Сауалнама
Құрметті бесінші сынып оқушысы !
Сен көптеген мәселелер талқыланған сегіз сабаққа қатыстың. Біздің осы бірлескен жұмысымыз туралы сенің ойынды білу бізге қызықты. Бірнеше сұраққа жауап беруіңді сұраймыз, ол бізге келесі оқу жылында осындай сабақтарды оданда қызықты және пайдалы өткізуге көмектеседі.
Рахмет !
1. Біздің сабақтарда талқыланған тақырыптардың немесе сұрақтардың қайсысы сенің есіңде қалды?
2. Саған не ұнады: қандай жаттығулар, ойындар, сабақ тақырыптар?
3. Саған не мүлдем ұнамады?
4. Біздің сабақта білгендеріңнен саған не болашақта көмектеседі деп ойлайсың?
5. Келесі сабақтарда не туралы білгің келеді?
1 Қосымша
«Тыңдау» және «Есту» түсініктерін салыстыру
- Адамға неліктен екі құлақ, екі көз және бір ғана тіл берілген соны ойлаңдар?
- Не маңызды: сені тыңдаған ба әлде естіген бе?
- Өмірде сен үшін не ең құнды және ең маңызды? (Нұсқалары тақтаға жазылсын)
- Адамға қашан жақсы болады? (Оны жақсы көргенде, оның дені сау болғанда, оны түсінген кезде).
- Адамды түсінген кезде? (оны тыңдаған кезде).
2 Қосымша
Тест «Сіз тыңдай аласыз ба?»
Әрбір оқушы сұрақтар жазылған бланкіні алады:
1. Біреумен сөйлесіп отырғанда көңіліңді жиі бөлесің бе?
2. Сен тыңдап тұрған болып, басқа нәрсені ойлап тұрасың ба?
3. Әңгіме айтып тұрғанның сөздеріне сезіммен берілесің бе?
4. Өзіңмен сөйлесіп тұрған адамды жиі бөлесің бе?
5. Сен тыңдайсың ба немесе тыңдап тұрған болып көрінесің бе?
6. Басқаларды тыңдап тұрғанда, өзің басқа нәрсені армандап тұрасың б?
7. Әңгімелесушіні тыңдап тұрғанда, не жауап беретіндігіңді ойласың ба?
Енді нәтижесін есептейміз: сенде «иә» деген жауап неғұрлым көп болса, соншалықты сіз басқа адамдарды тыңдай алмайсыз. Сіздің басқаларды тыңдауыңызға не бөгет болатындығын ойлап көрейік.
Психолог оқушылардың жауаптарын қорытындылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |