қағаз беттеріне жазыңдар (оларға өз аттарыңды жазбауға болады).


8 Сабақ «Біз және біздің сынып»
Мақсаттары:Алаңдаушылықты төмендету, ішкі топтық жұмылдыруға қол жеткізу, жалпы «Біз» деген пікірдің өзінің дербес «Мен» деген түсінігін түсіну.
Міндеттері:Топта өзара әрекеттесу бойынша алған тәжірибені жалпыландыру, әрбір қатысушыға топтан кері байланысты қамтамасыз ету; өзін топтың мүшесі ретінде сезіну.
Көрнекіліктер:Ашық түсті қағаз беттері (көгілдір, қызғылт, сары), әрбір қағаздың ортасында «Мен» деген жазуы бар (қатысушылардың саны бойынша), түрлі қарындаштардың немесе фломастерлердің жиынтығы; одан әрі кішкентай жапсырмалар желімденетін ватман парағы; фотоаппарат; сабақтың кезеңінің тиімділігін бағалау үшін сауалнама бланкілері.
Сабақтың барысы:
Жаттығу « Ұжымдық есеп». Балалар жазбаша тапсырма тапсырады
Тақырып бойынша жұмыс:
Жаттығу «Сыныптың коллажы»
Оқушыларға өздерінің кеуде белгілерін жасау ұсынылады – онда қатысушының есімі және оның қандай да бір жағымды қасиеті, оның үлгісін әркім өзі таңдайды.
Балалар жұмыс істеп жатқанда тақтада олардың алдында «Біз және біздің сынып» атты плакат ілініп тұрады. Тапсырманы орындап, әр қайсысы плакатқа өзінің кеуде белгісін желімдейді.
Жүргізуші әрбір оқушыға олардың әрқайсысының сыныптың жеке бөлігі екендігін түсіндіруі қажет. «Мен» жалпы «Бізді» құрайды. Қорытындысында жалпы ортақ «Біз» «Мен» деген пікірсіз бола ала ма? Соны тақылау қажет.
Жаттығу «Біз қандаймыз ?»
Барлығы бір дауыспен «Біз барлығымыз» деп айтады, ал жекелеген қатысушылар жекелеген таңбалардағы қасиеттерді оқиды, бірақ көпше түрінде. Мысалға: «Біз барлығымыз күштіміз, ақылдымыз, әдеміміз, мейірімдіміз..»
Сабақтың талдауы (сабақтың бірінші кезеңіндегідей:)
Кері байланысты ауызша айту нұсқасы.
Шеңберде тұрған қатысушылар, бір-біріне ойыншық немесе допты бере отыра, сабақта не естерінде сақталғандығын айтады.
Топтың жалпы фотосуреті жасалынады. Жүргізуші оның ортақ таңбаға желімденетіндігін хабарлайды.
Жобалық әдістеме «Ағаш»
Сабақтың тиімділігін бағала.у
Әрбір қатысушы сабақтың кезеңдерінің тиімділігін бағалау үшін сауалнаманы толтырады. Сауалнаманы толтырғаннан кейін әрқайсысына болашаққа тілек, жол сілтеп диплом беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет