Орталық азия


Пәннің академиялық сипаттамасы



бет2/5
Дата19.12.2022
өлшемі108.04 Kb.
#467501
түріСеминар
1   2   3   4   5
Силлабус.Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі2022

Пәннің академиялық сипаттамасы:

Музыка өнер және тәрбие түрі ретінде. Музыкалық оқытудың және тәрбиелеудің мақсаты, міндеттері және ұстанымдары. Бастауыш мектептегі музыкалық оқытудың және тәрбиелеудің мазмұны. Музыка өнері сабағы бастауыш мектептегі музыканы оқытудың негізгі түрі. Музыкалық іс-әрекет түрлері. Музыканы оқытудың және тәрбиелеудің әдістері. Музыканы қабылдау: мәні, маңызы және өткізу түрі. Музыка сабағындағы ән салу. Мақсаты, міндеттері, негізгі әдістері. Музыкалық тәрбие берудің авторлық жүйелері мен әдістемелері: шетелдік және отандық. Мектептегі музыкалық жұмыстарды жоспарлау және есепке алу. Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру түрлері. Өздігінен жүргізілетін музыкалық іс-әрекеттер. Отбасындағы музыкалық тәрбие. Музыкалық өнердегі жанрлық жүйе. Халық музыкасының жанрлары. Музыкалық аспаптар. Музыкалық формалар. Фактура, оның көркемдік рөлі. Музыкалық-сахналық жанрлар. Опера. Балет. Балалар музыкалық шығармалары. Қазақстан композиторларының шығармашылығы.

    1. Пәнді оқытудың мақсаты - студенттердің музыкалық педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау.

    2. Пәнді оқытудың міндеттері - музыканы оқытудың мазмұнын және ұйымдастыру түрлерімен таныс болуы; бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты бойынша жасалған оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын сипаттау; музыкадағы жанр жүйесін; нота сауатының негіздерін; мектеп әндерін өз бетінше талдай білуі керек; музыкалық оқытудың және тәрбиенің әдістерін үйрену; бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін білу; музыканы тыңдауды ұйымдастыру технологиясын үйрену.

1.3. Пререквизиттер Педагогика тарихы, Этнопедагогика

    1. Постреквизиттер: Кәсіби практика.

    2. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері

өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіби қызметті жүзеге асыруға мотивациясы бар, әріптестерімен өзара әрекеттесуге, ұжымда жұмыс істеуге дайын, әр түрлі жастағы топтарда тұлғааралық қарым - қатынастарды құру тәсілдерін үйрену құзыреттіліктеріне ие болу;



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет