Орталық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі


Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері



бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі60.42 Kb.
#463886
1   2   3
Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке әрекеті физиологиясының ерекшеліктері. Н.Айдана 117-топ

1.Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері:
•Балаларда 6-7 жастан бастап сөзбен тәрбиелеуге көне бастайды. Оларды бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қарым- қатынасы сипаты өзгереді.
•Ал 3-4 жасар балалардың бірінші сигнал жүйесі екіншісінен басым болады да, екіншісін тежеп отырады.
•Ал ол 6-7 жаста керісінше болады. Балаларда екінші сигнал жүйесінің дамуы олардың мектеп тәрбиесіне дайындығын көрсетеді.
Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері (Бастауыш мектеп жасында ).
Бастауыш мектеп жасында ми қыртысының қарқынды дамуы жүйке жұмыстарының қалыпты, салмақты, жылдам жүруін қамтамасыз етеді. Ми қыртысында тежеу процестерінің дамуы шартты байланыстардың қалыптасуын жылдамдатады.
•Жоғарғы жүйке жүйесінің бөлімдерінің арасындағы байланыстардың қалыптаусы-ми қыртыстары ішіндегі ассоциативті жүйке жолдарының пайда болуына байланысты. Балаларды оқу мен жазуға үйретуге байланысты сөздің байланыстырушы қызметі арта түседі.
Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері (Жасөспірімдік кезде).
Бірқатар шартты –рефлекс қызметінің өзгеруі жасөспірімдік кезеңде байқалады. Организмде жыныстық жетілудің басталуы гипоталамус активтілігі артуына сәйкес келеді. Бұл қыртыс-қыртысасты арақатынасы баласының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осыған орай жасөспірімдер ашуланшақ болып, салмақтылықтарын жоғалта бастайды. Осы кезеңде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда уақытша ішкі байланыстар түзу қиындайды. Бірінші сигналға болсын, екінші сигналға болсын шартты рефлекстер түзілу жылдамдығы баяулайды.
2.Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері:(1-2-4тип)
1.Күшті, салмақты, елгезектігі орташа, жылдам тип. Бұл типтегі балалар тәрбиеге оңай көнеді, алғыр болып келеді. Оларда шартсыз рефлекстер ми қыртыстары қызметімен жақсы бақылауға қойылған. Бұл типтегі балалар жақсы сөйлейді, сөз қоры да жетерлік болады.
2.Күшті, салмақты, баяулау тип. Мұндай балалардың шартты байланыстары баяулау орнығады. Ұмытылған рефлекстерде баяулау қалпына келеді. Олардың шартсыз рефлекстер мен эмоцияларын бақылауы алдыңғы типтен де жоғарылау болып келеді. Олар сөйлеуге оңай үйренгенмен, алдыңғыларымен салыстырғанда баяулау сөйлейді. Күрделі тапсырмаларды орындағанда активті, және шыдамды.
4. Әлсіз тип, елгезектігі төмен. Шартты рефлекстер баяу қалыптасады, тұрақсыз, көбіне баяу сөйлейді. Жеңіл тежелуші тип. Сырт тежелуі оңай болғанмен ішкі тежелуі әлсіз болады. Оны мұндай типтегі балалардың жаңа жағдайға қиын үйренуінен байқауға болады. Мұндай типтегі балалар күшті, ұзақ тітіркеністерге шыдамайды, тез шаршап қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет