Орталық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі


Балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы



бет3/3
Дата03.11.2022
өлшемі60.42 Kb.
#463886
1   2   3
Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке әрекеті физиологиясының ерекшеліктері. Н.Айдана 117-топ

Балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы.
•Балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы олардың оқу-тәрбие жұмыстарын қабылдау мүмкіндіктерінің де әр түрлі екендігін көрсетеді. Педагогикалық жұмыстарды әр оқушымен жеке –жеке жүргізуді талап ететіндігі сондықтан. Осылай еткенде ғана жақсы жетістіктерге жетуге болады. Сөйте тұра, біз жоғарыда жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің иілімділігін де атап көрсеткенбіз. Ми қыртыстары клеткаларының иілімділігін жүйке типтерін морфофункционалдық өзгертудің негізі болып табылады. Десекте, типтерді нерв құрылымдарының иілімділігін пайдаланып қарқынды даму кезеңінде, әсіресе балалық шақта тәрбиелеу арқылы типтік ерекшеліктеріне коррекция жасауға болады. Оны атақты Иван Павловта: тип иімділігіне байланысты тәрбие, шынықтыру арқылы адамдар сипатын өзгертуге болатындығын атап көрсеткен.
•И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекеттерінің 4 тобын дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтықтың өзара қатынасына байланысты адамның темпераментін 4 топқа бөлген.
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – холерик.
2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ – сангвиник.
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ – флегматик.
4. Әлсіз топ – меланхолик.
3.Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы:
Баланын мінез құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесін даму дәрежесі, жоғарғы жүйке әрекетінің топтары әсер етеді.
Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі әсерге байланысты:
1. Ата-анасынан тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми қыртысындағы генотиптік қасиеті.
2. Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік қоғам орындарының ықпалы) болатын фентоиптік қасиеттер.
4.Қорытынды:
•Қозу мен тежелудің теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасы мен дау дәрежесін айтады.
•Қозу мен тежелудің алмасуы деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу болуы мүмкін.
•Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын,мінез-құлықтарын жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды. Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет