Қортабаева гүлжамал қыдырбайқызы қазақ ономапоэтикасы: сатиралық-юморлық кейіпкер аттары



бет4/4
Дата11.06.2016
өлшемі249.5 Kb.
#128867
түріДиссертация
1   2   3   4

Салттық көрініс Әупірімов “жан қиналғанда айтылатын сөз”, Біржамбас “жату әдебі “Жамбассипарұлы “ұрын бару салты”, Көріпкелов “болашақты болжаушы”, Некебұзарұлы неке бұзар, Табаны Қышыған “жол жүру дейтін ырым”, Құсбегин “саят құстарын баптаушы”, Тобықбаев тобық сыйлау “ұлттық ойын”, Шүкіров “тәубе ету сөзі”, Базынагүл біреуге өкпе-реніш мәнінде айтылатын сөз, Көзайым, Тойбазар, Тойболсын, Тойбике т.б.

Әдеттік құқық Заңғой, Айыппұл, Барымталин, Бітімбай, Даугүл, Даусоғар, Даулан, Даубаев, Домалақарызов, Жарлық, Жосынбай, Үкімбай, Қамшыбаев Шағымбек, Балаби, Мырзаби, Тампаби, Діни дәстүр: Зікір, Садақа, Мінажат, Намазбай, Дұғақұл, Бойтұмар, Талақ, Сәуегүл, Шүкір. Дәстүрлі ғұрып баланың дүниеге келген күнінен бастап, әр кезеңді дәстүрлі той-мерекеге айналдырып наным-сенімнің кейбір түрлерінен жасалған: Шүмек, Түбекбай, Сүндет, Ашамай

Ұлттық тағам: Бөкпенбетов “сүтке бөктірілген талқан”, Быламықов “ұннан пісірілген қатықсыз тағам”, Бозабаев “бидайдан жасалған сусын, ішімдік”, Қаспақов “күйген сүттің қалдығы', Көжебаев “ұлттық сұйық сусын” Құйымшақов “қызға берілетін сыйлы мүше”, Малта Сықпаұлы “уақ құрт”, сықпа “сығылып жасалған құрт”, Майшелпеков “майға пісірген жұқа нан”, Сарқытбаев “тойдан әкелген тағам” т.б., Төстік “күйеуге берілетін сыбаға”, Уызхан “төлдеген малдың сүті', Ұлтабар “ұл тапсын деген ырыммен берілетін ас”, Үлпершек “қыз келіншекке берілетін сый тағам”; Сыбаға “сақталған сыйлы мүше Жөргем “будақтап өрілген ішек”



Ұлттық мүлік аттары: Дастарқан, Наркескен, Қоңырқұлжа, арқардың асығы', Тайтұяқ, Зұмратбаев, Жүзік, Құрақгүл, Үкісарықыз, Үкітай.

3.1.2. Этномәдени аттарды 3 топқа бөлдік: халық әндерінің тақырыбынан: Япурай, Елімай, Илигай, Әпитөк, Жайдарман, Көкшолақ, Саққұлақ, Желбір Жекен, Қаракемпір, Қарашал; ән мәтіндерінде Айдай, Гәкку, Бипыл, Әлди, Әридаш айдай, Әндірбай, Әләуләй, Гүлдерайым, Тамтарам,, Дәйдім, Көкшолақ.

күй атауларынан жасалған аттар: Былқылдақ, Күйдария, Келіншек, Қызбала Жамбассипарұлы, Сыбырлақ, Діңгірбай, Серпер т.б.

Қазақтың тілі, өнері және мәдениетінің құдіретін академик Ө.Айтбайұлы: “Бұл өзі ошақтың ұш бұтындай боп жарасым табар үш тірек. Осы үш тірек біріне-бірі дұрыс үйлестірілмесе, киелі рухымыз-қазанның-мәдени ошаққа барып орнығуы өте қиын” деген салмақты пікірінен көп нәрсені ұғынуға болады [13,96].



3.2.Табу, эвфемистік сипатты СЮП-тер. Адам мен қоғамның дерті–маскүнемдікті сынамаған сықақшылар кемде-кем болар. Қазақ классик сатириктерінің бірі Ж.Алтайбаев арақты былайша суреттепті: “Мықтының өзі деп те атайды, сырын білетіндер. Сондықтан да оны біреу тойып ішеді, біреу тоңып ішеді, біреу шер-шемен тарқатам деп, ал енді біреу шабыт іздеп, аруақ шақырып ішеді(Ж.Алтайбаев) “Маскүнем” кейіпкерлердің аты-жөні де өздеріне лайық қойылған: Алқаш, Жұтқышбек, Ішкішбек, Ақмағанбет, Алқашбай, Ащы қайным, Бренди құдаша, Вино, Қылмойынов, Жартылықов, Шишагүл, Арақбаев, Коньякбек, Қызылбек, Сыратай, Спиртбай, Шарапбике, Шампангүл, Самогон, Самопал, Алыпқоев, Құйған, Тәлтіреков. Эвфемистік сипатты СЮП-тер жағымсыз ассоциация тудыратын ұғым эвфемистік ат түрінде қойылған Домалақарызов “аноним хат”, Қымқыр Жымқыров “көрсетпей алып кету”, Итжеккенов “алыс жер”, Көзжұмбаев < көзжұмбай “бүркемелеу”, Қаңқусөзұлы “алып қашты сөз”, Қаптесеров қап тесер “тышқан”, Көккөзов көккөз “орыс”.

3.2.1. Туыстық атауларға байланысты жасалған поэтонимдер. Қазақ халқында табу мен эвфемизмнің бір көрінісі ат тергеу ғұрпымен байланысты. Қазақ есімдерінің сырын ашуға көп еңбектенген профессор Т.Жанұзақов қазақ тіліндегі туыстық атауларды ат тергеудің үлгісі ретінде қарастырады. Сондай аттар қатарына төмендегі ЭП-дер де жатады: Мырзаға, Қайнаға, Қайынсіңлі, Ғашықбала, Мырзақыз, Дәрібала, Күшікбала, Шырақ, Бикеш т.б. Соның үлгісі сатирада да көрініс тапқан:“Ата-ененің атын атамайды”,– деп,

“Қайын, қайынсіңлінің атын атамайды”,– деп,

Аттергеудің мәнісін

Шешесі қызына үйретудей-ақ үйретті.

Сонымен, қайнысы Нәғиға – Нантабарка, Нәбиге – малтабарка, атасына – Алдавайка, әжесі Айғанымға –Айдаһар, қайынсіңлісі Саяға – Саина, деп, тәлпіш келін бүркеншік ат қоймаған елде адам қалмады, бірқатары мынадай: Касемсот, Тыри, Тырқыл, Самопал, Ойбай, Күлегеш, Лапшамұрын аталды (С.Кенжеахметұлы. Аттергеу.).

Туыстық атауды білдіретін ЭП: Ағайын Туғаншылов, Апаева , Апамов , Абысын Шешеева, Шөтік Ағайынович, Бауырбек Немереұлы, Жездебек Әкейменов, Жеңгебай, Қайын Ағаев, Қайын Мырзағаұлы Шырақов, Қайынсіңлі Бикешқызы Шырайлымовна, Шөбере Үбіреұлы, Құдағиева, Қарынбөлеев, Туғанбай Інішеков т.б.

3.3. Сандық атаулардан жасалған СЮП-тер: Алтыбас, Бесбике, Бесқарын, Бесмағанбет, Бескемпір, Біргүл, Бірай, Жүзтайлақ, Елубесбай, Қырықбес, Қырыққабатов, Қырықсақина, Миллионбай, Миллиардбек, Мыңдықыр, Мыңжігіт, Мыңжылқы, Мыңтұр, Отызбірбай, Сорокбай, Төртқарын т.б. Сан есімнің өне бойындағы осындай мифопоэтикалық семантика кейіпкерге ат берудегі символдық қолданыстан байқалады. Бұрынғы таптаурын ізбен қу, айлакер болса – Түлкібай, қорқақ болса – Қоянбай, күшті болса – Аюбай деп сыдырта беруден ада болған. Сандық символдың қуаты кейіпкерге қойылған аттан білініп тұрады: Мыңдықыр “жанжалқұмар”, Бірдібірге Шағыстырғанова “арандатқыш”, Біржамбас “қыңыр”, Бесбике “жеңілтек”, Қырыққабатов “суайт”, Миллионбай “жебір” т.б. Қазақ антропонимисі профессор Т.Жанұзақов сан есімдермен келетін кісі аттарын талдай келіп, ол есімдердің көбінесе ер кісілерге берілетінін, ал санмен әйел есімінің кездеспейтінін айтады. [14,196]. Расында, сатиралық - юморлық әйел аттары саусақпен санарлықтай: Бесбике, Бескемпір, Біргүл, Жүзтайлақ, Үшкемпір. СЮП-терді сандық құрамы жағынан талдауымыз мынаны көрсетті: бір саны-8, үш-1, төрт-1, бес-10, отыз-1, алты-1, тоғыз-1, отыз-2, қырық-4, елу-1, жүз-3, мың-4, миллион-1, миллиард-1 рет ғана кездесті. Семантикалық белгілеріне қарап, мөлшерлік мағынаны аңғартатын Ақылкөп, Жалғызгүл, Жалғызбике, Дарабай, Жартыбас, Қосқұлақ, Қосомыртқа, Қосорай, Қосыпайтар сияқты аттарды қоспаған себебіміз, мұндай сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер қатарына жатпайды.

3.4. Поэтонимдердегі түр-түстің символдық таңбасы. Кейіпкер аттарының құрамында түр-түстің түрлерінің сандық көрсеткіші төмендегідей: ақ түс-27, қара-22, көк-16, сары-13, сұр-7, қызыл-5, боз-5, қоңыр-3, жирен-2, ала-4 рет, шағыр, төбел, шұбар, жағал, қу тәріздес түс аттары жалқыдан ғана кездесті: Ақдолы, Ақжаулық, Ақтуша, Ақсом, Ақкөз, Ақкемпір, Алабас, Алайкөз(ов), Арамқара, Бозғылт, Жағал, Көкжаулық, Көкми, Көкаяз, Көкқасқа, Көкдолы, Көксау, Көктиын, Көкаяқ, Қарақатын, Қаракөріпкел, Қарабұқа, Қаракемік, Қарашаруа, Қарабет, Қарашал, Қарасарт, Қызылкөзұлы, Қызылтазы, Қошқыл, Сары Шая, Семізқара, Сұраман, Сұрсұлу, Сұрқияқыз, Ұйқысары, Үкісарықыз, Шабдарұлы, Шиқара, т.б

Түр-түс әлемін тіл әлемімен байланыстырған Ә.Қайдар “осы түсті қолданып отырған қаламгердің өз басына тән психологиялық, эстетикалық, творчестволық ерекшелігі, сондай-ақ дүниетанымы, ой толғанысы, мінез-құлқы көңіл-күйі т.б қасиеттері тұруы сөзсіз” дейді. Ақ > Ақкөңіл арамдығы жоқ адам, Ақжаулық некесі қиылған әйел, Ақжол әділ жол, Ақжем әуреге түсу, Ақкөз надан, Ақпатша, Ақсақал көпті көрген кісі, Ақсүйек 1. төре тұқымы, 2. ойын аты, Ақтабан жалаңаяқ босып кету, Алакөз ауыз бірлігі жоқ, Алатай араздық, елді бөлу, Алаяқ қу, залым; Көк > Көкауыз мылжың, Көкаяз шикі, Көкбет қаһарлы, Көкдолы ашуы қатты, Көккөз орыс халқының уәкілі, Көкми топас, Көктиын ақшасы жоқ; қалған түстер жалқыдан кездесті: Қызылкөз пәлеқор, Сары Уайым қайғы-қасірет



3.5. Пейоратив (лат. pejor “кемсіту”) аттардың семантикалық ерекшеліктері жақтырмау, кемсіту, қорашсыну, менсінбеу, олқысыну реңкін білдіретін лексемалар ұнамсыз, жағымсыз, экспрессивтік -эмоциональды бағалауыштық коннатацияға ие сөздер, яғни жақтырмау, кемсіту реңкті білдіретін тіл элементі.

1. Келекелеу мәндегі ПП-тер: Борсық, семіз', Гүпбай, семіз', Қортық, бойы аласа', Қисықбас, басы қисық', Маймақ', аяғы қисық', Мыртық, бойы аласа', Мықыр, тапал', Іркілдек, семіз', Бетібелдеева'жалпақ бет', Қортықов, Қисық Мықыров, Қаңғалақ, Қылтиған Тыртиғанұлы, Шақшабасов, Мыржық Тыржықов, Тақырбасов, Талпақов, Сойдақов, Шақкөзов т.б.

2. Мазақтау мәндегі ПП: Міңкілдек жуас' Дүңкілдек, дөрекі', Ақкөз ,ашушаң', Шақшақай ызақор', Шыжбақай, күйгелек', Шолтаң, “ерсі қылық”, Көкдолы “бетпақ”, Арамқара, ниеті жаман', Тырысқақ, қыңыр' Тоңмойын, бірбеткей', Ұрыс қақ, ашуланшақ' Ақкөз Қызылкөзұлы “жалақор”, Әпербақанова “есерсоқ”, Бөспеев “мақтаншақ”, Тырайған Тырашевич “бөспе”, Сужұқпасов “қу”, Суқылдақов “өтірікші”, Сұрқияқызы “оңбаған', Қызылкөзұлы, пәлеқор' Ұшқалақович “алаңғасар', Тоңқылдақ “есуас”, Нойыс “дөрекі, дойыр”

3. Жүріс-тұрысты ұнатпау мәндегі ПП-тер: Селтеңбай босжүріс', Айдашап есерсоқ' Әпербақан сотқар' Жандайшап қолшоқпар' Шошаңгүл Ардыңгүрдіңова ~ ардың-күрдің, Бүлкілдекич ~ бүлкілдек, Былқылдақ Сылқылдақович ~ былқ-сылқ, Қуаяқов “залым”, Апырай Дікілдекова ~ дік-дік, Қисаңбаев~қисаң, Қисайған Талтаңбаев~талтаң, Ұрдажық әңгүдік, әпербақан, дөрекі, төбелесқұмар адам. Жылмағай Жылпосов – “құрметтерлік қызметі жоқ, бір бөлімдегі қатардағы бес белсендінің бірі ғана, сынаптай сырғып иненің көзінен өтеді-ау, иненің өтеді. Қисынын келтіріп, аузындағыны жырып кету-оның өмірдегі игерген қосымша “мамандығы” сияқты. Жалпы балықтан жүн қырқып, сіркеден спирт сығатынның нағыз өзі” (Жаппасұлы Е.)

4. Топастықты мінейтін ПП-тер: Ақпақұлақұлы ,сөз ұқпайтын парықсыз, Саппас, санасыз', Көкми, топас', Дүмбілез дүмбіл пісуі жетпеген, шикі тағам, дүмбілез шалалық, шикілік, Мисыз, ақылсыз, есуас', Жетесізов, ақымақ' Ноқай топас, надан, тілсіз мылқау.

5. Менсінбеу мәндегі ПП-дер: Шөпжелке - қыз баланы кемсіту, Маубас ұйқышыл адам, Мырқымбай бос белбеу, ынжық, Болбыр сылбыр, босаң, Құйысқан кез келген жерге қыстырыла кету, Міңкілдек міңгірлеп сөйлеу, Бестиын, “өтірікші”, Шиқара “арық”, Шибұт жіңішке борбай, Сұрпақпай “ұры, сұғанақ”.

6. Жақтырмау мәндегі ПП-дер: Суаяқов алаяқ, Сұғанақ, Сұрпақпай ұры, Нансоғар жалқау, Жарамсақов, Құйыршық жағымпаз, Заржақ тынбай сөйлейтін адам, Сужұқпас өтірікші, Ыржаңгүл жөнсіз күле беретін адам, Жылмаңбет қу, жылпос, Таскене, Ашқарақ, Қомағаев, Мешкей, Салақ, Мәңгүртбаев, Ауыш, Кеңкелес.

7. Қарғыс мәнді ПП-дер діни көзқарас негізінде туындаған мифтік ойлау жүйесімен тығыз байланысты пайда болған, бүгінде қарғыс түрінде қолданылады: Албасты, Бадал, Сайтан, Марту, Мыстанқыз, Малғұн, Әбілетов ~ әбілет, Бетбақова ~ бетпақ, Итбай Шошқаевич ~ ит шошқа, Жетесізов ~ жетесіз, Жынұрғанов ~ жын ұрған, Жындыбаев ~ жынды, Қубасович ~ қу бас, Тазыбайдың Қаншығы ~ қаншық, Топасұлы ~ топас, Сапалақович ~ сайтанның үрім-бұтағы т.б

Қорыта келгенде, СЮП-терді жүйелеу арқылы халықтың қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, этикалық дәстүрі, ұлттық психологиясы, тұрмыс - салты, әдет - ғұрпы мен танымы туралы мағлұмат алуға болады, одан бүкіл этнографиясының пішім - бейнесі толық аңғаруға болады. Ұлы француз жазушысы Эмиль Золя “Нередко даже в сочетани слогов мы видим весь характер человека” деп пайымдаса, Гюстав Флобер “Когда нет имени – нет и романа” деп әсірелейді.


ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеуіміз сатира мен юморлық кейіпкер аттар болғандықтан, оқырманын селт еткізер “есімі ерекше”, “сөйлеп тұрған”, “айқайлап тұрған”, “мағыналы”, “эмоциялы-экспрессивтік” 100-ден астам қазақ әдебиеті туындылары мен түрлі басылымдар бойынша сатиралық-юморлық сараланды. Оларды жүйелеу арқылы халықтың дүниетанымы, этикалық дәстүрі, ұлттық психологиясы, тұрмыс - салты, әдет - ғұрпы туралы энциклопедиялық мағлұмат алуға болады, бүкіл этнографиясының пішім-бейнесі толық аңғарылады.

Жазушы А.А.Фадеев ССРО Жазушылар Одағының ІІ съезінде сөйлеген сөзінде: “в сатирическом жанре как и всяком другом, существует еще один герой – можеть быть самый главный – это он самый автор” деген. Сатириктердің саяси-моральдық бейнесі оның өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшіліктерін барынша ашып көрсетіп, аяусыз әшкерелеуінде, адам құбылысының иірімдерін тап басып, сыртқа шығарушы психологиясында. Мысал келтірсек, сатира тарланы О.Әубәкіров, С.Адамбеков – ескілікті жек көрген, күні өткен, етектен тартқан келеңсіздікпен күрескен, кейіпкерлері автор секілді ойлайды, қимыл-әрекет етеді. Сатира жампоздары Ж.Алтайбаев, Ғ.Қабышев – адамдар арасында кездесетін барлық келеңсіздікті сынайды, жирендіреді, олардан бойды аулақ салуға үгіттейді. Сөзі тартқан оқтай шымыр Ғ.Қабышұлы қоғамда белең алған жағымсыз құбылыстарды сынай отырып, олардың шынайы бет-пердесін ашады: “Пәлеқор, жалақор, парақор, сотанақ, түртіншек, тебеген, емеген, суайт, суқит, өтірікші, өсекші, айлакер, саудагер, ұрлықшы-жаңа “пенжақ-шалбар” киіп, қатары жаңа “қайраткерлермен толығып, топырлап, қаланы да даланы да жаулап алды”. “Жаулап алғандардың” аты-жөні де өздерінің кім екенін айтып тұрғандай: Аспанды Тірептұрғаныбыш, Былқетпес Бетонбетұлы, Дамылбай Дайрабайұлы, Дұғай Дүрбелеңұлы, Домалақарызов, Жертесер Таққұмаров, Жалақор Бәлеқоров, Жылпос Қуаяқов, Жембасар Жұқпасов, Заман Зауытбекович, Қалпағыбар Адамов, Қызылтазы Жұлқаров, Лауазымбеков, Пәштуан Пәленбаев, Суайтбек Судырахметович, Тырнабай Пысықбаев, Тайғанақбай, Шауыпкел, Ырғытпаұлы Сырғытпа, Іліптарт Іремесов.

Сатира мен юмор десе “жарғақ құлағы жастыққа тимейтін”, сөзі уытты, қаламы қуатты, жазушы-ұстаз, юморист Ү.Уайдин: “Сатира жаратылысы – шабуыл. Шабуыл болғанда оның мақсаты – адам өлтіру емес, адам ойланту”,–дейді. “Шабуылшылардың” көбіне-көп нысанасы – адам бойындағы пысықтық пен пасықтық. Пысықбек атында пейоратив те, мелиоратив те мағына бар. “Пысық” деген сөз “епті, еті тірі, ширақ” мағынасын білдіргенімен, қазіргі қолданыста “ылдым-жылдым, ылпық-жылпық, пәле, бәлекет” деп ұнатпаушылық мәнде қолдану басым.

Қазақтың көрнекті философы Ғ.Есімов ұлттық консалидация басталған кезде интеллигенция арасындағы “арам шөптерді” бюрократтар деп атайды. Ұлы Абай оларды “пысықтар”– арыз жазушылар, жала жабушылар, өз халқын өзгеге жем етушілер, құр көкірек, бос кеуделер деп сынады. Абай айтқан “пысықтар”– заманындағы өз бас пайдасын ойлаған би-болыстар, тілмаштар. Кейін олар сталинизм диктатурасы кезінде “шолақ белсенділер”, “атқамінерлер” деген жаңа әлеуметтік типтерге айналды. Мұндай кейіпкерлер ХХ ғасырдың жырын жырлаған Ж.Аймауытов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Тайшықов сынды әдебиет алыптарының туындыларында толып жатыр: Астыртын Жалғасаров, Алымшыл Аямасов, Әккібаев, Белденбоқ, Ептібек, Жұлқарбай, Итбаеш, Тасқайнатаров, Пысықбек, Қасқырбай, Көкшолақ, Қабанқара, Майбасар, Талтаңбай, Тілмар, Шұбар т.б. Бұлар – қазақ әдебиетінде нағыз әзіл-сықақ, зілді мысқыл, кекесін, келемеж, тұспалдың, яғни юмор мен сатираның іргесін қалап, негізін салып кеткендер.

Сатиралық - юморлық кейіпкер аттары автордың ойынан шығарылған, қиялынан туған жасанды аттар болғанымен, оның астарында қазақи мінез, әзіл-қалжың, қазақтың философиясы, тарихы, саясаты, мәдениеті жатыр деуге толық негіз бар, экстралингвистикалық факторлар кейіпкер аттарының уәжделуін, ұлттық санамен, болмыспен, тарихпен, рухани мәдениетпен, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінмен тығыз сабақтасқан жүйелілігін түсінуге жол ашады. Қорыта келгенде, ең бастыларына тоқталсақ:

1. Қазақ сатирасы мен юмор жанры және басқа көркем-әдеби туындылар бойынша аты ерекше кейіпкер аттары жинақталып, тізімге алынды.

2. Барлық ономастикалық бірліктер тақырыптық-мағыналық жағынан жүйеленіп, әр топшаның терминдері ономостикалық көзқарастық тұрғыдан сараланды.

3. Кейіпкер аттарының грамматикалық-синтаксистік ерекшеліктері де қолданыс шеңберінде қаралды, модельдік үлгілері анықталынды.

4. Кейіпкер аттарының лексикалық құрамының көне сөздердер мен жаңа сөздерден, кірме элементтерден жасалғанын анықтау сөздік қордың мүмкіншілігін ресурсын көрсететін фактор екендігі анықталынды.

5. Кейіпкер аттарындағы этнолингвистикалық арна, дерек көздерін сан-мөлшерлік,түр-түстік, салт-сана, әдет-ғұрып, табу мен эвфемистік сипаттау арқылы дәлелдеуге тырыстық.

6. Кейіпкер аттарының жасалымындағы уәжделу, пайда болу себептерін барынша басқа тілдермен салыстыра отырып зерттедік.

7. Кейбір сөздердің шығу төркіні, атаулар мен ұғымдардың кейіпкер аттарынан көрініс табуын айқындауға күш салдық.

Бұл диссертация қазақты тарихи этнотұлға ретінде қазақтанудың қырларын тіл арқылы ашу - ұлттық менталитетті тану туралы зерттеу еңбегіміз - қазақ поэтикалық ономастикасында түрен салған ғылыми еңбек болып табылады. Сатира сардары, профессор Т.Қожакеевтің “Сықақталатын сабаздың аты туындыға ерекше әсер береді, оқушының айызын қандырады. Өйткені ол сатириктің кімді айтып, кімді нысанаға алып отырғанын біле қояды” деген сындарлы пікірі – осы зерттеу жұмысының Темірқазығы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы, 1998–304 б.

2 Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. –Алматы, 1984.

3 Подольская Н.В.Словарь русской ономастической терминологии. –Москва, 1988. 192 с.

4 Мәдиева Г., Б.Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мәселелері.–Алматы, 2005.240 б.

5 Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері, –Алматы, “Ғылым”, 1975, 286 б.

6 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1993, 320 б.

7 Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі, Алматы: Ғылым, 1968, 268 б.

8 Малбақов М. Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. – Алматы: “Ғылым”, 2002 – 368 б.

9 Манкеева Ж.А. Мәдени сананың ұлттық сипаты. –Алматы, 1997.–272 б.

10 Баскаков Н.А. Элемент “guі” роза цветок” в составе женских имен // Ономастика Средней Азии. Москва, 1978.

11 Әзімжанова Г.М. Қазақ тіліндегі етістік тұлғаларының стилистикасы. ф.ғ.д. ... дисс, 10.02.06 – Алматы, 1995 – 21 б.

12 Қожакеев Т. Сатира негіздері. –Алматы, 1996, 464 б.

13 Айтбаев Ө.Ұлттық жетелері үш таған // ХХ ғасыр:қазақ мәдениеті, тілі мен өнері. –Алматы, 2000.

14 Жанұзақов Т. Қазак есімдерінің тарихы. –Алматы, 1971.



ДиссертацияныҢ негізгі мазмҰны тӨмендегі

басылымдарда жарияланды:
1 Диалектіміздегі көне түркілік қалдықтар: Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы 1995. N6. 120-123-б.

2 Ономопоэтика немесе сатиралық кейіпкерлер: Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы, 1996-99-б.

3 Көркем әдебиеттегі сатиралық патронимдердің семантикалық құрылымдық ерекшеліктері: Ізденіс-Поиск Алматы, 1997 N3, 33-36-б.

4 Көркем шығармадағы сатиралық антропонимдер: ҚазМҰУ Хабаршысы Алматы, 1997 N 11 64-66-бб.

5 Матронимдер және олардың құрылымдық жүйелері: Ізденіс-Поиск Алматы, 2002 N4, 160-163-б.

6 Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер құрамындағы антропонимдер: Тілтаным Алматы, 2002 N (8) 71-78-бб.

7 Тұрақты тіркестегі антропонимдердің мәдени танымдық деректері: “С.Аманжолов және қазақ тілі теориясының негіздері” атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция. ҚазҰУ Хабаршысы Алматы, 2003 N5 (67) 3-6-бб.

8 Соматикаға қатысты сатиралық-юморлық поэтонимдердің тілдік табиғаты: “Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері” атты халықаралық ғылыми –теориялық конференция. Алматы, 2004, 227-284-бб..

9 Сатирадағы сарбаздар мен сабаздар: Жалын, Алматы, 2005, N5, 88-93-10-бб.

10 Аңыз түбінде ақиқат бар: Ақиқат куәлік Алматы, 2005, N581-88-бб.

11 “Түрлі-түсті” сатиралық поэтонимдер: ҚазҰУ Хабаршысы Алматы 2005, N5 (87) 181-184-бб.

12 Еліктеу сөздер мен сатиралық-юморлық кейіпкер аттары: Академик “Ш.Сарыбаев және тіл білімінің мәселелері” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Алматы, 2000.

13 Сатира мен юмордағы зоофорлық аттар: Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы, 2005 N6.

14 Сандық кейіпкер аттарындағы символдық қолданыс: Түркология. Түркістан, 2006, N1.

15 Сатиралық патронимдердің жасалым үлгілері: Тілтаным 2005, N 3 (19).

16 Туыстық атауларға байланысты жасалған поэтонимдер // Профессор Т.Жанұзақовтың 80 жылдығына арналған халықаралық-ғылыми конференция. Алматы, 2007, шілде. / баспада /.



РЕЗЮМЕ
КОРТАБАЕВА ГУЛЖАМАЛ КЫДЫРБАЕВНА
Казахская ономапоэтика:

сатирические-юмористические имена персонажей
10.02.02. – казахский язык
Диссертационное исследование рассматривает сатирико-юмористические имена в ономасиологическом поле, в этнолингвистическом аспекте, а также их идиоэтническое и языковую семантику в рамках коммуникативно-прагматического применения. Изучение сатирических-юмористических имен персонажей в этнокультурном аспекте раскрывает широкие и разнообразные связи казахского ономастикона с этнографией, материальной и духовной культурой казахского народа.

В казахской ономастике в качестве объекта исследования начинают рассматриваться имена собственные в литературных произведениях, долгое время остававшиеся вне поля научного обьекта, т.е. онимы, составляющие периферию онамастического пространства. А также развиваются исследования по казахской литературной ономастике и появляются работы лингвокультурологического характера. Основными направлениями изучения имен персонажей по-прежнему остаются актуальным, историко-этимологический, системное лексико-семантическое, мотивологическое и структурно-словообразовательное описание, этнолингвистические подходы, которые являются основополагающими при исследовании природы онимов. Однако такой класс поэтонимов, как сатирические, юмористические имена персонажей до сих пор остаются не изученными.

Цель исследования – на материале казахских сатирических и юмористических произведений, сделать семантический анализ, определить не только этимологического значения литературного СИ, а также денотативного, коннатативного, мелиоративного и пейоративного значения, проанализировать лексико-семантических и словообразовательных структурных моделей имен и фамилий, выявить мотивационной природы иронии, сарказма и юмора.

Обьект исследования – народные персонажи из фольклора, поэтонимы из сатирических-юмористических произведений, вымышленные собственные имена созданные автором.

Диссертация состоит из введения, трех разделов, заключения, списка использованных источников. Во введении диссертации обосновываются актуальность темы, цель и задачи, объект, источники, предмет и методы исследования, научная новизна, теоретическо-практическая значимость работы, основные положения диссертации, выносимые на защиту, обсуждение и публикация работы.

В первой главе диссертации “Поэтонимы в ономастическом пространстве” рассматриваются теоретические проблемы казахской поэтической ономастики, аспекты исследования сатирико-юмористических имен персонажей, тематическая группировка и лексико-семантические особенности.

Во второй главе диссертации, “Лексика-грамматической структурой имен персонажей”, рассматривается морфологических – синтаксических образования поэтонимов, и гендерные способы образования имен персонажей, антономичные и синонимичные значения имен, в виде композитов, предложении и имена персонажей встречающихся в устойчивых выражениях и в пословицах.

Третья глава, “Этнопозновательное пространство имен персонажей” раскрывает тесную связь, мотивация имен персонажей с национальным сознанием характера историей, духовной культурой, народными традициями и обычаями.

В заключении обобщены имена персонажей и их классификация, что дает понимание мировозрения народа, этических норм, национальной психологии, обычаев и традиций, образа жизни, то есть энциклопедическую информацию. Сатирико-юмористические персонажи созданные воображением автора отражают сущность казахского национального характера, юмора, уровня мышления, философии, истории, культуры и политики.

Материалы исследования используется в курсах Лексикология, Ономастика, Семасиология, Этимология, Этнолингвистика, спецкурсах, семинарах, и практических занятиях.



SUMMARY
KORTABAEVA GULZHAMAL KYDYRBAEVNA
Kazakh onomopoetіcs:

the poetonyms іn Kazakh satіrіcal works
10.02.02 – kazakh language
The gіven dіssertatіon deals wіth satіrіc- humorous names іn onomastіc space іn ethnolіnguіstіcal aspect and theіr іdіoethnіcal and lіnguіstіc semantіcs wіthіn communіcatіve- pragmatіcal use.

Іn Kazakh Onomastіcs proper names іn fіctіon lіterature as an object of research are begun to be consіdered. They have been out of scіentіfіc іnvestіgatіon for a long tіme that іs there are onyms іn the background of onomastіc space. Kazakh onomastіcs develops methods of research and works of lіngua-cultural character. The maіn dіrectіons of research of personage names are stіll actual: hіstorіc-semantіcal, systematіc lexіco-semantіcal, motіvatіve and structural word-formatіon descrіptіon, ethnolіnguіstіcal approachs, whіch are based methods іn іnvestіgatіon of onyms nature. But such class of poetonyms are satіrіc- humorous personages names are stіll unknown and not іnvestіgated properly.

The aіm of research - to make semantіc analysіs on the base of Kazakh satіrіcal and humourіstіcal works, to defіne not only etymologіcal meanіng of lіterature proper names but denotatіve, connotatіve, melіoratіve, pejoratіve meanіngs, to analyze lexіco-semantіcal and word-formatіonal and structural models of names and surnames to reveal motіvatіve nature of іrony, sarcasm and humor.

The object of research – people folk personages satіrіc humorous names, poetonyms from humorous works іmagіnary proper names created by the satіrіc and humorіst.

The dіssertatіon consіsts of іntroductіon, three chapters, conclusіon and bіblіography. The іntroductіon of the thesіs deals wіth actualіty of the same aіms, tasks, object, sources, subject and methods of research, scіentіfіc novelty, іts theoretіcal and practіcal sіgnіfіcance and also are gіven the maіn thesіs of the dіssertatіon submіtted for defense, dіscussіon and publіcatіon of the work.

The fіrst chapter of the thesіs “Poetonyms іn onomastіc space” deeply consіders theoretіcal problems of kazakh poetіc Onomastіcs, aspects of satіrіc-humorous research of personages names, thematіc group and lexіc-semantіcal peculіarіtіes.

The second chapter “Lexіc-grammatіcal structure of personages names” deals wіth the morphologіc – syntactіcal of formatіon of poetonyms, the names on the base of analytіc-synthetіcal methods and gender ways of formatіon of personages names antonymіc and synonymіc meanіngs of names іn the way of composіtes and sentences, and personages names exіstіng іn іdіoms, set expressіons and proverbs.

The thіrd chapter “Ethno-cognіtіve spheres of personages names” reveals a close connectіon of motіvatіon of personages names wіth natіonal conscіousness, character, hіstory, spіrіtual culture, natіon tradіtіons and customs.



The conclusіon summarіzes personages names and theіr classіfіcatіon that gіves a complete understandіng of people world-outlook, ethіcal norms, natіonal psychology, customs and tradіtіons, lіfestyle and encyclopedіc іnformatіon about Kazakh people as an ethnos. Satіrіc – humorous personages made by the author іmagіnatіon reflect an essence of Kazakh natіonal character, humor, level of thіnkіng, phіlosophy and even polіtіcs.

Materіals of research are used іn followіng coursesУLexіcology, Onomastіcs, Semasіology, Etymology, Ehno-lіnguіstіcs and specіal courses, semіnars and исследованияpractіcal lessons.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет